669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Өтірікті соқпаңдар, қыздар. Сендердің жүректеріңе жол - асқазаннан гөрі, құлақ арқылы. Практикамда бар, әхәхәхәх.
Жігіттер, "еркектің жүрегіне жолды - асқазаны арқылы ғана табуға болады" деген тәмсілді растауларыңды сұраймын. +/- қалдырып кетіңдер.
Егер үй жануарлары үшін адамдар - Құдай іспеттес болса, мысық әлгі... аздап атеист сияқты
#эпсилон
Өз замандастарымның прогрессив әрі әлдеқайда зиялы болғанымен мақтанам, әрине. Дегенмен, жоқтан өзгеге ренжіп, құрысып-тырысып, адамдардың қит еткен қимылына кәнсел жасай беретін әдетіне көніге алмадым. Сондай бір сорлы көрініс, қысқасы.
Өткенде туиттерде біреудің Zaq'тың гомофобтық әңгімесіне бола, оған деген көзқарасын, жалпы 91'ге деген көзқарасын қайта қарап шығам дегенін оқып қалдым.
Кейін байқайм, біз тым ынжық, жылауық топқа айналып бара жатқандаймыз. Сабуровтың соғысқа нейтрал позициясы үшін кәнсел жасауды да онша түсіне алмайм. Иә, онымен көп форс-мажор болып кетті. Десе де, мен оның стәндәптарын әлі де көрем.
Орыс қоғамында Невзоров, Венедиктов деген сияқты тіс қаққан журналистер бар. Оларды да Кіремілге жақын деп қанша сөксең де, профи екеніне шәк келтіре алмайсың.
Айтпақшы, бұл - тарихи тұлғаларға да қатысты. Толстойдың әйеліне деген қатігез қарым-қатынасы үшін оның шығармасын оқудан мүлде бас тартқан бір феми қызды білуші ем...
Айтайын дегенім, адамның жеке шекарасы дәрежесінде шешілетін құқықтарын - өзіне қалдырып, кәсіби еңбегінен рахат алуға не кедергі? Оқитын, көретін адамың аспаннан түскен періште болмаса нелерің кетеді?
Иә, біз соңғы сайлауда фальсификация жасадық, мен бұны батыстықтарға да айттым. Президент Лукашенкоға 93,5% адам дауыс берді. 93,5. Бірақ бұны – еуропалық көрсеткіш емес деді. Сол үшін біз сексен... алты ма еді? 86%-ға түсіруге мәжбүр болдық.
(с) Олександр Лукашенко, 2006 жыл.
Шынына келгенде біз бір империяның құлауына куә болатын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бір жағынан ғажап, екінші жағынан қауіпті
"Мәһр түгі екі елі енекте жоқ, жүрмізғо осы өлместен.
Құтыра бермеңдер күйдіріп, байларыңды тартып алам жыныма тие берсеңдер", - фейсбуктен
Ахахах 🤣🤣🤣
Бләт, өмірімде Путин сияқты хуйлоны көрмеппін. Әнәсс, мал! Ресейді өзіңмен бірге көріңе ала кет
Сексизм үшін кетшірім сұрайм, Динара Егеубаеваны да ТОП журналистер қатарына қостым.
#эпизодтар
Ақыры сол ақ қайыңға бардым. Өзімді қинаған осы ойдың бәрін айтып шықтым: жыладым, жынды құсап күлдім, айқайладым, үнсіз отырдым. Ұнады. Соншалықты тәуелді боп қалармын ба, 1 апта бойы үздіксіз қатынаппын.
Бүгін - 8 күн. Жұмыстан кеш шығып, әдеттегідей күндіз емес, түнде келуге тура келді. Ақ қайыңға үзіле қарап тұрып, тағы да сол баяны болмаған махаббат хикаямды бастай беріп ем:
- Ой, біләт, бір құрыған халық болдыңдар ғой, - деп ақ қайың гүж етті.
Қолыма ұстап тұрған телефоным түсіп кетіп, ішек-шабағы ақтарылып жатқанын байқағанда - малатаңанәлет каспиге тағы да тектен-тек 90 мың төлейтін болдым ғой деген ой бір сәт келіп кетті; бірақ қазір оны ойлап отыратын жағдай жоқ еді, ал ақ қайың болса ақтарылып сөйлеп жатыр:
- Ебтібайымайд, жақында 25 жыл болады маған келіп ботадай боздап жылап жүргендеріңе! Анау, енеңді ұрайын, Боқай ма, Тоқай ма кім ед...
