cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл/ Уполномоченный по правам человека в РК

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл / Уполномоченный по правам человека РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman?lang=ru

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
456
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-27 روز
+130 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

​​Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді ұлттық мерекеміз – Астана күнімен құттықтаймын! Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанды және оның қарқынды дамуының символы – елордамыз Астананы ұлықтап, еліміз үшін маңызды күнді атап өтеміз. Астана – еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, әлемнің барлық аймағынан келген адамдар үшін үлкен мүмкіндіктер қаласы. Мұнда әркім өз орнын тауып, армандарына қол жеткізуде. Елордамыз әлдеқашан халықаралық аренада ерекше сәулетімен, заманауи келбетімен көз тартатын танымал әрі сұлу қалаға айналды. Зәулім ғимараттар, заманауи саябақтар мен мәдени орындар бас қаланы әдемі етіп қана қоймай, өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы қалаға айналдыруда. Сонымен қатар, Астана жиі саяси келіссөздер мен ірі оқиғалар алаңына айналды. Астана экономикалық форумы, Еуразиялық медиа форум және халықаралық цифрлық технологиялар форумы – осының айғағы деуге болады. Бұл іс-шаралар қаламыздың маңыздылығын арттырып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға септігін тигізеді. Барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын салтанаты шалқыған бас қаламыздың мерекесімен құттықтаймын! Келбеті күн санап келіскен, қазақтығымызды әлемге паш ететін өркениетті ордамыз тек құлпырып, көркейе берсін! Құрметпен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев 🔹🔹🔹 Дорогие казахстанцы! Поздравляю вас с государственным праздником – Днём столицы! Сегодня мы отмечаем важный для нашей страны день, чествуя Астану – символ независимого Казахстана и его стремительного развития. Астана – это город возможностей, притягивающий к себе не только людей со всех уголков нашей страны, но и со всего мира. Здесь каждый может найти своё место и реализовать свои мечты. Наша столица давно стала узнаваемым на международной арене городом, привлекающим внимание своей уникальной архитектурой и современностью. Величественные здания, современные парки и культурные объекты делают Астану не только красивой, но и комфортной для жизни и работы. Кроме того, Астана часто становится площадкой для политических переговоров и проведения крупных мероприятий. Астанинский экономический форум, Евразийский медиафорум, Международный форум цифровых технологий и прошедший буквально на днях саммит Шанхайской организации сотрудничества – лишь некоторые из них. Эти события не только подчеркивают значимость нашего города, но и способствуют развитию международного сотрудничества и обмену опытом. Поздравляю всех жителей и гостей столицы с этим замечательным праздником! Желаю нашему городу дальнейшего процветания и благополучия. Пусть Астана продолжает вдохновлять и радовать нас своей красотой! С уважением, Уполномоченный по правам человека в РК Артур Ластаев
نمایش همه...

👍 11
​​Ақмола облысында 1690 теңге қарызы үшін зейнеткердің үйінің электр жарығын өшіріп кеткен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліне жергілікті қария электр қуатын қосуға көмек көрсетуді сұрап жүгінді. Арызданушының айтуынша, ол жалғыз тұрады, еңбек ардагері, сондай-ақ 2 топтағы мүгедек. Маусым айының соңында үйіне оралған ол электр желісі қызметкерлерінің пәтеріндегі электр жарығын өшіріп жатқанын көреді. Зейнеткердің жарықты өшірмеу туралы өтініші еленбеген. Уәкіл өкілі аймақтағы энергетикалық желі мекемесі басшысымен жеке телефон арқылы сөйлесіп, арызданушының 1690 теңге қарызы бар екенін анықтады. Барлық мән-жай белгілі болған соң, зейнеткер өңірдегі өкілмен бірге, су электр станциясына келіп, қарызын төлеген. Қазіргі уақытта өтініш берушіге электр жарығы айыппұлсыз қосылды. 🔹🔹🔹 В Акмолинской области пенсионеру отключили электричество за долг в 1690 тенге К представителю Уполномоченного по правам человека по Акмолинской области обратился пожилой мужчина с просьбой оказать помощь в подключении электричества. По словам заявителя, он проживает один и является ветераном труда, а также инвалидом 2 группы. В конце июня, вернувшись домой, он застал сотрудников местной энергосети, которые отключали электроэнергию в его квартире. Просьба пенсионера не отключать свет была проигнорирована. Представитель Омбудсмена в личном телефонном разговоре с руководителем энергосети выяснил, что у заявителя имеется задолженность в размере 1 690 тенге. После выяснения всех обстоятельств, пенсионер в сопровождении представителя приехал в ГЭС и оплатил задолженность. В настоящее время электричество обратившемуся подключено без штрафных санкций.
نمایش همه...

