669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
#аяқүстінен
Аяқ астынан, "Лебединое озероны" көргім келіп кетті. Ютубтан қарадым, как-то ішпыстырарлық. ТВ'дан берсе тәуір болар ед
Бірде Николай патша Борис Ельциннің түсіне кіріп, аян беріпті:
– Ресей гүлденсін десең мен айтқан екі нәрсені жаса
– Ол не нәрсе?
– Парламент отырған үйді атқыла және Кіремілді көк түске боя
– А, неге көк түске?
– Ахахах, парламентті атқылау сені дым уайымдатпайтынын өзім де білген ем, – дееепті, қққ
.....
Тарихты дұрыстап оқығандарыңда күлетін едіңдер))
#эпсилон
Ұрсысып қалған қыз бен жігіттің намек-сторилерінен, лайк-месседжерінен сұмдығырақ "қырғи-қабақ соғысты" әлем жұртшылығы көрмеген шығар, әлі.
Ал сендер болса КСРО мен АҚШ туралы бөсесіңдер...
#эпизодтар #ИтӨлген
Күйінші: орыс елінен –1 шовинист:
Мордор ГосДумасының спикері Вячеслав Володин:
«Құрметсіз әріптестер, бүгін, таңғы сағат 10:30 шамасында сұм ажал біздің ортамызға қаясаткер Владимир Жириновскийді қайта әкеліп тастады. Есін жия сала, медбратишкалардан сұрағаны "Киівті алдық па?" болыпты. Мед қызметкерден барлық шындықты білгеннен соң Вольфовичтің жағдайы күрт нашарлай бастапты. Сағат таңғы 10:35'тер шамасында тынысы тарыла бастады. Сонымен жата қалды да, қата қалды.
Иә, айтпақшы, адам өлсе сүмірейіп жылай беретін қаззақ емеспіз ғой, жиналыстан кейін марқұмның жатқан жері жантақ болсын деген ізгі тілекпен жүз грамдатайық, уа, құрметсіз депутаттар. Счетті ЛДПР көтерсін»
24 ақпаннан басталған соғыстан Украина халқының көрмегені жоқ. Буча мен Ирпенде, тіпті, тікелей геноцид әрекеттері бар: 16-50 жас аралығындағы ер адамдардың қолын байлап атып өлтірген, 2 жасар қызды, тоғызыншы сынып оқушысын 11 адам болып жабылып зорлаған деген сияқты фактілер. Тек осы 40 күн ішінде қаншама халқы шетелге босып кетті, дерлік бүкіл халық жарықсыз, сусыз, үйсіз қалды. Трагедия. Мегатрагедия.
Ал енді осының бәрі аяқталып біткен соң, осы тозақтан жалаң аяқ өткен украиналықтар соғыс тоқтаған күнді "Жеңіс күні" деп атап, сол күні жыл сайын фейерверктер атып, парад жасап тойлағанын елестет. Тіпті елестетудің өзі топастық.
Бірақ, осындай сұмдықтан ондаған есе көлемді қан-қасаппен байланысты күнді тойлайтын далбоеб елдер бар. Және мыңдаған қотақбастар бар. Соғыстың, трагедияның не екенін түсінбейтіндер.
"9 мамырда шын соғыс ардагері мен крысаларды ажыратып алу өте оңай болатын. Жеңіс Күнінде крысалар кеуделеріне медальдарын тағып, қоразданып мақтанып жүретін. Ал, шын соғысты көрген ардагерлер үйлерінде тығылып арақ ішіп үнсіз жылайтын" (с) Владимир Высоцкий.
9 мамыр жеңіс күні емес, еске алу күні, қысқасы.
#эпизодтар #ПиздаболКөктем
"Астанаға көктем кеш келеді", – деп енді жырлата берген ақынжындының аузынан Мұқаш айызын қандырып тұрып бір ұрды.
"Астанаға көктем вообще келмейді", – деді ол, кетіп бара жатып
Талғам жоқ. Тек естеліктер бар.
