669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Repost from Бірге тексерейік!
📱Әлеуметтік желі мен түрлі медиада Мәшһүр Жүсіптің Қазақстанның болашағына қатысты жасаған «болжамын» пайдаланушылар жиі бөліседі. Бұл бұрын тараған ақпарат еді, бірақ елдегі кейінгі саяси жағдайға байланысты «70 жыл құдайсыз қоғам болатыны, сосын 30 жыл ұры-қарылар былықтыратыны, кейін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнайтыны» жайындағы болжам қазақ және орыс тілінде белсенді түрде қайта тарай бастады.
💭Болжамның өзін талдау фактчектің міндетіне кірмейді. Алайда оқырманның көп өтінішінен соң, біз Мәшһүр Жүсіптің сақталған жазбаларында мұндай «болжамның» бар-жоғын анықтауға тырыстық.
Repost from Kazakh in Cardiff (I was)
Қазақша wordle!
Туиттерде отыратындар болса, осындай жасыл түсті шаршылар көбейіп кеткенін байқаған болар. Бұл қазір әлемді жаулап тұрған wordle ойыны. Күніне бір сөз ғана табу керек, бірақ оны тапқанша біраз бас қатырып, бүкіл сөз байлығыңды ақтарып шығасың.
Соның қазақша нұсқасын сөз жобасының авторы @ileezyy жасап қойды. Сайтта авторлар ішінде мен де бармын, бірақ оған сенбеңіз, мен жай ғана жоба менеджері ұқсап, "че там" деумен болдым. Бүкіл жұмысты жасаған Ілияс.
Ағылшынша wordle қазір туиттерде мықты тренд боп тұр. Біз қазақша "сөзділ" ойнап, нәтижемен инстаграм сториде бөлісуді трендке айналдырайық.
wordle.kz
Айтпақшы, сосын. Көп адам ойын шартын оқымай бірден иксты баса салады екен да, ойынды түсінбедім деп көзі бақырайып тұрады. Сайтқа кірген бетте ойын шарты шығады, соны оқып алыңыз, қиын ештеңесі жоқ, сосын барып иксті баса беруге болады 😊
Барынша агрессия тасымалдаушысы болмауға тырысу керек. Біреуден естіген ұрыстан/негативтен жиналған агрессияны тек сол адамның өзіне жұмсау әділетті шешім. Егер олай жасай алмасаң, о агрессия ішіңде құр жатпайд және агрессия шашуға әлің жететін екінші адамды кездестіргенге дейін бірнеше пайызға өсіп үлгеред. Нәтижесінде, басқа адаммен әділетсіз конфликт орын алад.
Әгәрәки, саған негатив шашқан адамға сөз қайтара алмайтындай чмо болсаң, барынша ұстамды позицияны ұстанған ұтымдырақ. Саған айқайлап тұрған бастығыңа қайта айқайлауға шамаң жетпесе де, өз пікіріңді конкретика жасап дипломатты түрде наразылықты білдіруді үйрену керек. Бұл сорлы боп басыңды сүмірейтіп тұрғаннан әлдеқайда жақсы вариант. Әрине, бұл үшін пікіріңді дұрыс формулировка жасай алған маңызды. Осы қасиетті үйрену – әскерилердің соғысқа дайындығындай гәп.
Repost from NEXTA Live
В Казахстане избавляются от культа личности Назарбаева
В Караганде поменяли указатель с названием столицы. Вместо Нур-Султана теперь используется прежнее название — Астана.
В самих казахстанских СМИ Астану уклончиво называют «столицей», избегая упоминания имени прежнего правителя.
Возможно, скоро название изменят официально.
Repost from PR туралы
Ізсіз кеткендерді іздейтін мындай сайт ашылды: https://izsizqantar.com/
Бұл өте маңызды бастама. Барынша таратуларыңды сұраймын. Адамдардың жақындары тезірек аман-сау табылуына тілектеспін!
Ізсіз Қаңтар 2022 шерулер кезінде жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар туралы ақпаратты жинауда.
Жиналатын ақпарат қаңтар айының басында орын алған шерулерге ғана қатысты.
Жағдай туралы ақпаратты мұқият жинақтау мен көрсету мақсатында, біз жеке деректерді жинаймыз. Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейміз.
Біз жинайтын деректерге шеру құрбаны болған адамдардың аты-жөні, туған күні, облысы, статусы, жоғалу, жарақаттану не өлім күні, әрі ақпарат берушінің аты-жөні мен байланысы жиналады. Сонымен қатар, ақпарат берушінің қалауы бойынша шеру құрбаны болған адамның мамандығы, жоғалу туралы оқиғасы, әрі суреті жиналу мүмкін.
Тарихтан сабақ алынбаса, ол не трагедия, не фарс түрінде қайталанады дейтін тәмсіл бар. Тарихқа қыдырыстап қайтсақ.
Екінші дүниежүзілік соғыс біреулер айтып жүргендей 1939 жылы басталған жоқ. Оның негізі 1919 жылы қаланған. Бірінші д.ж.с. аяқталғанда жеңген жақ "Жеңгендікі дұрыс" принципімен Германияны енді бас көтере алмайтындай тұқыртуға барын салған. Халқының 13%, территориясының 10% айрылғанынан бөлек, түрлі әскери, экономикалық шектеуден көз ашпаған. Пәлен млрд репарациясы (соғыс шығыны) тағы бар. Нәтижесі - реваншизм.