- Бақай, - дедім мен, әлі де өліп қалмағыныма таң болып
- Сіге ме сені?! Сол мал бастап беріп ед... Бір көріп алғасын қоймадыңдар ғой тегі миымды теріс айналдырып! Неғылған сорлы болдыңдар сендер, бір қызды қарата алмай сүмірейіп жүрген! Осы уақыт бойы тура мағынасындағы бұтағымды жеп біттіңдер ғой сендер. Неменеге маған келіп еңірей бересіңдер, а, ептібайымайдтар!, - деп ақырды ол
Қайыңның сөзін қалт етпей қақшиып тыңдап тұрып, төбемнен көсеудей бір бұтасын тастап жібергенін байқамай қалыппын. "Мама" деп үлгерген жоқпын; үнсіз ғана мелшиіп тұрған ақ қайыңның астында менің мүрдем жатты.
Өзбекстанның астанасы Тәшкенде 1999 жылы ірі-ірі жарылыстар болады. Сол жылдары Тәжікстандағы азамат соғысының оты енді сөнсе де, Өзбекстандағы Ислам ұйымдары әлі белсенді болатын.
Жарылыстар бір күннің өзінде бірнеше орындарда бірінен соң бірі болды. Куәгерлердің айтуынша жарылыстар тудырған діріл салдарынан 1 шақырымдық жердегі ғимараттардың терезесі қирап қалған.
Сол кезде-ақ, жарылысты ұйымдастырушы ретінде - 22 адам, оның ішінде Зайнидин Асқаров деген жігіт те ұсталады. ҰҚК-нің тергеуінен кейін "ол жарылысты шетелдегі оппозициялық саясаткер Мұхамед Салық пен Өзбекстан Ислам ұйымының жетекшісі Тахыр Жолдас ұйымдастырды деп куәлік берді" деген хабар шығып, артынан 11 жылға қамалады. Алтауы - атылады.
2004 жылы Өзбекстан билігі пресс-конференция өткізіп, осы сөздерді Зайнидин Асқаровтың өз аузынан естіртпекші болады: конференцияға Азаттықтың өзбек қызметі, Voice of America мен ББС өзбек қызметі журналистері шақырылады. Өзбек билігінің жоспары бойынша Асқаров бар кінәні оппозиция саясаткерлеріне артуы керек еді, бірақ, ҰҚК'нің өкілі сыртқа темекі шегуге шығып кеткен бір сәтте Зайнидин Асқаров журналистерге «Сіздердің радиостансаларыңыз арқылы «Ерік» («Эрк») партиясының жетекшісі Мұхаммед Салихтан кешірім сұрағым келеді. Біз кезінде оған жала жаптық. Бізді жала жабуға мәжбүрледі. Сондай-ақ Тахир Юлдаш жасамаған істі де жасады деп куәлік еттік. Біз Өзбекстан халқының алдында айыптымыз, өйткені біз дінсіз, қатыгез диктатордың сөзіне алданып қалдық. Біз мұсылмандардың беделін түсіретін рөл ойнағанымыз үшін Өзбекстан халқынан кешірім сұраймыз.
Екі дүниеде бірдей Алла атымен ант етейін, Мұхаммед Салихтың лаңкестерге де, ондай әрекеттерге де қатысы жоқ. Мүлде қатысы жоқ. Мен демократ емеспін, сондықтан оны жақсы көру немесе жек көру дейтін мақсат жоқ. Барлығы біздің саяси шикілігіміздің, сенгіштігіміздің салдарынан болды, мұның бәрі біздің Закир Алматовтың уәдесіне сенгендігіміздің нәтижесі» деп мәлімдеме жасап үлгереді. Тиісінше, күштік құрылымдар пресс-конференцияны сол жерде-ақ тоқтатып, журналистерді қайтарып жібереді. (Ол кезде тікелей эфир жоқ; бейнетаспа жазылған касетаны журналистердің офистеріне аман-есен жеткізгені туралы бөлек хикая бар).
2010 жылы Зайнидин Асқаров түрмеде белгісіз жағдайда қаза табады. Сол жылы ол түрмеден шығуы тиіс болатын.
1999 жылғы жарылыстар - Ислам Каримовке жасалған қастандық болатынын бәрі білді. Жарылыс болатын жерде Кәримов сол жылдың экономикалық қорытындысын жасауы керек болатын.
Бірақ, бір қызығы, өзбек КНБ қызметі жарылыстың болатынын алдын-ала 2 күн алдын білген. Бірақ Кәримов жарылыстың алдын алуға бұйрық берудің орнына, өзі баруға тиіс жерге бармай, "Құдайдың құдіретімен" аман қалған лидер ретінде, осы трагедияны пайдаланып әрі қарайғы саяси репрессиясын жалғастыру жолын таңдады.
