Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал
رفتن به کانال در Telegram
Официальный канал ДПК «Ак жол» Мы отстаиваем интересы отечественного бизнеса и каждого гражданина 🇰🇿
نمایش بیشترکشور مشخص نشده استدسته بندی مشخص نشده است
377
مشترکین
+224 ساعت
+17 روز
+1030 روز
تعداد پستها
در حال بارگیری داده...
واکنشها
نظرات
ستارههای تلگرام
بهترین پستها بر اساس
در حال بارگیری داده...
تجزیه و تحلیل انتشار
پست ها | ديناميک بازديد ها | |||||
🇰🇿🇬🇧Құрылтайға Парламентаралық одақтың Британ тобының делегациясы келді
Құрылтай Төрағасының орынбасары Нұрлан Бекназаров Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының мүшесі, Қорғаныс жөніндегі арнайы комитеттің төрағасы Тан Дэси бастаған парламенттік делегациямен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, стратегиялық әріптестікті тереңдету, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ көлік-транзит әлеуеті, цифрландыру, жасанды интеллект және білім беру салаларындағы ынтымақтастыққа назар аударылды. Құрылтай комитеттері мен Ұлыбритания Парламентінің тиісті комитеттері арасында тікелей диалог орнату және тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.
Толығырақ quryltai.kz сайтынан оқи аласыздар.
__
Заместитель Председателя Курултая Нурлан Бекназаров встретился с делегацией Парламента Великобритании во главе с членом Палаты общин, председателем Специального комитета по обороне Таном Дэси.
Стороны обсудили вопросы укрепления межпарламентского сотрудничества между Казахстаном и Великобританией, углубления стратегического партнерства, расширения торгово-экономических и инвестиционных связей.
Особое внимание уделено сотрудничеству в сфере транспортно-транзитного потенциала, цифровизации, искусственного интеллекта и образования. Также рассмотрены вопросы установления прямого диалога и обмена опытом между комитетами Курултая и профильными комитетами Парламента Великобритании.
Подробнее на сайте quryltai.kz.
t.me/quryltairesmi | 45 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
Депутаттық сауал жарияланбас бұрын фракция ішінде қандай жұмыс жүргізіледі?
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде фракция отырысы өтуде. Күн тәртібінде — жаңа депутаттық сауалдар, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер және Үкімет алдында көтерілетін ұсыныстар.
Талқылауға өңірлер де қосылды — аймақтардан көтерілген мәселелер фракцияның ортақ күн тәртібіне енгізілуде.
«Ақ жол» қазір қандай мәселелермен жұмыс істеп жатыр? Толығырақ — видеода. | 65 | 0 | 0 | 5 | Loading... | |
Как сегодня должна выглядеть школа, которая готовит детей к будущему?
Депутаты Курултая от фракции Демократической партии «Ақ жол» Асылхан Кожахметов и Бактыбек Бибаев посетили ZIALY URPAQ Mektebi.
Современные кабинеты, мастерские, спорт и практические навыки — всё это должно помогать ребёнку не просто получать знания, а раскрывать способности и понимать, кем он хочет стать.
Качественное образование — это инвестиция в будущее нашей страны. | 216 | 2 | 0 | 4 | Loading... | |
Бүгін Құрылтайдағы «Ақ жол» фракциясының депутаттары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты
Партия депутаттары өзге саяси партиялардағы әріптестерімен бірге Астананың Ұлттық музейі маңындағы аллеяға ағаш көшеттерін отырғызды.
Акция елорданы көгалдандыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ортақ бастама аясында депутаттық корпусты біріктірді.
Осындай бастамаларға қатысу - елорда тұрғындары мен келешек ұрпақ үшін таза әрі жайлы қалалық орта қалыптастыруға қосылған үлес.
https://www.instagram.com/reel/Ddda5WqMrm3/?stkn=NnhyNXJobjFranNx | 207 | 1 | 0 | 0 | Loading... | |
«Ақ жол» Демократиялық партиясынан сайланған Құрылтай депутаты Ермекқалий Юсупов отандық полипропиленнің қазақстандық өндірушілер үшін қолжетімділігі мәселесін көтерді.
