fa
Feedback
ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

رفتن به کانال در Telegram

نمایش بیشتر
کشور مشخص نشده استدسته بندی مشخص نشده است
367
مشترکین
+124 ساعت
+47 روز
+730 روز
آرشیو پست ها
ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Бұл қасиетті аяттар сөз өнері тұрғысынан түрлі ғажайыптарға ие. Мұны былайша қорытындылап айтуға болады. 1. «Тақуалар үшін тура жол» деген аятта ақыл тұрғысынан ауыспалы мағына бар. Өйткені бұл жерде тура жол деп Құранды айтқан. Ал бұл себеп тұрғысынан тура жол. Негізінде, туралыққа жеткізетін Алланың өзі. Сондықтан бұл жерде саналық тұрғыдан ауыспалы мағына бар. Мұны шешендік өнерде «мәжәз ақли» деп атайды. 2. Аятта «Анау кітап» деп айтылған. Мұнда Құранның ұлылығы мен мәртебесі үшін «бұл кітап» демей, «анау кітап» деп ұзақтықты білдіретін сілтеу сөзбен жеткізген. Осылайша Құранның рухани ұлықтығын, деңгейінің жоғарылығын материалдық ұзақтықпен салыстыру арқылы «анау кітап» деп бейнелеп айтқан. Бұл өнерді «муснаду илайһи билишарати» деп атаймыз. 3. «Міне, олар Раббыларынан келген тура жол үстінде. Сондай-ақ, шынайы табысқа жеткендер де міне осылар» аятында тақуалардың мәртебесінің биіктігін көрсету үшін «Міне солар» деп екі рет айтылған. Яғни, бейне бір «нағыз бақытқа жеткендер солардан басқа ешкім емес» деп тұрғандай⁹.
📍⁹ Мухтасар Ибн Кәсир, 30 б.
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

5️⃣. «Міне, олар Раббыларынан келген тура жол үстінде. Сондай-ақ, шынайы табысқа жеткендер де міне осылар».
Жоғарыда айтылған сипаттарға ие болғандар Алладан келген нұрлы тура жол үстінде. Міне солар нағыз «найым» жұмақтарында биік дәрежелерге қол жеткізгендер. 2:5 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

4️⃣. «Һәм олар саған түсірілгенге және сенен бұрынғы түсірілгенге де толық сенеді».
Олар Алладан саған келген Құранға және сенен бұрынғы пайғамбарларға келген барлық хабарларға иман етеді. Алланың кітаптары мен пайғамбарларының арасын бөліп жармайды.
«Ақыретке де күмәнсіз сенеді».
Олар осы дүниеден кейін келетін ақырет әлеміне, ондағы қайта тірілу, жаза, есеп, жұмақ, тозақ және таразыға кәміл сенеді. Ақырет осы дүниеден кейін келетін болғандықтан, ол ақырет (ақырғысы) деп аталған. 2:4 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

3️⃣. «Міне, солар ғайыпқа сенеді».
Олар көрмеген және сезім мүшелерімен сезе алмайтын қайтадан тірілу, жұмақ, тозақ, сират, есеп және бұлардан тыс Құранның немесе хазіреті Пайғамбарымыздан жеткен барлық хабарларды растайды, оларға толық сенеді.
«Һәм намаздарын толық орындайды».
Намаздың шарттарын, рүкіндерін, әдептіліктерін кәміл әрі ең толық түрінде орындап намаздарын оқиды. Ибн Аббас былай дейді: «Намазды толық орындау деген рүкүғ, сәжделер және тіләуәт пен тағзымды толық жасау деген сөз».
«Сондай-ақ, Біздің оларға ризық етіп бергендерімізден жұмсайды».
Өздеріне берген мал-мүліктерден жақсылық пен ізгілік жолында жұмсап, садақа береді. Аяттың бұл мағынасы зекет, садақа және одан басқаға жұмсаған нәрселерді қамтиды. Ибн Жәрир осы түсіндірмені таңдаған. Ибн Аббастан жеткен бір деректе аяттағы «жұмсайды» деген сөзден мақсат мал-пұлдарының зекетін беру деген мағынада екендігі айтылады. Ибн Кәсир былай дейді: «Алла Тағала көбінесе намаз бен мал-мүліктерді жұмсауды бірге айтады. Өйткені намаз – Алланың ақысы. Әрбір пенде Алланы жалғыз деп тануға, құрмет пен мадақтауға міндетті. Ал, дүние жұмсау болса құлдың ақысы, мұқтаж жандарға, кедейлерге берілетін міндетті мал-пұл. Міндетті мал-пұлға зекет жатады». 2:3
📍⁸ Табари, 1/79. Мысыр, 1321; Мухтасар Ибн Кәсир 1/29.
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

