fa
Feedback

فریب کلاهبرداران را نخورید! تل‌متریو این کانال‌ها را شناسایی و برچسب‌گذاری می‌کند 👉 برای مشاهده برچسب، اشتراک تهیه کنید 👈

данышпан қарға

данышпан қарға

رفتن به کانال در Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

نمایش بیشتر
669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Қасым хан туралы фильмге бардық, өткенде. Бізден басқа залда ешкім болған жоқ. Фильмді көріп болғасын түсіндім. Біз ғана екенбіз лох боп сол киноға барған. Өткенге салауат айта алмайтын сорлы бір режиссер боп шықты, бұл қаззақтар. Бұрындықтың дарынсыз билеуші болғандығын да "мә" деп көрсете алмағасын, атасының басына ренжи ма, "отандық киноны қолдамадың" деп. Біз де жүрміз әлі, "Кенесарының басы", "Шыңғысханның тасағы" деп. Өлген адамдарға тыныштық бермесе бермей кетсін, тым құрығанда, романтизацияламаса екен дейсің. Кенесарының қырғызға бағыныңдар деп қылышын жалаңдатып барғаны өтірік емес, Шыңғысханның тиран, өркениеттің қас жауы болғаны да өтірік емес... Онда нахрена? Нахрена тарихты идеализациялайд? "Иә, әнеубір ханымыз нағыз қотақбастың өзі болған" деп айту соншалықты қиын ба? Неғылған комплекс бұл?

Украинадағы соғыс, әсіресе Буча қырғыны адамдардың ішінде ұйықтап жатқан жабайы инстинктін қайта оятып жіберді. Жеккөрініш қо
Украинадағы соғыс, әсіресе Буча қырғыны адамдардың ішінде ұйықтап жатқан жабайы инстинктін қайта оятып жіберді. Жеккөрініш қой, енді. Украиналық беделді IT бизнесмендер Бучада болған әскерилер мен олардың туыстарының басына "ау" жариялапты. Толық бюджеті 1 млн USDT көлеміндегі қаржы. Осы әскерилердің ішінен қазақтарды да кездестіріп қалдым. Әскеридің өзінің өліміне 3000$, ал туысқандарына 1000$'дан бәйге тігіліпті... Ресейде болса, жағдай барған сайын ушығып бара жатыр. Уақыт өте келе, жағдай аса нашрлағанда "Охотники за головами" пайда болары сөзсіз. Сол кезде "Қиямет түні" басталатындай. Бір жағынан украиндарды да түсінуге болады. Бір жағынан... Мына адамдардың жазығы жоқ қой... Қиын (( Мынау сол сайт: https://inferno.army

Адам барынша топас кезінде – ессіз шешімдерді оңды-солды қабылдап тастау керек. Тәуекелі көп, жетістігінен косьягы жақын шешімдерді айтам. Үйлену, мысалы 🙂

Бұрын ескі мектебіміздің алдында ұзын ескерткіш тақта болатын. Онда ұзыннан-ұзақ ғып Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің тізімі жа
Бұрын ескі мектебіміздің алдында ұзын ескерткіш тақта болатын. Онда ұзыннан-ұзақ ғып Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің тізімі жазылған еді: тек біздің ауылымыздан. Сол кездің өзінде сол аттарды толық оқи алмайтынмын. Ал олардың бәрі қайтыс болған... Мен тіпті көз жүгіртіп үлгермеген адам саны; ал, былайша сонша қасірет, сонша жақынынан айырылған адамдар, ата-ана, әпке-бауыр, бала-шаға... 1 адам өлсе – қасірет, 10 адам өлсе – статистика деген. Ал мұнда соншама көп қайғы-қасірет. Біз көрмейтін. Жай көз жүгіртіп те өтпейтін.

Біз қаззақ – мал баққан елміз, Жай жатпай, қаям жеп жатқан елміз... (с) туиттір жырау

«Әйелдерді түсіну қиын, олар бөлек бір әлем» деп жыртылатын қыздардың мақаулығы мен шовинстік идеялардың арасынан бір айырмашылық көрмейм. Бір пиииздец болатындай-ақ, кәдімгі. Монетаның екінші жағын төңкеріп қарасаң «еркектер деген хайуанның сәл сапалы приматы, секс, тамақ пен ойын-сауықтан басқа дым керек емес бір тип» деген ой шығады ғой, былай қарасаң. Кім шығарды деймін де, сол «Әйелдер түсініксіз» дегенді. Былай қарасаң, манипуляцияға тез алданады ғой, көпшілік қыздар.

Финалда ойнамайды, финалда жеңіске жетеді. (с) Тони Кроос.