2026 жылдың алғашқы жартысында өндірілген 207 мың тонна полипропиленнің 187 мың тоннасы экспортқа жөнелтілген. Ал осы кезеңде шикізат бағасы шамамен 56%-ға өскен. Бұл отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне және жұмыс орындарының сақталуына қауіп төндіреді.
«Ақ жол» фракциясы отандық өндірушілерді негізделген бағадағы шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді келісімдер жасауды және ел ішінде терең өңдеуді дамытуды ұсынды.
Шикізатты экспорттаумен шектелмей, дайын өнімді өз елімізде өндіруге жағдай жасау қажет! | 80 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
Құрылтайда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылды
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева – негізгі басымдықтар жөнінде | 83 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
Председатель Демократической партии «Ақ жол» Дания Еспаева — о проекте республиканского бюджета на 2027–2029 годы | 85 | 1 | 0 | 0 | Loading... | |
Депутаты Курултая от фракции Демократической партии «Ак жол» Даурен Ахметжаев и Бактыбек Бибаев приняли участие в рассмотрении законопроекта о ратификации соглашения между Казахстаном и Узбекистаном об открытии представительств таможенных служб.
Документ направлен на укрепление сотрудничества и взаимодействия таможенных органов двух стран. | 80 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
Мейраш Шынасилова обсудила вопросы развития паллиативной помощи
Депутат Курултая от фракции Демократической партии «Ақ жол» Мейраш Шынасилова встретилась с представителями Казахстанской ассоциации паллиативной помощи.
Обсудили вопросы совершенствования нормативного регулирования, финансирования стационаров и мобильных бригад, развития помощи на дому и подготовки специалистов.
Поднятые вопросы будут дополнительно проработаны с профильными государственными органами. | 75 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
Полгода ожидания ради экзамена на водительские права — эту проблему необходимо решать.
Депутат Курултая от фракции «Ақ жол» Мейраш Шынасилова предложила увеличить количество экзаменационных площадок, привлечь аккредитованные частные автодромы и сделать запись на экзамены прозрачной — исключительно через eGov и eGov Mobile.
Цель — сократить очереди, исключить посредников и обеспечить равный доступ к экзаменам для всех.
https://www.instagram.com/reel/DdYiOzisQrG/?stkn=dWp3MXZwMXVvYWI3 | 77 | 0 | 0 | 1 | Loading... | |
16 сентября 2026 года в Алматы при поддержке городского филиала партии «Ак Жол» состоялась практическая деловая встреча предпринимателей, экспертов и представителей организаций по поддержке бизнеса.
Открыл встречу советник председателя Алматинского городского филиала демпартии «Ак жол» Ербол Омарханов, с приветственной речью выступили руководитель управления индивидуальных предпринимателей и физических лиц ДГД по г. Алматы Нурлыбек Успанов, Руководитель отдела контроля декларирования товаров ДГД по г. Алматы Серикжан Ахметжанов и директор Палаты предпринимателей НПП города Алматы Чингисхан Маманов.
Среди Предпринимателей делового круглого стола были представители легкой промышленности, сферы услуг, логистики и многие другие.
В формате диалога участникам была дана возможность задать вопросу членам президиума. Так, Аида Болатовна, операционной директор в сфере гостиничного и ресторанного бизнеса задала вопрос касательно найма персонала. К сожалению, многие сотрудники работают не по договору и официально не трудоустраиваются, в связи с чем предприниматели встречаются с текучкой кадров. Также, Марина Остапенко, директор по развитию бренда “BLS” раскритиковала нечестную конкуренцию с лжепроизводством и с «серыми» компаниям. «BLS» — отечественная компания по пошиву спортивной экипировки. По словам Марины Остапенко легкая промышленность имеет очень много барьеров, как экономических так административных, в то время как «серые компании» играют не по правилам, демпингуют и не являются квалифицированными игроками на рынке.
Среди озвучивания проблем городских предпринимателей, были и предложения в адрес НПП «Атамекен» по улучшению сервисной модели оказания помощи предпринимателям, так как предприниматели не всегда получают нужную информацию и остаются со своими вопросами наедине.
Представитель охранного бизнеса адресовал свой вопрос депутатам Курултая, который касался безопасности образовательных учреждений. По его словам многие объекты охраняются людьми физически слабо подготовленные и пенсионных лет, что делает охранную систему уязвимой. Сейчас в мире промышленные объекты, госучреждения, склады и объекты МСБ охраняются современными система безопасности с искусственным интеллектом.
