fa
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

رفتن به کانال در Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

نمایش بیشتر
669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Егер өмір шынымен әділетті болғанда, сенің жағдайың қазіргіден де мүшкіл болар еді

Идеал отбасы деген осындай болса
Идеал отбасы деген осындай болса

Оптимист біздің әлем - болуы мүмкін әлемдердің ішіндегі ең жақсысы екеніне сенеді. Ал пессимист осы нәрсенің шындық болып шығуынан қорқады (с) Роберт Оппенгеймер

- 470 деші? - 470. - Көтің қыс та, үй жина. Нууу...? Түсіндің ба? Типа инфляция

"Көз алдында істеген іске көнгендігінің белгісі: бір жылы Семейде жатқанымызда, Кәкітай деген оқыған немере ағамыз азырақ қаланың сауда ісіне де араласатыны да бар еді. Государственный банкіден кредит ашып, бізді гостиницаға шақырып, той сымал істеді. Гостиницаға барған соң, әрине, ғибадатқа бола бармаймыз, ішуге бола баратұғынымыз белгілі. Әкеме айттым: «барайын ба? - деп, - бар», - деп рұқсат берді. Бұрын арақ, сыра ішетінімізді жасырып жүретінбіз. Әкеден рұқсат алып барған соң, жақсы адам, көп дудың ішінде артығырақ ішіп алып, түнде пәтерге келсек, әкем төсекке жатқан жоқ екен, төсекті салғызып тысқа шыққанда, әлі де болса ішкенімді әкемнен жасырмақшымын. Жүрегімді сыра көтеріп бара жатқан соң, оңаша жерге келіп жасырынып құсып тастайын деп, қораның қараңғырақ жеріне келіп, құсып жібергенімде, алдыңғы жағымдағы бұрышта әкем отыр екен, мен ала-көлеңкеде абайламаппын, сонда әкем тұра келіп, сыра антұрған жүректі көтергіш келеді, әбден құсып таста деді..." (с) Тұрағұл Абайұлы, "Әкем Абай туралы"

Мама: кіші ініме ашуы келіп, енді айқайлап ұрсайын деп жатыр* Кішкентай інім: не стоит температурить, Джеки Чан

Демек, қайғы-мұң - ең жақсы мотивация

Мен де білем қайғы-мұңның не екенін. Басында бұған шыдай алам деп ойлайсың, ал шын мәнінде, пшык: бұндай тауқыметті көтере алмайтын боп шығасың. Дәл осы кезде өмір сүруді жалғастыру үшін себеп табасың, немесе... Сонымен, қайғы-мұң жаныңды жеуді тоқтатқан кезде, сенде өмір сүруге құштарлық қайтадан пайда болады.

Біздегі синофобия - Қытай экспансиясынан емес, Жумоң көру арқылы қалыптасқанын қай жасыңда түсініп жеттің?

Бала күніңде үлкендерден таяқ жейтін бе едің?
Anonymous voting

«Билайн операторларын ұтымды әрі кешенді қарғау» ұйымын ашсам деймін. Бұл қауымдастық өркендеп жатса, тиісінше, актив, теле2 абоненттерінің де басын қосып, аталмыш операторлардың бизнесіне нәлет тілеуге бел бумақпын

Бүгін туған жерің үшін ұялу не екенін сезіндім. 2019 жылы сайлауда менімен бірге тәуелсіз бақылаушы болған бір әйел қай жақтан екенін сұрағанында, "Келес, Абай" деп жауап бердім. Сонда ол кісі "а, әлгі кішкентай ұл баланы зорлаған жер ғой. сендерде бұндай нәрсе нормал ма?" деп сұрап еді. Ол кезде бұған назар аудармадым. Сосын есімде, былтырғы жылы ма екен, 9 жасар баланы мектептегі үлкен сынып оқушылары ақша сұрап бопсалап, сосын ұрып өлтіріп қойғаны туралы жаңалық болып еді. Ол да оңтүстіктен еді. Енді бүгін мына хабар... Әлеуметтік, саяси, экономикалық себептері демей-ақ, неге осы өңірден осындайлардың жиі шығатыны мені ойландырады. Көп уақыттан бері ешкім айтпаса да, түртпесе де өз отаным үшін бірінші рет ұялып тұрмын. Осы сұраққа бұрын гуманистік көзқараспен қарайтын едім. Қазір сол сеніміме күдік кірді кішкене. Өлім жазасын, мүмкін, қайтарған да дұрыс болар

Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің 🥰🥰🥰

#ЛавашЗиялылары #Сайқал_сезімдер_фейерверкі Бүгін YouTube-тағы бір видеоның астында бір сөйлемін орысша, жалпыға ортақ саналатын бір сөйлемін қазақша жазған бір комментті көріп, "ой, сорлы шалақазақ, білетіндері бір-екі ауыз сөз қазақша... сонысын орысшамен араластырып, күйдіргі" деп ойлап болғаным сол еді, сөйтсем... Өзімнің екі жыл алдыңғы жазған пікірім екен 😣

