669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Жұрттың сөзінен (бәлкім мазағынан да) қорқып жасамай кеткен нәрселердің тізімінде - ВК заманындағы посттар бар. Әлгі... Әрине, естеріңде шығар. Бірі де бірегейлері, мысалы:
"Менің арманым бір ақымақ қызға үйленіп одан өзімнің копиямды көру",
"Гүл сыйлауға анаң ғана лайықты",
"Сырты сұлу не керек, жаны сұлу болмаса",
Сосын, "жылама нихуя - сүйетін адам дахуя" деген сияқты көркем хәмселер.
Тапқандарым осы болды енді. Не дегім келгенін шырамытқан болсаңдар, айтпағым сол: неге бәріміз жаппай кәнсел жасап кеттік осыны? Балалықтың кринжі деп шештік пе, әлде сезімімізді тықпалап, білдіретіндерін - лох деуді трендке шығардық па, түсініксіз әйтеуір.
Шын жүректен шыққан нәрселер сияқты еді ғой. Мен әлі күнге дейін сол посттардағыдай ойлануды қойған жоқпын. Сүюдің ауырлығы туралы да, адам артынан сөйлейтіндерге деген ыза, қорқақтар хәм жауапсыз махаббат, жалпы кәззәптарға тән барлық сипаттарды қарғап-сілеу: ешқайсысы өтірік емес еді ғой деп ойлаймын да әлгі.
Байқауымша қазіргі 13-15 жасарлар ондай жүрек тебірентер жазбалардан ада. Тек бір танысым осынша жылдан бері сториіне сол шамалас посттарды жазудан тиылмады. Адамдарға жазбалары арқылы ренжиді де жатады. Жиі көрем. Өте жиі. Тіпті күнде. Маньяк емес пе екен, ебтібайымайд...((
Еуропалық қаракүзен (норка) осындай сүйкімді болады екен.
Адамзат шуба мен шапкіні ойлап таппай жатып бұлардың өмірі тыныш болған дейді. Кейін іші пысқан бай қатындардың нәпсісі мен байлардың ашкөздігінен бұларға да тықыр таяды.
Қазір "Қызыл Кітапқа" енгізілген. Ауласаң - айырвалад. Шуба мен шапкі кигендерді де айыратын күнге жеткізсін дейміз енді.
Repost from my liberation notes
One day off дорамасында бір диалог бар. Тура соны тауып әкелуге ерініп тұрмын. Жалпы мағынасы мынандай
Қазір адамдар "мен сүйемін" демейді. "Маған ұнайды" дейді. Сүйемін деп айту мәңгілік сүюге міндеттейтін сияқты, адамдар олай айтудан қорқады, кейін сүймей қалуы да мүмкін ғой. Ұнайсың — қазір ұнайтынын ғана білдіріп тұр.
Мәңгілік махаббат бұрынғыдай дәріптелмейді.
Өмірде бәрі мүмкін, біз адамбыз, өзгереміз, қалауым осы, өмір ғой деп жатамыз. Қазір мен тіпті адамдар мәңгілік сүйе алатынына сенбеймін. Біреу сезімін айтса, ол кейін өзгеретінін, сүймей қалуы да мүмкін екенін ойлап, өтірік айтып тұрғандай сезіледі.
Оқушының мұғаліміне советбайша Айгүл Қазбекқызы я Есен Мұратұлы деп сөйлеуі — шектен шыққан кринж нәрсе. Есі дұрыс қазақ "ағай", "апай" деген өз тілімізге тән оноративтерді пайдаланады. Оны ерсі, қате көретін кей әпенді де бар екен. Ағылшынға барсын, олардың да “ужснах, ауылбайский” екенін көру үшін. Mr. мен Ms.'тің орнына Stefani Joe’s daughter, John Michael’s son деп сөйлеңдер деп үйретіңдер онда
Кішкентай буын мандариннің иісін жаңа жылмен ассоциация жасамайтын болыпты. Үй жақтағы магазиндерде ≈500 теңгелік оливье пайда болғалы оның да дәмі құнсызданып жатқандай.
Енді тек мемдер арқылы ғана сезінетін вайб болып қалды.
Бір жағынан, бұл - жақсы әрине. Өйткені мандарин - совет заманынан қалған атрибут, ал советтер отағында жақсы сақталатын жемістер ғана жаңа жылға дейін шыдаған. Қазір, шүкір, тоқшылық.
Ендігі ұрпақ неден құндылық жасайтыны қызық енді
Ағаш - балтаға "мені шапқаның үшін емес, сабыңның менен жасалғаны үшін қапа болам" десе, балта:
"Кет-ей, әнәсс, жарымес... Сварщик Әбсаттар темірден жасап берген сабымды. Қит етсе болды көз-жасың дайын тұрад екен сенің", - депті де, екі шауып сұлатып түсіріпті.