Стоит отметить, что депутаты парламентской фракции «Ак жол» в 8 созыве Мажилиса РК поднимали данную тему после трагических событий в России. Более подробно о депзапросе можно ознакомиться по ссылке https://t.me/peruash/1757
В конце встречи, советник председателя Алматинского городского филиала партии «Ак жол» Ербол Омарханов предложил направить обращения по озвученным проблемам в адрес Алматинского городского филиала демпартии «Ак жол» для более детального обсуждения. | 76 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
2026 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қаласында «Ақ жол» партиясының қалалық филиалының қолдауымен кәсіпкерлер, сарапшылар және бизнесті қолдау ұйымдарының өкілдері қатысқан іскерлік кездесу өтті.
Жиынды «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі Ербол Омарханов ашты. Қатысушыларға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Нұрлыбек Успанов, сол департаменттің Тауарларды декларациялауды бақылау бөлімінің басшысы Серікжан Ахметжанов және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының («Атамекен» ҰКП құрылымындағы) Салалық даму бөлімінің басшысы Мақсат Жиентаев сөз сөйлеп, іс-шараны ашты.
Дөңгелек үстелге қатысқан кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, логистика және басқа да салалардың өкілдері болды.
Кездесу форматы қатысушыларға сарапшылар тобына сұрақ қоюға мүмкіндік беретін диалог түрінде өтті. Мәселен, қонақүй және мейрамхана саласындағы операциялық директор Аида Болатқызы қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға қатысты мәселе көтерді. Ол өкінішке қарай, көптеген қызметкердің ресми келісімшартсыз немесе ресми тіркеусіз жұмыс істейтінін, бұл кәсіпкерлер үшін кадрлардың жиі ауысуына әкеп соқтыратынын атап өтті. Сонымен қатар, отандық спорттық киім өндіруші «BLS» компаниясының брендті дамыту жөніндегі директоры Марина Остапенко жалған өндірушілер мен «көлеңкелі нарық» компаниялары тарапынан болатын әділетсіз бәсекелестікті сынға алды. М.Остапенконың айтуынша, жеңіл өнеркәсіп көптеген экономикалық және әкімшілік кедергілерге тап болып отырғанда, «көлеңкелі» компаниялар ережелерді елемей, демпингтік баға саясатын жүргізеді және нарықтың адал қатысушыларына тән біліктілік талаптарына сай келмейді.
Қала кәсіпкерлерінің алдында тұрған қиындықтарды талқылаумен қатар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қызмет көрсету арқылы қолдау көрсету моделін жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды, өйткені кәсіпкерлер қажетті ақпаратты әрдайым ала бермейді және мәселелерді өз бетінше шешуге мәжбүр болады.
Қауіпсіздік саласының өкілі білім беру мекемелерінің қауіпсіздігіне қатысты мәселені көтеріп, Құрылтай депутаттарына сұрақ қойды. Оның айтуынша, көптеген нысандарды физикалық тұрғыдан дайындығы төмен және зейнеткерлік жастағы қызметкерлер күзетіп жүр, бұл қауіпсіздік жүйесін осал етеді. Қазіргі таңда бүкіл әлемде өнеркәсіптік нысандар, мемлекеттік мекемелер, қоймалар және шағын әрі орта бизнес кәсіпорындары жасанды интеллект элементтері енгізілген заманауи қауіпсіздік жүйелері арқылы қорғалады.
Айта кетейік, Ресейдегі қайғылы оқиғалардан кейін «Ақ жол» парламенттік фракциясының депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында осы мәселені көтерген болатын. Парламенттік сауалға қатысты толығырақ ақпаратты мына сілтемеден табуға болады: https://t.me/peruash/1757.
