cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Жаңалықтар - Stan.kz

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
9 729
مشترکین
-724 ساعت
-407 روز
+13130 روز
توزیع زمان ارسال

در حال بارگیری داده...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
تجزیه و تحلیل انتشار
پست هابازدید ها
به اشتراک گذاشته شده
ديناميک بازديد ها
01
Бестөбеліктер алтын қазумен заңсыз айналысатындардың неге көбейгенін айтты Елімізде заңсыз алтын қазушылардың саны артып, көптеген оқиғалар анықталуда. Алайда Бестөбе аймағындағы ауыл тұрғындарының айтуынша мұндай әрекетке барудың негізгі себебі жұмыссыздық. Кейінгі екі жылдың ішінде аймақта жер астындағы қауіпті жұмысқа заңсыз барған сегіз адамның денесі табылған. Осы тұста неліктен өмірлерін осынша қауіпке қиып, заңсыз алтын қазушылардың көбейгенін жергілікті халықтың өздері айтып берді. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
9751Loading...
02
Қазақстандық алимент төлемеу үшін өзінің қайтыс болғанын жариялаған Қарағанды ​​облысының тұрғыны анасы арқылы өзін "қайтыс болды" деп мәлімдеген. Жеке сот орындаушысы Саяхат Ахметжановтың айтуынша, олар өтініш жасап, борышкердің тірі және сау екенін анықтаған. Ер адам өзін өлдіге санап, алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген екен. Тіпті борышкер сот отырысы өтетін күні қалалық зираттардың бірінде №6 бейітте жатқанын жазған. t.me/stankznews
9311Loading...
03
⚡ Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев лауазымынан босатылды
1 0012Loading...
04
"Тоқалға чемодан ал!" Алматыда "Гранд парк" сауда орталықтарының бірінде "тоқалға арналған чемодандар" сатылып жатыр. Жарнамалық науқан жазғы демалысқа орай ұйымдастырылған секілді. Кадрлардан "тоқалға чемодан ал!" деген жазуы бар жарнаманың жерге, дүкен қабырғаларына жапсырылғанын байқау болады. t.me/stankznews
1 1192Loading...
05
Бүкіл әлем көз тіккен "Бишімбаев ісі" қоғамда әлі де өзекті. Атышулы соттан кейін 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министрдің жазасын қай колонияда өтейтіні қызу талқыланып жатыр. Көпшілік көкейіндегі осы сауалға белгілі заңгер әрі феминист Айгерім Құсайынқызы жауап берді. Заңгердің сөзінше, Бишімбаев осыған дейінгі парақорлыққа байланысты қылмысын Шымкенттегі түрмеде өтеген. Бірақ бұл жолы аса қатігездікпен қылмыс жасағандықтан Қостанай облысында орналасқан "Қара бүркіт" түрмесіне баруы мүмкін екен. Толығырақ Stan.kz YouTube-арнасынан көре аласыз! t.me/stankznews
1 1382Loading...
06
💬 Қазақстанда 7 партия тіркелген Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылықованың айтуынша, ведомствоға 3 партияны тіркеу туралы өтініш келіп түскен. Оның біреуі "Ынтымақ" партиясы тіркеуден өткен екен. Ал екі саяси партия, яғни "Алға, Қазақстан" мен "Халық дербестігі" партияларын тіркеуден бас тартқан. t.me/stankznews
1 1541Loading...
07
⚖ Ақтауда алқабилер есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтап шықты Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2023 жылдың қазан-қараша айларында Ақтауда Telegram мессенджері арқылы "старший" деген бүркеншік психотроптық заттарды таратпақ болған. Сату және оларды "есірткі көмбесін" орналастыру арқылы электрондық ақпараттық ресурстар арқылы таратқан. Сотталушы 2023 жылдың 8 қарашасында ұсталған. Тінту кезінде сотталушының рюкзактарынан "мефедрон" және ішінде "&-ПВП" психотроптық заты бар пергамент қағазы, жабық құлпы бар екі полимерлі қапшық табылып тәркіленген. Оның жанында екі электронды таразы, металл қасық, таспа, электр таспасы және фольга болған. Сотталушыны мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген еді. Алайда 15 мамырда алқабилер жасырын дауыс беріп, сотталушыны қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп таныған. Прокуратура бұл сот актісіне шағым жасалып, қайта қаралатынын айтты. t.me/stankznews
1 1842Loading...
