fa
Feedback
Махаббат өлкесі...

Махаббат өлкесі...

رفتن به کانال در Telegram

Тек махаббат туралы... Ұсыныс пен пікірлер бойынша @nurlandos

نمایش بیشتر
كازاخستان4 909دسته بندی مشخص نشده است
1 921
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
اطلاعاتی وجود ندارد7 روز
اطلاعاتی وجود ندارد30 روز
آرشیو پست ها
МАХАББАТ, МЕН САҒАН ҚАРЫЗДАРМЫН! Біреуге ғашық қылғаның үшін, Арманға асықтырғаның үшін, Теңіздей тасып тұрғаның үшін- Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Тұңғиық сезімге батырғаның үшін, Таңдарды ұйқысыз атырғаным үшін, Айықпас мұңға шатылғаным үшін - Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Күттіріп мені, сағындырғаның үшін, Бейнеңе мәңгі табындырғаның үшін, Беймаза күйге бағындырғаның үшін – Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Шаттық боп маған келгенің үшін, Қуаныш кілтін бергенің үшін, Ертеңгі күнге сенгенім үшін – Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Кей кезде мені жылатқаның үшін, Жауаптары жоқ сұрақтарың үшін, Дегенмен... Мені ұнатқаның үшін – Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Авторы: Алма Түсіпбекова

Аннан-мұннан жұлдыз гүлдер бүр жарып, Ай сырғасы тұрған кезде дір қағып. Жалаңаяқ нояндары ауылдың, Алма ұрлауға шығушы едік ұрланып. Мысық жүріс ептілікке мастанып, Қаншасын жеп, қанша алмасын тастадық. Сол бір жолы алма ұрлаудың кезегін, Әлімбайдың бақшасынан бастадық. Қарқындары қамал бұзар кіл «батыр», Қараң-құраң қалың баққа кірді ақыр. О, жасаған, масахана ішінде, Толықсыған, толған айдай қыз жатыр. «Қарақшылар» қалт тұра қап шетінен, Қапелімде ауып қалды есінен. Ай сәулесі өліп-өшіп сүйіп жүр, Періштенің тамағынан, төсінен. Бір ғажайып арман күтіп ақ таңнан, Ару жатыр, ақ білегін жастанған. Жаңа ғана көзін ілген секілді, Бір періште ұшып келіп аспаннан. ...Ойлап тұрсам ол бір ғажап түн екен, Содан бері сұлулықты жыр етем. Әлгі сұлу періште емес, басқа емес, Әлімбайдың сары тәмпіш қызы екен. Балғын қиял қуалаған күндіз-түн, Бала едік қой, бала едік қой бүлдіршін. Санамызға сәуле кірген сол түні, Кімге қандай түс кіргенін кім білсін? Бізге осылай келді ме екен жігіттік, Біздер содан алма ұрлауды ұмыттық. Бұл өмірде алмаңыздан мың артық, Бір тәттілік бар екенін шын ұқтық. Авторы: Есенқұл Жақыпбеков

Сен қайда жүрдің ? Көп қызықтың ысырып тысқа бәрін, Лебізіңе шөлдеген тұста жаным. Тіл ұшымда күрмеліп сөзім небір, Уысымда қалмады ұстағаным. Мен қайда жүрдім? Тағдыр тағы төбеңнен жай түсіріп, Жұбатуға жарымай сай кісілік. Мезгілдерді өткердік текке қалай, Бізді ақтап алады қай түсінік? Сен қайда жүрдің? Бұрымымдай кесілген шақта бағым. Мен қайда жүрдім? Тіршіліктің кезгенде «Ақтабанын»… Біз қайда жүрдік? Бірге бармай, киноға, ән кешіне, Кепіл қайсы сезімнің сөнбесіне? Нөміріңе қоңырау шалғым келген, Соңы түспей тұрғаны жөнді есіме. Қоңырау шаларсың өзің… Авторы: Ақбота Бейбітбек

Дертім болған жаза алмайтын еш емші, Сені қайдан таптым осы десеңші. "Күнім" десем — Күнім күндіз көгімде, "Айым" десем мен өзіңді несі ерсі? Келтіре алмай айтар сөздің орайын, Жүгінейін жырға тұтас-толайым. Күн жарықтық түсінігі терең ғой, Ол ауғанда жырыма арқау бол Айым! Ерсі болсын, мейлі айналам сөз етсін, Төрт құбылаң тең болғанға не жетсін. Күндіз қалай қажет болса Күн маған, Түнде солай маған Айдай қажетсің. Сұлулардың назарынан сырт қалған Жан емеспін және әркімге құнт болған. Таң атысы түнді тосып жүргенде, Күн батысы ары асасың бұлттардан. Дертім болған жаза алмайтын еш емші, Сені қайдан таптым осы десеңші. Сезіміңнің ықтималын білдіріп, Айым болып, не жарқыра, не сөнші! Авторы: Дәурен Айманбет