Жиын соңында «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі Ербол Омарханов көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау үшін партияның қалалық филиалына ресми өтініштер жолдауды ұсынды. | 58 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
بدون متن... | 51 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
بدون متن... | 58 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
بدون متن... | 1 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
بدون متن... | 59 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
بدون متن... | 1 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
Жүргізуші куәлігін алу кезінде емтихандардың қолжетімдігін арттыру және кезектерді қысқарту туралы
«Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары -
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
Ж.Х. Мәдиевке
ҚР Ішкі істер министрі
Е.С. Саденовке
Авторы – Құрылтай депутаты Мейраш Шынасилова
«Digital Qazaqstan» жобасын іске асыру жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы «Адамдар емес, деректер жүгірсін» деп нақты айтқан болатын. Алайда, жүргізуші куәлігін алу кезінде бұл қағидаттың жүзеге аспай отырғанын мойындау қажет.
Азаматтар мен автомектептердің хабарлауынша, Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтиханды күту 6 айға дейін созылады. Бос орындар лезде таусылып, жазылу тетігі мөлдір емес: қай орынның кімге және қалай берілгені белгісіз. Тапшылық пен ашықтық жоқ жерде ақылы делдалдар пайда болмай қоймайды.
Мәселені тек мамандандырылған ХҚКО-лардың қолданыстағы мүмкіндіктері есебінен шешу жеткіліксіз. Емтихан өткізу жүйесінің өткізу қабілетін арттырумен қатар, цифрлық жазылу тетігін жетілдіру және мемлекеттік емес инфрақұрылымды заңнамада белгіленген талаптар негізінде пайдаланудың мүмкіндігін қарастыру қажет.
Теориялық емтихан бойынша кезекті азайту үшін мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақытын ұзарту және қосымша емтихан өткізу орындарын ұйымдастыру мәселесін қарастырған жөн. Бұл ретте Ұлттық тестілеу орталығы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
Практикалық емтихан бойынша жағдай бұдан да күрделі. Қазіргі таңда ол негізінен мамандандырылған ХҚКО-лардың автодромдарында өткізіледі. Мысалы, агломерацияны қоса алғанда халқы 2 миллионға жуық Астана қаласында бір ғана автодромның болуы, өткізу мүмкіндігінің шектеулі екенін көрсетеді.
Бұл ретте, жеке сектордың мүмкіндігін пайдалануға болады: көптеген алдыңғы қатарлы автомектептердің өз автодромдары бар. Сондықтан практикалық емтихан қабылдауға қойылатын бірыңғай техникалық, қауіпсіздік және ұйымдастырушылық талаптарды белгілеп, осы талаптарға сәйкес келетін жеке автодромдарды аккредиттеу арқылы емтихан қабылдауға тарту мүмкіндігін қарастыру қажет. Осы тәсілді теориялық емтиханға да қолдануға болады. Емтихан қабылдау тәртібі, бағалау критерийлері, бейнебақылау және нәтижелерді ақпараттық жүйеге енгізу талаптары барлық емтихан қабылдау орындары үшін бірдей болуы тиіс.
Сонымен қатар, емтиханға жазылу кезінде делдалдардың қызметін болдырмау қажет. Осыған байланысты емтиханға жазылуды тек «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы жүзеге асыруды және бос орындарды автоматты түрде бөлудің ашық әрі қорғалған тетігін енгізуді ұсынамыз. Бұл кезекті сатып алу, сатуға жол бермей, емтиханға жазылу мүмкіндігін барлық азаматтар үшін тең қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Үкіметтен:
1. Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақытын сағат 20:00-ге дейін ұзарту және теориялық емтихан өткізуге Ұлттық тестілеу орталығы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерін қосымша алаң ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыруды;
2. Бірыңғай талаптарға сәйкес келетін жеке автодромдар мен басқа да ұйымдарды аккредиттеу арқылы теориялық және практикалық емтихандарды өткізуге тарту мүмкіндігін қарастыруды;
3. Емтиханға жазылуды eGov және eGov Mobile арқылы ғана жүргізіп, бос орындарды автоматты бөлудің ашық әрі қорғалған тетігін енгізу және делдалдардың қызметін болдырмау жөнінде нақты шаралар қабылдауды сұрайды.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары
М. Шынасилова
Д. Еспаева
О. Нұралдинов
А. Қожахметов
Е. Юсупов
Д. Ахметжаев
Ю. Ли
Б. Бибаев | 56 | 0 | 0 | 1 | Loading... | |
Отандық полипропиленнің қазақстандық өндірушілер үшін қолжетімділігі туралы
«Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы
ҚР Премьер-Министрі
О. А. Бектеновке
Авторы – Ермекқалий Юсупов
Мемлекет басшысы 2022 жылы Атырау облысы халқының алдында сөйлеген сөзінде өңірді мұнай мен газды терең өңдеу орталығына айналдыру бойынша тапсырма берген болатын. Бұл тапсырманы жүзеге асыруда мұнай-химия кластерін қалыптастырудың алғашқы басқышы болып саналатын полипропилен өндірісін іске қосу ерекше рөл атқаруы керек еді.