08
Министрлік сахнада "әдепсіз әрекет жасайтын" әртістерге айыппұл салуды ұсынды Мәдениет министрлігі қаулы жобасына сәйкес, "сахнада балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық танытып, сахнаға алкоголь немесе есірткіге мас күйінде шығатын әртістерге" қатысты жауапкершілік енгізуді ұсынды. Министрлік мынадай көлемде айыппұл салуды көздеп отыр: 🔸 жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 миллион теңге) көлемінде; 🔸бір жыл ішінде осындай бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады. t.me/stankznews
1 1763Loading...
09
❓Бишімбаев Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере ала ма Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылықова үкім әлі заңды күшіне енбегенін, содан кейін ғана бәрі белгілі болатынын айтты. t.me/stankznews
1 2341Loading...
10
Құлсарыда наразылық әлі де жалғасып жатыр Су тасқыны кезінде үйсіз қалған құлсарылықтар президентпен кездесуді, үйлері мен дүние-мүлкіне өтемақы төлеуді талап отыр. Тұрғындар су басқан үйдің шаршы метріне 400 мың теңге төлеуді сұрады. Айтуларынша, бұл сомаға құрылыс материалдары, жұмысшылардың жалақысы, сондай-ақ мал қора мен саяжай құрылысы кіреді. Ал облыстық мәслихаттың төрағасы Мұса Хайруллиев бір шаршы метрге 400 мың теңге төленбейтінін айтты. Наразылыққа жиналған құлсарылықтар бүгінгі түнді әкімдікте әкімді күтумен өткізді. Олар таңда қайтадан әкімдік ғимаратының алдына жинала бастады. Ал полицейлер жағдайды жан-жақтан бақылап отыр. t.me/stankznews
1 2863Loading...
11
⚖️ Жиенін терезеден лақтырып жіберген ер адам жауапкершіліктен босатылды Шымкентте ер адамның қылмысты ақыл-есі кем күйде жасағаны анықталды. Ол әпкесінің пәтерінде баланың жылағанына шыдай алмай, 3-қабаттағы ас үйдің терезесінен лақтырып жіберген.  Сот ер адамды психикалық дертке шалдыққан деп танып, психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді.  Айыпталушының ұзақ уақыт бойы шизофрениямен ауыратыны белгілі болды.  t.me/stankznews
1 2621Loading...
12
Жетісу облысы Жаркент қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер балаларды қылқындырып, ұрған
2 51513Loading...
13
Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алды. БАҚ беттерінде оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, соның салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеме жасады. "Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланылып, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды”, – деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаментінен.
1 4222Loading...
14
💬 Қарағанды ​​әкімі Мейрам Қожықовтың айтуынша, концертке шақыратын афишалар дұрыс емес жерде орналастырылған. Бұдан әсіресе аялдамалар зардап шегеді дейді. "Олар жарнаманы ілер кезде скотч немесе шеге қолданады. Афишаны ғимараттарға, өткелдерге, аялдамаларға жапсырады. Негізі олай болмауы керек! Мен Қайрат Нұртасты ешқашан тыңдаған емеспін. Өйткені оның әдемі жүзі көрсетілген жарнама әр жерде орынсыз ілініп тұрады. Барлық аялдамаларға оның жарнамасы жабыстырылған”, – деді әкім. Әкімнің сөзінше, афишаның бәрі бір жерге ілініп тұрса, қаланың көркін бұзады. t.me/stankznews
1 4133Loading...