ҚҰШАҚТАШЫ... Жағаңызды келші аға, түзеп берем, – Дедің маған іңкәр бір ізетпенен. Шымырлады жүрегім, сол жүрегім, Былғарыдай едің ғой біз өтпеген, Бізбен тесіп жіберсе тыз етпеген. Кетерімде байқамай құшақташы, Құшақташы, «байқамай» тұсақташы. Сен жеңілтек емессің. Дәтің берік Бірақ та осы бір рет ұсақташы. Тартып кетіп барасың, секілденіп, Жаңа ғана басталған кітап басы. Тәубедемін, мен бүгін нысаптамын, Менің көрген құқайым кітап қалың. Аядың ба білмеймін, аяладың, Басқа жұртқа білдірмей құшақтадым. Есіркеген шығарсың ескі ағам деп, Жаманшылық көп көрген жақсы ағам деп. Құшақташы тағы бір, құшақташы, Жағамды бір түзетіп тастаған боп. Бір құшақтап Ал-дағы шығарып сал, Сөйтіп мәңгі үзілмес бұғалық сал. Алып тауды айналып өтетұғын, Арамызда біздердің жылы ағыс бар. Авторы: Есенқұл Жақыпбеков

Cол Түні Сол Түні... Аспан мұңайған еді, мұңайған шығар төбеңде... Сол Түні... Сені сағынышыма – бөлеген едім Өлеңге. Сол Түні... Мен де алданып тұрғам, қар жауып тұрған болатын... Сол Түні... Сен де жүректен басқа жол таппай тұрдың баратын. Сенделген сезім, жоғалған үміт, кеше көр бізді кеше гөр... Тып-тыныш аппақ, осындай еді көшелер аппақ, көшелер... Сол сәтте, әттең, қар жауды неге?! Қар жауды неге, Тағдырым?! Сол сәтті мүлде, Ұмытқым келген, ұмытқым келген... Барлығын! Сол Түні... Аспан өксіген шығар, Құдірет солай жазғасын. Ақ ұлпа, аппақ көбелектерге айналған шығар көз жасы. Осылай енді... Қар жауса болды күйерін жанның білдім бе?! ...Сол Түні маған, қол бұлғап тұрып, жыладың ба әлде күлдің бе?! Сол Түні... Авторы: Бауыржан Қарағызұлы

КҮЗГІ ХАТ... ІІ Кеше сізден хат күттім, Неге, неге сонша асықтым, аптықтым? Ғұмырыма татитұғын шаттықтың Құнын жойып, Шырмап алды сәттік мұң. Хаттар, хаттар... Гүлдер сынды бүрі әппақ, Жұпар аңқып қалды қайда тұрақтап? …Менің тұтас бақытыма дәл қазір, Жетпей тұр-ау бір-ақ хат. Арыла алмай азабы көп аз мұңнан, Күз де келді... Жазмышқа жаз құрбан. Сағыныш-ай, сағыныш-ай қайтейін, Жазылмаған хатқа жауап жаздырған. Астанаға ерте келді күз биыл, Күздің мұңы баяғыдан бізге үйір. Іштей мені жұбатады күрсініп, Тозаңы ұшып жатқан анау түз-қиыр. Күзді мен де жақсы көрем мұңы үшін, Жапырақтың жанға батқан жыры үшін. Мінсіз ғұмыр кеше алмасым белгілі, Мұңсыз өмір өмір емес... Құрысын! Таңдайыма татымаған тәтті бақ, Маңдайыма тиседағы қаттырақ, Жауап жазып жіберіңіз нақтырақ. Жасырмаңыз... Тек жауапсыз қалуға, Тиісті емес хат, бірақ. Авторы: Қалқаман Сарин

КҮЗГІ ХАТ... Сенесіз бе? Сағындым, Сізді көрмей… Үмітіммен күй кештім үздігердей. Сізді әйтеуір жаныма жақын тұтам, Бәлкім, жақсы көрерсіз күзді мендей?! Мен білмеймін. Сезімді кештік нендей? Бірақ бізге бір бақыт кеш біткендей, Сағынуға, сүюге бола ма екен, ҮНІН, ӨЗІН... Адамның естіп… Көрмей… Мүмкін, сізді көрдім мен… Бірақ қашан? (Болған іске болды әсте кінә артпасам) …Жаныңызда жүргендей сезінемін, Жаныңыздан не болам, жырақтасам? Білесіз бе, Сіз сирек хат жазасыз? Содан менде жиілеп сәт мазасыз, Ауыр ойдан қаламын арыла алмай, …Ал сіз ше? Тап-тазасыз! ...Бүгін жаңбыр. Мейлі, аспан төксін жасын, Жалғыздықтай жалғанда жоқ сырласым. Неге екенін білмеймін, Сіз дегенде, Кешірімшіл әйтеуір кекшіл басым. Авторы: Қалқаман Сарин