Ппрезидент: «Көмірсутек шикізатының қоры жөнінен әлемдегі алдыңғы қатардағы жиырма елдің қатарына кіретін Қазақстан мұнай-химия өнімдеріне деген ішкі қажеттілігінің шамамен 95% импорт есебінен өтеп отыр. Бұл – жол беруге болмайтын жағдай», - деп атап өткен болатын.
KPI (Kazakhstan Petrochemical Industries) зауытын іске қосу маңызды қадам болды. Жобалық қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім өндіруге есептелген болса, 2022 жылдан бері төрт жыл ішінде өндіріс көлемі 450 мың тоннаға жуық көрсеткішке жетті.
Алайда өндіріс пен экспорт көлемінің өсуі аясында принципті сұрақ туындайды: Қазақстан қандай экономикалық мәселені шешіп отыр – жай ғана шикізат түйіршіктерін экспорттау ма, әлде мемлекет ішінде толыққанды қайта өңдеу тізбегін қалыптастыру ма?
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірілген 207 мың тонна полипропиленнің 20 мың тоннадан сәл астамы ғана ішкі нарыққа бағытталса, қалған 187 мың тоннасы экспортқа жөнелтілген.
Сонымен қатар отандық қайта өңдеуші кәсіпорындар елеулі баға кедергілеріне тап болып отыр. Бүгінгі күні полипропиленнің бағасы тоннасына 610-640 мың теңгені құрайды. Бірінші жартыжылдықта оның бағасы әлемдік бағалардың 31% өсу жағдайында шамамен 56% қымбаттаған.
Маусым айында әлемдік бағалардың өсуіне байланысты KPI полипропиленнің бір тоннасының бағасын 120 мың теңгеге арттырды. Одан кейінгі 7-8% төмендеу бұған дейін жүргізілген баға саясатының салдарын ішінара ғана өтей алды.
Шағын және орта бизнес үшін бұл жағдай өндірісті тоқтату, жұмыс орындарынан айырылу және импорттық өнімдермен бәсекелестік қабілетінің төмендеу қаупін туындатады.
Нәтижесінде полипропилен Қазақстанда өндірілгенімен, қосымша құны жоғары өнімдер елден тыс жерде өндірілуде. Бұл шикізаттық модельден терең қайта өңдеуге көшу логикасына қайшы келеді.
2024 жылы «Ақ жол» партиясы отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді бағадағы шикізатпен қамтамасыз етуді ұсынған болатын. Бұл ұсыныстар Президенттің Үкіметке берген тапсырмаларында көрініс тапты. Алайда аталған тетік тек металлургия саласына ғана қолданылып, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңда бекітілді. Осы тетікті мұнай-химия саласына да қолдану қажет деп санаймыз.
Бұл мәселені тек біздің партия ғана көтеріп отырған жоқ. «Әділет» партиясының депутаттары да ұлттық ресурстар аса жоғары табыс үшін экспортқа ғана шығарылмай, ең алдымен ішкі нарықтың қажетіне жұмсалуы тиіс деп санайды.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, мынаны сұраймыз:
1. KPI және салалық бірлестіктермен бірге отандық қайта өңдеушілердің шикізат қажеттілігінің нақты жылдық теңгерімін қалыптастыруды, сондай-ақ кепілді көлемдер мен экономикалық тұрғыдан негізделген шикізат бағасы көрсетілген ұзақ мерзімді келісімдер жасауды қарастыруды;
2. Импортты алмастыруға болатын полипропилен өнімдерінің тізімін анықтау және дайын өнімді экспорттайтын отандық кәсіпорындар үшін шикізат құны бойынша жеңілдіктер беру мүмкіндігін қарастыруды;
3. Полипропилен мен полиэтилен өндіруді және оларды терең қайта өңдеуді біріктіретін мұнай-химия кластерін мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын, нақты мерзімдер мен жауапты мемлекеттік органдар белгіленген жол картасын әзірлеуді.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
Е. Юсупов
Д. Еспаева
О. Нұралдинов
А. Қожахметов
М. Шынасилова
Д. Ахметжаев
Ю. Ли
Б. Бибаев және «Әділет» фракциясының депутаттары | 60 | 0 | 0 | 0 | Loading... | |
О доступности отечественного полипропилена для казахстанских производителей
Депутатский запрос фракции «Ақ жол»
Премьер-Министру РК
Бектенову О.А.