👍 7
​​Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі әскери қызметкерге тұрғын үй төлемін алуға көмектесті Әскери қызметшінің әйелі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкіліне тұрғын үй сатып алу үшін ақшалай өтемақы алуға жәрдемдесу туралы өтінішпен хабарласты. Арызданушының күйеуі қызмет еткен әскери бөлім Шымкент гарнизоны Әскери сотының 30 миллион теңгеден астам ақшалай өтемақы мен сот шығындарын төлеу туралы шешімін орындаудан бас тартқан. Өз кезегінде Уәкілдің өңірдегі өкілі осы мәселені шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және Жамбыл облысы Әділет департаментіне өтініштер жолдады. Нәтижесінде, әскери қызметшінің отбасына тиесілі өтемақы сомасы мен сот шығындары толық төленіп, заң бұзушылыққа кінәлі тұлғаға сөгіс жарияланды. Әскери қызметшілердің Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, олар тұрғын үй төлемдерін алуға, ипотекалық несиені пайдалана отырып, тұрғын үй-жайға меншік құқығын алуға, тұрғын үйді жалға алуға, кейіннен сатып алуға, бұрын алынған несиені өтеуге, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және т.б. құқылы. 🔹🔹🔹 Представитель УПЧ по Жамбылской области помог военнослужащему жилищную выплату К представителю Уполномоченного по правам человека по Жамбылской области обратилась супруга военнослужащего с просьбой об оказании содействия в получении денежной компенсации на приобретение жилья. Войсковая часть, в которой походит службу супруг заявительницы, отказывалась от исполнения решения Военного суда Шымкентского гарнизона об уплате денежной компенсации свыше 30 млн тенге и судебных издержек. В свою очередь, представитель Омбудсмена с целью решения вопроса, направила ходатайства в Министерство обороны РК и Департамент юстиции Жамбылской области В результате, сумма компенсации и судебные издержки, причитающиеся семье военнослужащего, были выплачены в полном объеме, а ответственное лицо, допустившее нарушение при выплате, получило выговор. Отметим, что военнослужащие, согласно Правилам обеспечения служебным жилищем военнослужащих, имеют право на получение жилищных выплат, которые могут использовать на приобретение в собственность жилого помещения с использованием ипотечного кредита, аренду жилья, в том числе с последующим выкупом, погашение ранее полученного займа, улучшение жилищных условий и т.д.
نمایش همه...

👍 16
​​Бүгін - «Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының жабық мекемелерге мониторингі және есеп беру бойынша ұсыныстар» атты онлайн-семинардың екінші күні. Семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің адам құқықтары саласындағы ұлттық тетіктің тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар түзеу мекемелеріне профилактикалық бару, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі құқық бұзу фактілерін құжаттау және қамауда ұстау жағдайларын жақсарту әрі сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстары бар хаттамалар жасау ерекшеліктерін зерделеп, мониторинг кезіндегі ҰАТ қатысушылары қауіпсіздігінің психологиялық аспектілерін қарастырды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰДБ арасындағы серіктестік адам құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен күш-жігермен ұштасады және азаматтық қоғам өкілдері қатысушы болатын Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігімен қоса, адам құқықтары саласындағы ұлттық тетіктерді институционалдық тұрғыдан нығайтуға ықпал етеді. 🔹🔹🔹 Сегодня проходит второй день онлайн-семинара «Мониторинг закрытых учреждений участниками Национального превентивного механизма (НПМ) и рекомендации по составлению отчетности». Семинар организован в рамках совместного проекта Программы развития ООН в Казахстане (ПРООН) и офиса Уполномоченного по правам человека в РК по усилению эффективности национальных правозащитных механизмов. Участники рассмотрели особенности превентивных посещений учреждений КУИС, документирования фактов нарушений прав лиц, содержащихся в учреждениях пенитенциарной системы и составления отчетов с рекомендациями по улучшению условий содержания и обеспечения прав осужденных лиц, а также психологические аспекты вопросы безопасности участников НПМ во время монитринговых посещений. Партнерство Уполномоченного по правам человека и ПРООН сопровождается совместными усилиями в сфере защиты прав человека и способствует институциональному усилению национальных правозащитных механизмов, включая Национальный превентивный механизм против пыток, участниками которого выступают представители гражданского общества. #undpkazakhstan #undp
نمایش همه...