Эд Ширан "Басқа ешбір нәрсе естеліктерді парфюм мен музыка сияқты сақтай алмайды" депті.
...Плейлистім аса бір талғамды емес. Айтарлықтай принцип те жоқ. Өзім тыңдағым келген әндерді қоса бергем, ол жерде Шопеннің "Көктемгі Вальсімен" бір қатарда МС Сайлаубектің әні тұра беруі мүмкін.
Алып бара жатқан бір музыкалық талғамым да жоқ. Сондықтан әнді басқа критериялармен тыңдайм: Әуені ұнағанда әрі біреуді еске түсіретін болса. Жалпы, мен тыңдайтын дерлік барлық әндер бір кісімен/сәттермен/орынмен ассоциация. Мысалы, Калифарнияның "Қар" деген әні ауылда қора тазалап жүрген кезімді еске салад, өйткені сол кездері алғаш тыңдадым. Тағы солай кете беред.
Димаш, Молданазар, Моцарт, Бетховен, Вивальди сияқты ультражоғарғы класты музыкаларды ғана ассоциациясыз тыңдайм. Бірақ олардан да бір носталжи сезіледі. Мүмкін, Жұмаққа деген ностальгия шығар.
Сендердің көпшіліктеріңде де осындай жағдай деп ойлайм. "Біреудің де менімен ассоциация жасайтын әні бар ғой" деген ойдың өзі адамды жылытад кейде.
Сол үшін де музыка құдіретті.
"Сөздің құдіреті тәмәмдалған жерден музыка басталады". (с) Генрих Гейне.
Ақылды болу, әдетте, ештеңеден құтқармайды. Эмоцияның әсерінен жасалатын ессіздіктерден де, нашар көңіл-күй мен депрессиядан да, тіпті, ғашық болып қалудан да. Ақылды болу деген сол, жай, жағдайды бағамдай білетін қабілет. Ал, былайша, адамзаттың бәрі бірдей сорлы ғой.
Бірде псиқоанализмнің іргетасын қалап жатқан кезде, подсобник боп тұрған психоналитик Зигмунд Фрейд ауызашарға дейін құр отырмай, бірдеңе айта отырайын деген оймен бүй депті:
"Егер адам өмірдің мәніне қызығушылық танытуды бастаса, онда оның ауру болғаны"
Балаларым тарих кітабында "Ресейдің Украинаға басып кіруі", "Буча геноциді" және наконец "Ресейдің ыдырауы" деген тақырыптарды оқуын қалайм.
#камиңаут #АштықтанҚиналу
Мен туралы факт айтыңдарш, жандарым
деп па.. құры е, шешесс, кет жоғал ((
Алматыны "Алма-Ата" деп атайтындардың "Егер, сендер Москваны Мәскеу, Россияны Ресей деп атай алсаңдар, біз де қаланың атауын қалай қаласақ, солай атай аламыз" деген аргументтері неге сахих емес? Жауабы оңай: Алматыны Алма-Ата деушілердікі – "Қаланың аты Алма-Ата (Яблоко-Дед) – деген сөзден пайда болған, кейін сендердің тілдеріңе солай бейімделген" деген сарындағы қаланың оригинал атауына, шыққан тегіне байланысты претензия, оның сыртында, "сендерден гөрі, біз жақсырақ білеміз, Верный демегенімізге шүкір деңдер" деген сияқты офигел болуы жатыр*. Ал, бірақ, біз Москва деген сөз – Масқала, Харьков деген сөз – Қар көп деген сияқты псевдолингвистикамызды тықпаламаймыз ғой. Төлеген сияқты көнелингвистер исключение, әрине. Бізге қалаларыңның атауы қалай пайда болды, не мағына береді деген сұрақтардан гөрі, Қайрат пен Нюша не болды деген сұрақ қызығырақ. Біз атауларды құрметтейміз, бірақ, өзімізге тән дыбысталумен айтамыз. Біздің айырмамыз да осында. Путин айтқандай, вы все сдохнете, а мы попадем в Рай.
Мораль: Алма-Ата – шовинистік атау. Солай деп жүргендер Рамазанды пайдаланып тезірек тәубеге келіңдер.