Мораль: Ғибраты бар екен деп оңды-солды құрастыра бермеңдер әңгімені 🙂
Бодипозитив түсінігі де асқынлибералдықтың кесірінен сынға шыдамсыз болып кеткен. Үлкен үйдің ерке баласы сияқты.
Басыңның сопақтығы, денеңе түскен тыртық сияқты дефектерді қабылдауды түсінем, бірақ артық салмақты я сүйек аурулары сияқты онсыз да нормал емес нәрсені стандарттауға тырысуды ұға алмайм. Ешкімнен құрмет пен махаббат сұрамай өтуге болады өмірден; егер буллиңге ұшырадым десең, әңгіме - басқа. Дұрыс қарым-қатынас орнату - адамның денесінен емес, адекваттық дәрежесінен тәуелді нәрсе.
Ауруды қоғамда нормалайм деп жүріп, 30-дан енді асқанда диабеттен қырылып жатпайық әйтеуір.
Қазір туған-туыс, тамыр-таныстарыңмен хабарласып жаңа жылмен құттықтап шығу керек. Күш қуат берсін сендерге де. Интроверттің тозағы бұл да бір.
Егер қыз досыңа ғашық боп қалсаң сезіміңді білдіресің бе әлде онымен достықты да бұзбай өзін де жоғалтпас үшін үндемейсің бе?
Сезімімді білдірем.
**қалған махаббат туралы сұрақтарға жауабым, бақытыма орай, жоқ. Өйткені ондай кейс те жоқ.
Ата-ана мен сиблингтарыңа кәсіби қызмет көрсеткенде өз қызметіңнің ақысын сұраған жөн бе?
Қалыптасқан қарым-қатынасыңа байланысты. Ата-ана - бәрі үшін де киелі ұғым емес, ендеше олармен іскерлік қатынас орнатуда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.
Мен өз басым ешқашан олай жасамас ем.
сәлем, өнерге көзқарасыңыз қалай? анадай қиял, шабыт деген нәрселер қайдан келеді деп ойлайсыз? ) *
*сосын сіздің жазбаларыңызға ғашық екенімді де айтқым келеді ❤️🔥
Сәлем. Өнерге көзқарасым - күшті, бірақ шабыт туралы ештеңе дей алмайм
*🥰🥰
кэтколлингпен айналысып көрдің бе?
Жоқ. Өйтіп тұратын адамдардың логикасын да түсінген емеспін. Бандиттік санадан қалып кеткен бірнәрсе ғо
әйелге күн сайын насилие жасалып жатқанда неге еркектер басын құмға тығып үндемей отырады. тек бірен-саран болмаса.
в основном тек әйелдер ғана шырылдайды(
Және бұл заңды да. Қарсылық көрсетудің центрі - зәбір көрушінің өзінде жатуы керек, оны басқа жаққа бұрмалауға болмайды.
Әділетсіздік те шығар, қорқақтық та шығар, заңдылық осы. Кез-келген жаратылысқа тән нәрсе комфорт зонасын бермеу деген.
жұмыстағы жоғары лауазымды қызметкердің не бастығыңның дауыс көтеріп айқайлауы қаншалықты қалыпты?
Ешқаншалықты. Қанша жерден тізесі шығып, айырылып кеткен әңгіме болса да айтайын: не өзін сыйламайтын адам, не жұмысқа ақша беріп кірген адам ғана шыдайтын нәрсе
жаңадан танысқан адамның адекваттылығын қандай сұрақтар қою арқылы тексересің?
Ондай стандарт сұрағым жоқ. Әзілдесіп көрем, әдетте токсик қалжыңдайм. Түсінсе - адекват адам, әрі қарай өзіме приколмен жауап берсе - кумиріме айналады
Саған хэппи эндпен аяқталатын фильм/шығармалар көбірек ұнай ма әлде шынайы өмірдегідей әділетсіз ауыр фильмдер ме?
Екіншісі. Өзің айтқандай, хәппи енд - өмірдегідей емес. Екінші жағынан жоқ жерден проблема басталып, 2.5 сағаттан соң ол проблеманы сәтті шеше салған сценарийлер - дым азық болмайды. "Телефоныңды жоғалтып алдың, 2-3 минут іздедің: а куртканың қалтасында екен, тауып алдың да бұрынғыдай өмір сүре бердің" - шамамен осындай әсер қалдырады
Өзіңіздің сексист екеніңізді мойындайсыз ба?
Сексистік әзілдер мен терминологияны көп қолданатыным рас. Сезімтал емеспін ондайға. Бірақ әйел адамның құқы мен қоғамдағы дауысы еркекпен тең болуы керек деген нәрсеге құдайдай сенем.
Бар болғаны сол.