👍 16
01:44
Video unavailableShow in Telegram
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Болат Бейісов Ұлттық құқық қорғау институтының заң жобаларын әзірлеуге және бастамаларды дайындауға қатысуы туралы айтты. 🔹🔹🔹 Представитель офиса Уполномоченного по правам человека в РК Булат Беисов рассказал об участии национального правозащитного института в разработке законопроектов и подготовке инициатив.
نمایش همه...
IMG_3962.MOV36.96 MB
👍 14
🔹26-27 маусымда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше әлеуметтік мекемені аралады. Олардың қатарында Айыртау ауданының қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, «Айыртау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және Жастар үйі бар. 🔷Бару кезінде Уәкіл кеңсесінің өкілдері балалардың тұрмыстық жағдайымен, оның ішінде жатын бөлмелерінің, медициналық кабинеттердің, асханалардың және басқа да үй-жайлардың жай-күйіне ерекше көңіл бөлді. 🔹Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері аталған мекемелерде тұратын мүмкіндігі шектеулі науқастармен және балалармен жеке әңгімелесті. ✅Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерімен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Уәкіл кеңсесінің өкілдері тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар берді. 🔹🔹🔹 🔹26-27 июня представители офиса Уполномоченного по правам человека в РК посетили несколько социальных учреждений Северо-Казахстанской области. Среди них - Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации Айыртауского района, Айыртауский центр социального обслуживания и Дом юношества. 🔷В ходе посещения представители офиса Уполномоченного ознакомились с условиями проживания детей, в том числе особое внимание было уделено состоянию спальных комнат, медицинских кабинетов, столовых и других помещений. 🔹Представители офиса УПЧ также лично побеседовали с пациентами с инвалидностью и детьми, проживающими в данных учреждениях. ✅Кроме того, проведена разъяснительная работа с сотрудниками учреждений, направленная на соблюдение прав и законных интересов граждан с инвалидностью и детей. Также представителями офиса Омбудсмена были даны соответствующие рекомендации по улучшению их условий проживания.
نمایش همه...
👍 16
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі ҰАТ қатысушыларына арналған семинар ұйымдастырды 2-3 шілде күндері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің бастамасымен Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары үшін «ҰАТ қатысушыларына жабық мекемелердің мониторингі және есеп беру бойынша ұсыныстар» тақырыбында онлайн семинар өтуде. Семинар барысында қатысушыларға түрме, уақытша ұстау изоляторлары, психиатриялық ауруханалар сияқты және т.б. жабық мекемелерге мониторинг жүргізу бойынша озық тәжірибелер және практикалық ұсыныстар таныстырылады. Мониторинг нәтижесі бойынша есептерді құрастыру процесіне ерекше назар аударылады. Толық ақпарат: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/803268?lang=kk ——- Офис Уполномоченного по правам человека организовал семинар для участников НПМ 2-3 июля по инициативе офиса Уполномоченного по правам человека проходит онлайн-семинар для участников Национального превентивного механизма против пыток на тему «Мониторинг закрытых учреждений участниками НПМ и рекомендации по составлению отчетности». В ходе семинара участники ознакамливаются с передовыми методиками и практическими рекомендациями по мониторингу закрытых учреждений, таких как тюрьмы, изоляторы временного содержания, психиатрические больницы и другие. Особое внимание уделено процессу составления отчетов по результатам мониторинга. Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/803268?lang=ru 📱 https://t.me/OmbudspersonKazakhstan Facebook | Instagram | YouTube
نمایش همه...
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі ҰАТ қатысушыларына арналған семинар ұйымдастырды

2-3 шілде күндері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің бастамасымен Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары үшін «ҰАТ қатысушыларына жабық мекемелердің мониторингі және есеп беру бойынша ұсыныстар» тақырыбында онлайн семинар өтуде.Семинар барысында қатысушыларға түрме, уақытша ұстау изоляторлары, психиатриялық ауруханалар сияқты және т.б. жабық мекемелерге мониторинг жүргізу бойынша озық тәжірибелер және практикалық ұсыныстар таныстырылады. Мониторинг нәтижесі бойынша есептерді құрастыру процесіне ерекше назар аударылады.Сонымен қатар семинарда практикалық жаттығулар мен топтық талқылаулар жүргізіліп, қатысушыларға тәжірибе алмасуға және ортақ мәселелерді шешудің бірлескен тәсілдерін дамытуға мүмкіндік беріледі.Айта кету керек, мұндай іс-шаралар қатысушылардың кәсіби өсуіне ғана емес, барлық мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстандағы ҰАТ институтына 11 жыл толады. 2013 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысы…

