669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Өмріңде болған ең нелепый флирт?
Есімде жоқ. Мен қыздардан тіке "жігітің бар ма?" деп сұрай салам, қққ
Как часто ты сталкиваешься с эйджизмом?
Ауылда өте жиі. Оларға адамның құны көк тиын еді, әнәсс. Қалада жоқ. Ешкімнің ешкімде шаруасы жоқ.
Pretty privilege жайында ойың?
Ойым осы. Өз басым (әдеттегідей басқа мүшелерім де бұл пікірге қарсы емес) адамдарды ұсқынсыз жаратылыс деп есептейм.
Мәдениетсіз наданмен өз тілінде сөйлесу керек пе әлде пайдасыз ба?
Керек емес. Сөйлесердей күн туар болса - өз тілімен.
Аралда демалып,әр елге саяхаттап жүрген қатарластарыңды көргенде өмірдің қызығынан қалып бара жатқандай сезім болмай ма немесе қызғаныш?
Жоқ. "Қайдан тапты дейсің осы ақшаны? Біреуді тонаған да/Бір дөкейдің тоқалы болып алған да" деп іштей жамандап қойсаң жеңілдеп қаласың.
Бұрын, бірақ, ондай болатын. Сосын өзімнің сорлы екенімді қабылдадым деп па
Киноны көреміз бе қараймыз ба?
Білмейм. Маған салса ұйықтар ем. Болмағыр етістік, калька-малькалармен басыңды қатырмайтын сөйлем. Ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы
Сыни ойлау сенде қай жастан басталды?Соны қалай өзіңде тәрбиеледің?
Есімде жоқ. 9-10 сынып болар. Өзі адамдарды іштей жек көріп, тырнақ астынан кір іздеп тұратын малғұн адам болсаң - олардың ақпараттарына балама сұрақтар миыңа өзі-ақ келе береді. Бәле іздеп тұрудың сәл жеңілдеу түрі сияқты осы сыни пайым
Паранормальные явление болып көрді ме өміріңде?
Иә. Бір адам қызығатын құбылыстар емес бірақ. Матчтың есебі түсіме кіргені деген сияқты өз шамама қарап берілген сараң информациялар
Сен бір уақытта гуманитарий мен технарьсің бе?Ойлау тәсілің қайсысына көбірек келеді?және қандай минустары бар?
Гуманитарий болудан Құдай өзі сақтасын (сақтамағандарды - аясын). Қатесіз жазу, дұрыс сөйлей білу мәнері - дені дұрыс адамның қаруы болу керек, ендеше оны ешқашан артықшылық деп есептемеймін. Философияға жақын болуым - физиканың арқасында (Ньютонның алғашқы еңбегінің атын оқып көрсең бұны да түсініп аласың). Физикше ойлайм сондықтан.
Консерватормын дейсің.Еуропа не АҚШ-та өзіңді комфорт сезініп тұра алар ма едің?
Консерватормын дегенде сол сұраққа қатысты айттым. Мен еш жерде өзімді комфорт сезінем деп ойламаймын.
Көбіне американ сериалдарында бас кейіпкерлердің жартысынан көбін лгбт өкілдері ғып қоятынына көзқарасың?Жиі тықпалайтын боп көрінбей ме саған?
Қып-қызыл консерватормын. Ұнамайды. Құсқымды келтіреді. Советтердің "жақсы коммунист" пропагандасынан айырмашылық көрмейм.
Интернеттегі танысуларға қалай қарайсың?
Жақсы қарайм. Өзім де солай үйленгем мысалы
Алматылық подписчиктеріңнен сұрап көрші. Бүгін Леп клабқа бармай ма екен?
Өзімнің достарым жауап бермей жатыр🥲
Месси или Роналду
Месси футболды өзгерткен ақылды ойыншы деп санайм. Роналдуға қарағанда профессионалырақ деп білем.
Топастығынан айтқан ескертуіңді түсінбей өз қателігін мойындамай,айдалаға лағып,әдейі сұрағыңа жауап бермей,сөзіңді бұрмалайтын оңбаған,қанішер собеседниктің провокациясына еріп кетпей спокойно жауап бере аласың ба?
Жоқ. Егер жауаптан қашып тұрса өзінікінің дұрыс еместігін түсінеді деген сөз. Тек басқа біреуден қабылдай алмайды. Бұл мүлде басқа мәселе 🙂
Қандай үй жануарын баққың келед?
Ит. Альяска маламутын бақсам ба дейм. Бірақ ол кейін, оооо... бааай болып кеткенде ғана
