669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
«Школьные учителя обладают властью, о которой премьер-министры могут только мечтать»
— Уинстон Черчилль
#эпизодтар
Қоянды тасжолындағы апат.
– Қойшы деймін, мен саған, қойшы
– Неменеге малтаңды езіп қалдың, Кристофф, жүрсеңші енді!
Астанадан солтүстік-шығысқа шыққан ескі газелдің рөлін ұстап келе жатқан отыздар шамасындағы жігіт ағасын екі жолдасы зәрезап қылып келе жатқанына - жарты сағат болды. Кристофф – рөлде, Оливер мен Қарғайым Шлосбергтер – кабинада қысылып отырған; Шлосберг демекші, екеуі – ағайынды емес, жай фамилиясы ұқсас, сәйкестік. Не, қаззақта Шлосберг деген адам аты аз ба?, - дескен олар алғаш танысқанда.
Екеуі де акиматтың адамдары, өздеріне бюджеттен үптеп кеткен ақшаны амалдап шығару үшін ақымақтау тағы бір серіктес іздеп жүргенде – осы Крис кезіккен алдынан. Алғашында шешесінің шешесінен қарт көрінетін газелді көріп түрін тыржитқанымен, сонау Ерейментауға барғанша әйтеуір бір акиматтың орнына көндіреміз ау деген есек-дәмемен бірге жолға шыққан.
– Ей, әкеңаузы, қаямның басына барам ба мен онда?, - деді аузынан насыбайы шашырап Кристофф, - қаямның басын дайындап қойып па маған онда?!
– Тыңдашы, егер сен бармасаң, басқа бір мешке келіп, сенің сол орныңа отырады да, анау көтенің осы ескі газелдің шаң басқан орындығынан бөлек түк көрмей өтеді! Өзің сияқты жастар емес пе мына елдің жүгін көтеретін?, - деді Қарғайым; өз өтірігіне өзі әрең күлмей шыдап келеді
– Жарайды, бардым-ақ делік, бірақ не өзгерте алам мен онда? Сол баяғы коррупционерлердің ортасы, халық – аш, жолың – міне, аңы шығып жатыр, - деді, Крис алдында көсіліп жатқан қотыр жолды нұсқап...
- Эй, Жаңа Қазақстан дегенді естімеп пе едің? Енді бәрі зыңдай болады
- Пошел ты в жопу со своим Жана Казахстаном, білдің ба?
Әңгімеге орынсыз араласқанын сезді ме әлде Қарғайымның бүйрек тұсынан сігіп қалғаны ауыртты ма, әйтеуір, Оливер көтін қыса қойды. Сөйтіп, сүт пісірім уақыт өлі тыныштық орнады.
– Айтпақшы, естідің бе, Астананың атауын қайтарын деп жатыр екен. Осы сен емес пе, «Астана, Астана» деп күңкілдеп қоймайтын...
– Сігейін соны, аулақ кетші!, - дәу де болса өзін көндірмекші болып, сөзін майдалап әкеліп жатқан түрін қараш, иттің баласы деп ойлады Крис рөлін солға бұрып жатып; әлі де болса ашуы тарқамағанын байқатып ручнигін әрі-бері жұлқып қойды.
...Бұлардың газелі Астананың айналма жолына жетіп, ыңырсып барып биікке көтеріле бастаған кезде Кристофф та ютубын қосып, жаңалықтарды тыңдауға ыңғайланды. Бір сәтте Оливердің айтқанын әлгі ютубы да қайталамасы бар ма: бір топ депутат па, сүкімет члендері ме, әйтеуір «Астананың атауын өзгерту, мү-мү-мү...» деп қатындарша күбірлеп жатқанын естіп қалды. Ақорданың туалетін толтырумен кәсіби айналысатын бұл қаямбастардың сөзіне сенбеуге тырысты ол; әйтсе де осынау өзгерістің иісіне оның да іші аздап жылып қалғандай болды...