Әрине бүкіл герман халқының емес, ішіндегі аз ғана нацисттің реваншизмі кейін бүкілхалықтық истерияға, реваншизмге айналып кетті. Нәтижесі - Екінші д.ж. соғыс, ондаған млн адамның өлімі, тағы жүздеген млн адамның трагедиясы. Жетіскен ешкім жоқ
Қазір біздің "күшті құрылымдардың" қабырғасында Алматы 2.0 негізі қаланып жатқан сияқты. Беті аулақ. Но барды бар деп қараған жөн. Кеше көшеде көп полицай таяқ жеді. Біршамасы өлді. Уотсаптан келген видеоларда арыққа жатқызып қойып полицияның темір қалқанының қырымен тоқпақтап жатыр. Анадан не өлді, тірі қалса да ендігі мүгедек шығар. Не деген айуандық. Ол жерде де жеңгендікі дұрыс заңы орнап кетті, меніңше. Осынша жыл полицияның түрлі әрекеттерін өзі көрген, құрбаны болған, немесе куә болғандардың бар жарасы ашылып, кек қайыруға жақсы мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысып жатқандай. Ешқандай кекпен, полицияның кемшілігімен ақтауға келмейтін қатыгездік.
Ал қазір полиция кері кек қайтарып жатқан сияқты. Осылай келесі митиңдер бұдан да ауыр, қантөгісі көп болуы мүмкін. Оны ойлаған ешкім жоқ. Кім кінәлі, кім бірінші деген мәңгі дау. Қазір "соғысты" кім бастады емес, кім аяқтауы керек екені маңызды. Иә, адам өлтірген, бүлдірген, тонаған жазасыз қалмауы керек. Бірақ ондай адамды дұрыс анықтап, нақты сондайларды ғана ЗАҢНЫҢ АЯСЫНДА жазалау керек. Қазіргідей азаптап мойындатып, айыптыны қолдан тағайындау дұрыс емес.
Екінші дүниежүзіліктің Германияға салмағы жеңіл болған жоқ. Біріншіден дұрыс сабақ алмады. Бірақ әйтеуір біреу бастауы керек болды. Реваншизмнің ұшпаққа шығармайтынын Германия бірінші боп ұғып, бейбіт саясатты бірінші боп бастады. Кінә менен, бар салмағын көтерем деп мойнына алды. Одан жаман болған жоқ. Қайта басқаға үлгі боп, елдің алдына шығып алды.
Осындай даналық шартты (!) екі тараптың қайсынан табылар екен. Полициядан табылмайтын сияқты. Көшеге шыққандардан да табыла қоюы күмәнді. Бүгін таяқ жеп, азапталып жатқан адам ертең осындай қайталанғанда полицияға не істеуі мүмкін екенін ойлаудың өзі қорқынышты. Ондай даналық "күштілердің" басшылығынан табылғаны жөн еді. Ол жақ лақтырылған сарбаздарының претензиясын, ренішін халыққа бұрып құтылуды ойлайтын сияқты. Бұл шешім емес. Бір диалог керек. Тек керек екенін түсінем. Қалай, қандай екеніне миым жетпейді. Әйтеуір сол жұмыс қазір істелмесе, келесі мынадан бетер болатынын ішім сезеді. Бүгінге дейін істелген де, бүгінгі істеліп жатқан да дұрыс емес әйтеуір
Ғалымжан Оразымбет
Сосын, А-капелло жанрында ән айтатын осындай қазақ тобы бар. Атауы – "Арбат".
Сөз аяқталатын жерден музыка басталад деген ғой, қашанғы мыжың әңгімелерді оқи бересіңдер, одан да анда-санда осындай нәрселер ұсынып тұрайын 🙂
Wellermen'нен кейін бірден ойыма "Леван Полька" келді. Loituma деп аталатын фин квартетінің шығармашылығы. Бірақ, жаңылмасам, бұлардың жанры а-капелло.
Sea shanty
Теңіз шантиі деген ағылшын музыкасының бір жанры бар. Бұл теңізшілердің бірлесе жұмыс жасаған кезде айтатын әндері. Видеода Жаңа Зеландиялық кит аулаушылардың "Soon May the Wellerman Come" деп аталатын әні. Тыңдап көріңдерші, маған қатты ұнап қалды.
Repost from Narikbi LIVE
Теперь о важном.
Сегодня-завтра на OLX появятся объявления о продаже новых айфонов. Прошу вас каким бы заманчивым это не казалось, не покупайте. Потому, что все коды записаны и отправленв в МВД.
Если вы их купите украденный телефон, с большой вероятностью его отберут. Не покупайте краденное.
По статье 196 УК РК – приобретение или сбыт имущества, заведомо добытого преступным путем. Санкция предусматривает штраф в размере от 20 до 160 МРП либо лишение свободы сроком до 5 лет.
OLX сделал пост о том, что делать вы увидели украденный товар на сайте: https://www.instagram.com/p/CYn2LsUMLP_/
Take care!
Президент бір де бір саяси реформаға бейіл білдірмед. Демек-ки, Санта Барбара жалғасады :-)
Айтпақшы, ертең 11 екен ғой. Ертең Тоқаев үндеу жариялайд, сосын бәрі бір жағына шығад. Я күннің көзін көреміз, я үңгірде қаламыз, проксилерімізді құшақтааап
Қысқасы, Айтудан поискке @nansogarlar (Meniñ ümbetim) деген чатты іздеп, қосыла берсеңдер болады. Яки, осында комментте маған жазыңдар, өзім қосам 🙂