👍 15
​​Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі институтының құрылғанына - 11 жыл 2013 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалардың алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. ҰАТ миссиясы азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуды көздейді. Заңды қызметті жүзеге асыру кезінде ҰАТ қатысушысы тәуелсіз тұлға болып саналады. Оның жұмысына ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Ұлттық алдын алу тетігінің қызметі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің және ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының өзара іс-қимылын білдіретін «Омбудсмен+» қағидатына негізделген. Бүгінгі күні ҰАТ-тың 146 мүшесі бар, олар құқық қорғаушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған. Қазақстанда Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің жұмыс істеу кезеңінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, ҰАТ мандат берген мекемелердің саны – 2013 жылдан бері 597-ден 3764-ке дейін жетіп, 6 есеге өсті, олар 5 мыңнан астам рет жабық мекемелерге барды. Тек 2023 жылы ҰАТ қатысушылары мекемелерге 461 рет барып, нәтижесінде 3 мыңнан астам ұсынымдар енгізді. Өңірлердегі ҰАТ қатысушыларына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері көмектеседі. Олар тек 2023 жылы 606 мекеме мен ұйымға барған. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде былтыр 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылғанын атап өткенжөн. Қазақстан азаптауды болдырмау және ҰАТ мандатын кеңейту бойынша қабылдап жатқан шараларды Азаптауларға қарсы комитет 2023 жылы жоғары бағалады. 🔹🔹🔹 Институту Национального превентивного механизма против пыток исполнилось 11 лет 2 июля 2013 года Главой государства был подписан Закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам создания национального превентивного механизма, направленного на предупреждение пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания». В задачи НПМ входит предупреждение пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания. При осуществлении законной деятельности участник НПМ является независимым лицом. Никто не вправе вмешиваться в его работу. Деятельность национального превентивного механизма построена по принципу «Омбудсмен+», что означает взаимодействие Уполномоченного по правам человека, Координационного совета при Уполномоченном и участников национального превентивного механизма. На сегодняшний день в состав НПМ входит 146 участников, в числе которых правозащитники, врачи, педагоги, социальные работники и представители неправительственных организаций. За время существования в Казахстане Национального превентивного механизма против пыток была проделана огромная работа. Так, количество подмандатных НПМ учреждений выросло в 6 раз – с 597 до 3 764, с 2013 года осуществлено более 5 тысяч превентивных посещений. К слову, только в 2023 году участники НПМ осуществили 461 превентивное посещение и по итогам вынесли более 3 тысяч рекомендаций. В регионах участникам НПМ оказывают содействие представители Уполномоченного по правам человека, которыми только в 2023 году посещено 606 учреждений и организаций. Отдельно необходимо подчеркнуть, что в результате совместной работы, в 2023 году к ответственности было привлечено 275 должностных лиц. Меры, предпринятые Казахстаном, по предотвращению пыток и расширению мандата НПМ высоко оценены Комитетом против пыток в 2023 году.
نمایش همه...

👍 13
​​Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қалпына келтірді Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі No6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатында болды. Аталған мекемеде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, Уәкілдің өңірдегі өкілі тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс хаттар жолдады. Нәтижесінде мектеп-интернаттың басшысы және 6 қызметкері ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар, Қызылорда қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы да мекемеге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасап, айыппұл салды. Қазіргі таңда анықталған кемшіліктер толығымен жойылды. 🔹🔹🔹 Представитель Омбудсмена по Кызылординскойобласти восстановил права детей с инвалидностью Представитель Уполномоченного по правам человека по Кызылординской области посетил областную Специальную (коррекционную) школу-интернат для детей с нарушением слуха №6. В ходе посещения был выявлен ряд нарушений, в связи с чем представитель Омбудсмена направил рекомендации в соответствующие государственные органы. В результате руководитель и 6 сотрудников школы-интерната получили дисциплинарное взыскание в виде предупреждения. Кроме того, управлением санитарно-эпидемиологического контроля города Кызылордасоставлен протокол об административномправонарушении и наложен штраф. В настоящее время выявленные недостатки полностью устранены.
نمایش همه...

👍 11
یک طرح متفاوت انتخاب کنید

طرح فعلی شما تنها برای 5 کانال تجزیه و تحلیل را مجاز می کند. برای بیشتر، لطفا یک طرح دیگر انتخاب کنید.