15
Бишімбаевқа қарсы митингке шыққан феминист 184 мың теңге айыппұл арқалады 15 мамырда “Феминита” ұйымының тең құрылтайшысы Гүлзада Сержанға қатысты әкімшілік іс бойынша сот отырысы өтті. Ол және басқа феминистер 14 мамырда Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп, митингке шыққан. Ол рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Алайда ол акцияға қатысқанын, бірақ ұйымдастырушысы емес екенін айтты. t.me/stankznews
1 3933Loading...
16
📋 Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды Жоғары білім беру бойынша 2024-2025 оқу жылына 112 мың грант бөлінген. 🔸 "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары" білім беру бағдарлама топтарына –19 344 грант; 🔸 "Педагогикалық ғылымдарға" – 13 735; 🔸 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласына – 10 903 грант; 🔸 "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" бағытына – 8 288 грант тиесілі. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар гранттар енгізілді. "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
1 4028Loading...
17
Media files
1 4040Loading...
18
Депутат, Бишімбаевқа шығарған үкімді әділетсіз деп санайды Мәжілісмен Бақытжан Базарбек сот жүйесінде заң үстемдігі жоқ деп есептейді. Ол сот шешіміне күмән келтірмейтінін мәлімдеп, оның мерзімін ұлғайтуға немесе қысқартуға болатынын жеткізді. "Мен сот ісінің басқа тұсын атап өткім келеді. Бізде жаза тағайындауда бұрмалаушылықтар бар. Бишімбаев ісі үлкен резонанс тудырғандықтан, айыпталушы 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыған ұқсас істе басқа өңірдегілер 10 жылға дейін ғана сотталады. Бұл кім үшін әділетті? Мен мұны әділ деп санамаймын", - деді ол. Ол жазаның жалпыға бірдей болу керегін айтты.
1 3750Loading...
19
💬 "1990 жылғы ене, 2008 жылғы келін" Маңғыстау облысында 16 жастағы жұптың тойы желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Бірі жас жұбайлардың некесіне қолдау білдірсе, екіншілері олардың білім алуын айтып наразы болған. Ал жас жұбайлардың тойы туралы әулеттің туысы айтып берді. Айтуынша, жас ата-ененің өздері 2007 жылы отау құрып, 2008 жылы үлкен ұлдары өмірге келген. Олар екі ұл мен үш қыз тәрбиелеп отыр екен. Шаңырақ көтерген жас жігіт үйдің тұңғышы дейді. "Қазір жас отбасында бәрі жақсы және ата-енесінің қолында тұрып жатыр. Екі жақтың ата-аналары да қарсы болған жоқ. Бұрыннан бір-бірін білетін, ескі таныс адамдар болып шықты. Жас жұбайлардың екеуі де колледжде білім алып жатыр", – деді әулеттің жақын туысы. ❓ Ал сіздің отбасын ерте құруға көзқарасыңыз қалай t.me/stankznews
1 4188Loading...
20
❗ Сәбиін аштан өлтірген әйел 1 жылға сотталды Павлодар облыстық сотының дерегінше, Екібастұз қаласының Шідерті кентінде Т есімді тұрғын 2023 жылы 10-17 қараша аралығында сегіз айлық баласын жеткілікті тамақтандырмаған. Бұл абайсызда баланың өліміне әкеп соқтырған. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінді. Сот айыпталушының жеке басы мен отбасылық жағдайын ескере отырып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушының тағы екі баласы бар. Алайда ол ата-ана құқығынан шектелген. Қазір балалары "Екібастұз қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекеме қамқорлығына берілген. t.me/stankznews
1 4330Loading...
21
‼ Бұрынғы әкім 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Ақтөбе облысына қарасты ауылда тұратын әйелдің сөзінше, қызы туыстарының үйіне барып келген соң үлкен аға оған қысым жасағанын айтқан. Анасы бірден баланы ауруханаға апарған. Дәрігер артқы жағында 2 см сызат барын анықтаған. Әйел полицияға арыз бергенімен, күдікті жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Себебі, күйеуінің ағасы бұған дейін полиция қызметкері болып, әкімдікте басшылық қызмет атқарған екен. Әйелдің сөзінше, кішкентай қызы психологиялық соққы алып, қорқып қалған. Ал полицияның хабарлауынша, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. t.me/stankznews
1 4203Loading...
