669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Ох, машалла!
Қызылордадағы проблемалардың өзіне әуесің келеді! 🥰
Үйрен, Көлгінов, твайматтың боласы!!
Түнгі он екіге қарай ұйықтап кетіппін деген сөзді сирек естимін.
Я "ертерек, ондарда ұйықтап қалдым", я болмаса "үштерге таман жаттым"...
Қарғыс атқыр, ұйқы фазасы ((
Саясатында децентрализация жасалған елдерге тамсанам. Украинаны мысалға алуға болады, тағы да. Соғыс басталған сәтте әр аудан, аймағының жергілікті билігі орталықтан бұйрық күтпей мәселелерін өз алдына шешіп отырды. Және айтарлықтай эффективті.
Дамыған елдердің мемлекеттік моделдеріне қарасақ, көбінде биліктің горизонталь екенін көреміз: Германия – Федерациядан, АҚШ – штаттардан, Қытай – провинциялардан тұрады деген сияқты.
Айталық, егер қарияның 5 баласы болса, оған барлық баласын бір үйге жинап, әр баласы мен немересі үшін жауапкершілікті өзіне алғаннан гөрі, әрқайсысының еншісін өз алдына беріп, проблемаларымен бетпе-бет қалдырғаны әлдеқайда жақсы.
Астана мен Алматы туралы мемдерден шаршадым, просто. Елде 3 қана мегаполис бар (үшіншісінің өзі де онша бай емес), бюджет – орталықтандырылған. Сондықтан да Атырау, Семей, Павлодар сияқты өлкелер кеңестік заманды еске салып тұратын быт-шыт инфрақұрылым мен ескі үйлерден ғана тұрады. Әсіресе, Атырауға жаным ашиды.
Әр облыс өз әкімін өзі сайлап, өз қалалық депутаттарына ие болса, өз бюджетін өзі пайдаланса, мемлекет әлдеқайда прогрессив болатын еді. Астана да арамтамақтықтан арылар ед.
Парламенттік республикадан бұрын, Президенттік, бірақ горизонталь билігі бар ел болып алсақ.
Психоаналитиканың соншалық бір фанаты емеспін. Дегенмен, сол Фрейдке сілтеп жібере алатын бір феномен бар. Бала кездегі қалыптасу – адамның бүкіл болашағын шешеді деген қарабайырлау түсініктемесімен.
Бала кезіңде талдың түбінде шаптырып тұрғаныңды сыныптас қызың көріп қойғаны, әжеңнің галошпен аузыңнан ұрғаны, алғашқы ерегістегі жай-күйің, тіпті, мамаңның қалай еркелеткені: бәрі бәрі болашақтағы сенің мінезің мен болмысыңа айналады. Комплекстер деуге болады.
Бір жағынан, комплекстер ешқашан жоғалмайды; ол өсе беруі мүмкін, аздап бәсеңдеуі мүмкін, бірақ ешқашан жоғалмайды. Әйтеуір өзінікін бір көрсетіп қоятын мүмкіндік іздеп отырады. Айталық, байлық қоры дохуллиард долларға жеткен диктаторлардың көбі бала кезінде жоқшылық көрген. Әлгі бір аңыздағыдай: бір аштықты басынан өткізіп тірі қалған адамның қалтасында әрқашан қатқан нан жүреді, қайтадан сол күндер келіп қалмай ма екен деген қорқынышпен. Параноия дерсің.
Саясатты жиі бақылаушы ретінде айта алам: постсоветтік диктаторлардың бәрінің саясатында комплекстің іздері сайрап жатыр.
Бәріміздің де комплекстен ада болғымыз келеді. Бірақ, естеліктер өшпей тұрып комплекстер де өшпесе керек. Сонымен бірге өмір сүріп үйрену керек пе, қалай өзі?...
8 жасымда шығар, түрікше "Мың бір түн" деген сериал көретін үйдегілер. Сюжеттері мен эпизодтары анық есімде: Шехрезаттың кішкентай ұлы ауырып, соған шұғыл операциясына үлкен сомада ақша керек болады. Оны еш жерден таппайды; бірақ, тасадан қолын ысқылап Онур шыға келіп 'ақшаңды берем, бірақ бір түніңді маған арнайсың' дейді.
Иә, иә, осы кезде менің жұлдызды сәтім келеді: "Мама-мама, бір түніңді арнау деген не?" деп сұрайм. Қарғыс атқанда, дәл сол жері есімде емес, соған қарағанда маңдайдан бір періп талдырып тастаған болса керек. Әлде жай "мұнда шаруаң болмасын" деді. Маңызды емес. Бәрібір дұрыс жауап алған жоқпын.
Енді ойыма келгесін соңына дейін ойланып тастайын дегенім ғой; ертең балам менен сондай нәрсені сұраса не деп жауап берем деп, әлгі...
СДУ'дың екі студенті «Халлю: неге бүкіл әлем BTS'ты жақсы көреді?» деген тақырыпта диссертация жұмысын қорғап, 100/100 алыпты. Ғылыми жұмыс 50-60 беттен тұратын құжат түрінде емес, видео форматта жасалған; жетекшілері жоғары бағалапты дейді. Бір күні менде де сол диссертацияны көз жүгіртіп шығатын мүмкіндік пайда болады деп үміттенем.
Будущее наступило, старик
– Әй, жастар, ата дінімізден және құндылықтарымыздан ұзап бара жатсыңдар! Нағыз қазақылықты ұмыт қалдырып бара жатсыңдар, сендер! Мен сендердің жастарыңда...
