UAGYZ MEDIA🌙
رفتن به کانال در Telegram
Құрметті Мұсылман Бауырлар! Каналымыз жайлы достарыңызға айта жүріңіздер. Олар да тіркеліп, білімдері артсын, барынша көп бауырларымызға пайдамыз тисін! Ин Шаа Алла🌙
نمایش بیشتر2 944
مشترکین
-124 ساعت
-107 روز
-6530 روز
آرشیو پست ها
2 944
Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтты:
«Раббысын еске алатын адам мен еске алмайтын адамның мысалы – тірі мен өлі сияқты.»
📕 Сахих әл-Бұхари
2 944
Тірілер қайтыс болғандардың көзін жұмады.
Қайтыс болғандар тірілердің көзін ашады.
Дінмұхамед Қонаев
2 944
Өмір – мұхит, уақыт – толқын,
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық.
Алды – ойын, артқы жаты – мұңға жуық.
Абай Құнанбайұлы
2 944
Сәтсіздік — бұл жеңіліс емес, тәжірибе. 🛠️
Алла сенің жолыңды жапса, демек одан да жақсы есікті ашу үшін жапты. Сабыр сақта да, әрекет ет. 🚀🔥
2 944
Байқадың ба?
Сұлу адамдар – комплимент айтады.
Бақытты адамдар – өзгелер үшін қуанады.
Көп тіл білетіндер – акцентке күлмейді.
Білімділер – білімін бөліседі.
Өзіне сенімділер – бәсекелеспейді, шабыт береді.
Ал іші бос адамдар ғана – тиісуге, қадіріңді түсіріп, өсек айтып, кемсітуге тырысады.
2 944
Әйел ер адамның басынан жаратылған жоқ —
оған үстемдік етпеуі үшін.
Аяғынан да жаратылған жоқ —
оны төмендетпеуі үшін.
Әйел ер адамның қабырғасынан жаратылды:
қанатының астында аялап, қорғауы үшін;
жүрегіне жақын болып, оны сүюі үшін.
Әйел — ана, әпке, қарындас, қыз, жар және жақын туыс.
Ал Алланың Елшісі ﷺ:
«Расында, әйелдер — ерлердің тең жартысы», — деген.
2 944
Махаббатсыз сүйіктің – жай бір адам,
Махаббатпен сүйіктің – барлық адам.
Әдһам Шарқауи
2 944
Шайтан - асықпайды…
Сен- оған ұзақ мерзімді жобасың.
Ол сені бірден құлатпайды,
ақырындап, байқатпай жетелейді…
Бүгін тек бір сүннеттен айырады…
ертең- тағы бірінен…
Сөйтіп, бір күні
жүрегіңді діннен босатып,
орнына қалағанын толтырады…
Сондықтан абай бол…
2 944
Біреуге 100 теңге бере алсаңыз – қуаныңыз…
Жомарт бола алғаныңызға шүкір етіңіз 🤲🏻
Өйткені әрбір кішкентай садақа – бір үлкен сауаптың бастауы 🤍
Сіздің бергеніңіз сіз үшін аз көрінгенімен, біреу үшін үлкен көмек болуы мүмкін
Жақсылық жасаудан ешқашан шаршамаңыз…
Алла тағала ниеттеріңізді қабыл етіп, жасаған әрбір ісіңізді еселеп қайтарсын 🤲🏻
2 944
Қанағат — байлықтан артық.
Еңбек — бос уақыттан жақсы.
Кешірім — кек алудан абзал.
Ал денсаулық — байлықтан да қымбат…
2 944
"Қанша дұға қылдым,
Қабыл болғаны кәні?" дейсің, шырақ.
Қанша күнә қылдың,
Жазасы берілгені кәні бірақ?
2 944
Елдің сөзі тас сияқты - арқалай берсең беліңді сындырады.
Ал, аяқ астына жинай берсең, биіктей түсесің.
2 944
Үйленгісі келетіндерге ғажап бір дұға
Ұстазым бір әңгімесінде маған айтып берген еді:
«Мен үйленбей тұрған кезімде мына дұғаны көп айтатынмын», – деді де былай үйретті:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ زَوْجَةً صَالِحَةً تُحِبُّهَا وَأُحِبُّهَا، تَرْضَى عَنْهَا وَأَرْضَى عَنْهَا
«Уа, Аллаһым! Маған Сен жақсы көретін әрі мен де жақсы көретін, Сен разы болатын әрі мен де разы болатын бір салихалы әйел нәсіп ете гөр».
