669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Кез-келген нәрсенің сапасыз болса да бар болғаны дұрыс екен ғой. Бұрындары қазақтың кинолары нашар деп, қолдан келгенше қарғап-сілеп жататынбыз. Бірақ эволюция өз дегенін істемей қоймайды екен, қазір қазақ фильмдері аз ба, көп пе, әйтеуір касса жинап жатыр. Мағынасыз абсурд комедиялардан - аз-аздаған мәні бар фильмдерге айналып бара жатыр.
Бүгін "Хотя б в кино" деген фильмді қарап шықтым. Шедевр деуге келмес әрине, бірақ көруге тұрарлық.
Ә, иә, айтпақшы бұның бәрі де кино саласындағы еркін нарықтық экономиканың әсері: бұрындар Сатайфильм мен Қазақфильмнің тендер ұтып алып түсірген фильмдері сондай жиіркенішті шығатын. Қазір көрермен назары үшін таза бәсекесі бар салаға айналды.
Басқа салалар да солай болса екен енді.
"Ағылшын тілін үйреніңіз. Әйтпесе осы елде өмір бойы қап кетесің" деген қорқынышты рекламаны оқыдым бүгін.
Шынымен ағылшын тілін қанша уақытта үйренуге болад екен деп ойлап отырм енді 😁
Қыздар: Жігіттің көркі - ақылы. Ақылды жігіттерге бас кетед ше 😍
Тағы да қыздар: сен не, біләт, ақылдысың ба не?! 🤬
#эпсилон
Қайдан ғана бұндай сайтани нәрсе жаза қалғанымды өзім де білмейм. Сірә, бүгін Елтаңба авторы - Шота Уәлиханов қайтыс болды деген хабарды оқығаннан, бірақ ол кісі 2 жыл алдын қайтыс болып кеткенін білгеннен туындаған миымдағы қысқа тұйықталу шығар.
"Ер азаматтар ұсақталып кеткен" деген кликбейтпен шыққан, қосулы тұрған диірменге құлап қайтыс болған үш ер азамат туралы фейкньюсты оқығаным да әсер етті, білем.
Әйтеуір айналаның бәрі сюр. Айналаның бәрі lie. Ақпараттық дәуірде өмір сүру де оңай емес екен 😁
Бүгін, 27 ақпанда көпке танымал әзіл-ысқақшы, Шаншар театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов - тірі.
"Әр шатпақтың өз оқырманы бар" деуші ед Чехов көкем көзі тірісінде
Бірақ Отто фон Бисмарк сияқты пиз... э-ээ, тіліп-тіліп (!) айтатын болмағасын да, телеграм арна жүргізуден мән жоқ сияқты
Дарханға әркім әртүрлі қарауы мүмкін. Тіпті тыңдамағандар да бар шығар.
Бірақ ол қазақ музыкасын мәңгілікке өзгертіп кетті. Қазақ әндерін - Дарханға дейінгі және кейінгі деп бөлуге болатындай. Болашақта оны жай жұлдыз, кезіндегі жастардың сүйікті әншісі болған адам ғана деп емес, кәдімгі революционер ретінде еске алуын қалар ем.
Тамақ жайлы сөйлесейік.
Туған өлкелеріңде бар, бірақ басқа облыстарда танымал емес тамақ түрлері бар болса, тәжірибе.. ооой, рецепт алмасайық.
Оңтүстікте маш (мас?) деген тамақ бар, сондай жасыл ноқат сияқты өзі. Күрішпен бірге ботқа ғып пісіред. Дәмді, бірақ баяу қорытылады. Өө-өп, ө-өп, Алла-ай деп жүресің сосын, тәуіптер құсап. Бірақ келесіде тағы өліп жейсің.