22
❗Құлсары қаласының тұрғындары ереуілге шықты Су тасқынынан зардап шеккендер Жылыой ауданы әкімдігінің алдына жиналып, өтемақы талап етіп отыр. Жиналғандармен аудан әкімі Жұмабек Байрақбаев сөйлесіп жатыр. Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабы бүгін түстен кейін тұрғындарды техникалық сараптама және бағалау нәтижелерімен кезең-кезеңімен таныстыру басталатынын хабарлады. t.me/stankznews
1 4082Loading...
23
❓Бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың сөзінще, ережеге сәйкес, алдымен петицияның нәтижесі ескеріледі. Ал петиция бойынша шешім биылғы жылдың желтоқсан айында қабылданады екен. Вице-министр 50 мың дауыстың сыни массасына қол жеткізген жағдайда, уақыт белдеуі мәселесі үкімет ішінде қайтадан қаралады дейді. t.me/stankznews
1 3942Loading...
24
📍 Алматыда бірнеше көшенің атауы ауыспақ Мәслихат депутаты Еркін Рақышевтың айтуынша, қала көшелерінің атын өзгерту әзірге түпкілікті шешім емес, тек талқыланып жатыр. Алайда "Ашық үкімет" порталында бірлескен қаулы жобасы пайда болды: 🔸 Гагарин даңғылының Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігін Ермек Серкебаев даңғылы деп қайта атау ұсынылады; 🔸 Әуезов ауданы Юбилейная көшесі Владимир Толоконников көшесіне өзгереді; 🔸 Түрксіб ауданы "Жас қанат" шағынауданындағы атаусыз көшеге Ескендір Хасанғалиевтің есімін беру ұсынылады; 🔸 Бостандық ауданындағы атаусыз көшеге Юрий Померанцев есімі беріледі. t.me/stankznews
1 4362Loading...
25
💰 Назарбаевтың туыстары мен бірнеше шенеуніктің Дубайдағы мүліктері анықталды Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Әсел Құрманбаеваға тиесілі Дубайдағы жылжымайтын мүліктің құны 270 мың доллардан (119 миллион теңге) асады. Үй Палм-Джумейра – сәнді жылжымайтын мүліктері мен люкс қонақ үйлері бар жасанды аралда орналасқан. Ал мәжілістің экс-спикері Нығматулиннің әйелі Венера Баймырзаевадан ондаған жылжымайтын мүлік табылды. Оның Дубайдағы пәтерінің құны 4,3 миллион доллардан (шамамен 2 миллиард теңге) асады. Жалпы саны 50-ден астам. Орталық сайлау комиссиясының экс-басшысы Берік Имашевтың ұлы Әлжан Имашевтың Дубайдағы Палм-Джумейрада құны 1 миллион доллардан асатын (441 миллион теңге) пәтері болған; Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы басшысы Имашевтың әйелі Лейла Айдарбекованың да Дубайда 210 мың долларлық (92,6 миллион теңге) пәтері бар; Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
1 4455Loading...
26
📌 Су басқан өңірлерге көмектесуге Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер бекітілді Қазақстан үкіметі 18-ге жуық ірі компания мен кәсіпкерлерді су тасқынынан ең көп зардап шеккен алты аймаққа бекітті. Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың сөзінше, демеушілік көмек көрсететін бизнес өкілдері тізім бойынша бекітілген: 🔸Ақмола облысы бойынша су тасқынының салдарын жою үшін Integra Construction және RG Gold сияқты ірі бизнес өкілдері; 🔸Ақтөбе облысы бойынша "Болат Өтемұратов қоры", “BI Group" АҚ және "ERG" компаниялар тобы"; 🔸Батыс Қазақстан облысы бойынша "Астана моторс" компаниялар тобы, "BI Group" АҚ, "Jusan" банк, "Банк Центр кредит" АҚ, "ҚазАзот" ЖШС, КПО; 🔸Қостанай облысы бойынша "ADD Capital", "ERG", "Аллюр" және "АгромашХолдинг", "Базис-А", "RG Brands" компаниялары; 🔸Солтүстік Қазақстан облысына "Қазақмыс" корпорациясы, "Каспи.КЗ", "KAZ Minerals" тобы; 🔸Атырау облысы бойынша Тимур Құлыбаев пен Кеңес Рақышевтің бір топ компаниясы көмек көрсетеді. t.me/stankznews
1 4924Loading...