2️⃣. «Анау Кітап: Онда ешбір күмән жоқ».
Уа, Мұхаммед! Саған түсірілген осы Құран ғажайып бір кітап болғаны сонша - оған ешқандай кітап тең келе алмайды. Соған құлақ салып тыңдап, ойланған адам оның Алланың құзырынан келгеніне ешқандай күмәні болмайды.
«Ол – тақуаларға тура жол бастаушы».
Алланың әмірлеріне бойсұнып, қаһарынан сақтану және әмірлеріне бағыну арқылы Оның азабынан құтылу үшін тақуа мұсылмандарға жол көрсетуші кітап. Ибн Аббас тақуаларды «Шірктен сақтанып, Аллаға бағынған адамдар» деп түсіндіреді. Хасан Басри болса, тақуаларды: «Олар өздеріне харам етілгендерден сақтанып, парыз етілгендерді орындаушылар» деп түсіндірген. Келесі аяттарда Алла Тағала осы тақуалардың қандай ерекше сипаттары бар екенін айтып былай дейді: 2:2 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1️⃣. «Әлиф, ләм, мим».
Біраз сүренің осы «хуруф мұқаттаға» деп аталатын дараланған әріптермен басталуы — Құраннан сырт айналғандардың назарларын өзіне аударады. Өйткені алғаш естігенде, өз араларында бұрын әдет етпеген әріптер құлақтарына ерсі естіліп, аяттарға қарай олардың назарын аударуда. Бұл әріптерде және осыған ұқсас әріптерде Құранның мұғжизалығын көрсететін ишараттар бар. Өйткені бұл қасиетті кітап олардың өз араларындағы күнделікті тіршілікте сөйлескен әріптер мен сөздерден құралған. Осыған қарамыстан, олардың Құранның ұқсасын жаза алмаулары — бұл кітаптың мұғжиза екендігіне үлкен дәлел болмақ. Ғұлама Ибн Кәсир былай дейді: «Сүре бастарында осы әріптердің келуі — Құранның мұғжизалығын ашықтап, адамдар өз сөздерімен қанша жазса да, олар Құран секілді ұқсасын жазуда қауқарсыз әрі әлсіз екендігін көрсету мақсат етілген». Бұл әріптерге ғалымдардың да басым көпшілігінің көзқарасы осы. Замахшари бұл көзқарасты «Кәшшәф» атты тәпсірінде қуаттап жазған. Ибн Кәсир сөзін әрі қарай жалғап: «Сондықтан осы әріптермен бастаған әр сүреде сөзсіз Құранның жеңісі, мұғжизасы және ұлылығы айтылады. Мысалы, «Әлиф, ләм, мим», «Әлиф, ләм, мим, сад» т.б.» 2:1 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
رَيْبَ
1. [Райба] сөзі күмән, күдік дегенді білдіреді. Арабтар бір нәрседен күмәнданғанда осы «райб» сөзін қолданады. Замахшари осы сөзді былайша түсіндіреді: «Бір нәрсе адамды күмәнға түсіргенде «Ол күмәнданды» деп айтылады. Сондай-ақ бұл сөз нәпсінің қиыншылыққа тап болуына да айтылады. Заманның нәубетіне де «Райбуз-заман» деген сөз тіркесін де қолданады⁷.
تقْوى
2. [Тақуа] сөзіне келсек, жаман нәрседен сақтандыру мағынасын білдіреді. Тақуа кісі мен жамандық арасындағы тосқауыл ретінде қабыл етіледі. Атақты жәһилия шайыры Набиға: «Әйел еріксіз орамалын жерге түсіріп алды. Оны жерден тезірек алып, дереу бізден сақтанды» деген өлеңінде тақуа сөзін «сақтану» мағынасында қолданған. Зиянды нәрселерден өзін қорғап жүретін адамға «тақуа адам» делінеді. Міне, діни терминде де шариғаттың бұйрықтарына бағыну арқылы Алланың азабынан сақтанғандарға тақуа адам делінген. Жалпы тақуа сөзі «Алланың әмірлерін орындап, тыйымдарынан сақтану» дегенді білдіреді.
غَيْب
3. [Ғайб] ғайып сезім мүшелері сезе алмайтын нәрселерге айтылады. Жасырын нәрселерге де ғайып делінеді. Мысалы ғайып болды, жоқ болды, жоғалды. Жұмақ, тозақ та осыған жатады. Себебі бұлар – адамның көзі көріп, құлағымен дыбысын ести алмайтын нәрселер.
فَلَح
4. [Фалах] сөзіне келсек, табысқа жету, қол жеткізу дегенді білдіреді. Әбу Убайда «Аз ғана жақсылыққа жеткенге «муфлих» деп айтылады», – дейді.
📍⁷ Рағип әл-Исфахани, әл-Муфрадат, Бейрут, 367 б.
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

