669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Алматыда Фесенков атындағы обсерватория бар. Сол жерге күндеп қатынап тұру үшін шамамен қай жерден квартира жалдау тиімді, уа, алматылықтар?
сезімтал,ранимая болу әлсіздік пе?
Әрине. Бірақ өмір бойы олай болып қалып қоймайсың, мен білсем. Сезімталдардың бәрі белгілі бір шекке жеткен соң циник болып бастайтыны бар
Өзңді қай жасында ПИК уақытым келед деп ойлайсын? Ақша жағынан, рухани тыныштық, отбасы тб
33-35 деп ойлайм
Әйелін бала туа алмайтын болса 2 шы айел аласынба
Жоқ. Скорее всего, суррогат ана қызметін таңдайм. Сонда да әйеліммен ақылдаса отырып, қхм-қхм
сезімтал,көңілшек,тұйық адамдар жаңа мекен/ортаға қалай сіңіссе болады?
Өзіңе болмысы жағынан максимум жақын адамды тауып, сонымен достасып бастасаң болад 🙂
толған комплекс,агрессия,стереотиппен өмір сүретініңе қысылмайсың ба әлде осы өмірің ұнай ма?өзгергің келмей ме?
Стереотипім соншалықты көп деп ойламайм негізі. Адам үйленген соң өзгеред дейді ғой, сол, махаббат құтқарад дер үміттенем енді ;)
Қызға қол көтеріп көрдіңбе?
Әпкеммен кішкентай кезімде көп қырылғам. О-оой, сұмдық төбелестер болатын қққ 🤣
Неге айфон ұстамайсын
Пиратский приложениелерді, взломанный ойындарды орнату қиын. Оның үстіне ақша да жоқ. А, иә, осы басты себебі 😁
Қарындасыңыз болса, ол сіздің ең жақын досыңызбен жүрес қалай қарайсыз?
Қарындасым жоқ. Ең жақын досым да жоқ. Менде тек таныстар бар.
Шірігееен байдын қызы саған үйленейік десе келісесің ба
жоқ, тағы бір комплекс жамап алғым келмейд. оның үстіне мен байларды көре алмайтын комплексім бар
Няғып пикачуды құшақтап, мороженоедан қалған палочканы ауызыңа тығып отқан аваңды алып цағансың?
қыздар сынып қала бермесін деп
сенің махаббат тілің қандай?
махаббаттың 5 тілінің ішінен ба? көмек, жанасу, құптаушы болу, сыйлықтар және уақыт. осы реттілікпен. соңғы екеуін әлі сынап көрмедім және ондай мүмкіндік те болған жоқ. өте жұтаң тәжірибеге иемін қысқасы
егер басқа қала/елде тұратын қызбен көңілің жарасса қарым-қатынасты бастар ма едің?
егер өмірде көрмеген болсам - жоқ. онлайн қарым-қатынастарды соншалықты жоғары бағаламайм. бірақ, бір 2 апта Алматыда болып, сонда жолығып қалсам дейтіндей сценарий болса, онда, иә, әлбетте.
Әлемде гендерлік теңдік орнағаннан кейін адамзат эволюция қалыптастырған биологиялық өздігіне қайта оралып, постпатриархат орнатады деп ойлайсың ба?
шынымды айтсам, осы сұраққа менің де басым қатады. елестетіп көрейін десем, патриархаттан басқа ештеңе көрмеген миым еррор 404 боп тұр, генімнің де есінде ештеңе жоқ сияқты. әлемді патриархал қылған - тұрмыстық ауыр еңбектермен, маскулистік функциялармен шұғылданатын бір жаратылыс пайда болса, мысалы роботтар. сөйтіп біраз уақыт өткесін әйелдер мен еркектердің физиономиясы бірдей болып қалад деп ойлайм.
Дінге деген көзқарасыңыз қалай?
Постдіндарлық синдром бар. 7 жыл бойғы актив діни өмірден соң, ол тақырыпта енді онша ойлана қоймайм қазір. Жалпы жақсы/жаман демейм, сол бір әлеуметтік құбылыс деп бағалайм.