27
🇰🇬 Бішкекте шенеуніктер енді қоғамдық көлікпен жүреді Жаңа ережеге сәйкес әкімдік қызметкерлері аптасына екі рет автобуспен қатынауға міндетті. Әр шенеунік автобустың санитарлық тазалығын және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылап, ай сайын есеп береді. Қызмет көліктерін тек жұмыс уақытында ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Қала басшысының сөзінше, жаңашылдық кептелісті азайтып, қоғамдық көлікке сұранысты арттырады. ❓Бізге де осындай ереже керек пе t.me/stankznews
1 4691Loading...
28
Кәсіпкер өзіне құлпытас орнатып, зираттан орын дайындап қойған Ақтөбеде Кирпичный тұрғын алабының жанындағы үлкен зират 2022 жылы қойылған. Ол кәсіпкер Қуандық Әлішевке тиесілі екен. Зираттың әкімшісі Сәбит Дүйсеновтың сөзінше, бейіт құрылысы 2-3 айда жүргізілген. Оның құрылысына гранит пайдаланылыпты. Ал кәсіпкердің өзі сырқатқа шалдыққан, жасы келген кісі екен. Кәсіпкер екі жыл бұрын құлап, бел омыртқасын сындырып алғаннан кейін, осы зиратты салдырыпты. Бейітке орнатылған ескерткіштің үлгісін кәсіпкердің өзі таңдап, бекіткен.  86 жастағы кәсіпкер құлпытастың оң жағына "Бақытты өмірдің белгілері: абырой, балалар", ал сол жағына "Мақсатың – үздіксіз ізденіс, беймаза өмір" деп жаздырған. t.me/stankznews
1 6145Loading...
29
❓ Алматыда жер сілкінісі салдары үй бағасына қалай әсер етті Желіде сарапшы қазіргі уақытта Алматыдағы пәтерлер бағасының күрт төмендегенін жеткізді. Айтуынша жер сілкінісінен соң пәтерді сатушылар мен жалға берушілер саны артқан. Ал сұраныс азайған. Осыған байланысты Stan.kz тілшісі экономист Расул Рысмамбетовтен нарықтағы жағдайды сұрап білді. Маман алдағы уақытта Алматының құрылыс салушылар үшін тиімсіз қала болатынын алға тартты. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
1 7913Loading...
30
❓ Маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалады Қазақстанда маусымда Құрбан айт атап өтіледі. Атаулы күн 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған орай қазақстандықтар 15, 16, 17 маусым күндері үш күн демалады. t.me/stankznews
1 6644Loading...
31
📢15 мамырда Қазақстанда сиреналар қосылады Сиреналар сағат 12.55-те қосылады. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тексеріс "ӨРТ-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді. Республикалық штаб Абай ауданында. Министрлік тұрғындардан дүрбелеңге салынбауды сұрайды. t.me/stankznews
1 7024Loading...
32
Ақтөбе билігі 200 миллион теңгеге жөнделген бөгетті қайта қалпына келтірмек Щербаков бөгеті былтыр ғана күрделі жөндеуден өтіп, артынша жарылып кеткен. Кейіннен бюджет қаржысына айналма каналдың түбі цементтеліп, су төгетін арнаға шлюздер орнатылған. Мемлекеттік сатып алуда талдықорғандық "СК Гранд Канал" компаниясы жеңіске жеткен екен. Жақында облыс әкімдігі бөгетті қайта қалпына келтіруге тағы да миллиондаған қаржы жұмсайтынын хабарлады. t.me/stankznews
1 6732Loading...