«БАҚАРА» СҮРЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Бұл сүренің ерекшелігі турасында Алла елшісінен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) жеткен бір хадис бар: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар. Күмәнсіз шайтан «Бақара» сүресі оқылған үйден қашады». Басқа бір хадисте былай айтылады: ««Бақара» сүресін оқыңдар. Өйткені оны оқу – берекет, ал оқымай тастау – өкініш. Сиқыршылардың оған шамалары келмейді». Мұны Муслим сахихында жеткізген. https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

СҮРЕНІҢ ЕСІМІ
Хазіреті Мұса заманында болған ғажайып мұғжизаны еске салу үшін бұл қасиетті сүреге «Бақара» деп ат берген. Оқиға былайша өрбіген: Исрайыл ұрпақтары арасында бір адам өлтіріліп, бірақ қанша іздесе де қылмыскер табылмайды. Қылмыскерді табады деген үмітпен адамдар хазіреті Мұсаға келеді. Сонда, Алла Тағала Мұса пайғамбарға олардың бір сиырын сойып, сол сиырдың бір бөлік етімен, әлгі өлтірілген кісіні ұруға әмір етеді. Осылайша Алланың қалауымен өлтірілген адам тіріліп, өзін өлтірген кім екенін айтып береді. Бұл оқиға да, өлген соң адамдардың қайта тірілетініне қатысты Алла Тағаланың құдіретін көрсеткен бір дәлел. https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