Астанаға келгелі, Қытайдан келген досым жеудің өзі тұнған проблемасы бар тамақ - дапанджи жеуге жиі апарад. Ол да дәмді енді, несін айтайын
А, айтпақшы нан палау деп сендерде не тамақты айтад? Бізде - картопқа импровизацияны қосып қуырылған тамақты айтад. Т.е. қатып, ешкім жемей қойған нанды жинап, қартопқа қосып тамақ істеп жіберед. Солай, қатқан нанды да жеп қоямыз. (Ақтөстің қарғысынан сақтай гөр)
#breakingnews
⚡ Forbes тізімі бойынша ең бай миллиардерлер - өзінің ең алғашқы миллиардын тапқанда қандай сезімде болғанымен бөлісті
Сауалнамадан өткен дерлік барша миллиардерлер ең алғашқы миллиардына қол жеткізгенде - өз жетістіктерінің құпияларын бар болғаны 9999 теңге тұратын курс ретінде сатуға деген тылсым құлшынысы пайда болғанын мойындап ағынан жарылды
Repost from N/a
О, Махаббат,
Олар сені періштедей пәк дейді
Адамға да ұқсайтыны хақ дейді.
Олар сені құдірет те — Сол дейді
Сүлейменнің жүзігіндей Зор дейді.
Тіршіліктің соғып тұрған жүрегі —
Бар ғаламның тынысы деп біледі
Саған сіңіп кеткен кезде біріге
Ұқтым, мұның ұқсамайсың біріне!
#Руми
Баланың тілі - ТВ/Интернет арқылы шығады деген түсінік қате емес пе, осы?
Мысалы біздің ауылда қазақ ТВ арналарынан тек Қазақстан, анда санда Хабар ғана көрсететін. Қалған спорт/фильм/мультфильм/жаңалықтар барлық контентті - өзбек каналдары арқылы алдық. Бірақ тіліміз сол, бәрібір, қазақша шықты. Ым?! 🤔
Қыздар, посттарыңа орысша цитаталар жазып, сторилеріңді орысша жүргізбесеңдер екен деген шамалы жлемана тлек, тағы да. Сендерді бақылайтындардың басым көпшілігі - түрлеріңе, әрі барса жүріс-тұрыстарыңа қарайтын шығар, тек қай тілде жазғандарыңа емес. Осы орайда қазақша стори жүргізгеннен сендер ұтылатын түк те жоқ. Объект - сұлулықта болып тұрғанда, қазақша сөйлегенің үшін сені ешкім сөкпейд. Сендердің сұлулықтарыңды - қазақ тілінің пропагандасы үшін жақсы маркетиң құралы ретінде пайдалануға болатынын Геббельс атам түсіме кіріп аян берді бүгін. Ендеше неге соны жасамасқа?
Мен де түк те түсінбейтін кәріс иероглифтерін оқып жүруге мәжбүрмін мысалы. Бірақ, оның ешбір сторилерін өткізіп жібермеуге тырысам. Бұл - бәріміз үшін уникал жағдай. Сол үшін, қазақша жазыңдар, айналайындар.
#эпсилон
Бейнеойын ойнап немесе психологиялық тесттерден өтіп көрген боларсыңдар?
Ойын барысында әртүрлі сұрақтар қойылады және саған әр қадамда таңдау беріледі. Мысалы, мынандай жағдаят:
"Сені мамаң шашыңды бояғаның үшін аузыңнан тәпішкемен періп қалды, сенің әрекетің?
а) үйден кетіп қалу
б) безірейіп, есікті тарс жауып бөлмеңе кіріп кету
с) ештеңе істемеу"
Осындай сұрақтардың бірқатары қойылып біткеннен соң, тесттің жауабы шығады да, жасанды интеллект саған үкім оқиды; мысалы "Нәтиже: сен дебилсің" деген.
Өмір де осындай ауық-ауық беріліп тұратын кеңістігі өте тар таңдаулардан, бірақ соңы әлдеқашан жазылып қойған ақыреттен тұрады. Осылайша, детерминистік те, ундетерминистік те философиялық таңдауларды қанағаттандыратын бір өмір салтына келіп тоқтаймыз.
Құдай - бізді және әлемді жаратқанымен, өміріміздің әр қадамын аңдып отырған жоқ шығар? Тестті жасаушы программист - әр тесттен өтушіні бақылап отырмағаны сияқты. Құдай - айтишниктерден ақылдырақ болса керек, енді, иә?
«Муза» деп санайтын қыз бар ма өміріңде?
Бар. Бірақ ол өлең, шығарма жазуға емес, жай өмір сүруге шабыт беред 🙂