*Ақпарат үшін: Алматы деген Алма+ата емес, Алма+ты (Алмалы өлке). -ды, -ты – сөз тудырушы жұрнақ, Қараған+ды=Қарағанды (Акациялы өлке) деген сияқты.
Мұхтар Әблязов, оппозициялық саясаткер:
Бүгін атышулы саяси әрі қоғам белсендісі, досымыз Мұрат Әбділданың 5 жылға сотталғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым ((
Мурекеңнің халықты қорғап, сұм билікті сынап, мынау фашистік Ресейдің де шамына тиетін сөздерді ешкімнен жасқанбай тік айтатынын бәріміз білеміз. Сол үшін де бұл кісі КНБ'ның назарына түскен болуы керек.
Өткен айда ресейлік журналист Юрий Дудьқа берген сұхбатында Владимир Путинді аяусыз сынаған болатын (видеодағы сөздер). Сол ақиқат Кремльге жақпаған болуы керек, Тоқаевқа бұйрық беріп аузын жаптыруға тырысып жатыр. Орыстың қуыршағына айналған сорлы билік өз азаматын қорғай алмай отырып, Жаңа Қазақстан құрамыз дегені бос сөз!
Саяси тұтқындарға бостандық! Алға Қазақстан!
#свободаполитзаключенным
#славаДВҚ #шалкет
#ЭпилогОрнына
Рамазан мүбәрәк деген сөзді менен ғана естімедіңдер-ау деймін. Мейлі, оны айтқанның арысы не, берісі не, одан бұл айдың қадір-қасиеті артып кетпейді я кеміп қалмайды.
Бастысы, ораза тұтпас бұрын, оны ұстау этикасымен жақсы танысып алуға кеңес берем. Біреуден аты-жөнсіз "неге тұтпадың?", "оразасың ба?", "намаз оқисың ба?" деп сұрау сияқты ұяты бар адамға таңсық емес нәрселер, қысқасы.
Адам боп кетейік, әйтеуір.
upd. Тағы бір айтарым, бізде осындай қызмет те бар. Қазақстан бойынша хабарласу тегін 😉
#ҒибраттыМемдер
Ұлттық Банк доллардың ресми бағамы 475 теңгеге түсті (бекіді) дегенде бірден осы бір ғанибет мем есіме түсті:
– Долларды 475 теңгеден сатасыз ба?
– Жоқ, жай курсты көрсетеміз.
– Әдеміі-і-і екен
#лайфхақ #байжеткен
Әлемдік бестселлерге айналған кітаптары миллиондап басылып, карантин кезінде әжетхана қағазына жарап, дүйім жұрттың нақметін алған Хуралай ханымның кітабынан бір парша:
Діндар жігіт ұстағыңыз келсе хиджаб киіп қырынан тұрған фото жариялайсыз, тиісінше діни сарындағы посттар комменттер кетед...
Просты, қазақы ұлтшыл жігіт керек болса, тізеден төмен көйлек киген фотолар, жоғарыда айтқан мәтіндес посттар, наурызда оюланған киімдермен фотолар, арасында ауылға барып түскен суреттер, "ауыл қандай керемет" деген сыңайда посттар...
Ал енді вип-казахтарды тартқың келсе, орысша жазып, өлігі кеуіп кеткен философтардың сөзін тұздық етсең жетіп жатыр. Көбіне, олар топас келед.
p.s. Бір ескерте кететін жәйт. Жігіттер, әлгі өтірік моральдық қаптамасы бар, Қылмыстық Кодексі тағы бар өздерін әрең тиып жүргенде, Рамазан да келе қалды, сол үшін бір айға әлгі романтикалық операцияны қоя тұруларыңа тура келед. Ал ақшаны кассаға төлейсіңдер, әхәхәхәхә
#лямбда #ЛавашЗиялылары
Арасында аз-маз адам өлімі болып тұрғанының еш сөлекеттегі жоқ. Бастысы - ішінде өзің болмағаның.