«БАҚАРА» СҮРЕСІ
Бұл сүренің тұтастай Мәдинада түскеніне қатысты бірауыздан бекітілген келісім бар. Мәдинада алғаш түскен сүрелердің бірі, 286 аяттан тұрады. Алғы сөз «Бақара» сүресі Құранның ең ұзын сүресі. Бұл сүре – Мәдинада түскен басқа сүрелер тәрізді шариғат жағы басым сүрелердің бірі. Мәдинада түскен сүрелер әдетте мұсылмандардың қоғамдық қажеттіліктеріне қатысты ұстанымдар мен құқықтық негіздерді қамтиды. Бұл қасиетті сүре сенім, ғибадат, қарым-қатынас, көркем мінез, үйлену, талақ, ғиддат және соған ұқсас шариғаттық үкімдердің басым көпшілігін қамтиды. Сүренің алғашқы аяттары бақыттылар мен бақытсыздарды салыстыру үшін, мүмін мен кәпір және мұнафықтардың сипаттарын айқындайды. Сосын адамның алғашқы жаратылысын Адам атаның қиссасы арқылы баяндап, Алланың адам баласына деген шарапатына куәлік еткен қызықты оқиғаларды әңгімелейді. Одан кейін әһлі кітап, әсіресе, соның ішінде Исрайыл ұрпағы болған «яһудилер» тақырыбын сөз етеді. Өйткені яһудилер, Мәдинада мұсылмандарға көрші тұрған болатын. Сондықтан сүре олардың айла-қулықтарына, жаман қасиеттеріне қатысты арсыздық, сатқындық, сөзде тұрмау, сертін бұзу тәрізді жаман мінездерінен сақ болуды мұсылмандарға ескертеді. Бұл сүренің үштен бірінен көбі яһудилер жайлы оқиғаларға қатысты. Оларға қатысты болған бөлім «Әй, Исрайыл ұрпақтары! Сендерге берген нығметтерімді еске алыңдар!» деп бастап «Бір кездері Раббы Ибраһимді бірнеше сөздермен сынап, ол да оларды толықтай орындаған еді» деген аятқа дейін жалғасады. Сүренің басқа бөлімдері құқықтық тақырыптарға арналған. Өйткені мұсылмандар Ислам мемлекетін ең алғаш рет құрғандықтан ғибадат, қарым-қатынасқа (муамалатқа) қатысты илаһи негіздер мен илаһи заңдарға өте зәру еді. Сондықтан сүренің үлкен бір бөлігі құқықтық тақырыптарды қамтыды. Мұны былайша түсіндіруге болады: Оразаға қатысты айтылған үкімдер, қажылық және умраға қатысты үкімдер, Алла жолында жиһадқа қатысты үкімдер, үйлену, талақ, ана сүтін емізу, ғиддат, пұтқа табынушы әйелдермен үйленуге тыйым салынуы, хайыз болған әйелдерге жақындамау және отбасына тиесілі құқықтық тақырыптар. Өйткені отбасы қоғамның алғашқы тұқымы, дәнегі саналады. Осы сүреде қоғамға қатаң ескерту жасап, оның тұрақтылығын бұзатын өсім алушыларға үрей салып, қатаң қарсы тұрады. Өсімқорлықпен айналысқан немесе оған ынталандырғандарға қарсы Алла және елшісі тарапынан қатаң ескерту жария етілетінін айтады. «Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар! Егер шын мүмін болсаңдар, өсімнен түсетін алашақтарыңды алмаңдар. Егер олай істемейтін болсаңдар, Алла және елшісінің сендерге қарсы тұратынын біліп қойыңдар. Егер тәубе қылсаңдар, негізгі қаржыларың өздеріңде қалады. Осылайша, зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар»⁶. Өсімге қатысты аяттың артынан адамдардың амалдарына қарай жақсылық болса жақсылық, жамандық болса жамандықтың қайтарымын көретін сол бір күннен сақтандыруға қатысты аяттар келеді. «Аллаға қайтарылатын, сонсоң әркімнің еңбегі өздеріне кемітілмей толық берілетін күннен қорқыңдар». Бұл аят Құранның соңғы түскен аяты және көктен жерге түскен уахидың соңғысы. Бұл аяттың түсуімен уахи тоқтап, Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) пайғамбарлық міндетін толық аяқтап, бақиға аттанды. Бұл қасиетті сүре мұсылмандарды тәубе етуге, Аллаға бет бұруға, үстіндегі ауыр жүктердің жеңілдетілуі үшін Оған жалбарынып, кәпірлерге қарсы жеңіс тілеуге және екі дүние бақыты үшін дұға етуге ынталандырумен аяқталады. «Уа, Раббымыз! Бізге шамамыз жетпейтін істерді жүктеме. Бізді кешір! Бізге рақым ет! Сен біздің иемізсің, кәпірлерге қарсы бізге жәрдем ет». Міне, осылайша, сүре басы мен соңы арасында ғажайып байланыста екенін, әрі ең көп нәрсені қамтығанын көрсету үшін мұсылмандардың көркем сипаттарымен бастап, олардың дұғаларымен аяқтаған.
📍⁶ «Бақара» сүресі, 278-279 аяттар.
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

