669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Адамдар өзгереді. Иә, біздің әлемде осындай бір гипноз бар.
Сен өз қоғамыңда өз қоршаған ортаңның қабылдаған заңдарымен артық проблемаларсыз, алаңсыз өмір сүріп жүресің. Өз көзқарастарыңа өте сенімдісің, әлем дәл сенің ойыңдағыдай заңдылықтармен қозғалатыныңа күмәнсіз қарайсың.
Бірақ бір күні саған біреу өте бөгде сұрақ қояды я болмаса өзіңе бейтаныс жаңа бір кітапты оқисың, және, бум, гипноздан оянасың.
Жаңа ойлар, жаңа идеялардың бәрі адамдарды сондай бір утопияға я антиутопияға итермелеп апарады.
Сонда, кейде, тіпті адамның өзі оған семья, әйел, бала-шаға деген нәрселердің не үшін керек екенін өзі де түсінбейді. Неге ол олай өмір сүруі керек? Бәрі үйленіп бала-шағалы болған соң, ол да солай болу керек деген бейсаналы тұжырымға келгеннен бе? Жалпы, бұл – адамның өз мүмкіндіктері мен потенциалын дұрыс бағаламау/сезінбеу. Сезінбегендіктен де, тиісінше, ол бейсаналы түрде сол қоғам қайда қарай ағып бара жатса, ол да сол ағыспен бірге ілесіп ағып бара жатыр.
Бірақ адам жарты ғасыр гипнозда өмір сүріп келіп, кейін оянса, қандай да бір анархия я қылмыс орнайды. Сол үшін өз орныңды мейлі он жыл, мейлі жиырма жыл болсын іздеуден, әлемнің/табиғаттың заңдылықтарын зерттеуден шаршамау керек, өз-өзіңді ең қиын сәттерде де жақсы көруді ұмытпау қажет.
(с) @lebirgi
Осы түріктерде ғана, иә, жылауды - ерге тән мінез ретінде көрсететіні? Дым комплексі жоқ, иә, солардың? Ерліктің символы ретінде көрсетеді керісінше
не көрсетсе ТВ алдына қайта оралар ең?
мені, мысалы, ТОП-5 чемпионаты мен ЧЛ ойындарын тұрақты көрсететін арна өзіне тарта алар еді
Қазақстандықтарды ұлты мен тілінен бөлек ортақ ностальгиясы да біріктіреді. Бейнеулік қазақ пен мақтааралдық қазақтың арасында әңгіме таусылғанда, олар Жумоң мен Денизді сөз етуіне болады мысалы. Ал жітіқаралық қазақ пен жетісайлық қазақтың ностальгиялары сәйкес боп шығуы неғайбыл. (Маған салса, ортақ ностальгияларға қарап азаматтықты белгілер ем десең, қққ). Әрі өткен шақ - ең күшті кезең болғандықтан ол туралы әңгіме бастау екі есе жағымды. Ал ондай ортақ ностальгияны сыйлайтын нәрсе - БАҚ, біздің жағдайымызда ТВ.
Сол енді, қалай ойлайсыңдар, Қазақстан азаматтарын тағы да ТВ алдына қайтаруға мүмкіндік бар ма? Ғылыми сараптамалар, музыка, саяси дебаттар, сериал дубляжы мен фильм премьераларын бірден көрсететін тәуелсіз арналар пайда болса, а? Автократия тұсында қиындау әрине, бірақ жағдайымыз жақсарып бара жатса дегенім ғой. Қазақстандық азаматты тәрбиелеуге осыдан артық не инструктаж керек?
Путин тағы келеді дейді Астанаға
Арамыздан бір Гаврило Принцип шықпағаны ма, уа, қазағым? ((
Repost from Николай Дyбинин
🗺 Одна из моих любимых карт - Европа 1444 года 😵💫Глаза разбегаются от разнообразия.
Жылда 16 желтоқсанда қара жамылуымыз керек дейтіндер тым әсіре сияқты көрінбей ме сендерге? Иә, трагедия. Бірақ ел тарихында одан да қаралы күндер болды ғой.
Иә, Тәуелсіздік күні. Бірақ дым еңбек сіңбеген тәуелсіздік болғасын, осындай енжар көңіл қабылдау түсінікті де сияқты.
Басқа елдер Тәуелсіздік күнін қалай тойлайды өзі?
