669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Білесің бе бүгінгі сұрақ-жауаптан кейін сені жаңа қырынан көрдім... Ойлауың, сараптап пікір білдіруің, жеке интелект деңгейің өте жоғары деп таныдым. Мен білетін ерекше тұлғалардың қатарына қостым сені Данышпан!
ол тұлғалардың қатарынан шыққым келед, жіберш мені (((
өз бойыңнан нені өзгерткің келед?
өз бойымда ұнамайтын қасиеттер көп, бірақ қазірше ештеңені өзгертетін ойым жоқ. ол - менің бір бөлшегім емес пе?
ащы тіліңнің кесірінен таяқ жеген кездерің болды ма?
мен де ақымақ емеспін ғой, өлер жерімді білем)
Рианнаның жасаған шоуын көрдің ба? Қандай әсер алдың?
Қайрат Нұртастың стилін ұрлар алғанынан бөлек іліп аларлық түк байқамадым
бала тәрбиесінде қандай ережені ұстанар едің?нені ешқашан істемес едің?
Білмейм. Әке болуға таяғанда курстарға қатысам деп ойлайм. Сол кезде бірнәрселерді үйренетін шығармын
артық кетіп,біреуге әділетсіз болғаныңды мойындай аласың ба?
іштей - иә. бірақ, кешірім сұрауға сараңмын.
Ғылым саласында қалатын ойын бар ма?
Материалдық қажеттіліктерімді қамтамасыз етсе әрі жеке өміріме тұмсығын тықпаса - иә
әйелдер неге әлсіз және қорқақ?))
жалпы адамзат негізі құрыған жаратылыс иесі ғой. еркегі де, ұрғашысы да
еркектер неге әлсіз және сондай қорқақ?физ.күшін әлсіздерге тым жиі асыра пайдаланғанды жақсы көретіні,эмпатияның аздығы,билеп-төстеуі,бар жауапкершілікті әйелге арта салуы сияқты.
патриархал қоғам солай ғып тәрбиелейді. физикалық күшті болсаң - ол күшті өз мүддеңе жолдау табиғаттағы барлық нәрсеге тән. ал қорқақтық туралы айтқаныңды әртүрлі интерпретациялауға болады, бірақ, соғыстарда ең көп өлетін, қауіпті жерлерде ең бірінші жүретін - еркектер екенін есепке алсақ, олай демес ем.
өз агрессияңды неге ақтап аласың?
себебі менің өз түсіндірмем бар барлығына. мен - өзім үшін ғана өмір сүрем
