cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
54 767
مشترکین
-5424 ساعت
-2627 روز
-1 32230 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Дипломат күйеуінен қорлық көрген әйел елге жеткізілді Ол балаларымен бірге Астанадағы кризистік орталыққа орналастырылды. Қалалық полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. Сыртқы істер министрлігі дипломатты елге қайтаратын мәлімдеді. @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 9
💡Тасқын болған өңірлерде 5 мыңнан астам абонент жарықсыз отыр Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін Үкіметте баяндады. Онда жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы қысқа дайындық мәселесі қаралған болатын. Жауапты ведомства басшысының айтуынша, биыл тозығы жеткен жылу электр станцияларын күрделі жөндеу көзделген. Премьер-министр маңызды шаруаға әкімдердің жеке жауап беретінін қатаң ескертті. @qazaqstantv
نمایش همه...
🏠Қоғам қайраткері: Қираған үйлерді қалпына келтіруді Үкімет өз мойнына алуы керек Тасқыннан зардап шеккен аймақтарда жаңа үй салу жұмыстары жүріп жатыр. Рахман Алшанов тасқын судан қираған үйлерді қалпына келтіруді Үкімет жасағаны абзал дейді.
«Жағдайды пайдаланып жақсартуымыз керек. Үкіметке кішкене шығын болуы мүмкін. Бірақ Үкімет болмаса ешкім сала алмайды. Жол салып, жарықты өткізу керек», - деді қоғам қайраткері.
@qazaqstantv
نمایش همه...
👍 1
💦Су тасқыны: Ақжайық ауданында ауызсу кестемен беріліп жатыр Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында Жайық тасыған кезде жеті ұңғыма су астында қалды. Тасқын кезінде Казталов, Теректі, Сырым, Бәйтерек аудандарындағы гидроқұрылғыларды су басты. Ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғын осы қондырғыдан су ішеді. Кейбірі тіршілік нәрін құдыққа жинап, енді бірі мұнарадағы суды кестемен тұтынып отыр.
نمایش همه...
👍 2
💦Су тасқыны: Ақжайық ауданында ауызсу кестемен беріліп жатыр Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында Жайық тасыған кезде жеті ұңғыма су астында қалды. Тасқын кезінде Казталов, Теректі, Сырым, Бәйтерек аудандарындағы гидроқұрылғыларды су басты. Ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғын осы қондырғыдан су ішеді. Кейбірі тіршілік нәрін құдыққа жинап, енді бірі мұнарадағы суды кестемен тұтынып отыр.
نمایش همه...
🌊Жайықтың жағасындағы үш ауылға тасқын қаупі төніп тұр Атырау облысы Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылы тұсында Жайық өзені ернеуінен асып, жайылмаға жайылған. 4 шаруа қожалығындағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Ағыспен келген нөпір су бекітілген жағаларды құлатып жатыр. Жайықты жағалай орналасқан 17 елдімекеннің үшеуіне тасқын қаупі төніп тұр. Біреуі осы Талдыкөл болса, қалғаны Сарайшық және Махамбет ауылы. Мұнда бөгеттерді қосымша нығайтып жатыр.
نمایش همه...
👍 3😢 3😭 3
👨‍👩‍👧‍👦 Қазақстан халқының саны 20 095 963 адамға жетті Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша: 🔷Қала тұрғындары – 12 513 014 адам; 🔷Ауыл тұрғындары – 7 582 949 адам. 👨🏻 Ерлер саны – 9 815 465; 👩🏻 Әйелдер саны – 10 280 498. @qazaqstantv
نمایش همه...
🔥 20👍 11 5🎉 2🫡 1
🤩 Сүйінші! Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды. 48 келі салмақта бақ сынаған қазақстандық палуан финалда Сабина Гилязованы жеңіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.
نمایش همه...
15🏆 7👍 5🔥 4🎉 1
🌩☀️Жаңбыр, бұршақ, +32 градус ыстық: Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты Алдағы үш күнде едіміздің батысында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, орталық аймақтарда күн жылып, ауа температурасы 22-27 градус болады. Өткінші жауын жаууы мүмкін. Оңтүстік және шығыста ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, бұршақ жауады, қатты жел болады. Күндіз ауа температурасы +32 градусқа дейін жоғарылайды. 📱 @qazaqstantv 💬 WhatsApp 📹 Instagram 📹 TikTok 📹 YouTube 📒 Facebook
نمایش همه...
7 2👍 1🔥 1
⚽️«Super Bol» жобасы халықаралық деңгейге көтерілді Кәсіпқой футболшы болуды армандайтын жеткіншектерге ерекше мүмкіндік беретін жоба Қазақстанда осыдан екі жыл бұрын басталған. Жобаның биылғы ерекшелігі - іріктеу кезеңіне Өзбекстан мен Қырғызстаннан да жастар қатысып жатыр. Ташкентте өткен кастингте 2 мыңдай жас бақ сынады. Реалити-шоуға 17 мен 23 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. «Super bol»-дың бұған дейінгі екі маусымында 15 жеткіншек үздік атанып, Қазақстан кәсіби футбол клубтары мен жастар құрамасының сапына қосылды.
نمایش همه...
👍 14 2🙏 1