cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

018.KZ — ABAI AQPARAT

018.KZ — ABAI AQPARAT - Абай облысының басты ақпарат алаңы https://018.kz/ instagram.com/abaiaqparatkz https://www.facebook.com/groups/abaiaqparatkz

نمایش بیشتر
Advertising posts
3 697مشترکین
-524 ساعت
-217 روز
-3030 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

⚡️018.KZ - министрліктің назарында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі назарларыңызға аптаның ең қызықты материалдарын ұсынады.⠀ t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
👍 2🔥 2👏 2 1
⚡️АҚШ-тың 3 штатында жойқын торнадо жүріп өтті Әлеуметтік желіде табиғи апаттың кадрлары таралып жатыр. Жергілікті БАҚ торнадо салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапқанын хабарлады. t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
😱 2
🌳Абай облысында 60 мыңға жуық көшет отырғызылды t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
👍 3 1👏 1
🌳Бүгін Үржар ауданында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында жаппай ағаш көшеттерін отырғызу шарасы өткізілді. Шараға аудан әкімі Ақылбек Башимбаев қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды. Жалпы аудан бойынша 16 ауылдық округтен 3000-ға жуық адам қатысып, акция барысында 5000-нан астам көшеттер отырғызды, 3160 дана талдар ағартылып, қураған бұтақтарды кесу және тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан бойынша 60 тоннадан қатты қалдықтар шығарылып, тазалық жұмыстарына 21 бірлік техника жұмылдырылды. t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
👍 3 1🔥 1
⚡️Облыста шығармашылық жобаларды дамыту үшін жаңа студия ашылуда Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев креативті индустрияны дамыту алаңына барып, шығармашылық-өнер адамдарымен жүздесті. Солардың арасында ағаш, тері, темір, сүйектен бұйым жасайтын ұсталар мен түрлі киім үлгілерін тігетін ісмерлер, дыбыс жазушы режиссерлер, әншілер, сән саласында еңбек етуші мамандар, суретшілер т.б. бар. Кездесу барысында өнер адамдары өздерінің ойларын ашық жеткізіп, тың идеяларымен бөлісті. ☯️Кездесуде сөз алған әр адамның өтінішін мұқият тыңдаған аймақ басшысы жергілікті атқарушы билік тарапынан барлық қолдаудың болатындығын айтып, айтылған идеялардың сөз күйінде қалмауын алға тартты. Сонымен қатар, кретивті индустрияны дамытқысы келетін өнер иесі өз білімін кейінгі буын балаларымызға үйретіп, тәрбиелеу керектігін айтты. 🎙Бүгінгі таңда осы азаматтар үшін «Қарағайлы» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінші қабатынан 520 шаршы метрді құрайтын алаң тегін беріліп отыр. Енді олар өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар. Алдағы уақытта осы алаңды қажетті құрылғылармен жабдықтау жоспарда бар. 🟡Айта кетейік, өңір тұрғындары шығармашылық жобалар құрып, шығармашылық индустрияны дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізуде. Семейде бейне жазу, reels, сән мектептері, спорт алаңдары, арт-студиялар, қыш өнері, би студиялары т.б. бар. t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
👍 1🔥 1
🌳«Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс оқушылары мен студенттері көшет отырғызуға атсалысты Іс-шараға 300-ге жуық оқушы, 60 ата-ана және мектепте көп жыл бойы жұмыс істеген зейнеткер мұғалімдер игі шараға үлестерін қосты. Акция аясында 100 түп тал, қалыптасқан дәстүр бойынша «Түлектер аллеясына» шырша көшеттері отырғызылды. ⏺Биылғы түлектер пирамидалық теректің 30 көшетін екті. Сондай-ақ мектеп ауласы тал мен шие бұталарымен безендірілді. Оқушылар Әлихан Бөкейхан мешіті айналасына 10 шақты тал отырғызып, сауапты іске үлестерін қосты. Оқушылар мен аға буын өкілдерінің бірлескен жұмысы мектеп пен облыс аумағын абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған. t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
