669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Желіде өзіңше өткен ғасырдың романтикасын еске алғың келеді, бірақ елің сол өткен ғасырдың даму деңгейінде қалып қойған..))
(с) Facebook, Baur Mukanov
Repost from N/a
ҚЫЗЫҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бүгін екі жыл бұрын грек мифологиясынан оқып, танысқан сөз тіркестерінің мәнін ашып, қысқаша түсіндіріп өтемін. Аталмыш тіркестер көптеген шығармаларда, кино/фильмдерде кездесіп жатады. Біле жүріңіздер!
📌 СИЗИФ ТАСЫ
Коринф қаласының негізін салушы Сизифке қулық пен ептілік тұрғысынан ешбір жан тең келмесе керек. Өзінің асқан айлакерлігінің арқасында Танат, Зевс, Арес, Аид секілді төрт құдайды қатар алдап соққан Сизиф ақыр түбінде ауыр жаза алады. Жазасы - жарлы құздың үстінен таудың шыңына қара тасты домалату. Қанша барын салып еңбектенсе де Сизиф бәрібір тау басына жетпейді, мәңгілік айыптан арылмайды.
Тіркестің мәні - құр босқа кеткен еңбек.
📌 ПАНДОРА ЖӘШІГІ
Пандора "сыйлыққа ие болу" деген мағынаны білдіреді. Мифте баяндалғандай, Пандорамыз жер бетіндегі Прометейдің адамдарға жасаған жақсылығына ыза болған Зевстің әмірінен дүниеге келді. Гефест су мен топырақты араластырып жасап, Афина-Паллада әдемі киім тігіп, Афродита көрік беріп, Гермес оған қулықты үйретеді. Прометейдің ақымақ туысы Эпиметейге үйленген Пандора оның үйіндегі белгісіз, құпия ыдыстың бетін ашып бір уақытта жер бетіне бүкіл зұлымдық, ауру, апатты таратып жібереді. Ыдыстың қақпағы қайта жабылғанда түбінде "үміт" қана сыртқа шыға алмай қалып қояды. Тіршілікте тек бақытты ғұмыр кешкен адамдар осы сәттен қисапсыз ауыртпалықтарға ұшырай бастайды.
Тіркестің мәні - алдамшы үміт.
📌 АВГЕЙДІҢ АТ ҚОРАСЫ
Гераклдің алтыншы ерлігінде сипатталған "Авгейдің ат қорасының" тарихы қысқаша мынадай:
Элида патшасы Авгейдің мал қорасын тазалауға бұйрық алған Геракл қораны бір күнде тазалап беруге уәде етіп, ақысына табынның оннан бір бөлігін сұрайды. Қораның қи мен көңнен лас болғаны соншалық Геракл мал қораның екі қабырғасын құлатып Алфей мен Пеней өзендерінің суын қораға бұрып әкеледі. Бір-ақ күнде өзен сулары шайып шыққан қораның қабырғасын қайта қалаған ол Авгейге келіп берген уәдесін талап етеді. Алайда патша келісімнен бас тартып, Геракл сүмірейіп Тиринфке құр қол қайтады. Кейін кек алу мақсатымен қайта оралып Авгейді ажал жебесімен атып өлтіреді.
Тіркестің мәні - лас.
📌 БҮЛІК АЛМАСЫ
Ұзақ бірақ қызық. Соңына дейін оқыңыздар.
Теңіз құдайы Фетида мен батыр Пелейдің тойы болып жатады. Ұрыс-керістің құдайы Эрида ғана тойға шақырылмайды [Ондай құдайды мен де шақырмас едім]. Жалғыз өзі тойға шақырылмай Хирон үңгірінің түбінде қайғырып отырған Эрида бір уақытта ызаланып кетіп кек аламын деп шешеді. Сүйтіп тойдың ортасында үстел үстіне байқатпай қызыл алманы тастап жібереді. Алманың бір бүйірінде "ең сұлуына" деген жазу жазылады. Әрқайсысы өздерін ең сұлу санайтын әйел құдайлар бір-бірімен таласты-ай кеп! Көбі ашуланып үйіне қайтып кетеді. Жеңістік бермеген бетбақ үш әйел құдай Гера, Афродита, Афина ғана сол жерде қалады. Төрелігін айтсын деп Зевске барады. Зевс дым шеше алмай, үшеуін Трояның әміршісі Париске жібереді. Өзімен-өзі, әзір ешкімге зияны тимей, "сенің ұлың ертең бүкіл Трояны құртады" деген тағдырын маңдайына жапсырып алып мал бағып жүрген Паристің қолына алма беріп, үш құдай "кім, кім ең әдемі?" деп миын жейді. Азия мен Еуропаны сыйлаған Гераны да, соғыста жеңіске жеткізем деген Афинаны да елемей, сұлу әйелге үйлендірем деген Афродитаны таңдаған Парис сол кезден қатты ызаланған Гера мен Афинаның қаһарына ұшырап, бұл жағдай Трояның түбіндегі соғыстың басталуына әкеп соғады. Осылайша бәрін қырылтып қойып Эрида попкорн жеп қарап отырған екен.