«ФАТИХАНЫҢ» ҚАСИЕТТІ СЫРЛАРЫ
Ғалым Хасан «Тәпсірге кіріспе» атты еңбегінде былай дейді: Күмәнсіз кімде-кім «Фатиха» сүресі жайлы терең ойланатын болса оны таңқалдырып, жүрегін жарыққа бөлейтін терең мағыналары мен әсемдіктерін, жарқыраған үйлесімділіктерін көретін болады. Пенде әр нәрседе рақымының жап-жаңа самалдарын жарыққа шығарған, рақым сипатымен сипатталған Алланың атын еске алып, содан берекет үміт етіп бастайды. Бұл мағынаны сезіп, оны рух аясында өзіне қанат еткенде, бойына бір ерекше шабыт бітіп, Аллаға мадақ айтқан сөздер аузынан төгіле жөнеледі. Бұл сөздер оған Алланың нығметінің аса молдығына шексіз шарапат пен жомарттығына және барлық әлемдердің тиесілі ризығын беруші ғажайып хикметтері үшін де мадақ айтуды есіне түсіріп, сол бір ұшы-қиыры жоқ мұхитқа қарап терең ойға батады. Сосын осы ұлы тәрбиенің ынталандыру мен қорқыту үшін ғана емес қайта шарапаты мен рақымынан туғандығын еске түсіреді. Осылайша, осы рақым сипаты бойынша шарапатынан кейін есеп күнін еске түсіруі Алла Тағаланың кәмілдігін көрсетеді. Ол үнемі жаңарып тұрған мол рақымымен қатар дін күнінде құлдарына жасағандарының қарымын беріп, бәрін есепке тартады. «Сол күні ешкім өзге біреуге пайдасын да, зиянын да тигізе алмайды. Сол күні әркімнің ісі Аллаға қалмақ»⁴. Оның жаратылысын тәрбие етуі рақымымен ынталандырып, әділдікпен есепке тарту арқылы қорқыту негізіне сүйенген. Сол себепті «Дін күнінің иесі» деп айтылады. Жағдай осылай екен, онда пенде жақсылық пен құтылудың жолын іздеумен жауапты болмақ. Пенденің осы халі өзін тура жолға бастап, «сиратал мустақимді» көрсететін бір жолбасшыға қатты мұқтаж екенін айғақтайды. Бұл жол көрсетушілікті жасауға оның Жаратушысы мен Иесінен артық ешкім лайық бола алмайды. Олай болса оған сыйынып, оған ғана арқа сүйеп: «Саған ғана құлшылық етіп, сенен ғана жәрдем сұраймыз» деп оған жалбарынуы ләзім. Алланың шарапатымен хақты хақ деп біліп, тура жолда жүрген кісілердің жолымен жүруді тілеуі қажет. Әлгі, Алланың нығметіне кенеліп, артынан оның қадірін білмей аяқ асты етіп, тура жолдан қасақана тайып, Алланың қаһарына іліккендердің және әдейі адасқандардың жолымен жүруді әсте тілемеуі қажет. Өйткені бұлар туралықтан тайған немесе тура жолға жетуге мүмкіндігі бола тұра, әдейі жеткісі келмегендер. Я Алла, дұғамызды қабыл ет! «Әмин!». Күмәнсіз бұл сөз ғажайып сөз. Осындай ғажайып сөзбен бітіруге «Фатихадан» басқа қандай лайық сөз болуы мүмкін?! Сен осы аяттардың мағыналары арасындағы өте нәзік бір-біріне деген байланыс пен үйлесімділікті көріп пе едің? Сен сол бір ғажайып алқаптың, мәуелі бақтың арасында жүргенде, Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) Раббысынан жеткізген мына деректі есіңе ал: «Намазды құлым мен Өз арамда екіге бөлдім. Құлыма қалағаны беріледі... Сондай-ақ, терең толғану мен Алланың осы шарапатын арттырады. Намазда және намаздан тыс терең тағзым еткен күйде, жан тыныштығы ішінде оқуға және аят ақырына дейін тұруға тырыс. Қиналмай, әндетпей, мағынасын жоғалтатындай әріптерге берілмей тәжуид қағидасын сақтап, ырғақпен тіләуәттің ақысын толық бер. Өйткені осылай оқу - саған аяттардың мәнін түсінуге көмектеседі. Құрғап қалған көз жастарыңды жібітеді. Жүрекке тәфәккүрлі терең ой мен терең тағзым ішінде Құран оқудан артық еш нәрсе жоқ»⁵.
📍⁴ "Инфитар" сүресі, 19.
📍⁵ Муқаддима фи тәфсир, 59б
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

ПАЙДАЛАРЫ
1. (Алла) «الله» мен (Иләһ) «إلٰه» сөздерінің айырмашылығына тоқталсақ. Біріншісі - ұлы Құдайдың өзіне ғана тән есімі. Шынайы құлшылық етілуге лайық «Біреу» деген сөз. Екіншісі болса, құлшылық етілуге лайық мағынасымен қатар, жалған құлшылық етілуші дегенге де саяды. Бұл «құдай» сөзі Алла үшін де, басқа ойдан шығарылған құдай үшін де қолданылатын сөз атауы. 2. «Саған ғана құлшылық етіп, сенен ғана жәрдем сұраймыз» деген аят көпше түрде келген. Жекеше түрде келсе онда «Саған ғана ғибадат етіп, сенен ғана жәрдем сұраймын» болушы еді. Бірақ олай берілмей, көпше түрде берілген. Неге? Өйткені, бұл да пенденің патшалардың Патшасының алдында өзінің қауқарсыздығын мойындауының белгісі. Бейне бір ол былай деп тұрғандай: «Я, Раббым! Мен сенің қауқарсыз қор болған құлыңмын. Саған дұға ету үшін жалғыз өзім сенің қақпаңды қағуға менің шамам жетер емес. Мен тек қана мұсылман және Сені жалғыз деп таныған құлдарыңның арасына кіріп қана сұрай аламын. Менің дұғамды да олармен бірге қабыл ет. Біз бәріміз саған құлшылық етіп, сенен жәрдем сұраймыз». 3. Алла құзырында қалай әдептілікті сақтап тұруымыз керектігін үйрету үшін аятта «Өздеріне нығмет несібесін бергендердің жолына» сөзі арқылы нығметтің иесі Алла екені айтылады. Ал адасу мен ашуға келгенде, Аллаға тікелей қатысты етілмей «оларға өзің қаһарланған» немесе «оларды адастырғаның» деп айтылмаған. Өйткені барлық нәрсе Алланың қалауы және тағдырымен болса да, әдептілік бойынша жамандық Аллаға теңелмейді. «Барлық жақсылық Сенен. Жамандық болса саған теңелмейді». https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