33
Кәсіпкер есек сойып, етін базарға сатқан Желіде Шымкентте кәсіпкерлердің бірі сапалы ет жеткізу үшін есектерді союға жібергені туралы ақпарат тарады. Кадрлардан есектің сирақтары мен ішектері тасталған шұңқырды байқауға болады. Сондай-ақ есекті союға арналған арнайы орын мен етін сақтайтын тоңазытқыш дайындалған. Қала тұрғыны мал етіне ветеринариялық инспекция пен құзырлы органдардың рұқсаты жоқ екенін айтып, наразылық білдірді. Шымкент әкімдігі хабарлауынша, қызметі тіркелмеген шаруа қожалығында 104 бас есек пен 36 бас уақ мал бары анықталды. Ал мал иесінің сөзінше, 12 мамырда 3-4 өлген есек қожалықтың ауласында сойылып, көмілген. Сойылған есектердің етін сату фактілері анықталмады. Мал иесі есектерді Қытайға ет экспорттау мақсатында өсіргенін айтты. t.me/stankznews
1 6064Loading...
34
💰 Алматы облысында колонияда онлайн казино жұмыс істеп келген Прокуратураның хабарлауынша, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған. Нәтижесінде жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асқан. "№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты прокуратура сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті", – делінген хабарламада. Прокуратура мәліметінше №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды. t.me/stankznews
1 5322Loading...
35
Желіде мешітте болған жанжалға қатысты видео пайда болды. Кадрлардан ер адам намаз уақытында әлдекімді ұрып жібергенін байқауға болады. Оқиға 14 мамыр күні Шымкенттегі мешіттердің бірінде болған. ҚМДБ мәліметінше, мешітке тұрақты келуші азамат намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан. Сол сәтте қатарда тұрған ер адам оның әрекетіне төзбей, ұрып-соққан. Салдарынан имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Полицияның хабарлауынша, оқиғаға қатысушылар арыз түсіріп, сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. t.me/stankznews
1 6086Loading...
Бестөбеліктер алтын қазумен заңсыз айналысатындардың неге көбейгенін айтты Елімізде заңсыз алтын қазушылардың саны артып, көптеген оқиғалар анықталуда. Алайда Бестөбе аймағындағы ауыл тұрғындарының айтуынша мұндай әрекетке барудың негізгі себебі жұмыссыздық. Кейінгі екі жылдың ішінде аймақта жер астындағы қауіпті жұмысқа заңсыз барған сегіз адамның денесі табылған. Осы тұста неліктен өмірлерін осынша қауіпке қиып, заңсыз алтын қазушылардың көбейгенін жергілікті халықтың өздері айтып берді. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
نمایش همه...
"Жұмыссыздық пен жылдам баюға ұмтылады": Бестөбеліктер алтын қазумен заңсыз айналысатындардың неге көбейгенін айтты

Бұған дейін NUR.KZ заңсыз алтын қазудың жай-жапсарына үңілген репортажын жариялаған еді. Онда заңсыз жұмыс істейтіндер неге "дудкаларға" (алтын қазу орындары) енетіні және өз ортасында бір-бірін неге "сват" (заңсыз алтын қазушыларға жәрдемдесетіндер) деп атайтыны баяндалған. Олардың бірі тіпті шағын сұхбат берген. Екінші бөлімде заңсыз алтын қазушылардың түпкі мақсатын, жергілікті тұрғындардың ықпалы мен олардың бұл іске қалай қарайтынын анықтауға тырыстық.

🤯 3😢 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстандық алимент төлемеу үшін өзінің қайтыс болғанын жариялаған Қарағанды ​​облысының тұрғыны анасы арқылы өзін "қайтыс болды" деп мәлімдеген. Жеке сот орындаушысы Саяхат Ахметжановтың айтуынша, олар өтініш жасап, борышкердің тірі және сау екенін анықтаған. Ер адам өзін өлдіге санап, алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген екен. Тіпті борышкер сот отырысы өтетін күні қалалық зираттардың бірінде №6 бейітте жатқанын жазған. t.me/stankznews
نمایش همه...