– Атай біздің жасымызда:
#эпизодтар #МахаббатҚызықНөлЖылдар
Дәл балконымның астында бір құшақ гүлді құшақтап өтіп бара жатқан қыз есіме біраз кринж оқиғаларды салып жіберді: сонооу ертеде, әлі Назарбаев президент болып тұрған тұста бір қызға көңілім ауған еді. Ауған болғанда, мүмкін ғашық та болған шығармын, кім біліпті. Бір сөзбен айтқанда, романның соңынан қарай ол мені ұнатпайтынын анық білдірген. Сөйтіп, "давай, керек емес" деген де, кеткен.
Осы сәтте қай түлен түрткенін қайдам, кеңес сұрап қыздарға бардым; ал, олар күтілгендей, "қыздың бір бас тартқаны ештеңені білдірмейді, ол үшін соңына дейін күресу керек, кейде қыздың жоқ дегені – иә дегенін астарлайды", - деп философиялық концепцияларымен желімді үрлеп жіберді.
Ал содан соң барып өмірімдегі ақтаңдақ кринждер легі басталды; не керек, соңында ағасының звоногынан соң көтімді қыстым. Аялдамадағы жұрттың көзінше маған айқайлағаны хуйня болып қалды оның жанында.
Сол кезден бері, "қыздың айтқанын тыңдамай, ол үшін соңына дейін күресу керек" деген кеңес беретіндерді көрсем, көзімнен жалын шашып, миым адамды азаптап өлтірудің неше түрлі сценарийін қарастыратын болыпты. Иә, айтпақшы, қыздар, новояз ойлап тауып, өмірді қиындатпаңдаршы. Иә деген ол – «иә» деген, жоқ деген ол – «жоқ» деген.
p.s. Сол, әлгі қыз ұмтылған сол жігітіне ақыры жете алмады. Обалым бар екен, ахахах (жоқ).
Изображение сгенерировано моделью ruDALL-E от Сбера по запросу "Дождь в Астане"
Жасанды интеллекттен Астанадағы жаңбырды қалай елестететінін сұрағам ғой. Мынаны жіберіпті.
Мал, ивдевается ((
Repost from Аударгазм🇰🇿🇬🇧🇷🇺
Бүгін демалыс, демек, миға еш күш салмайтын, ештеңені міндет қылмайтын ескі посттарды бөлісудің реті, немесе ретсіздігі.
Бір көт пен боқ төңірегіндегі арзан әңгімемен, арзан комедиялық әсер тудыра бермей, әдемі, таңғажайып, көз жасың көтіңнен сорғалағанша ебіл-дебіл еңіреп жылайтын әлжуаз сабындрамалық сюжет жазғым кевотр.
Короче, Ин Яз жатақханасындағы досына қонақтап келген Самат тік ішегіне тезегі тірелген кезде туалетке жүгіреді. Қоғамдық "мәдени ошаққа" кіре сала кабинкалардың біріне кіріп, дамбалды сыпыра-мыпыра отыра кетеді.
Еш қатерден сезіктенбей, маңғаз бүркіттің позасында отырған Самат соңғы толқыннан кейін артынан сығалап тұрған қоңырқай "тасбақаның басын" көтрицепстің күшімен қия бергенде, қағаздың жоқтығын байқайды.
Бәрімізге таныс жағдай.
"Қап, бес жүз теңгенің шұлығы садаға кететін болды ғой" деп аяқ киімін шеше бергенде көрші туалеттен телефоннан күмбірлеп шыққан Топ Ган фильмінің саундрегін естиді.
Дю-дю-дю-дю-дюн....... дюндюн-н,... дюн-дюн...Бірақ телефон иесі ыңғайсыз жағдайда келген қоңырауға жауап бермей, ғажайып әуенді жары жолда қиып тастап, қоғамдық дәретхана тып тыныш боп қалады.
"Ох, мен бұнда жалғыз емес екем"- деп ойлайды Самат.
Сол-ақ екен, жаңа ғана әуен шыққан бағыттан "бтр-тттт" деген өзіне ғана тән дыбыспен жаңғыра естілген құмалақтар кезегі тыныштықты бұзады.
- Бырат, артық қағазың болса беріп жіберш - дейд Самат.
Тышақ жақтауының астынан бір бума оппозициялық "Шен және Хрен" газеті қылт етіп шығады.
- О, рахмет бауырым. Бір аптаға қарқ қылып тастадың ғо, хехе! -дейді Самат.
Тап сол кезде жақтау артынан сыңғырлаған күлкі "бырат" деп отырғаны бикеш екенін аңғартады. Күркіреп жауған дүлей жауын құстардың әсем әнін қалай тұншықтырса, унитаз бөшкесінен ақтарылған судың шуы да әдемі сыңғырды солай басып кетеді. Биік өкшелі туфлиі тоқ-тоқ-тоқ еткен күйі бикеш ол жерден шығып кетеді.
Самат өмірінде бірінші рет бейтаныс тышқақ қызға құлай ғашық болғанын түсінеді.
***
Содан қызық, жігіт бүкіл қыздардың бөлмесіне ұрын барып, қыздардың бөлмесін тінтіп, әңгіме арты оппозициялық газеттер іздеу, "Шен және Хрен" газетін әкеп жатақхана маңында сату, жатақхана қыздарының бәрімен танысып, телефондарындағы рингтондарды тексеру, тағы басқа қызық пен шытырманға толы романтикадан бүйрегің сүйсінетін жайттарға жалғасатынын мен айтпай-ақ шырамытуға болады.
Атын қиялға көп күш түсірместен "Общагіде жүз қыз бар. Туалетте біреуі" деуге болад.
#әжетхана #жатақхана #махаббат
Пока не уверен, но мне кажется жизнь у меня как зебра: чёрная полоса, белая полоса, чёрная, белая, чёрная, белая... А потом – жопа ((
