cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
54 979
مشترکین
-624 ساعت
-2157 روز
+1 79630 روز
آرشیو پست ها
Дәл қазір эфирде «Егіз лебіз» жобасы Бүгінгі шығарылымда қатысушылар әртүрлі ұлттың хит әндерін орындайды. Қатысушыларға әділ бағасын беретін қазылар - Тұңғышбай Жаманқұлов,Толқын Забирова және Ардақ Балажанова.
نمایش همه...
👍 3😎 2 1
00:22
Video unavailableShow in Telegram
Құлсарыдағы зардап шеккен үйлерді бағалау мамырдың ортасында аяқталады Бұл туралы Жылыой аудандық қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев айтты.
«Жарамсыз деген үйлерді орташа есеппен мың үйге жеткізіп отырмыз. Мамырдың 15-нен кейін бағалау есебі шығады. Сол кезде бәрі белгілі болады. Содан кейін барып, қай жерде үй салады немесе басқа жерден сатып ала ма әрі қарай шешеміз»,-деді Ерқұл Дәулетбаев.
Тасқыннан зардап шеккен Құлсары қаласы әлі судан тазартылып жатыр. Қазір жұмыстың 75 пайызға жуығы аяқталды.
نمایش همه...
👍 5 1 1
00:33
Video unavailableShow in Telegram
Өтемақыны тұрғындардың қолына беру дұрыс емес – Экономист Экономистердің пікірінше, өтемақыны тұрғындардың қолына беру дұрыс емес. Шығынды өтеу бойынша мемлекет ұсынған тәсілді қолданған жөн. Яғни, тасқын салдарынан үйсіз қалғандарға не баспана салып беру керек, не болмаса таңдаған үйін сатып әперу қажет. Әйтпеген жағдайда көптеген отбасы үйсіз қалып, көше кезіп кетуі ықтимал дейді мамандар.
«Кейбіреулер ақшаны қолымызға берсін деп дәм етіп отыр. Бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені көбінің кредиті, басқа да шығындары бар. Олар ойлайтын шығар қазір мен жалдамалы пәтерде немесе туысқандарыма бара тұрамын деп. Ал мына берген ақшаны тез арада керек болатын шығындарды өтей тұрамын деп. Бірақ артынан сұрақ туындайды – бұл жанұялар қайда тұрады деген»,-дейді Олжас Құдайбергенов.
نمایش همه...
👍 20👎 2 1
00:23
Video unavailableShow in Telegram
🌊Индонезияда су тасқынынан 14 адам қаза тапты Екі мыңдай отбасы зардап шегіп, 1900 үй бүлінді. Елдің ұлттық құтқару агенттігінің хабарлауынша, алапат тасқынның басталуына төпелеп жауған жаңбыр себеп. Сулавеси провинциясының Луву округінде құтқару және іздеу операциялары жалғасып жатыр. @qazaqstantv
نمایش همه...
😢 3👍 2😭 1
02:08
Video unavailableShow in Telegram
🏗Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 580-ге жуық үй салынады Қазір шығынды есетпеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қоғамдық штаб мүшелері әр тұрғынның өтініш-тілегін тыңдап, көмек көрсетуде. Өңірде 783 үйге су кірген еді. Оның 415-і «тұруға жарамды» деген қорытынды жасалған. Жөндеу жұмыстары үшін 222 отбасыға 500 миллион теңге берілді. @qazaqstantv
نمایش همه...
🔥 4👍 2 2 1🙏 1
00:44
Video unavailableShow in Telegram
🏡Петропалда тасқыннан зардап шеккен отбасы баспаналы болды Ерлі-зайыптыны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова құттықтады. Отбасы екі бөлмелі пәтерге ие болды. Қалалық әкімдік өкілдері жақын күндері тағы 6 отбасыға баспана кілтін табыстамақ. «Солнечный-2» кентінде үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарға арналған 500 баспана салынады. @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 4🙏 3 2
Photo unavailableShow in Telegram
💰 Су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында 53 отбасыға жаңа баспана берілді. Жалпы өңірлік комиссияларға зардап шеккендерден 24 835 өтініш түскен. 🐂 Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 916 млн теңгеге жетті. 📌 Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
نمایش همه...
