cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Ақтөбе облысы білім басқармасының ресми Telegram-каналы Официальный Telegram-канал Управление образования Актюбинской области

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
912
مشترکین
+124 ساعت
+47 روز
اطلاعاتی وجود ندارد30 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Photo unavailableShow in Telegram
ХРОМТАУЛЫҚ ОҚУШЫ - «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ ⚡️ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 10-13 маусым күндері Абай облысы, Абай ауданы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында ХХҮ республикалық «Абай оқуларын» өткізді. 📍Мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 🥈Республикалық қорытынды кезеңге Ақтөбе облысынан 6 дарынды оқушы 6 номинация бойынша қатысты: «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша №3 Хромтау орта мектебінің 10-класс оқушысы Нұрайым Аманғос II дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз! #Ақтөбеоблысыбілімбасқармасы @oqu_agartu_ministrligi @rspc_daryn
نمایش همه...
#Repost @zhubanov.university with @let.repost • • • • • • 📌 Болашақ талапкерлер назарына! Толығырақ ақпаратты: Қабылдау комиссиясы Телефон:   +77767861285; +77785509195 Whats App: +77475183583 🖇️ Мекен-жай: Ә.Молдағұлова, 34Б 📌 Внимание будущим абитуриентам! Подробнее: Приемная комиссия Телефон:   +77767861285; +77785509195 Whats App: +77475183583 🖇️ Адрес: А.Молдагулова, 34Б
نمایش همه...
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ: МЕДИАЦИЯ ЖӘНЕ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНДАҒЫ ДАУ-ЖАНЖАЛДАРДЫ ШЕШУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ Бүгін «Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту: Медиация және білім ордаларындағы дау- жанжалдарды шешу» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сабыржан Қалмұхамбетов, «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ сарапшысы, Астана қаласы заң консультанттары палатасының жетекшісі Ислам Болатов, мектеп медиациясына жауапты әдіскерлер, мектеп психологтері қатысты. Шарада медиацияны қолданудың маңызды аспектілері, «Қазақстан Республикасындағы медиацияны дамыту» республикалық жобасының барысы, медиаторларды мемлекеттік қолдау шаралары және медиацияны дамыту мақсатында жасалып жатқан жаңа тұжырымдама жобасы, білім беру ұйымдарындағы дау-жанжалдарды шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, спикерлер медиация тәртібімен шешілген істерде татуластыру рәсімдерін қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
نمایش همه...
ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ 🥇 2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылар арасындағы ресубликалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 590 білім беру ұйымынан 1636 оқушы қатысты. Оның ішінде 191 оқушы ауыл мектептерінен, олар жалпы қатысушылардың 11,6% құрайды және бұл өткен жылымен салыстырғанда, 2%-ға көп. 📎 2023-2024 оқу жылында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысушылар қатарына қосылды. 📌 Олимпиада қорытындысы бойынша 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды, бұл ауыл мектептерінен келген қатысушылардың көрсеткіш сапасының 24 пайызын құрады. Нәтижесінде республикадағы ең үздік 14 ауыл мектебінің тізімі жасалды. Сол тізімге Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №7 жалпы орта білім беретін мектебі енді. Құттықтаймыз!
نمایش همه...
📲 Аттестат о среднем образовании будет доступен в Еgov Mobile 💬 Перечень цифровых документов пополнился аттестатом об основном среднем и общем среднем образовании. Он будет доступен в новом сервисе «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile, передает пресс-служба Минпросвещения Казахстана. «Начиная с этого года аттестаты выпускников школ будут доступны в цифровом формате. Для этого в мобильном приложении eGovMobile необходимо пройти на новый сервис «Bilim», где в разделе «Мои дети» будут доступны цифровые документы несовершеннолетних для родителей или законных представителей», — отметила и.о. директора департамента цифровизации Майра Маралбаева. 📌 Напомним, месяц назад Министерством просвещения РК был запущен новый сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile, который включает несколько разделов, содержащих информацию об образовании, цифровые документы и др. Годом ранее в приложении стали доступны дипломы колледжей с QR-кодом. Фотоиллюстрация ИИ
نمایش همه...
📲 Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады 💬 Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. «Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек, мұнда «Менің балаларым» бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады», - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева. 📌 Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастады. Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
نمایش همه...