Озвучил – Ермеккалий Юсупов
Еще в 2022 году Глава государства, выступая перед общественностью Атырауской области, поставил задачу сделать регион центром глубокой переработки нефти и газа. Особую роль в реализации этой задачи должен был сыграть запуск производства полипропилена, который стал бы первым этапом формирования нефтехимического кластера.
Президент отметил: «Входя в двадцатку мировых лидеров по запасам углеводородного сырья, Казахстан почти 95% своих потребностей в нефтехимической продукции покрывает за счет импорта. Это неприемлемая ситуация».
Запуск завода KPI (Kazakhstan Petrochemical Industries) стал важным шагом. При проектной мощности 500 тыс. тонн в год, производство в течении четырех лет, с 2022 года, приблизилось к показателю 450 тыс. тонн.
Однако, на фоне роста производства и экспорта возникает принципиальный вопрос: какую экономическую задачу решает Казахстан – просто экспортировать сырьевую гранулу или создавать внутри страны полноценную цепочку переработки?
За первое полугодие 2026 года из произведенных 207 тыс. тонн полипропилена на внутренний рынок направлено чуть более 20 тыс. тонн, тогда как остальные 187 тыс. тонн отправлены на экспорт.
Вместе с этим, отечественные переработчики сталкиваются с серьезными ценовыми барьерами. Сегодня цена полипропилена составляет от 610 до 640 тыс. тенге за тонну. За первое полугодие 2026 года она выросла примерно на 56%, при росте мировых цен на 31%.
В июне на фоне роста мировых цен KPI повысил стоимость полипропилена на 120 тыс. тенге за тонну, и последовавшее за этим снижение на 7-8%, лишь частично компенсировало последствия ранее проводимой ценовой политики.
Для малого и среднего бизнеса – это риск остановки производства, потери рабочих мест и снижение конкурентоспособности перед импортом.
В результате полипропилен выпускается в Казахстане,
а продукция с высокой добавленной стоимостью – за его пределами, что противоречит логике перехода от сырьевой модели к глубокой переработке.
В 2024 году партия «Ак жол» предлагала обеспечить отечественные перерабатывающие предприятия сырьем по доступным ценам. Эти предложения нашли отражение в поручениях Президента Правительству, однако механизм был распространен лишь на металлургическую отрасль и закреплен в Законе «О промышленной политике». Считаем необходимым распространить его и на нефтехимическую отрасль.
Данная проблема поднимается не только нашей партией, также депутаты от партии «Әділет» считают, что национальные ресурсы должны работать прежде всего на внутренний рынок, а не уходить на экспорт, в погоне за сверхприбылью.
В связи с вышеизложенным, просим:
1. Совместно с KPI и отраслевыми объединениями сформировать реальный годовой баланс потребности отечественных переработчиков, а также рассмотреть вопрос
о единой ценовой политике, предусматривающей заключение долгосрочных соглашений с гарантированными объемами
и экономически обоснованной ценой сырья.
2. Определить перечень продукции из полипропилена для импортозамещения и рассмотреть преференции по стоимости сырья для отечественных предприятий, экспортирующих готовую продукцию.
3. Разработать дорожную карту с мерами господдержки нефтехимического кластера, объединяющего производство полипропилена, полиэтилена и их глубокую переработку,
с указанием конкретных сроков и ответственных госорганов.
С уважением,
Депутаты фракции «Ак жол»
Юсупов Е.
Еспаева Д.
Нуралдинов О.
Кожахметов А.
Ахметжаев Д.
Шынасилова М.
Ли Ю.
Бибаев Б.
и депутаты фракции «Әділет» | 69 | 0 | 0 | 1 | Loading... |