– Көрдің бе?, - деп ту сыртынан сау ете қалған дауыстан ойы бөлініп кетті, - бұны Жаңа Қазақстан дейді. Мен де саған осыны қайталап келе жатқан жоқпын ба манадан бері, Крис, кеттік жүр.
– Енді Кристофф шынымен ойланайын деді. Бірақ шынымен емес, аздап қана ойлану керек еді: өйткені көлігінің баллоны бір шұңқырға кіріп кеткенде рөлді дұрыс игере алмай газды басқанда, ескі газел қисалаңдап барып айналма жолдың тап ең шетіне жете-мете екі рет аударылды да, төменге қарай ұшты да кетті. Ұшып бара жатқан көліктің ішіндегі Кристофф тек «пидараздар...» деуге ғана үлгерді
Бір интрига боп тұр: Елорданың атауын сайлауға дейін өзгерте м'екен әлде сайлаудан кейін?
Repost from олдскульный маркетинг
А теперь то же самое, только наглядно
Казахская социалка от организации «Считается» привлекает внимание к серьезной проблеме, но делает это не скучной статистикой, а пугающей реалистичностью.
Заодно и хорошая напоминалка про то, что фразы «бьет значит любит» и «стерпится-слюбится» не работают.
#креативити #социалка
Қытайда.
Ғылыми түсініктемесі: су тамшысын немесе мұз кристалдарын күннің нұры шашыратып жіберуінен туады.
Қалғаны маңызды емес деп ойлайм. Бәһра алыңдар.
Иә, кітапхана - жақсы шешім болатын. Бірақ, адамдардың үнін өшіріп, ешкімге кедергі жасамай отыруға мәжбүрлейтін орындар әлі де жеткіліксіз, жолдастар!
Бірақ еркектердің тағдырын қорлайтын кім деп сұрайтын болсаңыз, ойланбастан «әйелдер!» деп жауап берер ем
(с) Монирин Мэрло
Қазақтілді инстаграм - фейсбукке қарағанда шамамен 1-2 күн артта жүре ма не, сонда? Бекболаттың "Овертон терезелері" мен "Биліктің ақыры" кітабына жасаған жасырын жарнамасы енді хит боп жатқаны қалай? Оу, ояныңдар, әнәсс, рекке шыққан видеоны қарап отыра бермей!
Бұл - атақты петерборлық фотосуретші Александр Петросянның түсірген суреті. Әдетте жас көрінетін Путиннің бұл бейнесі интернетте біраз хит болған деседі. Деседі дегенде қалай, фото 2013 жылы түсірілген, содан бері 9 жыл өтті
Руханият деген бұл тек философия мен әдебиетте айтылатын нәрсе емес… Руханият деген сіздің жұмысқа тамыр-таныссыз орналасу мүмкіндігіңіз, сотқа барып әділ шешім табу мүмкіндігіңіз. Ойыңыздағыны ашық айтып, қорықпай өмір сүру хақыңыз.
(с) Дархан Әбдік
Repost from Аударгазм🇰🇿🇬🇧🇷🇺
Жәнефилия (2018 ж. ескі пост)
Шет тілінен қазақшаға аударғанда етістіктердің арасындағы "и", " and" шылауларын "және" шылауымен аударуды жиі байқап жүрмін.
Ал ондайда қазақтың етістіктерінің суперқабілеттерін қолдансақ та болар еді.
Порығзампыл:
I need to open the window and air the room.
Мне нужно открыть окно и проветрить комнату.
Қате: Маған терезені ашу және бөлмені желдету қажет.
Қате емес: Терезені ашып, бөлменің ауасын тазартып алуым керек.
Тағы мысал:
The building is really old and almost ready to collapse.
Здание очень старое и находится на грани обрушения.
Қате: Ғимарат өте ескі және құлауға дайын.
Қате емес: Ғимарат әбден ескіріп, құлағалы тұр.