👍 3🙏 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанда Жасанды интеллект комитеті құрылды Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты ведомство жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына, жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеуге және жасанды интеллект саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға жауап береді. 💬 @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 10 4🎉 1
Photo unavailableShow in Telegram
🎬 «Он алты жасар чемпион» телехикаясының актерлеріне кастинг жарияланады Биыл жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» повесі тұңғыш рет экранизацияланады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы осы шығарманың желісімен түсірілетін 4 бөлімді телехикаядағы басты және қосалқы рөлдерді сомдайтын актерлерге онлайн кастинг жариялайды. Актерлерге қойылатын талаптар: - 8-10 жасар ұл балалар - 14-16 жастағы жеткіншек балалар (спортпен айналысатын) - 40-45 жастағы әйелдер - 40-50 жас шамасындағы ерлер 🖇️ Қатысу шарттары: Кастингке қатысушы аты-жөнін, байланыс нөмірін, бойы мен салмағын және қай рөлге екенін атап көрсетіп, ірі пландағы кәсіби суреті мен кез келген әдеби шығармадан 1 минуттық монолог оқып, видео жолдауы тиіс. Суреттер мен бейнежазба [email protected] электронды поштасы немесе +7 775 540 6940 WhatsApp мессенджері арқылы 15 мамырға дейін қабылданады.
نمایش همه...
👍 14
Photo unavailableShow in Telegram
📲 Су тасқынынан зардап шеккендер Egov mobile қосымшасы арқылы өтініш бере алады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтініш беру алгоритмінің тұсаукесерін өткізді.
«Бұл қызмет арқылы сіз шағын сауалнамадан өтуіңіз керек. Барлық жеке деректерді толтырасыз, сізге уақытша баспана қажет пе, жоқ па, соны көрсету керек. Келтірілген залалды тізімдейсіз: бұлар тұрғын үй түрі, құрылыс түрі, қаза тапқан мал саны, жеке мүлкі, қосалқы шаруашылық және т.б. Сервис су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді», – деді министр.
@qazaqstantv
نمایش همه...
👍 5 1
Photo unavailableShow in Telegram
🚌 Астанада тағы 7 автобус жолағы пайда болады Арнайы жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Ұлы дала, Қошқарбаев, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей мен Жәнібек хандар, Айтматов көшелеріне салынады. «Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді. Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімін мамыр айының соңынан бастап хабарлаймыз», - деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы. ✈️ @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 7 3
00:56
Video unavailableShow in Telegram
«Qazaqstan» телеарнасынан Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректі фильм эфирге шығады Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына - 100 жыл. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнінде «Qazaqstan» телеарнасынан 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанған қазақтың біртуар тұлғасы туралы деректі фильм көрсетіледі. «Сағадат салған жол» атты деректі туындыда С.Нұрмағамбетовтің өмір жолы мен еліміздің қорғаныс саласына сіңірген қызметі баяндалады. Авторы - Ғабит Бөкенбай. 📌Эфир уақыты: 7 мамыр, 16:10
نمایش همه...
😇 7👍 4🙏 1
Photo unavailableShow in Telegram
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды - ТЖМ
«Тәулік бойы жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан су сорылды. Барлығы 370 қап төселіп, 1335 тонна инертті материал төгілді, мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылды», - деді ОКҚ алаңында өткен брифингте ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.
Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Соңғы 5 күнде Құлсары қаласында 176 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғастырылуда. 💬 @qazaqstantv
نمایش همه...
3
Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылы тұсында қауіпті шектен асып кетті «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының ақпаратына сәйкес өзен деңгейі бір тәулікте 52 сантиметрге көтеріліп, 857 сантиметрге жетті. Жайық өзенінің Батыс Қазақстандағы басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп жатыр. 
نمایش همه...
3🙏 3
Photo unavailableShow in Telegram
🚗 Көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл 369 мың теңгеге дейін өседі Көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалардың өсуіне әкеп соғады. Мамандардың айтуынша, салынатын айыппұл көлемі жасалған құқық бұзушылықтарға пропорционалды болуы тиіс. Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады. 🔗Қазіргі уақытта нарықта 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
نمایش همه...
