cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Kozybayev

Қазақстанның бірінші крипто-қауымдастығының негізін қалаушы. Технология, ғылым, қаржы, политика, криптовалюта жайында, және жеке ойларымды жазамын.

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
2 422
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-127 روز
-2930 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

30 жасқа келіп қалғаным сезіліп тұр. 1. Инвестор болам деп бұрын мүлде ойламаппын. Бұрын базарға барғанда саудагерлер - “кел брат, мынаны ал, бағасы әдемі, әрі сапасы мықты” деген сөздерді жиі естісем. Қазір жігіттер компаниялардағы үлесін, облигацияларды сатып алуға ұсыныстарды жиі жасайтын болған. Өзіме тиімді ұсыныстарды таңдауға болатындай жасқа келіп қалыппын. 2. Стратегиялық консультациялар жасаймын деп ойламап едім. Өздерінің үлкен-үлкен бизнестері бар жігіттер тупикке кірген кезде менен кеңес сұрайтын болған. Былай қарасаң, мен кіммін? Ешкім емеспін. Бірақ менің блогымды жылдар бойы оқып, адамдар қаржы жағынан менің экспертизам бар екенін түсінген. Және сол экспертизамды кейде мұқтаж етеді. Ондай сұхбаттарда ең ұнайтын зат ол “Ааа осылай ма?!” деген (аха момент) мезеттер. 3. Өмірімнің барлық салаларында жасап жатқан іс-шараларым өзіме ұнайтын болған. Және сол іс-шараларды жақсартуға тырысып жатырмын. Жапон мәдениетінде ұнайтын зат - ол қандай іс болмасын сол істің өнерлі маманы бол деген қағида. Мен де сол, өзіме ұнайтын заттарды таптым, енді сол заттарды зейін салып асықпай ұштап жатырмын. 4. Кез келген заттың мән-түйінін түсіну. Өмірімде сенетін зат неге азайды? Өйткені өмірімнің барлық салаларын егжей-тегжейіне дейін қазбалап, маңызды заттар мен маңызсыз заттарды ажырата бастадым. Өмірде не болмаса да барлығы жүк. Көбіне адам ол жүк керек пе? жоқ па? Керек болса неге? Керек болмаса, наһ керек деп тастамай өмір бойы сүйреп жүре береді. Менде ондай жүк қалмады, және тұрақты түрде азаюда. 5. Туыстық қатынасқа басқаша қарайтын болғанмын. Генетикалық тұрғыда туыс болсаң да ішкі дүниең, тәрбиең, силастығың келіспесе, сен ол туысты шынайы түрде туыс ретінде сыйлай алмайсың. Коннект жоқ болса, респект болмауы мүмкін🤌
نمایش همه...
17🔥 9👍 6 2
Стратегия өте маңызды зат екеніне әр күні көзім жетіп келеді. Мен тиімділікті (эффективность) қатты ұнатамын, және өмірімнің барлық салаларында бұл қағидамнан таймауға тырысамын. Жылдар бұрын ойлап табылған тәсілдер бүгін пайдасын тигізіп жүр. Бүгін ойлап тапқан тәсілдерім бірнеше жылдан кейін өзінің септігін тигізетініне сенемін. Бұл менің “Long term” (ұзақ мерзімді) ойын тәсілім, және ол менің өмірімнің барлық саласында бар. Мысалы: 1. Qazaqchain тобына күніне 200ден астам спам, алаяқтық және порнографиялық контент жіберіледі, ол хаттарды топ мүшелеріне білдіртпей алдынала енгізілген боттар мен админдер жүйесі арқылы бұғатталып жатыр. 2019 жылы топтың бірінші версиясын енді енді құрған кезде осындай өзін-өзі басқаратын жүйе болса екен деген арман болатын. Сол бағытта жұмыс жасадық, ойлаған затты енгіздік. 2. Жылдар бұрын жасалған инвестициялар бүгін өзінің жемісін беріп жатыр - білім, жұмыс, акция, крипто олардың бәрі бұрын көмілген қазына сияқты өмірімді жеңілдетіп жатыр. 3. Бизнес - почергім әр жерде бірдей екенін түсіндім, қандай бизнес бастамасам жемісін қазір-ақ жинағым келмейді. Операционка, кэшфлоу және PnL алдын ала жобаланады, және сол жобамен өмір сүреді.