"О, дариға, үміт тәтті шүбәдан" (с) Байрон
Саналы өмірінің басым бөлігін жалғыз сүрген адам жалғыздыққа әрі қарай да тәуелді бола бермек. Мизам-шуақта жаяу қыдырғанда, Ай толғанда аспанға тамсанып отырғанда осы керемет сәттерді бөлісетін жақын адам болса ғой деп қиялдайсың да, әлдебіреу пайда болған сәтте өзіңді ешқашан жалғыз қалғандағыдай жақсы сезінбейтініңді түсінесің. Жалғыздық - өмір салтыңнан әрі асып, айналаңа жаңа әлем құрып бере бастайды (әрине, ол әлемге басқа біреудің кіргенін ұнатпайсың).
Ең қорқыныштысы өзіңнің сондай адамға айналғаның емес. Тура сондай адамға ғашық болып қалғанда: сен үшін ақырзаман сол кезде келмек.
Repost from Friedrich Schegirtke
«Елде қазақша жазатын ақындар да, орысша жазатындар да ізденісте: бірі — жаңа формаларды, екіншісі өзінің кімдігін іздейді» дейді жазушы, аудармашы Сафина Ақтай. ′98mag авторы заманауи поэзия өкілдерінің шығармашылығын шолып, өздерімен тілдесіп, «Қазақстан ақыны қаншалықты еркін жазады?» деген сұраққа жауап іздеді.
https://www.98mag.kz/likbez/qazaqtyn-zhas-aqyndary-neni-zhyrlajdy-zamanaui-poeziyaga-sholu/
"Астанада бүгін ауа-райы тым жақсы. Қарашаның үп еткен желі арматураларды теңселтеді. Кейде алдыңнан жапырақтар, құстар мен 8 жасқа дейінгі балалар ұшып өтеді"
Интеллектуалдық тәкәппарлық деген қалыпты нәрсе емес пе осы?
Өздеріңе мектеп баласы келіп Жердің жалпақ екендігін аузы көпіріп даулап жатса немесе өздерің далбаса екенін анық білетін нәрсені шындай ғып соғып жатса не істейсіңдер? Жоғарыдан төмен қарап "сен не түсінесің?" дейтін интеллектуалдық паңдық осындай кезде керек емес пе өзі? Білімді адам білімсізбен қалай тең болмақ?
#qazaqdepression
Қазақ фильмдерінің (бәлкім дубляжының да) ең сорлы манипуляциясы - қазақ тілі. Жалпы қазақ тілі популистерге бір таптырмас инструмент болып алды.
Бюджеттен 500 млн алады да айлап-жылдап ит те көрмейтін құрыған бір фильм түсіред. Касса жинамаса "ооой қазақтілді нәрсе популяр емес" деп жылай кетеді (әдетте боқфильмдерінің сапасын алдын-ала сезіп премьерадан алдын бастайды қайыршылықтарын). Я болмаса "уа, қазақтілді жамағат осы фильмді қолдайық" деп жау шаптырады.
Дисней мен Марвел сияқты компанияларға да қазақ тілінің хәлі дым қызық, олар да жергілікті көңіл-күйге байланысты популизм жасай салуға кет әрі емес. Сапасыз фильмдерді осы нәрсе компенсация жасап, касса жинап береді тым құрыса.
Осындай жағдайда сіз бен бізге не демек керек?
«А, жоқ, нихуя! Адал тапқан ақшам мен уақытымның құнына сендер де жақсы өнім беріңдер. Қазақша жақсы сөйлегені үшін ғана контент тұтынсам төрт ТВ алып, төртеуінде де Бекболат Тілеуханды сайратып қояр ем. Ендеше, тігіліңдер де, сапалы нәрсе алып келіңдер маған» демек керек.
Өйстіп сүмірейіп жүре берсек, қайыршылық қылатын тілге айналып бітеді әйтпесе.
Ар алдында, адал, ақпыз десек те
Сан сұрақтар алар кейде жағадан.
Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке,
Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.
Алуан ұғым алуан жаққа тартады,
Сан көңілдің тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным.
Көзімді алмай маздап жанған оттардан
Саған сенем, саған сенім артамын.
Қорықпаймын түсінігі жоқтардан
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын
(с) Шаханов
Қазақ мифологиясындағы жындарды зерттеп, бір шағын әңгіме жазғым келед ше. Охуенный кейіпкерлер ғой былай қарап тұрсаң