👍 9 1
Қостанай облысында Ан-2 ұшағы су қоймасына қонды Ұшып шыққаннан кейін биіктігін күрт төмендетіп, еріген суларға түскен деп хабарлайды көлік министрлігі. Санитарлық рейс кезінде бортта 2 экипаж мүшесі мен 3 жолаушы болған. Барлығы Арқалық ауруханасына эвакуацияланды. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.
نمایش همه...
👍 3 2 1😱 1
02:37
Video unavailableShow in Telegram
2027 жылдан бастап Алматыға сырттан келетін көліктер кіргізілмейді Келер жылы 7 қабатты, сыйымдылығы 3000 көлікке арналған тұрақтың құрылысы басталады. Ол үшін арнайы орындар «Барлық базары», «Құлжа тас жолы» аумағы мен «БАКАД» төңірегінде болады дейді жауаптылар.
نمایش همه...
👍 10 1
Қуандық Бишімбаевтың ісі: жарыссөздің екінші күні Кеше мемлекеттік айыптаушылар мен жәбірленуші және оның адвокаттары сөйледі. Бүгінгі отырыста сотталушы тарап сөз алды. Сондай-ақ жарыссөзге Бишімбаевтың анасы қатысып, болған жайт үшін кешірім сұрады. Байжановтың жары алғаш рет сотта сөз сөйлеп, жолдасы қылмыстың құрбаны болғанын айтты.
نمایش همه...
🤣 23🌚 4🤷‍♂ 1 1
01:29
Video unavailableShow in Telegram
Жаңа үйлерді салуға 8 мыңнан астам жер учаскесі дайын Ақтөбе облысында 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үйдің құрылысын бастады. Батыс Қазақстанда облысында - 203, Қарағандыда -1, Павлодарда - 5, Солтүстік Қазақстан облысында -100 үй салынуда. Ал Қостанай облысында зардап шеккендерге 31 пәтер берілді. Қалған өңірлерде арнайы комиссия бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
نمایش همه...
👍 3
01:47
Video unavailableShow in Telegram
Батыс Қазақстанда саяжайы жалғыз баспанасы деп танылған тұрғындарға үй беріледі Өңірде тасқынның үшінші кезеңінде 15 мыңнан астам саяжай учаскесін су басты. Саяжайлар әлі де суда тұр. Сондықтан қазір ол аумақтағы баспаналарды бағалау, техникалық тексерістен өткізу мүмкін болмай отыр. Комиссия өтініштерді үздіксіз қабылдап жатыр. Қазір облыс бойынша 420 үй тұруға жарамсыз деп танылды.
نمایش همه...
👍 7🤨 2 1🔥 1
03:53
Video unavailableShow in Telegram
Құлсарылықтардың шығыны екі аптадан соң өтеле бастайды Тасқын салдарынан Құлсарыда 10-ға жуық ықшам аудан суда қалды. 200-ге жуық кәсіпкерлік нысан, 15 әкімшілік, әлеуметтік ғимарат бүлінді. 400-ге жуық мал жоғалды. Қазір мамандар су басқан 3000 мыңға жуық нысанның үштен біріне техникалық бақылау жасап үлгерді. Қала түгел тазаланып жатыр. Тасқыннан кейінгі шығынды есептеу үшін 2 мекеме жұмылдырылды. Қазір 12 бригада бүлінген нысандарды зерделеп жатыр. Тұрғындар шығын мұқият есептеліп, әділ өтелсе дейді.
نمایش همه...
😭 4🫡 2 1🙏 1
00:25
Video unavailableShow in Telegram
❗️Ақтөбеде құрылыс материалдары бар қойма жанып жатыр Оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері жұмыс істеуле. Өрт алаңы белгіленуде.
نمایش همه...
😱 6😢 2👍 1🙏 1
🌨 Алдағы үш күнде елімізге арктикалық суық келеді
Еліміздің солтүстік және батыс аймақтарының тұрғындары көктемгі жылуды сезініп үлгермей жатып қайтадан арктикалық суықпен қауышады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын жауып, оның соңы қарға ұласады. Ал оңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ жауып, жаңбыр жауатынына қарамастан көктемгі жылы ауа райы сақталады.
نمایش همه...