Тап-тар офисте тығылып алып, өз осырығыңа өзің тұншығып отырғанда шатасуың мүмкін, әрине, тек "Және" деген жарымжан шылауды алды-артынан зорлай бергенше, жазылғанды көзіңе елестетіп, осыны ауылдағы шалдарға қалай түсіндірер едім деп ойласаң, көсемшелердің жарқылдайтын жері осы екенін түсінесің. Ып, іп, п, міне осы жұрнақтар шет тілдердің "жәнесі" бар күрделі сөйлемнің біразын жарылқауға жетіп артылады. Кейде көсемшенің басқа жұрнақтары да көмектеседі. Тіпті, мағынасына қарай, болымсыз түрін қолдануға болады.
Мисалға, шетелдіктерге тән сыпайы мырзалыққа толы мына сөйлем :
Sir, can you shut your face and get your ass out of here?
Уважаемый, не могли бы вы завалить ебало и съебать от сюда нақұй!
Қате: Құрметтім, аузыңызды жаба және осы жерден тасаққа кете аласыз ба?
Қате емес:
Көкесі, шопақты жей бермей, мына жерден тігіліп кетсеңіз қалай былай?
Да, та, де, те деген шылау да бар.
"Зайди на сайт и скачай ролик лысого из браззерс".
- "Сайтқа кір де, тазша баланың тасынан кешкенін көшіріп ал".
Және" деген шылау негізінен о баста толыққанды сөзден шыққан. Мағынасы орыстың "снова, затем" дегенімен ұқсас. Және = Жаңа сөзінің фонетикалық жұмсаруынан туған.
Көп жерде және сөзі сол "снова" сияқты "тағы -дағы" дегенді білдіреді. Оның реттілік реңкі де содан.
Салыстыру:
Белден мықтап ұстайсың дағыны, жерге алып ұрасың.
Дағы, тағы - фонетикалық редукциядан, да, та болып кетті. Үндестік заңымен әрі қарай де, те нұсқаларына ұласқан.
Көне қазақшадан бері қарайғы эволюция:
Барам, тағы айтам.
Барам дағы айтам.
Барам да айтам.
Тұр дағы кет.
Тұр да кет.
Бұл жерде "әрі" келмейді.
Ескі қазақшада:
"Жана айттым" сөзі Жаңа ғана айттым" емес, "Тағы айттым, қайтадан айттым" мағынасын берген деген ой басым.
Ауызекі тілде "Және айттым, ертеңгісін алдындағы екі шөлмекке қоса, үшіншісін және ішіп алдық. - деген формасы да болған.
Сен және мен = Сен дағы мен, Сен сосын мен.
Бұл түйсік заңды.
Және деген орыстың "еще" сы сияқты шылаудан көрі үстеуге бір табан жақын, эволюциясы әлі аяқталмаған көпмәнді сөз.
Он поди и не признается еще!
"Өзі мойындамайтын шығар әлі" деп аудару дұрыс емес.
"Өзі мойындамайтын да шығар және/тағы!"
Көне поэзияларда, үлкен кісілердің әңгімесінде "және" тек "тағы" мағынасында қолданылады.
Егер одан да терең сүңгісек,
Орыстың "и" деген сөзі мен латынның "et" сөздерінң түбірі бір. Протоиндоевропалық "ei" - сол сияқты, тағы, тіпті, содан кейін- деген мағына білдіретін сөзінен өніп шыққан.
"Және"сөзінің қатар заттардан бұрын, бірінен соң бірі болған, не бір құбылыстың тағы қайталанғанын білдіруі — өзінің төл мағынасы.
Ал қатар болған құбылыс, әрекеттерді тілдік қорымыздың басқа арсеналымен беруге болады, көсемшелер, "әрі", "hәм" т.т.
#аударма #және #тағы #та #шылау #көсемше
Футбол бойынша әлем чемпионаты - Мундиалды 2006 жылы қанжығасына байлаған аңызға айналған Қазақстан ұлттық құрамасы. Меніңше бұл алтын құрамды таныстырып жатудың өзі - әурешілік болар.
Семей - ядролық сынақ полигонының ең үлкен зардаптарының бірі – жүзжылдықтарға жалғасатын радиоактивті шаң.
Суретте - баласына ем іздеп, дәрігер аралап жүрген семейлік әжей сол баласымен.