Буржуа қоғамға сіңісіп кете алмаған және матростар арасына да қайта алмаған Мартин Иден (с)

Repost from YerlanGo - 44+
#ҚазақтықТіл #ChatGPT #OpenAi ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕК КІТАПТА ҚАЛДЫ "Әлем үлкен шухер алдында тұр" © Кац Тіл аудиобазасын сұрыптауға жалданып жүріп көргендерім. Қараңыз. Мысалы, "қазір сағат қандай" деп айта беретіндер бар. Оны басқа қазақ: "сағат қандай демейді, неше деу керек" деп түзетер еді. Бірақ технологиялық компаниялар өйтпейді. Дауыстық жабдық жасайтындар (Apple (Siri), Alexa) қолданушының ығына жығыла береді екен. "Сағат қазір қандай?" деп сұраса, "сағаттың түсін сұрап тұрсың ба, бағасын ба?" деп тәжікелеспейді. "Сағат он бес отыз" дейді. Себебі база қалыптастыратын адамдарға тұрмыстық ауызекі формаларға илануға инструкция берілген. Олар нейрожеліні солай оқытып жатыр. Тілдің бұзылуына сара жолдың бірі осылай салынатын сияқты. Ол ештеңе емес. Қисынды майыстыру да бар. Мысалы, "Музарт әуендерін қосшы" деген формадағы індет бар. "Музыкасын" дейтіндер де бар. Әнін сұрап, "әуені" дейді. Әрине, жабдық әнді қосады. Ал бұйрық берушіде сөз саптауым дұрыс деген жалған сезім қалыптасады. Нағыз байбалам салатын жайт осы - қисынға әсер ету. Басқа тілдерді білмеймін. Бірақ өзім атсалысқан базада әлі де БІРДЕ БІР ДҰРЫС, ҚИСЫНДЫ САУАЛ КЕЗДЕСТІРМЕДІМ, сенесіз бе? Ең болмаса біреуі жоқ! Ал жабдық өндіруші болса, мағынаны контексінен аулатуға мәжбүрлейді. "Енді, Құдайберген Бекіштің композитор емесі анық қой, әнін сұрап жатыр да!" дейді. Тілдің түпқазығы тіл институттары қабырғасы емес, тұрмыс. Ал ондағы ахуал адам шошырлық. Қазақтың тіл қорында етістіктерден бару-келу мен отыру-тұрулар ғана қалған, ал енді қолды ербеңдетуді - қазір өзің көрсетпесең түсінбейді. Өткенде бір сабазың бір форумда жасанды ентелект бір жылда қазақша сөйлеп қалады деп жатқанын құлағым ба, көзім бе шалып қалған. Оның неге сеніп айтқанын білмеймін. Алпауыт тажалдардың өзі миллиондар шашып, тілдерді әлі жатықтырып жатыр. Соның арасында - кедейлерге арналған мүсәпір варианттар шықты. Ол былай: жасанды санадан қазақшадан ағылшыншаға аударып сұрайды, сосын берілген жауапты қайта қазақшаға аударады. Яғни, жасанды ентелектінің қазақы базисі жасалмайды, ағылшынша немесе испанша, қытайша иә орысша ойланып барып, қазақша жауап беретін болады. Менің ойым: мемлекеттен ақша сындырғандар бізді осылай алдайын деп отыр. Басқаша мүмкін емес. P.S. Аузы шүртиген ұлтшыл көрсең - қонақтар тізімінен сызып таста, тамақ сатпа, жүрген жерін экзорцист шақырып аласта. © Фото көрнекілік үшін: қазақтың алғашқы жасанды ентелекті осы деген қауесет бар.

Ұнамсыз адамдарды мәдениетті түрде наққа жіберуден жиған-тергендерің болса бөлісе отырсаңдар. 1. Бір таныс жігіт өзіне бейтаныс жігіттер жеке шығып жаза бастағанда «мен ультрагомофобпын» деп айта салатын әдеті барын айтатын. Әдетте гомолар қоғамда бұғып өмір сүргендіктен, осы әңгімеден соң жоғалып кетеді дейді (дейді, дейді, дейді, дейді) 2. Тағы бір таныс қыз өзіне инстаграмнан жазатын ортадан төмендеу сауатты жігіттерге «мен азаматтық некедемін» дейтін. Бұндайда дәстүршілдер мен «ибалы келін» іздеп жүргендерден оңай арылуға болады дейтін ол. 3. Ал мен комментте көріп қалған топастардың жауабын жай игнор жасаумен айналысам, қққ

Thread туралы тақырыпқа мен де 5 ньяңымды қоса кетейін: құрыған әлеуметтік желі.

Аңыз Жәки мен әйелі 🔥
Аңыз Жәки мен әйелі 🔥

Жаусын оқ, Ақсын қан, Шықсын жан Қорқу жоқ. (с) Алашорда әнұраны