Көзіңде мөлдір мұң, уайым бар, Саған бұл қайғыны берген кім? Бақытты болуға дайындал, Сендегі тағдырға мен келдім! Сөзімді айтылған ұғарсың, Жырларым жүрекке жөнелді. Жылаудан шаршаған шығарсың, Дәл олай шаршатпан мен енді. Үміттің алауы сөнбеді, Үрейдің желкенін түсіргем. Кешірші: тағдырға сендегі, Кешігіп келгенім үшін мен! Жолыңа алаңдап тұрамын, Жүзіңді көрем деп шырайлы. Мендегі сезімнің құрамын: Сыйластық, сағыныш құрайды. Қолымнан жібермей ұсташы, Өзіңе кетіп тұр ойым дәл. Мендіксің енді сен, қысқасы: Бақытты болуға дайындал! Авторы: Жандарбек Жұман

Ләйләң қайда?» - деді маған күліп күн, «Ләйләң қайда?» - деді маған күліп түн. Дүниенің көріп жүрген күллі елін Көрдім маған күннің қатты күлгенін. Қатты күлді, әйелдерше күлді кеп: «Сені тосып жүре ме ол, - деп, - үлбіреп?!» Құшағы бар аялайтын аялы, Түн мүсіркеп, түн кеп мені аяды. Аяды кеп, аялады күлмеді, Қоңыр үнмен жұбатты кеп түн мені: «Мәңгі түнге жеткеніңше уақыт көп, Күлкілі боп жүрісің де бақыт», - деп. Аямайтын күн болып кел – бәрібір, Аялайтын түн болып кел – бәрібір. Сені, Ләйлә, қара көзді киелім, Қайыспастан қара жерше сүйемін. Авторы: Жұматай Жақыпбаев

Сүйеді деп ойлауға жасқанар да ем, Таныстар да ол жайлы ойламаған. Бірақ сүйем дейтұғын басқалармен Бақытты бола қою қайда маған? Өзін өзі ұстау да кісіге сын, Көздеріңді қадайсың отты, үмітті. Алыс жүріп жанымды түсінесің, Мен үшін соның өзі жеткілікті. Біреу арбар сөзімен, күлкісімен, Жақтырмайсың сен ерсі көп қылықты. Алдымен мені іздейсің жұрт ішінен Ал маған соның өзі жеткілікті. Үндемейсің, кеудеңде жанады арман, Мені ақтайсың жадыңда болмай бір қыз. Байқайсың ба, өсектен, жалалардан Бірімізді біріміз қорғаймыз біз. Мазалайсың ойымда тұрасың да, Сенің әрбір қылығың ерекше ұнар. ...Бұл нәзік сезім жайлы, расында, Айтпай-ақ қоюымыз керек шығар? Авторы: Күләш Ахметова

СҮЮ ДЕГЕН ОСЫ БОЛАР СІРӘ ДА Мұз боп қатқан жүрегімді еріттім, Айтшы маған менің мұным күнә ма? Мені өзің, сені, жаным, мен ұқтым, Сүю деген осы болар сірә да. Сабырым да жанға жақпай, бeзінді, Сенімім тұр бір құралып, бір сынып, Жеткізе алмай мендік іңкәр сезімді, Өз деміме өзім қалам тұншығып. Сүріп кеткен өмірімде өткен бір, Жақын болған ең қимас бір жандайсың. Айта алмаған лебізімді мөп-мөлдір жанарымнан оқып неге алмайсың? Авторы: Айгүл Жұмаділ

Мен ол кезде мас едім, білесің бе, Мас болсам да бәрі де тұр есімде. Сезім атты шараптың ұрып буы, Шамам болмай нәпсімен күресуге. Көйлегіңнің ағытып түймелерін, Ақ тамақтан күйдіріп сүйген едім. Ары қарай белгілі өзіңе де, Еркімізді бір тылсым билегенін. Қой — демедің, қой — деуге кеш еді ме, Құлап кеттік махаббат төсегіне. Бетіңде мұң тұрса да, ең бастысы- Өкінбедің ертесі кешегіңе. Кешірсем де бастан сан кештер ерек, Әлгі түндей кешпегем еш керемет. Сол әсел түн жадымда түнеп қалған, Ал, сен болсаң сұрайсың "есте ме?" -деп. Авторы: Дәурен Айманбет