🌳Абай облысында 60 мыңға жуық көшет отырғызылды Облыс тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Бесқарағай ауданының Жыланды ауылының маңында көшет отырғызды. 12 гектар жерге 57 120 түп көшет егілді. 🗣Акцияға қарағайлы орманды қалпына келтіруге үлес қосқысы келетін жерлестеріміз қатысты. Олардың арасында жастар, мәслихат депутаттары, еріктілер, БАҚ өкілдері мен спортшылар бар. Акцияға кезекті мәрте қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бұл бастаманың басты мақсаты өңірдің биоалуантүрлілігі мен экожүйесін қорғауда шешуші рөл атқаратын орманды сақтау екенін атап өтті.
«Бұл акция бір реттік шара емес. Алдағы уақытта да жалғасады. Семей қаласында «Елімай» ФК, клуб тәрбиеленушілері, «Семей» футзал командасының ойыншылары көшет отырғызып, акцияға өз үлестерін қосуда. Тазалық жұмыстарына бәріміз бір кісідей атсалысып, аймағымызды көркейту арқылы өскелең ұрпаққа үлгі бола аламыз», - деді облыс әкімі өз сөзінде.
Биыл резерват аумағындағы 6100 гектар жерге 28 млн 700 мың көшет отырғызу жоспарланған. Бұл жұмыс екі кезеңді қамтиды. Мәселен, көктемде 5 мың гектардан астам, ал қалған 961 гектарға күзде қарағайдың жас өскіндерін жерсіндіру міндеті тұр. Анықтама: Акция басталғаннан бері облыста 12 мыңға жуық аула ретке келтіріліп, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына 13 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. 80 мың ағаш, 22 мың бұта отырғызылып, 218 саябақ пен 85 тарихи-мәдени ескерткіш абаттандырылды. t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
👍 3
⚡️«Семей» ФК «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты Орталық саябақта 30-дан астам шырша көшеттері отырғызылды. Спортшылар семейліктерді қаланы көгалдандыруға шақырды. Команда қатысушылары акцияға қатысу арқылы болашақ ұрпаққа үлгі көрсетуге болады деп санайды. Өйткені, тазалық – өзімізден басталады.
«Табиғатқа қамқорлық – болашақ ұрпақ үшін. Және әрқайсымыз мамандығымызға немесе мәртебемізге қарамастан, осы маңызды жұмысқа өз үлесімізді қосуымыз керек. Әрбір отырғызылған көшет табиғатты сақтау үшін қажет. Сонымен қатар, үлкен өзгерістерге шағын қадам», - деді команда капитаны Шыңғыс Есенаманов.
Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – өңірлердің экологиясын жақсарту ісінде ел халқын біріктіру. t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
3
🌳Футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты Осы маусымда QFL премьер-лигасында өнер көрсететін «Елімай» футбол командасы және «Семей» футзал командасы акцияға өз үлесін қосты. Орталық саябаққа 30-дан астам шырша көшеттерін отырғызды. Акцияға Семей қаласының әкімі, футбол әуесқойлары мен шаһар тұрғындары қатысты. 🗣Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру. Акцияға футболшылармен бірге қатысқан қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семейде жасыл желек егу жалғасатынын атап өтті. «Елімай» футбол командасының капитаны Еркебұлан Нұрғалиев спортшылардың эко-акцияға белсенді қатысқанын атап өтті.
«Біз Президенттің «Таза Қазақстан» акциясын өткізу туралы бастамасын қолдаймыз. Қазір біз бос уақытымызда жиі баратын саябаққа 2 метрлік шырша көшеттерін отырғызып жатырмыз. Біз Семейдің командасы болғандықтан, қаланың дамуына белсенді үлес қосамыз», - деді капитан.
t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
👍 3 1👏 1
Президент қалалық сенбілікке қатысты 🌳 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті. t.me/abaiaqparatkz
نمایش همه...
👏 3