"Бүлік алмасы" тіркесі "Афродита" сөзінің синониміне айналған.
Тіркестің мәні - түймедейді түйедей қылу, араздасу.
📌 АХИЛЛЕСТІҢ ӨКШЕСІ
Сәби кезінде анасы Фетида Ахиллестің денесіне оқ өтпесін деп баласын Стикс өзеніндегі қасиетті суға шомылдырады. Басынан аяғына дейін құйылған су батырдың табанына ғана тимей қалады. Кейін Париспен соғыста сұмырай жебе оның жанды жері өкшесіне қадалып батыр сол жарақаттан қаза табады.
Тіркестің мәні - адамның ең әлсіз жері, осал тұсы.
Шама келсе біреудің бойынан Ахиллестің өкшесін іздемей жүріңдер!
Ауропада жаппай тувлесс.
Жоғей нақ, тыныш сол құрғыр Еуропаларың.
Збигнев Бзежинский ақам айтпақшы «ұлы шахмат тақтасының» батыс бөлігіндегі лидерлікке таласып жүрген екі оғлан - Дөйчланд пен Пығанстың энергетикалық мәселелердегі әлемге ұсынып отырған идеяларынан басқа түк қызық жоқ онда.
Меркель апым 16 жыл бойы жасыл партиялардың құлағынан аямай теуіп, «сарқылмайтын энергия көздеріне өтеміз» деп Ресейдің газына (You want my gas? Well you can kiss my ass!) тәуелді екені белгілі боп қалғанда, экологтар ох қалай жылады. Осы сәтте жылдар бойы өз энергия саясатын АЭС-қа негіздеген Франция бұтын ашып күлген-ді.
Шілдеде капиталист-оңбаған Францияға уран тасымалдап тұратын - Нигерде әскери төңкеріс болып (Путинге алғыс!), Макронды жылатып кетті. Бұл жолы немістер күлді ма жоқ па білмейм.
Алайда Германия - жасыл энергетика, Франция - атомдық энергетика саясатынан бас тартпақшы емес. Ендеше бұл саясатын жалғастыруға көмектесетін басқа объекттер іздеуге кетті. Каспидің бойынан Жел энергия стансасын құрайық деп немістер, уран берші деп француздар келгеніне өздерің де куәсіңдер.
Бұл тувлессте кім жеңеді сомен?
Конституциялық автократия болса да өмір сүре беретін ем деген күпір ойды ұстап алдым миымда. Мейлі, Тоқаев қанша отса да, заң үстемдігі толық орнаса аз да болса тынысым кеңейер еді. Бірақ оны да жарытпайды ғой, қасам ұрғырлар.
Көлежді бітіріп, офистегі жұмысқа тұрған бір желі қолданушысы 5/2 графикпен 8 сағаттық жұмыс істеудің соншалықты азап екендігін, бұлай бола берсе жеке өмір мен дамуға уақыт болмайтынын айтып налыпты.
Көменттегілердің бісмілләсі «бұл шшс құрыған ұрпақ болды» деумен басталған. Әлбетте мұндай қарғау-сілеу мен щеголдарды тұқыртуда X пен Y ұрпақтары сахнаны ешкімге бермеген.
Алайда хоумленд ұрпақ - Тикток авторын қолдап, артынан да, алдынан да демеп отыр. «Кезінде адамдар күніне 14-16 сағат жұмыс істейтін кездер болған, сендерге салса біз өлмедік қой, басқалар да өлмейді деп жүре бермексіңдер. тексіздер өңшең» деп жұлқынып отыр.
Объектив болуға тырысқандар да ескі жүйені реформалауға шақырады. «8 сағаттық жұмыс күнінің бейэфективтігі әлдеқашан дәлелденген. Офистағы жұмыс деген тіпті ақырзаманның белгісі. Уақытыңның жартысы - тышып-сиюге, лифтте көтеріліп-түсуге және әлбетте өсек тасуға кетеді. Жасанды интеллект сияқтылардың арқасында жұмысыңның 40-50%-н оңай бітіруге болады» деген аргументтерді көсе-көлденең қойғанда дым дей алмайсың енді.