Repost from PARANOIA.KZ
ҚЫЗДЫҢ ҚОЛЫ (аштық құрбандарына арналады) ...Сол жылы ес біліп қалған екі ұлды ертіп, елге барғаным есте. Нағашы әжелері- Дәнипаның үйіне ене салысымен екі ұлдың еркеліктері тіпті үдеп кетті. Тап-тұйнақтай жиналған шағын бөлменің шаңын шығарып, біраз ойнаған соң 4-6 жастағы екеуін әжелері шәйға шақырған. Әжеміздің дастарханы әдеттегідей берекелі. Құрт, май, тандыр нан, жаңа піскен бауырсақ дегендер дөңгелек үстелдің сәнін келтіріп, жайнап тұр. Қаланың аста-төк тәттісіне таңдайлары үйреніп қалған балалардың дастарханнан бөлек бірдеңені іздегені де анық. Үйіліп тұрған дәмге назар аудармады да. -Келе ғой, күнім! Мына ыстық күлшеге май жағып берейін. Қарның ашып қалған шығар? Мә, асап жібер! Әжесінің көңілін қимай аларын алды-ау кішісі. Үлкені қырсығып басын шайқады.Дәнипа апам күле сөйлей жүріп бұрыштағы сандығына беттеді. -Қыста келгенде көріп қойған ғой, мына қу!..Қазір, қазір, күнім! Сандығынан бір уыс тәттісін алып, екеуіне бөліп беріп жатыр. Кішісі тәттіні көріп қуанғанынан май жағылған күлшесін босаға жаққа лақтыра салды. -Ойбай, мынау не істеді? Піссімілла! Құдайым кешіре гөр!-деп әжеміз нанды жерден көтеріп, жанталаса үрлеп, тазалап үстелге қойды. Екі ұл жүгіріп сыртқа ойнауға кетті. Әжеміз әлі "піссімілласын" айтып отыр. -Құдай кесіріңнен сақта! Бала ғой олар...Кешіре гөр! Піссімілла!... Орнынан қайта тұрып жаңағы нан құлаған жерде қалған бір-екі қоқымды жинап жүр.Жаратқанына жалбарынуын да тоқтатпады. -Апа!-деймін,-Біздің Нарынқолда аштық болмаған сияқты еді... -Болған жоқ!-деді апамыз отырып жатып,-Бірақ, аштықтан қашқандар, тірі қалғандары біздің ауылдан өтті. Кейбірі қырғыз асты, кейбірі Қытайға кетті. Құрсүйек болып қалған сондай пенделердің талайын көрдік. Талайының аузына су тамызып, бір шайнам нан беріп, ажалдан да алып қалдық. Оның бәрі ештеңе емес екен! Бір көрген сұмдығым өмір бойы менің көз алдымнан кетпейді. Біреуге айтпақ түгілі есіме түсіруге қорқамын. Пенделеріңді кешіре гөр, жаратқан! Ух!.. ...Апам үнсіз қалды. Шәйін сораптап ойланып отыр. -Апа, айтыңызшы!-деймін.- Аштықтың сұмдығының бәрі ашылып болды ғой! Үш миллион қазақтың басын жұтқанын да жуырда жариялады. Бұдан өткен сұмдық жоқ шығар! -Ең сұмдығын сендер әлі білмейсіңдер,-деді Дәнипа апам,- Оны қазіргілер айтуға қорқады. Бәлкім айтқылары келмейді...Ол кезде жиырманың төңірегіндегі жас келін едім. Бір күні қайын атамыздың шәйін қайнатып, есік алдында жүр едім, кішкентай ұлын жетектеген, үсті алба-жұлба, аштықтан тек қу сүйегі ғана қалған бір келіншек сүйретіліп босағаға жетіп, сұлай кетті. Мұндайға көзіміз үйреніп қалған. Аса абыржи қойған жоқпын. Үйден адамдар шығып, жабылып жатып әлгілерді ішке кіргіздік.Ауыздарына ақ тамызып, аздап нан жегізіп, жан шақырған соң барып шәйға отырғыздық. Келіншек көп сөйлемейді екен. Үйдегілердің бәрі соның аузына қарап отыр. Ол болса сүт қатқан шәйді сораптап үнсіз жұтуда. Бір-екі кеседен соң маңдайы шып-шып, сосын пора-пора болып терлегені. Терін сүртетін орамал берейін деп орнымнан тұра бергенімде әйел қалтасынан бір шүберек шығарып, өзі сүрте бастады. Сол сәтте шүберектен бір кішкентай нәрсенің домалап дастарханға түскені...Қол! Кәдімгі кішкентай баланың қолы! -Астапыралла! Атам сыртқа атып шықты. Қалғандары да соңынан. Жүрегім аузыма тығылып мен отырмын...Әйел еңкілдеп жылап қоя берді. -Алматыдан бері шыққанда күйеуім өлді. Көзі жұмылып бара жатып "өздерің өлсеңдер де ұлымды аман алып қалыңдар!" деді. Ұрпағын ойлағаны шығар! Шекараға жеткенше аштан өлетін бе едік... Ұлды қалдырып, қызды...Соның қолы ғой! Кішкентайым-ай! О, құдай кешір мені! Атамдардың артынан мен де сыртқа жөнелдім. Содан бері қаншама жылдар өтті. Дастархан үстінде жатқан кішкентай қыздың қолы есімнен шықпайды. Алақанын жайып нан сұрап жатқандай...Анасына баласының етін жегізген қу заман-ай! ...Әжеміз ауыр күрсініп, немересі тастап кеткен күлшеге қарап үнсіз отыр. Суып қалған шәйімді алмаққа қолымды созғанмын. Сұмдық-ай! Көзіме дастарханда бейкүнә сәбидің жайылған алақаны жатқан сияқты көрінгені...Қыздың қолы! Авторы Арман Сқабылұлы.