Сосын ол кісі айтты:
«Қазір әйелім мен үшін бүкіл әлемнің әйелдерінен артық. Тіпті оның жәннәттық екенін де жүрегіммен сеземін».
Мен сонда ұстазыма:
— «Ондай болса, бұл дұғаны үйленгісі келіп жүргендер бәрі айтуы керек қой», – дегенімде,
— «Әрине! Бұл дұғаның мағынасы өте ғажап», – деп жауап берді.
Мен тағы сұрадым:
— «Ал әйелдер өздері үшін дұға қылып айтса бола ма?»
— «Әрине!» – деді де ұстазым: «Тіпті әйел адам бұл дұғаны айтқанда «وَيَرْضَى عَنِّي» деп қосса, ол күйеуінің өзіне разы болуын сұрағаны болады. Бұл қосу әйелдер үшін өте маңызды», – деді.
Сонда әйелдерге арналған дұға нұсқасы:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ زَوْجًا صَالِحًا تُحِبُّهُ وَأُحِبُّهُ، تَرْضَى عَنْهُ وَأَرْضَى عَنْهُ، وَيَرْضَى عَنِّي
«Уа, Аллаһым! Маған Сен жақсы көретін әрі мен де жақсы көретін, Сен разы болатын әрі мен де разы болатын, сондай-ақ маған разы болатын бір салихалы ер нәсіп ете гөр».
Үйленуді қалаған әрбір мұсылман бауырымыз осы дұғаны үйреніп, шын жүректен қайталай берсін. Аллаһ тағала бәрімізге разы болатын отбасылар нәсіп етсін! 🤲
2 944
Айттарыңыз құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, жасаған дұғаларыңызды, қылған құлшылықтарыңызды қабыл етіп, өмірлеріңізге береке, жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық нәсіп етсін. Келесі Айт мерекесіне де аман-есен жетуді жазсын🤲🏻🤍🌙
2 944
«Әй, бүкіл өмірін босқа өткізіп алған бауырым. Өміріңнің босқа өткен кезеңін қадір түнімен толтыр. Расында, қадір түні – бір ғұмырға тең».
©️Ибн Рәжәб әл-Ханбали (рахимаһулла)
2 944
Амал кітабыңның жазушысы да, техникалық редакторы да, көркемдеуші редакторы да – тек өзің екенін ұмытпа.
2 944
Алла елшісі ﷺ рамазанның соңғы он күнінде не жасайтын еді?
Пайғамбарымыз ﷺ рамазанның соңғы он күндігіне кірген шақта жеңін түріп, белін буып, үй ішін түнде құлшылыққа оятып, түндерін толықтай намаз оқумен өткізетін.
Соңғы он күнде мың айдан артық болған бір түн бар. Яғни бұл түн — сексен үш жылдан артық.
Үмметтің көпшілігі алпыс үш жыл ғана өмір сүреді, демек, бір түн сенің өміріңнен де артық болмақ. Нух а.с. қауымының өмірі ұзақ болатын. Ал біз бір түнде бір адамның толық өмір сүру уақытына қол жеткіземіз.
Бұл түн — өмірі қысқа болған үмбет үшін ғажап, орнын толтыратын сыйлық. Енді елестетіп көрші, осындай түндегі сауапты зая кетірген жан қапыда қалған жан болмай ма?!
©️Шейх Әли Һәни (хафизаһулла)
2 944
Егер адамдардың сен өлген соң сені қаншалықты тез ұмытатынын білсең,
ешкімнің разылығы үшін өмір сүрмес едің — тек Алланың разылығы үшін ғана өмір сүрер едің.
2 944
🌙 Рамазан:
— 4 апталық мейірім.
— 30 күндік ғибадат.
— 720 сағаттық руханият.
— 42.200 минуттық кешірім.
— 2.592.000 секундтық бақыт.
Уа Раббым, Рамазанды бізге
хайырлы әрі берекелі еткейсің.
2 944
СӘРЕСІ – ТҮННІҢ СОҢҒЫ БӨЛІГІНДЕ,
РАББЫМЫЗДЫҢ МЕЙІРІМ ЕСІКТЕРІ АЙҚАРА
АШЫЛАТЫН, ДҰҒАЛАР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН
ЕҢ ҚҰТТЫ УАҚЫТ.
© Имам ән-Науауи
(Шарх Сахих Муслим)