10😐 7🤔 2 1👍 1😱 1🙏 1
00:31
Video unavailableShow in Telegram
🐎БҚО-да бір үйір жылқы суға батып кете жаздады Оқиға Ақжайық ауданында болған. Жайылым кезінде жылқышылар үйірден көз жазып қалған. Алғашында жануарлар келген құтқарушылардан үркіп қашқанымен, кейін қайыққа апаратын жолмен жүре бастаған, осылайша, бір үйір жылқы аман-есен жағаға шығарылды. Барлығы 365 жылқы, оның ішінде 31 құлын бар.
نمایش همه...
👍 33😱 8😭 6🙏 5😢 2 1
01:15
Video unavailableShow in Telegram
🏡Ақтөбе облысында баспанасы суға кеткен тұрғындар үшін 576 үй салынады Өңірде барлығы 787 үй тексерілген. 222 отбасына баспаналарын жөндеу үшін 500 миллион теңгеге жуық қаржы аударылды. Ырғыз ауданындағы үш ауылдың үйлерін комиссия енді қарап жатыр. Басқа аудандарда 15 үйдің құрылысы басталды. Өтініш білдірген тұрғындар үшін әзірге қанша дайын баспана сатып алынатыны белгісіз. Қазір тұрғындардың арыздары қаралып жатыр. @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 6 1 1🤝 1
01:48
Video unavailableShow in Telegram
Атырау облысындағы Махамбет ауданында жедел штаб күшейтілген жұмыс режиміне көшті Жайықтың деңгейі аудан тұсындағы гидробекетте бірден 14 см-ге көтеріліп, 814 см-ге жетті. Қауіпті деңгейге 36 см қалды. Тасқынның алдын алу үшін жаға бекіту жұмыстары 100 процентке аяқталды. Биіктігі 2,5 метр болатын 65 шақырымнан астам бөгет салынды. @qazaqstantv
نمایش همه...
😭 6😱 4👍 2 1🔥 1🙏 1
🪪 Қазақстанда жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін Ішкі істер министрінің жеке куәлік үлгісін өзгерту бойынша бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. «Жеке куәлітің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады. Сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, куәлік иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, жеке куәлікті берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер көрсетіледі», делінген құжатта. Жоба 21 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.
نمایش همه...
🤔 11👍 7 1 1🤬 1
00:41
Video unavailableShow in Telegram
🌊АҚШ-та нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты Жергілікті билік өзен бойында тұратын тұрғындарға жедел қауіпсіз жерге кетуді бұйырды. Әсіресе, Сан-Жакинто өзені сәт санап тасып, арнасынан асып барады. Су қоймасы да толған. Шенеуніктер Хьюстон қаласы орналасқан Солтүстік Харрис округіндегі адамдарды эвакуациялауды бастады. @qazaqstantv
نمایش همه...
😢 6👍 2😱 2🙏 1😭 1
00:32
Video unavailableShow in Telegram
Бразилияда су тасқынынан 30-дан астам адам қаза тапты Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында төпелеп жауған жаңбыр мен алапат тасқыннан су электр станциясының дамбасы құлады. 60 тұрғын жоғалып, 15 мыңдайы үйлерін тастап кеткен. Бұған қоса, жарты миллиондай адам жарықсыз, ауыз сусыз қалды. Штаттың Азаматтық қорғаныс агенттігінің дерегінше, топан судан қазір аймақтағы 134 қала зардап шегіп отыр. @qazaqstantv
نمایش همه...
😢 9👍 2🙏 2
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы Ұлттық Ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды алдағы Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
«Авиациялық базаның ашылуы – Ұлттық ұлан ғана емес, бүкіл әскеріміз үшін айтулы оқиға. Бұл база күштік құрылымдардың әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштардың шұғыл әрекет етуіне жағдай жасайды. Мемлекет Қарулы Күштерді жабдықтап, әскери инфрақұрылымды дамыту мәселесін айрықша назарда ұстайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
نمایش همه...
👍 15 1🥱 1
00:33
Video unavailableShow in Telegram
💸Құлсары тұрғындарына 1 млрд 350 млн теңге көмек берілді Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен 762 үй техникалық зерделеуден өтті. 922 үйге бағалау жұмыстары жүргізілді. Қазір 4 ауыл және Автожолшылар ықшам аудандарында 12 бригада шығындарды есептеп жатыр. Тұрғындарға пәтер жалдау және басқа да қажеттіліктері үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек беріліп жатыр. Бүгінге дейін 3 657 азаматқа 1 млрд 350 миллионнан астам қаражат төленген. @qazaqstantv
نمایش همه...