نمایش همه...
19👍 9 3🆒 1
Оқырманым +77775559111 нөмірін сатпақшы. Бағасы 170мың теңге. @Erik_erkenovich
نمایش همه...
👍 4
Ресми түрде бұл тауарлық белгі Qazaq fintech-тың атында бекітілген.
نمایش همه...
👍 22 1
66.pdf4.85 MB
🔥 24 1😁 1
Photo unavailableShow in Telegram
#қс Жақсылық пен зұлымдықтың шайқасы. Соңғы екі айда кірістерім шығындарды озып жатыр, ол жақсы белгі.
نمایش همه...
13🔥 6
Қаржылық есеп: #қс 2024 жылдың маусым айында өзімнің шығындарыма 4.11% қайтарым алдым. Ол сәуірге қарағанда 🔽-88 п.п. Осы жолы түсінікті болу үшін, әр категория қанша алып келгенін жазамын: • Бизнеске инвестиция: 1.12% • Кэшбек: 0.95%; • Депозит: 2.04% Осыдан алдынғы айдың көрсеткіштерін мынау сілтемеден көруге болады. P.S. Сонымен анализ жасап шықтым өткен айды былай қорытындылап кете аламын: өткен айда депозиттың үлесі зор болды, кэшбек орташа есеппен 1% ға дейін жетпеді де. Дегенімен, қаржы жағынан өткен ай жақсы болды. Кіріс шығынға қарағанда әлде қайда көбірек болды, графикалық репрезентациясын сосын жіберемін. (Жақсылық пен зұлымдық графигі). Естеріңізге салып кетейін, мақсат - барлығы 3% айлық мөлшерге жету, ол мақсатымнан осы айда асып оздым. Қазан: 1.87% Қараша: 1.55% Желтоқсан: 2.7% Қаңтар: 2.17% Ақпан :7.04% Наурыз: 3.49% Сәуір: 5.89% Мамыр: 92.95% Маусым: 4.11% Оның барлығы таза қаржылай табыс. Оның ішінде реализацияланбаған табыс жоқ [қалтама таза ақша ретінде түсті деген сөз].
نمایش همه...
👍 10
Мәскеуде көзіме түскен бірнеше зат: 1. Ол жердің инфоөрісі өзгеше. Мысалы, мен тиктокты ашқанда менің барлық жазылымдарым жойылды. Және рекомендацияларда тек Ресейдің патриоттық видеолары ғана болды. Қолданбай қойдым, еш қызықсыз. Ми шаюшылық. 2. Алтелді қолдансаң инстаграм бұғатталмайды екен 😅 VPN-сыз жүрдім. 3. Архитектурасы өте әдемі. Жақсы ауданда тұрған шығармыз, қай жерге бармасам барлығы керемет көрінді. 4. Жастары әдемі, киім мен шаш сәнінен өзін-өзі көрсетуден ұялмайды. 5. Әр екінші билборд әскер жайында. 6. GPRS істемейді, сол үшін 2GIS дым геолокацияны көрсетпейді. Ал yandex карта кейде істеп кейде істемей қалады. Бұрынғыдай үйдің қасына келіп нөмірін қарап қайда жүргенімді анықтап жүрдім.
نمایش همه...
😁 13👍 4 4👻 1💊 1🙊 1
Бәріңе сәлем! P&G компаниясына келесі вакансиялар ашық: 1. Sales account manager - Distributor operations; •Жалақысы - 875K KZT •Жылдық бонус •Медициналық сақтандыру •Stock ownership plan •WFO/WFH Schedule •Flexible working hours Кімді іздеп жатырмыз: •1-3 жыл experience in FMCG (Sales/Key account management, Distributor operations, Trade or shopper marketing) •Strong knowledge of excel •Budget management 2. Brand manager Fabric care • жалақы 950К Барлығы үстіндегіндей. Достар, менімен бір компанияда жұмыс істегілерің келсе, және өз күштеріңізге сенімді болсаңыздар өзімнің рефералымды бере аламын.
نمایش همه...
👍 18🔥 8 1
🇺🇸 NVIDIA енді әлемнің ең қымбат компаниямы болып саналады. Ол Microsoft-тан озып шықты.
نمایش همه...
32😎 1
یک طرح متفاوت انتخاب کنید

طرح فعلی شما تنها برای 5 کانال تجزیه و تحلیل را مجاز می کند. برای بیشتر، لطفا یک طرح دیگر انتخاب کنید.