cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Jusan Инвестициялары

Онлайн-брокер

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
1 127
مشترکین
+324 ساعت
-47 روز
-930 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЙ КҮНДЕРІ ДИВИДЕНД ТӨЛЕЙДІ? Бүгін оқырмандарымыздың сұрауымен дивиденд төлейтін қазақстандық компаниялар жайлы арнайы пост дайындадық. Қай күні дивидендтер түседі, қанша пайда көруге болады және басқа да сұрақтарға жауап бердік. Егер сіз дивиденд арқылы пайда тапқыңыз келсе, "Дивиденд бекіту күніне" дейін акциялар сатып алғаныңыз дұрыс. Kaspi.kz Дивиденд бекіту күні: 21.05.2024 Дивиденд мөлшері (теңге): 850 теңге Дивидендтің жылдық кірісі: 6,32% Halyk Bank Дивиденд бекіту күні: 15.05.2024 Дивиденд төлеу күні: 03.06.2024 Дивиденд мөлшері (теңге): 25,43 теңге Дивидендтің жылдық кірісі: 10,64% KEGOC Дивиденд бекіту күні: 24.05.2024 Дивиденд төлеу күні: 30.05.2024 Дивиденд мөлшері (теңге): 79.5 теңге Дивидендтің жылдық кірісі: 8,50% ҚазАтомӨнеркәсіп Дивиденд бекіту күні: 27.05.2024 Дивиденд төлеу күні: 28.05.2024 Дивиденд мөлшері (теңге): 1213.19 теңге Дивидендтің жылдық кірісі: 6,63% ҚазМұнайГаз Дивиденд бекіту күні: 28.05.2024 Дивиденд мөлшері (теңге): 491,71 теңге Дивидендтің жылдық кірісі: 3,78% ҚазТрансОйл Дивиденд бекіту күні: 04.06.2024 Дивиденд мөлшері (теңге): 39 теңге Дивидендтің жылдық кірісі: 4,64% Қазақтелеком Дивиденд бекіту күні: 05.05.2024 Дивиденд төлеу күні: 06.05.2024 Дивиденд мөлшері (теңге): 2096.6 теңге Дивидендтің жылдық кірісі: 8,92% Air Astana 2024 жылы дивиденд төлемейтінін хабарлады. Қосымша ақпаратты комментарийде көрсетілген кестеден таба аласыз. Jusan Invest арқылы дивидендтік компанияларға инвестиция салып, көбірек табысқа қол жеткізіңіз. #дивиденд Jusan Invest
نمایش همه...
👍 12 2🔥 1
МҰНАЙ АРЗАНДАП ЖАТЫР Бүгін сенбі, демек халықаралық қор биржалары жұмыс істемейді. Сол себепті кешегі күнге қысқаша шолу жасайық. Басты жаңалық - нарықта позитив сақталып отыр. Кеше S&P500 бен NASDAQ индекстері 1,3 және 2,0%-ға өсті. АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірісі қазіргі уақытта 4,51%-ға дейін төмендеді. АҚШ-тың сәуір айындағы жұмыспен қамту туралы есебі инфляция тұрғысынан позитив шықты! Жаңа жұмыс орындарының саны азайып, болжамнан төмен шықты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 3,8-ден 3,9%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, АҚШ-тың ISM сервистік PMI индексі инвесторлар күткен мөлшерден жоғары шыққанымен, ең бастысы, көрсеткіш төмендеп жатыр. Нарық позитивті болғанымен, кеше мұнай $82,8 деңгейге түсіп, төмендеуін жалғастырды. Бұл «Эйр Астана» акционерлері үшін жақсы жаңалық. 🟢Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз. #таңғышолу Jusan Invest
نمایش همه...
🔥 5👍 2👏 2
МАМЫР АЙЫНДА ҚАЙДА ИНВЕСТИЦИЯЛАУҒА БОЛАДЫ? 🔴Kaspi – «$85,7 / 38600 тг / Бейтарап». Kaspі 2024 жылдың I тоқсанында операциялық және қаржы есебін әдеттегідей мықты көрсеткіштермен жариялады. Дегенмен, қаржы нәтижелерінің де әлсіз тұстары бар. Есептерге сүйене отырып, "Бейтарап" рейтингін растаймыз. Оған қоса, Kaspi Қытайда QR төлемдерін жасау үшін Alipay+ компаниясымен серіктестік орнатқаны жайлы мәлімдеді. 🟢ҚазМұнайГаз – «12015 тг ⬇️/ Бейтарап». ҚазМұнайГаз 17 наурызда жариялаған қаржы есебі компанияның табысы нашарлағанын көрсетті. Жарияланған есепке сүйене отырып, ҚМГ бір акциясына қатысты болжамды 12 747 теңгеден 12 015 теңгеге дейін төмендеттік. Бейтарап рейтингі бұл айда да сақталады. ☁️ҚазАтомӨнеркәсіп – «$54,4 / 24500 тг / Сатып алу». ҚазАтомӨнеркәсіп 15 наурызда жариялаған қаржы есебі жалпы айтқанда оң көрсеткіштермен шықты. Есеп жақсы шыққанымен, өндірістегі тәуекел деңгейін ескере отырып, акция бағасын 28706 теңгеден 24500 теңгеге дейін төмендеттік. Дегенмен, "Сатып алу" рейтингісі өз қалпында қалды. 🟠Halyk Bank – «$35,1 / 395 тг / Сатып алу». Халық Банктің 2023 жылға арналған қаржы есебі аралас шыққанымен, активтері айтарлықтай өсті. Осы фактқа сүйене отырып, акциялар бағасын 293 теңгеден 395 теңгеге дейін көтердік. Ал "Сатып алу" рейтингісі әлі өз күшінде. Егер сіз дивиденд алуды ұнатсаңыз, Халық Банк акцияларын Jusan Invest арқылы 28 мамырға дейін сатып алу керек. 🟣KEGOC – «1845 тг / Сатып алу». KEGOC-тың 2023 жылдағы қаржы есебі кіріс және таза пайданың өскененін көрсетті. Жарияланған есептердің нәтижелеріне сүйене отырып, KEGC акцияларын "Сатып алу" деңгейінде қалдырдық. 🎮Қазақтелеком – «Рейтинг жоқ». Қазақтелекомның 21 сәуірде жарияланған қаржы есебі жалпы айтқанда инвесторлар үшін қолайлы шықты. Дегенмен біз «Қазақтелеком» акциялары бойынша «92 750 теңге/Сатып алу» рейтингінен бастарттық. Бастты себеп МТС пен Kcell сату шарттарына байланысты болып тұр. Жаңа рейтинг осы жағдай туралы нақты ақпарат шыққан соң беріледі. ҚазТрансОйл – «600 тг / Бейтарап». ҚазТрансОйл-дың 24 cәуірде жариялаған 2024 жылдың I тоқсандағы операциялық есебі позитивті шықты. Акциялар бойынша рейтинг "Бейтарап" күйінде қалды. Дегенмен, Қазақстандағы су тасқынының КТО көрсеткіштеріне тигізген кері әсерін әлі де зерттеу керек. 💸Jusan Invest арқылы қазақстандық компанияларға инвестицияла! ❗️Дисклеймер: Бұл инвестициялық кеңес әлде нақты ұсыныс емес, тек ақпарат тарату мақсатында жазылған пост. #инвестидея Jusan Invest
نمایش همه...

👍 12🔥 5👏 3🥰 1
📱APPLE САРАПШЫЛАР БОЛЖАМЫНАН ДА ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ Кеше S&P500 бен NASDAQ индекстері 0,9 және 1,6%-ға өсіп, бүгін де фьючерстерде позитив динамика көрсетіп жатыр. Жалпы алғанда ірі компаниялардың корпоративтік есептер нарықты алға сүйреп жатыр. Айта кетсек, Apple тоқсандық есебі сарапшылардың болжамынан жақсырақ шықты. АҚШ президенті Байден Вашингтонда президенттік науқанға ақша жинауға арналған кеште Жапонияға қатысты жағымсыз сөздер айтты. Бұл шығыс елінің премьер-министрі Фумио Кисиданың Америкаға жасаған сапарынан үш апта да өтпей орын алды. 📱Ұзақ уақыт бойы АҚШ-тың санкциясына іліккен Huawei Technologies компаниясы Америка университеттерінде, соның ішінде Гарвардта озық зерттеулерді жасырын түрде қаржыландырып отырғаны белгілі болды. 🇺🇸Нарық көңіл-күйіне әсер ететін АҚШ-тағы жұмыспен қамту туралы ресми есебі бүгін шығады. Сонымен қатар, АҚШ-тың ISM сервистік PMI индексі шығатынын айта кетейік. 🟢Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз. #таңғышолу Jusan Invest
نمایش همه...

👍 6 2🔥 2
🇺🇸АМЕРИКАДА БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ Бүгін түнде бәріміз ұйықтап жатқанда АҚШ Федералды резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыратыны туралы мәлімдеді. ФРЖ тақырыбын жалғастырайық. Көпшілік күткендей, негізгі мөлшерлеме баз қалпында қалды. Сонымен бірге ФРЖ маусым айынан бастап өз балансындағы мемлекеттік облигацияларды сату қарқынын айына 60 млрд-тан 25 млрд-қа дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Облигацияларды сату қарқынын төмендету арқылы ФРЖ инфляциялық қысымды төмендетеді. ФРЖ тақырыбынан алшақтайтын болсақ, кешегі АҚШ статистикалары инвесторлардың қалтасы үшін позитивті шықты: өндіріс PMI және жұмыс күшіне сұраныстың төмендегені байқалады. Соңғы уақытта біздің таңғы шолуларымыздың тұрақты кейіпкеріне айналған Илон Маск Tesla Supercharger командасының көбісін жұмыстан шығаруға шешім қабылдады. Постты осы жерге дейін оқып келген криптовалюта фанаттары үшін де маңызды хабар бар. Биткоин 57000 доллардан төмен түсті. ⌛Ал S&P500 және NASDAQ индекстері 0,3%-дан жоғалтты. 🟢Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз. #Таңғышолу Jusan Invest
نمایش همه...
👍 10 1🔥 1
Қымбатты достар! 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын! Ерекше мәнге ие бұл күн біздің қоғамдағы өзара келісім, кішіпейіл болу және бірліктің маңызын көрсетеді. Қазақстанның әр азаматы еліміздің дамуы мен жарқын болашағы үшін өз үлесін қосуы тиіс. Береке - бірлікте!  🇰🇿✨ ---------------------------- Дорогие друзья! Поздравляем вас с праздником 1 мая – Днем Единства Народа Казахстана! Этот знаменательный день напоминает нам о важности согласия, терпимости и единства в нашем разнообразном обществе. Пусть каждый из нас внесет свой вклад в процветание и гармонию нашей родной страны. Вместе мы сила! 🇰🇿✨ #ҚазақстанХалықтарыныңБірлігіКүні #ХалықтарБірлігі #ДеньЕдинстваКазахстана #ЕдиныйКазахстан #ЕдинствоНарода #JusanInvest #Jusan
نمایش همه...
5👏 3👍 1
🚘TESLA АКЦИЯЛАРЫ 15% ӨСТІ 🇨🇳Илон Масктың Аспан асты еліне жасаған сапары сәтті өтті деуге болады. Өйткені, компания акциялары бір күнде 15% қымбаттады. Маск Қытайға барса, Қытай басшысы Си Цзиньпин 5 мамырда Еуропаға баратыны жайлы хабарланды. Сидің паспортына шенген визасының мөрі соғылмағанына 5 жылдан асыпты. Ол Франция, Сербия және Венгрияға ат басын тірейді. Бұл елдерді "Қытайдың достары" деп те атайды. 🇯🇵Шығыс елдеріндегі жаңалықтарды жалғастырамыз. Жапонияның өндіріс, бөлшек сауда және еңбек нарығы бойынша статистика аралас шықты. Соның ішінде, соңғы екі есеп әлсіз шығып, ел ішіндегі деинфляциялық қозғалысты көрсетті. 🇺🇸Одан бөлек, америкалық индекстер S&P500 бен NASDAQ өзара келісіп алғандай 0,3-0,4%-ға ғана өсті. 🟢Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз. #таңғышолу Jusan Invest
نمایش همه...

👍 9 1🔥 1
ИЛОН МАСК ҚЫТАЙҒА БАРДЫ 🇺🇸Аптаның бірінші күні америкалық индекстерге инвестиция жасайтын адамдар үшін өте сәтті басталды. Себебі S&P500 бен NASDAQ 1,0 және 2,0% өсті. 🚘Жақсы жаңалықтарды жалғастыратын болсақ, бәріміз жексенбі күні демалып жатқанда Tesla басшысы Илон Маска Қытайға ұшып барды. Ол Қытай премьер-министрі Ли Цянмен кездесті. Бұл жүздесу өз кезегінде электромобильдер нарығындағы бағаға әсер етуі мүмкін. 📅Құралайды көзге атқан мергендей дәл болжам жасайтын ұйымдардың бірі болып саналатын Мичиган университеті бір жылда күтілетін инфляция көрсеткіші 3,1%-дан 3,2% дейін өседі деп отыр. Бұл аз болғандай, америкалық тұтынушылардың көңіл-күй индексі де төмендеген. ⏳Ал наурыз айындағы деректерге сүйенсек, өткен айда америкалықтардың кірісі өскен екен. Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы шиеленіс әлі де күннің басты назарында тұр. Израиль Газадағы Рафах қаласына біртіндеп шабуыл жасай бастады. Мұнай бағасының қымбаттауына дайын болыңыздар. 📱Бүгінгі таңғы шолуды Apple-сүйер қауымға арналған жақсы жаңалықпен аяқтаймыз. Стив Джобс негізін қалаған компания алдағы өнімдеріне жасанды интеллект технологиясын пайдалану үшін OpenAI компаниясымен көліссіздер бастады. Болашақта шығатын iPhone расымен де "бомба" болатын секілді. Бұл өз кезегінде компания акцияларының өсуіне алып келуі мүмкін. 🟢Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз. #Таңғышолу Jusan Invest
نمایش همه...
👍 7🔥 2🥰 1
📱GOOGLE АКЦИЯЛАРЫ ПОСТ-МАРКЕТТЕ 11%-ҒА ӨСТІ 🇺🇸Кеше америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері 0,5 және 0,6%-ға төмендеді. 😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар: • АҚШ-тың 1-тоқсандағы жалпы ішкі өнім өсім көрсеткіштері сарапшылар болжамынан айтарлықтай нашар шықты. Әлемдегі ең ірі экономиканың күрт баяулау фактісі инвесторлар үшін алаңдатарлық жәйт. • Сондай-ақ, ЖІӨ құрылымында жеке тұтыну шығындарының базалық баға индексі күткеннен жоғары шықты. Бұл инфляциялық қысымның күшеюін көрсетеді. Енді ФРЖ инфляцияны ауыздықтау үшін негізгі мөлшерлемені одан әрі көтеруі мүмкін ☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар: Кешегі Microsoft және Alphabet жариялаған қаржы есептері инвесторларды қуантты. Пост-маркетте MSFT акциялары 4.4%-ға, GOOGL 11,6%-ға өсті. Сонымен қатар, Snap компаниясы жақсы болжамдар жасап, 25%-ға көтерілді! • Жапонияның инфляция туралы есебі жалпы және базалық көрсеткіштердің төмендеуін көрсетті. ❗️Бүгін Ресей Орталық банкінің отырысы өтеді (реттеуші ұйым негізгі мөлшерлемені 16% деңгейінде қалдыруы мүмкін). ⚡️Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар: - Жапония Банкі отырысының нәтижелері. - АҚШ үй шаруашылығының жеке қаржысы туралы және Мичиган университетінің тұтынушылар арасындағы көңіл-күй есебі шығады. #таңғышолу Jusan Invest
نمایش همه...

👍 7👏 3 1
⌨️ИНВЕСТОР ҮШІН ПАЙДАЛЫ 10 САЙТ #кеңес Бүгінгі постта инвесторлар сәтті мәміле жасауы үшін пайдалы сайттар тізімін ұсынамыз. Бұлардың бәрі тегін әрі енді бастап жатқан және білікті инвесторларға бірдей пайдасы тиетін ерекше ресурстар деп айтуға болады. Kase.kz Қазақстандық акциялармен сауда жасайтындар үшін бұл ең басты сайт болуы тиіс. Өйткені, Kase биржасының сайтында компаниялар туралы ақпараттың бәрі бар. Бағалы қағаздар туралы актуалды деректер, дивидендтер тарихы, компания жаңалықтары сияқты ең қажетті мәліметтерді табуға болады. Investopedia.com Инвесторлар үшін керемет білім алуға арналған сайт. Мұнда сіз қаржы терминдері, мақалалар, видео сабақтар және басқа пайдалы кеңестерді табуға болады. Finance.yahoo.com Халықаралық компаниялар туралы ең жаңа мәліметтерді бір жерде жинаған. Акция іздеуге көмектесетін керемет “сүзгісі” бар. Мысалы, сіз “100 доллардан аспайтын, технология секторы және жылына 2 рет дивиденд төлейтін әрі америкалық компания акциясы” керек деп сүзгіге енгізсеңіз, сіздің қалауыңызға сай акцияны тауып береді. Сайт тегін жұмыс істейді. Simplywall.st.com Компаниялар туралы барша ақпарат бір жерде жиналған. Яғни, қандай ұйым, қаржы көрсеткіштері, жаңалықтар, бәсекелестерімен салыстыруға болады. Сонымен қатар, акцияның әділ бағасы мен қазіргі ақша ағыны туралы да білуге болады. Justetf.com ETF және пай қорларына қызығатындар үшін өте пайдалы сайт. Мұнда еуропалық ETF-тер жайлы ақпараттың бәрін табуға болады. Tradingview.com Акцияларға талдау жасауды жақсы көретіндер үшін бұл керемет ресурс. Платформада техникалық аналитика жасауға мүмкіндік беретін барлық функция қамтылған. Dividendy.kz Дивиденд төлейтін қазақстандық компаниялар туралы ақпарат бір жерде жиналған. Яғни, қай компания қай кезде дивиденд төлейді және қанша деген сұрақтарға жауап береді. Егер сіз дивиденд алуды жақсы көрсеңіз, бұл сайттың тұрақты оқырманы болуыңыз тиіс. Cbonds.com Халықаралық ұйымдардың облигациялары туралы ақпарат қамтылған. Мұнда әлемнің 187 елінен 152 валютадағы облигациялар туралы мәлімет табуға болады. Ақылы сервис, бірақ алғашқы 7 күні тегін. Portfoliovisualizer.com Инвест портфельді модельдеу, тестілеу және оңтайландыру қызметі қамтылған сервис. Тарихи деректер негізінде таңдалған стратегияның тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Gurufocus.com Таңдаған компания туралы қажетті ақпаратты тез табуға болады. Сондай-ақ, платформа компанияларға өзінің рейтингін беріп отырады. Яғни, сайтта бір жұлдызды компания көрсеңіз, демек оған ақша салу қауіпті деген сөз. Ал 5 жұлдызды тұрақты әрі қуатты ұйымдарға береді. Осы ресурстарды пайдаланып, Jusan Invest арқылы инвестиция жасаңыз. Jusan Invest
نمایش همه...
Yahoo Finance - Stock Market Live, Quotes, Business & Finance News

At Yahoo Finance, you get free stock quotes, up-to-date news, portfolio management resources, international market data, social interaction and mortgage rates that help you manage your financial life.

👍 16 3🥰 1👏 1