🙏 4👍 2 1 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Энергетикалық кеңес отырысы өтті. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни арасында биылғы ақпанда қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылау мәселесі қаралды. «Қазақстан Президенті мен Қатар әмірі арасындағы уағдаластықтар еліміздің экономикасы үшін аса маңызы бар бірқатар мега-жобаларды бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанда заманауи қуатты газ өнеркәсібін құру жолында орнықты түрде алға жылжып келеміз. Жобаларды іске асыруда ешқандай іркілістер болмауы керек. Барлық мәселе менің жеке бақылауымда», — деп атап өтті Үкімет басшысы. @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 7 1🙏 1
00:28
Video unavailableShow in Telegram
Қырғызстанда көлік қағып, зардап шеккен адам саны 32-ге жетті Олардың ішінде бір мұғалім де бар. Үш бала ауыр халде жатыр. Мұны осы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады. Созақ ауданында «Манас» эпосын айтуға арналған шара кезінде болған оқиғаға байланысты 48 жастағы жүргізуші тұтқындалды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ол биік жерге қойып кеткен машина төмен қарай жүріп кетіп, бір топ адамды қаққан. Олардың дені - бала. @qazaqstantv
نمایش همه...
😭 12😱 10👍 5😢 3 1
00:39
Video unavailableShow in Telegram
⏏️Үкімет: Алдағы бірнеше айда көкөніс қымбаттамайды Үкімет маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш апта қатарынан төмендеп келеді. Әсіресе, қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер арзандаған. Көкөністер Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілмек. @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 3🤣 3 1
01:05
Video unavailableShow in Telegram
Костенко шахтасында түтін шығып, 200-ге жуық кенші қауіпсіз жерге шығарылды Барлығы дін аман. Қазір 4-ші ауысымның жұмысы уақытша тоқтап тұр. Алдын ала себеп - төменгі төсемнің ролигіне бөгде зат түсіп, оның жұмысын тоқтатқан, содан конвейер лентасы бықсыған. Өткен жылы 28 қазан күні тура осы шахтада үлкен апат болып, 46 кенші қаза тапқан еді. @qazaqstantv
نمایش همه...
🙏 3😭 3 1👍 1 1😱 1
02:22
Video unavailableShow in Telegram
Астанада домофонды бұзып, терезеден сынған ыдыс лақтырғандар жазаланды Қалада вандализммен күресу және оның алдын алу бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. 25 сәуірде 49 жастағы ер адам Тайбурыл көшесіндегі пәтерінің терезесінен сынған ыдыстарды лақтырған. Осылайша ол аулада тұрған көліктің алдыңғы терезесін сындырған. Ал 1 мамырда 58 жастағы ер адам мас күйде Мәңгілік ел даңғылы 36/3 мекенжайында «Asylym prime» тұрғын үй кешеніндегі домофонды сындырған. Вандализм әрекетін жасағандар жауапкершілікке тартылды. 📌Жалпы, жыл басынан бері біреудің мүлкін қасақана сындырып, қоғамдық орындарды ластаған, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдірген 100-ден астам адам анықталды. 💬 @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 6😡 3 2🤬 2
00:41
Video unavailableShow in Telegram
Құтқарушылар бір тәулік бойы сынықпен жатқан зейнеткерді құтқарды 85 жастағы зейнеткер құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан, ТЖ қызметкерлерін шақырған. Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді. Өрт сөндірушілер есікті ішінен ашып әжейді жедел жәрдем қызметіне тапсырды. 💬 @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 16🔥 3😢 1
00:42
Video unavailableShow in Telegram
Су тасқан аймақтардағы түлектерге соңғы қоңырау онлайн болуы мүмкін Бұл туралы Оқу-Ағарту Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Сәуле Әпетова «1001 түн» бағдарламасында айтты.
«Қазіргі таңда бүгінгі күннің ақпаратына сәйкес 39 мектептің оқушылары, яғни 29 мың бала қашықтан оқып жатыр. 25 мамырға дейін жағдай осы қалыпта қалса онлайн форматта өткізілетін болады»,-деді Сәуле Әпетова.
نمایش همه...
👍 5🥴 4