JAIYQ PRESS
رفتن به کانال در Telegram
• БҚО-ның ресми жаңалықтары - официальные новости • Өңірдегі басты жаңалықтардан xабардар болыңыздар!
نمایش بیشتر905
مشترکین
-124 ساعت
-67 روز
-1430 روز
آرشیو پست ها
905
😴 Дәрігер ұйқының басты жауын атады
Дәрігер Хавьер Альбарестің айтуынша, ұйқы сапасы нашарлауына көптеген фактор әсер етеді. Ол түнде тынығуға кедергі келтіретін басты әдетті атады.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
✅ 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем төлеу тәртібі өзгереді
2026 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда пилоттық жоба аясында жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем төлеу тәртібі өзгереді. Төлемнің мерзімі ең көбі үш ай болады. Аталған өзгеріс әлеуметтік төлем алуға құқығы ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап туындайтын азаматтарға қатысты қолданылады.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
💧Шаруаларға 11 млрд текше метр су: Қазақстанда суару маусымы аяқталуға жақын
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі шаруалармен кездесті. Биылғы вегетация кезеңінде «Қазсушар» РМК-ның жергілікті филиалы өңірдегі шаруа қожалықтарымен суармалы су беру жөнінде 12 409 келісімшарт жасасты.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
📊 Зейнетақыдан жәрдемақыға дейін: Қазақстанда әлеуметтік төлемдер кімдерге беріледі?
Қазақстанда әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын қаражат көлемі жыл сайын қомақты. 2026 жылы республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 6 трлн 782,9 млрд теңге қарастырылған. Ал 1 қыркүйектегі жағдай бойынша әлеуметтік төлемдерге 4 трлн 407,6 млрд теңге бағытталды.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
📌 Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
⚓️ Каспийде Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы жаттығулары басталды
Қазақстанның Каспий теңізі секторында Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Әскери теңізшілер Қазақстан секторына тиесілі теңіз айдынын толық жүріп өтіп, түрлі жағдайдағы іс-қимылдарды пысықтап, практикалық атыс жүргізеді.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
📍Цифрлық талдау нәтижесінде медициналық көрсеткіштер бойынша 10 мыңнан астам жүргізуші куәлігін қолдану тоқтатылды
Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің, Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
🍔 6-9 жастағы балаларда артық салмақ бар: фастфуд жарнамасын көрсетуге шектеу қойылмақ
Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар, құрамында қант, тұз, қаныққан май мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірледі.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
🚫 WhatsApp және Telegram аккаунттарын алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Мессенджерлердегі аккаунттар да алаяқтардың нысанасына айналуы мүмкін. Кіру кодтарын сұрау, күмәнді сілтемелер жіберу немесе таныс адамның атынан хабарласу – кең таралған алаяқтық тәсілдері.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
✅ «ҚазАвтоЖол» ақылы жолда үнемдеудің жолдарын түсіндірді
Қазақстандағы ақылы жолдарды пайдаланғанда төлем тәсілін дұрыс таңдау арқылы шығынды азайтуға болады. Жүргізушілерге алдын ала төлем, абонемент және RFID-белгі қолжетімді. Ал бірқатар ақылы учаскеде жол жүру құны төлемнің сапарға дейін немесе одан кейін жасалуына байланысты өзгереді.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
❌ Алаяқтық қарыздың ресімделуіне қалай жол бермеуге болады?
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескертеді: алаяқтар азаматтардың атына қашықтан қарыздар ресімдеу үшін әлеуметтік инженерия әдістерін белсенді түрде пайдалануды жалғастыруда.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
📌 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау қызмет сапасы мен қауіпсіздігін арттырады
2026 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 632 ұйым лицензия алды. Бүгінде мұндай қызметтермен 108 мыңға жуық адам қамтылған.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
💻 eGov.kz және eGov Mobile-да ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлама алатын жақын адамдарды көрсетуге болады
eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары енді ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлама жіберу үшін үш сенімді байланыс тұлғаларына дейін тіркей алады.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
👮🏻ІІМ: Қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қойылды
"Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлігі ауыр қылмыстардың алдын алуға, қылмыстық топтардың әрекетінің жолын кесуге және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге жол бермеуге бағытталған бірқатар жүйелі жедел іс-шаралар жүргізуде.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
💍 Елімізде үйленетін жұптар некеге дейін арнаулы оқудан өте алады
Тиісті бұйрық қабылданды.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
🚧 Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді
Мемлекет басшысының автомобиль жолдары желісін дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыру аясында соңғы алты жылда Қазақстанда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді. Оның ішінде 12,5 мың шақырым республикалық маңызы бар және 18,5 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар қамтылды. Ауқымды жұмыстар жол инфрақұрылымын жаңартумен қатар, жол жүру уақытын қысқартуға және өңірлердің көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
❗️Оқу-ағарту министрі ата-аналарға ұстаздарды жұмыстан тыс уақытта мазаламауды ұсынды
Кеше 8 қыркүйек күні Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мұғалімдерді мазалауға шектеу қою және ата-аналар чатына регламент бекіту мәселелері талқыланды.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
🌾 Елімізде дәнді дақылдардың 61,6%-ы жиналды, 13,5 млн тонна астық бастырылды
Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасуда. Диқандар ағымдағы маусымдағы егін жинау және ішкі нарықты астықпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған басымдықтардың қатарына жатады.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
💫 «JAIYQ SAZY» этнофестивалі мен бәйге: Орал қаласы күні қалай атап өтіледі?
Орал қаласының күніне орай шаһарда мәдени, спорттық және қоғамдық бағыттағы бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарлама аясында дәстүрлі спорттық жарыстар, көрме-жәрмеңке, халықаралық этнофестиваль және ұлттық ат спорты бойынша жарыстар өтеді.
🔵 Толық нұсқа: zhaikpress.kz
905
🚜 Қазақстанда 33 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды
Еліміздің өңірлерінде жемшөп дайындау науқаны жалғасып жатыр. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда алдағы қысқы кезеңге қажетті жемшөптің 33,1 млн тоннасы дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 80%-ын құрайды.
🔵 Толыө нұсқа: zhaikpress.kz