– Кеше түнде дауыл тұрып, ана шатырды құлатып тастапты ғой, біләт-ай – Соны өз көзіңмен көрдің ба? Кейде скептицизмнің шегі о
– Кеше түнде дауыл тұрып, ана шатырды құлатып тастапты ғой, біләт-ай – Соны өз көзіңмен көрдің ба? Кейде скептицизмнің шегі осы ма екен деп қалам. Рене Декарт философиялық мектебі Қазақстанда қайта гүл ашады деп кім ойлаған?

Шок!!! Табиато "Жездуха" туралы барлық шындықты жайып салды!! Бүкіл қаззақ көрсін! Иә, достар, бұл Эдуардо...
Шок!!! Табиато "Жездуха" туралы барлық шындықты жайып салды!! Бүкіл қаззақ көрсін! Иә, достар, бұл Эдуардо...

Шәмпион кім болад?
Anonymous voting

...осы біртүрлі ой маған алдын да келген сияқты... Егер жезөкше біреуге ғашық болып қалса не болады екен? Имею в виду, не сезінед екен дегенім ғой

Маған бар ғой, бір аяғымен көрде тұрған Президент керек емес. 69 жас, Карл! Ебаааать, ол 10 жыл алдын да шал болған! Сендер 69 жасында бірнәрсемен тәуір айналысып жүрген шалды көріп пе едіңдер? Білә, өзің тірі болмайтын кездегі болашақ туралы қалай шешім қабылдайсың??? Егер, 69 жасыңда өмірден өтсең, не нәрседен өліп кетсең де – өз ажалыммен өлдім дей бер. Тіпті, жолда машина қағып кетсе де өз ажалыңмен өлдің: өйткені, сәл жас болғаныңда жолдан қашып үлгерер ең.

Жас кезіңде максималист боласың: сенің ғана идеяң дұрыс, қалғандары – топас; радикалданып әлемді төңкерердей күшенесің. Ақылдысың, эрудитсің, қуаттысың. Бірақ, дебил боласың. Уақыт өтіп, барлығы тұрақтала бастайды. Көзқарастарың үшін адам өлтіру сияқты фанатизмнен жырақтай түсесің. Өмірдің майда-шүйдесіне күйінбеуді, мықты болуды, не де болса адамгершіліктен аттамауды үйренесің. Тиісінше, осы күнге дейін жүнжіп келген тақырыптарың: махаббат, саясат, мансап пен ақша осынша күйінгеніңе арзымағанын ұғынасың. Адами құндылықтар мен құқықтармен, ешкіммен қырқыспай, ұрсыспай өлтіруге бейімделесің. Дендеп, келгенде өмірдегі ең асыл капитал – адам және онымен қарым-қатынас екенін түсінесің. Жай, без всяких амбиции, өмірдің майда-шүйдесінен ләззат алуға тырысасың, жай, адам болғың келед. Бұл – даналық. Мархаба Сәби қазір сол даналыққа әлдеқашан қол жеткізіп болған: мейлі, оны көпшілігі бейтаныс әнші көрсе де, әндерін тыңдаған адам, дәл мына ығы-жығы болып, психологиясы әбден зәбір көрген заманда, ментальды саулығын Мархабаның әнімен қалай емдеп жүргенін байқамаса да, оған бәрібір. Себебі, ол – бізбен бір дәрежеде тұрған жоқ.

#эпизодтар #диалог – Әкеңіз сізді қалай еркелетед? – Еркелетпейді. – А немесе қалай шақырад? – Әпкелерімнің атымен.

Кез-келген тақырыпта ақыл/кеңес/ескертпелер, тіпті, ұрысты да қабылдайм. Айтыңдаршы.

#эпизодтар #moments Ертең соңғы қоңырау: – Бүгін мен кітап өткізіп тастадым. Пресс жіпке байлап – Мен кроссовкидің бауына байлап апардым, ахахах – А біз жұма күні өткізіп тастағанбыз – Соңғы қоңырауға бармай-ақ қойсам ба екен...

Печаль будет длиться вечно. (с) Винсент Ван Гог

Кейде балық өзін-өзі қармаққа асады. Ал сен оны ұстап алдым деп ойлайсың. Топас.