Бұдан қандай қорытынды жасау керек екенін білмеймін. Жалқау екеніміз анық енді, оның несін айтайын (және прогрестің мотиві болған - адамзат жалқаулықтығына бас ию керек). Екінші жағынан жұмыс уақытын қысқарту, 4/3 графикті стандарттау, фрилансер болу деген де жаңа дем жетпейтін сияқты осы бізге. Несі бар? Зың ғой.
Repost from my liberation notes
Біз құдайды табамыз, жоғалтамыз, алыстаймыз, қайта табамыз, қайта жоғалтамыз
Адамның құдайдың табуы, онымен байланысын сезуі ғажайып сезімдердің бірі. Сөзбен жеткізе алмайтындай бақыт, тынысың ашылуы. Тек жоғарыдағы цикл қайталанып тұрады.
Интернетте өзіме қаратылған көптеген негативтер мен қарғыстарды оқимын. Алайда бұлардың бәрінен көңілім тыныш. Өйткені барлық пікірлер сауатсыз жазылған(с) Жәңгір хан, Бөкей ордасы
Өзі Қазақстан деген елдің ілініп-салынып тәуелсіз боп тұрғанының бірден-бір тірегі – БҰҰ жарғысы. Ендеше сол жарғыны бұзып, көршісіне басып кіріп отырған еврейлер мен орыстарды жақтап не көрінді?!
Окуппант деген қаны бір ұлт. Оның алыс-жақыны болмайды. Жердің бір түкпіріндегі басқыншының жеңісі міндетті түрде екінші басқыншыны жігерлендіреді.
Олар - мықты, бірақ әділетсіз. ХАМАС-ты террорист деген Израиль мен Азов полкін террорист көрген РФ-тың түк айырмасы жоқ.
Ертең «бұл қазақтар сорлы жабайы халық, бұлады осылай ұрып-соғып тұру керек, өркениет көрмеген, тек күш арқылы сөйлесу керек» деп пропагандалап үстімізге басып кірсе мыңқ дей алмай қаламыз. Өйткені өз даусымызды шығару үшін дені сау БАҚ-мыз да жоқ.
Ендеше Шерханның алдында құйрығын бұлғаңдатқан Табаки болмай кез-келген жағдайда, кімге де болса "сенікі нақты дұрыс емес" деп айтуды үйренейік.
#FreePalestine
Фашизмнен емделу бар (және ол дұрыс жол), алайда оны жек көруден де емделу керек екенін Израиль мен Ресей дәлелдеп беріп жатыр. Осы шаблонша ойлаудың кесірі бәрі.
Repost from köTengriNews
"Біздің Израильге еш қатысымыз жоқ!"
— ҚР "Наймандар ассоциациясы" шұғыл хабарландыру жасады
t.me/koTengriNews
Мектепте әдебиеттен беретін бір апайым бар еді. Енді қалай десем екен, әдебиетті, жалпы ілім жайлы түк қақпайтыны - мәні жоқ көздерінен-ақ көрініп тұратын.
Сол апайдың «Абай деген ең ұлы тұлға, ох өлеңдері қандай» деп пайғамбардай әспеттейтінін көрсем күлкім келетін.
Шаблонмен жақсы көретінін өзі де түсінбейді соны. Егер Абай - біздің ауылдың баласы болғанда, бірінші боп сол кісі сабайтын еді.
Гитлерді де шаблонмен жек көреміз. Бірақ, нихуясе, арамызда сондай фюрерлердің мыңқырығы өріп жүр. Тіпті Гитлердің не қылмысы барын да айта алмайтындар да бар.
Ұлтшыл деген сөз де далбоеб коммунистер үшін сондай шаблон. Алашорданың адамдарын да жаман көретіні сондықтан. Бірақ характеристикасы туралы қаям да білмейді.
Абай ұлы екеніне өздерің кітаптарын оқып, әнін тыңдап көз жеткізіңдерші, иттің ғана балалары.
Сосын Гитлер туралы да оқып кеңдер, ертең сұрайм.
Осынау күздің шуақ шашқан тұманды күнінде депрессиядан сыртқұса боп, көңілің алабұртып бәрінен безуің еш те трагедия емес. Бір күні күйіп отырып «Кел, бетіме отырып ала салшы. Мына құрғыр дүниені көрмейін, шаршадым» дегенде Ібілістің өзі иманға шақырады тіпті.
Ал «ертең таң азанымен тұрып өле қалам» деп түбегейлі шешім қабылдағаныңда, каспиіңе қайыр-садақадан налог ұстап қалатынымен ғана өзгешеленетін айлығың түседі де, тағы біраз уақыт соған алданасың.
Алайда көп емес.
Біраз уақыттан соң дефресия қайта белең алады.
Ал сен тряпканың қашан шын қалжиып қалатыныңа бәс тігіп әруақтар күтіп әлі отыр.
