cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Қарақат Әбілдина - @karakat_a

Қарақат Әбілдина Каракат Абильдина Qaraqat Abildina @karakat_a

نمایش بیشتر
کشور مشخص نشده استزبان مشخص نشده استدسته بندی مشخص نشده است
Advertising posts
956مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
اطلاعاتی وجود ندارد7 روز
اطلاعاتی وجود ندارد30 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

«QAZAQSTAN» брендімен қолшатыр ұтып алыңыз! Ол үшін осы Telegram-дағы https://t.me/qazaqstan_arnasy арнасына жазылыңыз және БЕКІТІЛІП тұрған жазбадағы «ҚАТЫСАМЫН» түймесін басыңыз! Жеңімпазды 1 қараша күні анықтаймыз! You Tube | Instagram | Telegram
نمایش همه...
​​«Балалар Евровидениесі-2019» байқауына Қазақстан атынан Ержан Максим қатысады Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді.
نمایش همه...

​​2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкердің зейнетақы шотына жалақының 15 пайызы аударылып отырады ⠀ 10 пайызы – қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, 5 пайызы – жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен зейнетақы жарналары. Бұл жаңашылдық барлық жұмыс істейтін азаматтарға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге қолданылады. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы зейнеткерлік жастағы жеке тұлғаларға; әскери қызметшілер мен күштік құрылымдардың қызметкерлеріне; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға; өмір бойы ай сайынғы төлеммен қамтылатын отставкадағы судьяларға қолданылмайды. Жұмыс берушілерден келіп түскен зейнетақы жарналары (5 пайыз) жеке тұлғалардың меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Бұл қаражат БЖЗҚ активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта бөлінеді.
نمایش همه...

​​Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді ⠀ Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. ⠀ - Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінетін болады. Әзірше 5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтін болса, тағы да қарастырылады», - деді Қ.Тоқаев. ⠀ Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңызды элементі әлеуметтік аз қамтылған топтың ішінен талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау жүйесі екендігін айтты.
نمایش همه...

​​Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. Ресми мәлімет бойынша, бүгін сағат 09.20-да өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен. «Жарылыс болған жерде облыстық Төтенше жағдайдалар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген ақпаратта. Дереккөз
نمایش همه...

​​Нұр-Сұлтанда жаңа мұнаралы көпір тұрғызылады Triathlon Towers Есіл өзенінің жағалауында, Триатлон-Паркі мен «Жетісу» саябағында аумағында орналасады деп жоспарланған. Көпфункционалды тұрғын үй кешені қызметтік пәтерлермен, қонақүйлермен, кіріктірілген үй-жайлармен және тұрақпен қамтамасыз етіледі. Triathlon Towers мұнарасының биіктігі 42 қабатқа дейін жетеді. Дереккөз
نمایش همه...

​​2019 жылы 3500-ден астам әскери қызметкер баспанаға ие болады Биылғы жылдағы 6 айдың ішінде екі мыңнан астам әскери қызметкер жалпы сомасы 30 млрд. теңгені құрайтын ипотекалық несие алған. Осы санаттағы тұлғалар санының өсуі «Әскери баспана», «Баспана хит» , «7-20-25», «Қазақстандық ипотекалық несиелендіру», «Нұрлы жер» бағдарламаларының іске асуымен байланысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Дереккөз
نمایش همه...

​​Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау! «Қазақстан» РТРК» АҚ ұлы ақын, жазушы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай телехикая түсіреді. Осыған байланысты, телехикаяның сценарлық идеясына байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін орындаушы компания - идея, синопсис, сондай-ақ, концепция ұсынуы шарт. Байқауға өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 1 тамызына дейін жүргізіледі. Ұсыныстар [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады. Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (717) 2 75-72-30. Дереккөз
نمایش همه...

​​Қазақстандықтар шілде айында қалай демалады? Дереккөз
نمایش همه...

«Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша 70,76% дауыс жинады», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Константин Петров.
نمایش همه...