👍 3🤣 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡ Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев лауазымынан босатылды
نمایش همه...
👍 7
00:43
Video unavailableShow in Telegram
"Тоқалға чемодан ал!" Алматыда "Гранд парк" сауда орталықтарының бірінде "тоқалға арналған чемодандар" сатылып жатыр. Жарнамалық науқан жазғы демалысқа орай ұйымдастырылған секілді. Кадрлардан "тоқалға чемодан ал!" деген жазуы бар жарнаманың жерге, дүкен қабырғаларына жапсырылғанын байқау болады. t.me/stankznews
نمایش همه...
🤣 12🤡 6👍 5👎 3 1😁 1
00:45
Video unavailableShow in Telegram
Бүкіл әлем көз тіккен "Бишімбаев ісі" қоғамда әлі де өзекті. Атышулы соттан кейін 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министрдің жазасын қай колонияда өтейтіні қызу талқыланып жатыр. Көпшілік көкейіндегі осы сауалға белгілі заңгер әрі феминист Айгерім Құсайынқызы жауап берді. Заңгердің сөзінше, Бишімбаев осыған дейінгі парақорлыққа байланысты қылмысын Шымкенттегі түрмеде өтеген. Бірақ бұл жолы аса қатігездікпен қылмыс жасағандықтан Қостанай облысында орналасқан "Қара бүркіт" түрмесіне баруы мүмкін екен. Толығырақ Stan.kz YouTube-арнасынан көре аласыз! t.me/stankznews
نمایش همه...
👍 3🤡 3
01:13
Video unavailableShow in Telegram
💬 Қазақстанда 7 партия тіркелген Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылықованың айтуынша, ведомствоға 3 партияны тіркеу туралы өтініш келіп түскен. Оның біреуі "Ынтымақ" партиясы тіркеуден өткен екен. Ал екі саяси партия, яғни "Алға, Қазақстан" мен "Халық дербестігі" партияларын тіркеуден бас тартқан. t.me/stankznews
نمایش همه...
😁 4🤡 4👍 1 1
⚖ Ақтауда алқабилер есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтап шықты Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2023 жылдың қазан-қараша айларында Ақтауда Telegram мессенджері арқылы "старший" деген бүркеншік психотроптық заттарды таратпақ болған. Сату және оларды "есірткі көмбесін" орналастыру арқылы электрондық ақпараттық ресурстар арқылы таратқан. Сотталушы 2023 жылдың 8 қарашасында ұсталған. Тінту кезінде сотталушының рюкзактарынан "мефедрон" және ішінде "&-ПВП" психотроптық заты бар пергамент қағазы, жабық құлпы бар екі полимерлі қапшық табылып тәркіленген. Оның жанында екі электронды таразы, металл қасық, таспа, электр таспасы және фольга болған. Сотталушыны мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген еді. Алайда 15 мамырда алқабилер жасырын дауыс беріп, сотталушыны қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп таныған. Прокуратура бұл сот актісіне шағым жасалып, қайта қаралатынын айтты. t.me/stankznews
نمایش همه...
🤣 13👍 2🤡 2
00:23
Video unavailableShow in Telegram
Министрлік сахнада "әдепсіз әрекет жасайтын" әртістерге айыппұл салуды ұсынды Мәдениет министрлігі қаулы жобасына сәйкес, "сахнада балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық танытып, сахнаға алкоголь немесе есірткіге мас күйінде шығатын әртістерге" қатысты жауапкершілік енгізуді ұсынды. Министрлік мынадай көлемде айыппұл салуды көздеп отыр: 🔸 жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 миллион теңге) көлемінде; 🔸бір жыл ішінде осындай бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады. t.me/stankznews
نمایش همه...
👍 22🥰 1🤡 1
00:45
Video unavailableShow in Telegram
❓Бишімбаев Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере ала ма Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылықова үкім әлі заңды күшіне енбегенін, содан кейін ғана бәрі белгілі болатынын айтты. t.me/stankznews
نمایش همه...
😁 7

👍 4 2🤡 1