Бәлкім, менің болмысым бөлек шығар?! Ал, сен қалай ойлайсың, зерек шынар?! Бар-жоғыңды өмірде білу үшін Әлдекімді сағыну керек шығар?! Сыр сақтауға үндемей терек шыдар, Жан іздедім жанымды ерекше ұғар. Біз жолықтық. Маңдайға жазғаны – сол. Өлең байғұс жай ғана себеп шығар. Көңіліңде бір бейне көлбеңдесе, Өлең, шіркін, сөйлейді өлген кеше. Сағынышты мен ойлап тапқан жоқпын Сенем оны ғарыштан келген десе. Сүюдің де бар болар заңдылығы. Еркелесем, оятам таң күдігін. Бал қылығым сор болды... кешір жырдың Ешбір заңға бағынбас әңгүдігін. Жан табылмай өмірде сұңғақ одан, Қиялымды ақ бұлтқа бұлғап алам. Алабұртып өмірден өту үшін Көңіліңде жүрсін бір жұмбақ адам. Авторы: Танагөз Толқынқызы

Сен мына - жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта меңі, Біреулер көлеңкесін түсірмесін! Сен менің - мына тылсым кеудемдесің, Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін. Кеудеңе - зынданыңа салып сақта, Біреулер көкпар қылып өңгермесін! Сен мына - тілімдесің, үнімдесің, Білесің ғой, тілімнің бүлінбесін. Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт, Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін! Сен мына - менің алып басымдасың, Білесің, ешкім де оны басынбасын. Сен мені өз басыңмен бірге қорға, Біреулер зұлымдығын асырмасын! Сен - менің миымдасың! Білесің, миым жатқа бұйырмасын.. Миыңның бір жеріне жасыр мені, Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!.. Алдынан терезеңнің жүріп өттім, Сен мені байқадың ба, құдіреттім? Тұрдың ба терезеңнің ар жағында? Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті. Heгe өртенді? Жүрегім неге өртенді?! Нелер келіп, басыма нелер төнді... Балконыңнан қол былғап, қарсы алушы ең, Heгe менен жасырдың көлеңкеңді? Қайран көктем, Қайран гүл, қайран жазым! Сарқылған ба, шынымен сайран - назың? Айныдың ба, шайлығып шалқарыңнан? Айдынымда қанатын жайған қазым. Көзің қайда көшеден мені іздеген, Сөзің қайда жанымыз егіз деген? ... Терезеңнің алдына келіп тұрмын, Көгершіндей, Қысты күн... жем іздеген... Авторы: Мұқағали Мақатаев

СЕНІҢ КҮЛКІҢ Иығымнан жүк түсірген жүз батпан, Көз жасымды құрғатқан. Сәлем алып келген маған нұр-бақтан – СЕНІҢ КҮЛКІҢ! Арманыма ақ қанатын қақтырған, Тылсым сырлы бір сезімге тап қылған, Үмітімнің шырағданын жақтырған – СЕНІҢ КҮЛКІҢ! Қабағыма тұрған сәтте мұң қатып, Тұңғиыққа баратқанда шым батып, Табындырған, бір сәт қана тыңдатып – СЕНІҢ КҮЛКІҢ! Ойға батып, үнсіз жүрген кезімде, Жан бітірген мына сырлы сезімге, Мені үйреткен қиындыққа төзуге – СЕНІҢ КҮЛКІҢ! О, махаббат! Бізге ғажап сый неткен?! Қаталдықтың қақпасын кеп күйреткен, Сор артында бақ тұрарын үйреткен – СЕНІҢ КҮЛКІҢ! Сен бар кезде гүлге оранар жер демде, Сен болмасаң күй кешемін шерменде, Күліп келші, жаным, маған келгенде!.. СЕНІҢ КҮЛКІҢ... Авторы: Алма Түсіпбекова

YMIT Жанарым менің қадалып саған, Күтіп ем сонша мол үміт. Торыңа енді оралып барам, Бақыттан мәңгі қол үзіп. Азаптың жүрмін жалғасын күтіп, (Сезіп ем мұны бұрыннан). Торыңа енді қалғасын түсіп, Шырқырап қалды-ау шыбын жан. Мұңменен былай тістеспеп едім, Қайтейін, тағдыр алдаса. Торыңа сенің түспес те едім, Сезімім соқыр болмаса. Жанарым менің қадалып саған, Күтіп ем сенен мол үміт. Торыңа енді оралып барам, Бақыттан мүлде қол үзіп. Авторы: Алмат Исәділ