cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Aikyn.kz

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
1 797
مشترکین
+2124 ساعت
+417 روز
+22130 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 13 маусымға ауа райы болжамы жарияланды ➡️ https://aikyn.kz/268254/zhan-byr--bu-rshak--ort-k-aupi--13-mausymg-a-aua-rayy-bolzhamy-zhariyalandy @aikyngazeti
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Олимпиада жүлдегерлері өз киімдерін ҚР Ұлттық музейі қорына табыстады Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Олимпиада жүлдегерлерінің киімдерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға чемпион Ольга Рыпакова мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты, -- деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Қазіргі уақытта мұражайда 654 костюм болса, оның 223-і спортшыларға тиесілі. Олардың қатарында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Александр Винокуров, Денис Тен және басқалардың спорттық киімдері бар. Бүгінгі таңда топтама Токио-2020 Олимпиадасында Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Құнқабаевтың ерекше киімдерімен толықты. https://t.me/aikyngazeti
نمایش همه...
Инвестициялар саласындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея ынтымақтастығы қандай? Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жалпы сомасы $5,2 млрд болатын 52 инвестициялық жоба іске асырылуда, -- деп хабарлайды “Kazakh Invest” Ұлттық компаниясы” АҚ телеграм каналы Осы күнге дейін $3,4 млрд сомасына 30 жоба іске асырылды. Бүгінгі таңда $2 млрд сомасына 10 жоба жасалып жатыр. Болашақта тағы $165 млн сомасына тағы 12 жоба жоспарланып отыр. Қазақстан аумағында Hyundai, KIA, Samsung, LG, Lotte, POSCO, Shinhan сияқты ірі корпорацияларды қоса алғанда, Оңтүстік Корея капиталы бар 700-ден астам компания табысты жұмыс істеуде. Автомобиль жасау саласындағы жобаларға инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $200 млн құрайды. Алматы қаласында HYUNDAI маркалы автомобильдерді құрастыру жолға қойылған. Қостанай қаласында Kia екінші зауытының құрылысы жүргізілуде. Kia компаниясы тарихта алғаш рет Корея Республикасынан тыс жерде бірлескен кәсіпорын мен зауыт салуға тікелей инвестиция салатынын атап өткен жөн. https://t.me/aikyngazeti
نمایش همه...
Aikyn.kz

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!

🔸 Қазақстанда жесірлерге жаңа мәртебе беріледіhttps://aikyn.kz/268243/k-azak-standa-zhesirlerge-zhan-a-m-rtebe-beriledi 🔹 Елімізде науқастарға көмек көрсететін call-орталық іске қосылды https://aikyn.kz/268224/elimizde-onkologiyalyk--komek-korsetetin-call-ortalyk--iske-k-osyldy @aikyngazeti
نمایش همه...
00:56
Video unavailableShow in Telegram
Бүгінгі күннің басты жаңалықтарын AstanaTV-дан тамашалаңыз! @aikyngazeti
نمایش همه...
14.27 MB
03:54
Video unavailableShow in Telegram
«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев: "Бұзақылық жасап, заңды бұзғандар камера алдында кешірім сұрап, жазадан құтылып кетпеу керек" @aikyngazeti
نمایش همه...
59.98 MB
Жаңадан кәсіп бастағандарға тағы 30 грант беріледі «Belesteri» («Өсу баспалдақтары») әлеуметтік жобасының ұйымдастырушылары жаңадан кәсіп бастағандарға білім беретін кезекті маусымы мен жыл сайынғы гранттар байқауының басталғаны туралы хабарлады. Толығырақ: https://aikyn.kz/268245/belesteri--zhan-adan-k-sip-bastag-andarg-a-tag-y-30-grant-beriledi @aikyngazeti
نمایش همه...
Belesteri: жаңадан кәсіп бастағандарға тағы 30 грант беріледі | Aikyn.kz

«Belesteri» («Өсу баспалдақтары») әлеуметтік жобасының ұйымдастырушылары жаңадан кәсіп бастағандарға білім беретін кезекті маусымы мен жыл сайынғы гра...

Елімізде IT-Aiel 2.0 жобасы басталды Жоба қазақстандық әйелдерге ІТ саласында өз орнын табуға және цифрлық технологияларды дұрыс пайдалана отырып, ақша табуға көмектеседі. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «TechnoWomen» КЕҰ Басқарма Төрағасы Азиза Шужеева хабарлады. «Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия әйел жандарға арналған цирфландыру бастамасымен қыздар мен әйелдерді цифрландыруға тартуда. Бұл әйелдердің көбірек табыс табуы және экономикалық жағдайын жақсарту үшін жасалып отыр», - деді спикер ОКҚ алаңында. @aikyngazeti
نمایش همه...
02:35
Video unavailableShow in Telegram
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаев: "Елімізде кейбір теміржол вокзалдары атқораға ұқсайды"
نمایش همه...
56.54 MB
👍 2
Disney-дің туындылары қазақ тілінде көрсетіледі «Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалаймыз ➡️ https://aikyn.kz/268232/disney-din--tuyndylary-k-azak--tilinde-korsetiledi @aikyngazeti
نمایش همه...