7️⃣. «Өздеріне нығмет несібесін бергендердің жолына!»
Яғни өздеріне мол несібе берген пайғамбарлардың, сыдықтардың, шейіттердің және салихалы кісілердің жолымен жүргендердің қатарынан ет! Олар неткен абзал жандар еді.
«Қаһарға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес!»
Яғни бізді өзіңнің қаһарыңа ұшыраған яһудилердің немесе тура жолдан тайған насаралардың қатарына қоспа. Өйткені олар сенің қасиетті шариғатыңнан адасып, қаһарыңа душар болып, мәңгілік қарғысқа ұшырады. Я, Алла! Дұғаларымызды қабыл ет, әмин! 1:7 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

6️⃣. «Бізді тура жолға салғайсың!».
Яғни уа, Раббымыз! Бізге тура жолыңды, хақ дініңді көрсет және бізді сол жолға сал! Бізді нәбилерің мен елшілерің арқылы жіберген ислам дінінде табанымызды тайдырма, иманымызды берік ет! Бізді өзіңе жақын болған жандардың жолымен жүргендердің қатарынан ете гөр! 1:6 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

5️⃣. «Саған ғана құлшылық етіп, Сенен ғана жәрдем сұраймыз».
Сенен басқаға әсте құлшылық етпейміз. Тек Саған ғана мойынсұнып, бағынып, тек Саған бас иіп, тағзым етеміз. Уа, Раббымыз! Саған бағынып, мойынсұнып, Сенің разылығыңды алу үшін тек Сенен ғана жәрдем тілейміз. Өйткені барша тағзым мен құрметке Сен ғана лайықсың. Сенен басқа ешкім бізге жәрдем ете алмайды. Өзіңнен басқада ондай қауқар жоқ. 1:5 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

4️⃣. «Дін күнінің иесі».
Алла Тағала есеп күнінің иесі. Есеп күнінде өз мүлкін қалағанынша қолданатын біреу тәрізді өз мүлкіне қалаған үкімін береді. «Сол күні ешкім өзге біреуге (пайдасын да зиянын да) тигізе алмайды. Сол күні әркімнің ісі Аллаға қалмақ»³.
📍³ "Инфитар" сүресі, 19.
1:4 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

3️⃣. «Рахман әрі Рақымды».
Ол рақымы әр нәрсені қамтыған және шарапаты барша жаратылысты қоршаған жалғыз Алла. Өйткені Ол құлдарына бәрін жоқтан бар етіп, ризық несібесін беріп, оларға дүние мен ақырет бақытына баратын жолды көрсетіп, шарапатын төккен. Ол ұлы рақым иесі және жақсылығы әрдайым жалғасатын әлемдердің Раббысы. 1:3 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

2️⃣. Алла Тағала өзіне лайық түрде мадақ айтып, Оны қалай дәріптеп, мақтауымызды бізге үйретіп
«Мадақ әлемдердің Раббысы – Аллаға лайық»
дейді. Яғни уа, құлдарым! Маған шүкіршілік етіп, Мені мадақтағыларың келгенде «әлхамдулиллаһ» деңдер. Сендерге деген шарапатым мен мол несібе бергенім үшін Маған осылай шүкір етіңдер. Өйткені Мен ұлық, абырой иесі болған Алламын. Жарату мен барлық түрді бар ету - Маған ғана тиесілі. Мен адамдардың, жындардың, періштелердің, көктердің және жерлердің Раббысымын. Олай болса, мадақ пен мақтау, шүкір мен рақмет басқа жасанды тәңірлерге емес әлемдердің раббысы болған Аллаға тиесілі. 1:2 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy

ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
الْحَمْدُ
1. [әл-Хамд] сүйіспеншілікпен қатар тағзым, құрмет көрсету арқылы жақсылап мадақтап, мақтауды білдіреді. «Хамд» сөзі – «зәм», яғни жамандаудың антонимі. Оның мағынасы «шүкір» сөзінен әлдеқайда кең, ауқымды. Өйткені, шүкір бір нығметтің қарымы, ал хамд болса, жақсылық жасалса да, жасалмаса да айтылатын алғыс сөзі.
اللَّهُ
2. [Алла] сөзі әлемді жаратқан Құдай Тағаланың өзіне тән есімі. Одан өзгеге бұл есімді қоюға әсте болмайды. Құртуби былай дейді: «Алла» есімі қасиетті Құдайдың есімдерінің ең ұлығы және ең ауқымдысы. Бұл есім ұлылық пен құдайлық сипаттарын өзінде жинаған және рабтық сипатымен сипатталған, өзінен басқа құдай болмаған Құдайдың аты.
رَبِّ
3. [Раб] сөзіне келсек, ол «тәрбие» деген сөздің түбірінен шыққан. Тәрбие өзгенің істерін түзеп, жағдайына қарау дегенді білдіреді. Харауи былай дейді: «Бір нәрсені түзеген және толықтырған біреу жайында «оны түзу етті» деп айтылады. Алланың кітаптарын сақтап, қорғаған адамдарға берілген «Раббаниун» есімі де осы түбірден шыққан. «Раб» сөзі ие, түзу етуші, ғибадат етілуші, өзіне бағынған тәрізді көптеген мағыналарды қамтиды.
الْعَالَمِينَ
4. [Аламиин] тек көпше түрде ғана қолданылатын «әлемдер» деген сөз. Бұл сөз адамдарды, жындарды, періштелерді және шайтандарды қамтиды. Фәрра былай дейді: «Алам» сөзі «аламат» (белгі) сөзінен шыққан. Өйткені әлем - ұлы Жаратушының бар екендігінің белгісі».
الرَّحْمَن / الرَّحِيمِ
5. [Рахман] және [Рахим] сөздеріне келсек, бұл сөздер «рахма» түбірінен тараған екі сипат. Бұлардың әрбірінде келесісінде болмайтын өзіндік мағыналары бар. Өйткені «Рахман» сөзі «рақымы кең» дегенді білдіреді. Ал «Рахим» сөзі болса «рақымы үздіксіз, тоқтаусыз» дегенді білдіреді. Ендеше «Әр-рахманир-рахим» «рақымы кең, шарапаты әрдайым» деген мағынада. Хаттаби былай дейді: «Рахман ризықтар мен қажеттілік тұрғысында барлық жаратылысты қамтитын, мұсылман мен кәпірді де қамтитын кең рақым иесі дегенді білдіреді. Алланың Рахим сипаты болса тек қана мұсылмандарды қамтиды. Сол секілді «Алла мұсылмандарға өте рақымды» деп айтылады.
الدِّين
6. [Дин] қайтарым дегенді білдіреді. Яғни жасалған бір істің берілетін қайтарымы. «Жасағанына қарай қайтарымын көресің» деген хадисте де осы мағына айтылған.
نَعْبُدُ
7. [Нә'буду] Ғибадат етеміз. Замахшари бұл сөзді былайша түсіндіреді: «Ғибадат» бағыну мен мойынсұнудың ең биік дәрежесі. Сондықтан бұл сөз Алла Тағаладан басқаға айтылмайды. Алла Тағала нығметтердің ең үлкенінің иесі болғандықтан, өзіне ғибадат етілуге ең лайықтысы.
الصِّرَاطَ
8. [Әс-Сират] жол дегенді білдіреді. «Жұту» дегенді білдіретін сөзден шыққан. Ендеше жол жолаушыны жұтқан нәрсеге ұқсатылған.
الْمُسْتَقِيمَ
9. [Мустақим] «ешбір бұралаңы жоқ, түзу, тура» деген сөз.
آمِين
10. [Әмин] «дұғамызды қабыл ет» дегенді білдіреді. Бірақ бұл сөздің Құраннан еместігін ғалымдар бір ауыздан құптайды. https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy