fa
Feedback
СТУДЕНТ | СЕССИЯ

СТУДЕНТ | СЕССИЯ

رفتن به کانال در Telegram

📈 تحلیل کانال تلگرام СТУДЕНТ | СЕССИЯ

کانال СТУДЕНТ | СЕССИЯ (@studentke_komek_kz) در بخش زبانی قزاقی بازیگری فعال است. در حال حاضر جامعه شامل 10 279 مشترک است و جایگاه 20 686 را در دسته آموزش و رتبه 964 را در منطقه كازاخستان دارد.

📊 شاخص‌های مخاطب و پویایی

از زمان ایجاد در невідомо، پروژه رشد سریعی داشته و 10 279 مشترک جذب کرده است.

بر اساس آخرین داده‌ها در تاریخ 14 سپتامبر, 2026، کانال فعالیت پایداری دارد. در ۳۰ روز گذشته تغییر اعضا برابر -1 982 و در ۲۴ ساعت گذشته برابر -30 بوده و همچنان دسترسی گسترده‌ای حفظ شده است.

  • وضعیت تأیید: تأیید نشده
  • نرخ تعامل (ER): میانگین تعامل مخاطب 52.45% است و در ۲۴ ساعت نخست پس از انتشار، محتوا معمولاً 11.82% واکنش نسبت به کل مشترکان کسب می‌کند.
  • دسترسی پست‌ها: هر پست به طور میانگین 4 832 بازدید دریافت می‌کند. در اولین روز معمولاً 1 089 بازدید جمع‌آوری می‌شود.
  • واکنش‌ها و تعامل: مخاطبان به‌طور فعال حمایت می‌کنند؛ میانگین واکنش به هر پست 28 است.

📝 توضیح و سیاست محتوایی

نویسنده این فضا را محل بیان دیدگاه‌های شخصی توصیف می‌کند:
@kazstdkz

به لطف به‌روزرسانی‌های پرتکرار (آخرین داده در تاریخ 15 سپتامبر, 2026)، کانال همواره به‌روز و دارای دسترسی بالاست. تحلیل‌ها نشان می‌دهد مخاطبان به‌طور فعال با محتوا تعامل دارند و آن را به نقطه اثرگذاری مهم در دسته آموزش تبدیل کرده‌اند.

10 279
مشترکین
-3024 ساعت
-3167 روز
-1 98230 روز
آرشیو پست ها
14.07 17:00-дегі соңғы мәлімет бойынша құжат тапсырғандар саны
14.07 17:00-дегі соңғы мәлімет бойынша құжат тапсырғандар саны

photo content

📩 Болашақ түлектердің және қайта тапсырушы талапкерлердің назарына! Грантқа түсу нақты мақсатыңыз болса, мына ақпаратты міндетті түрде ескеріңіз. ​Тіл мен әдебиет, Шет тілі, Дүниежүзі тарихы немесе Құқық сияқты пәндерді таңдар алдында жақсылап ойланыңыз. Бұл бағыттарда грант саны аз, ал бәсеке тым жоғары. Ең бастысы, "бәрі осы пәнді таңдап жатыр" деп өзгелерге ермеңіз. Достарыңыздың соңынан кетпей, өз жүрегіңіздің қалауына құлақ түріңіз. Егер таңдаған бағытыңыз жаныңызға жақын болса және ҰБТ нәтижеңіз нақты 125 баллдан жоғары болатынына сенімді болсаңыз немесе ақылы да оқи аламын десеңіз тәуекел етіңіз. Жүрегіңізді тыңдап, мүмкіндігіңізді нақты бағалаңыз! ❤️

Қай комбинацияда бәсеке көп? НАҒЫЗ ҰБТ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ МӘЛІМЕТТЕР
+9
Қай комбинацияда бәсеке көп? НАҒЫЗ ҰБТ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ МӘЛІМЕТТЕР

Қазақ тілі мен әдебиетін таңдағандарға бәсеке жоғары болайын деп тұр, әлі қазтестті конвертацияламағандар да бар
Қазақ тілі мен әдебиетін таңдағандарға бәсеке жоғары болайын деп тұр, әлі қазтестті конвертацияламағандар да бар

Грант конкурсына қатысқанда квотаны растайтын құжаттарды міндетті түрде тапсыруыңыз қажет. Әйтпесе квота есепке алынбайды https://t.me/studentke_komek_kz

Бұл мәлімет сіздің грант конкурсында дұрыс таңдау жасауыңызға септігін тигізеді
Бұл мәлімет сіздің грант конкурсында дұрыс таңдау жасауыңызға септігін тигізеді

76% талапкер грант конкурсына қатыса алады
76% талапкер грант конкурсына қатыса алады

❤️ Грант конкурсына құжат қабылдаудың басталуымен құттықтаймыз! Бұл маңызды қадам сізге жаңа мүмкіндіктер, үлкен жетістіктер әкелсін. Еңбегіңіз жанып, қалаған мамандығыңызға грант ұтып алуыңызға тілектеспіз. Сәттілік серігіңіз болсын, таңдауыңыз жемісті аяқталсын!

👥 Сәлем, талапкерлер! 🔔 Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. ✉️ Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар: 🔵жеке куәлік; 🔵ҰБТ сертификаты; 🔵3х4 көлеміндегі фото; 🔵орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом; 🟦жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар; 🟦B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек. 📌Қосымша ақпарат бойынша жоо-лардың қабылдау комиссияларына хабарласа аласыздар. https://t.me/studentke_komek_kz

❗️Профориентолог (мамандық таңдау бойынша кеңесші) мамандандырылған көмекке жүгінгенде, қателеспей дұрыс таңдау жасау үшін мынадай маңызды критерийлерге назар аудару қажет: 1. Кәсіби сертификаттар мен дипломдар Ең алдымен маманның біліміне мән беріңіз. Кәсіби профориентологтың психология, педагогика немесе HR (адам ресурстарын басқару) саласында жоғары білімі болуы шарт. Бұған қоса, оның профориентология бағытында арнайы оқудан өткенін растайтын халықаралық немесе мемлекеттік үлгідегі сертификаттарының болуын тексеріңіз. Тек қысқа мерзімді марафондарды бітірген адамдар толыққанды талдау жасай алмайды. ​2. Қолданатын әдістемелері мен құралдары ​Жақсы маман тек бір ғана тест нәтижесіне сүйеніп шешім шығармайды. Ол кешенді тәсілдерді қолданады: ​Ғылыми негізделген кәсіби тестілеу бағдарламалары; ​Жеке сұхбаттасу және коучинг әдістері; ​Үміткердің құндылықтары мен ішкі мотивтерін анықтау. 3. Еңбек нарығын меңгеру деңгейі ​Нағыз профориентолог тек теорияны емес, қазіргі және болашақтағы еңбек нарығының трендтерін өте жақсы білуі керек. Ол қай мамандықтың жойылып бара жатқанын, қай саланың сұранысқа ие екенін және ЖОО таңдау бойынша нақты бағыт-бағдар бере алуы қажет. 4. Тәжірибесі мен пікірлер ​Маманның бұл саладағы жұмыс тәжірибесіне және алдында кеңес алған адамдардың шынайы пікірлеріне назар аударыңыз. Оның көмегімен нақты мамандық таңдап, грантқа түскен немесе өз жолын тапқан студенттердің сәтті кейстері маман кәсібилігінің басты көрсеткіші болады. ​Маңызды түйін: Профориентолог таңдау болашаққа жасалған инвестиция. Сондықтан құжаттары мен кәсіби деңгейі толық расталған, сенімді сарапшыларға ғана жүгінген абзал.

🫶 ТӨРТ ТАҢДАУДЫҢ АЛТЫН ФОРМУЛАСЫ 🔍 ​Университеттерді тізгенде оларды баллға қарай деңгейлеп, мына ретпен орналастырған тиімді: 🚀 ​1-ші таңдау: "Арман" (Тәуекел). Мұнда өзіңіз ең қатты қалайтын, бірақ өткен жылғы шекті балл сіздің баллыңыздан сәл жоғары немесе тең топтық білім беру бағдарламасын (университетті) қойыңыз. Бағыңызды сынап көруге толық құқығыңыз бар. 2-ші және 3-ші таңдау: "Реалды" (Нақты мүмкіндік). Өткен жылғы грант нәтижесі сіздің жинаған баллмен сәйкес келетін, грантқа түсу ықтималдығыңыз өте жоғары оқу орындары. 🤖4-ші таңдау: "Қауіпсіздік" (Подушка). Мұнда өткен жылғы грант ұпайлары өте төмен болған немесе сіздің нәтижеден әлдеқайда аз балл талап ететін университетті қойыңыз. Бұл қандай жағдай болмасын грантсыз қалмаудың төтенше жолы. https://t.me/studentke_komek_kz

▶️Университет беделі маңызды ма, әлде мамандық па? 📌Университет тек 4 жыл, ал мамандық бүкіл өмір. ​Еліміздегі ең беделді, "
▶️Университет беделі маңызды ма, әлде мамандық па? 📌Университет тек 4 жыл, ал мамандық бүкіл өмір. ​Еліміздегі ең беделді, "топ" университетте оқысаң да, өзің жек көретін немесе мүлдем түсінбейтін мамандықта жүрсең, оқу сен үшін азапқа айналады. Диплом алғаннан кейін ол саламен айналысқың келмейді, нәтижесінде грант пен 4 жыл уақытың босқа кетеді. 📌Қазіргі заманда жұмыс беруші ЖОО-ның атына емес, маманның біліктілігіне қарайды. ​Қазіргі еңбек нарығында (әсіресе IT, маркетинг, дизайн, бизнес салаларында) дипломның түсі мен университеттің атауы екінші орынға ысырылған. Жұмыс берушіні "Сен не істей аласың? Қандай дағдыларың (skills) бар?" деген сұрақ қызықтырады. Жақсы мамандықты орташа университетте оқып-ақ, өз бетімен ізденіп, мықты сарапшы болуға болады. 📌"Университет" таңдау қашан маңызды болады? ​Тек мынадай ерекше жағдайларда ғана ЖОО-ның атына басымдық беруге болады: ➖ ​Орта: Мықты университеттерде айналаңдағы студенттер де, оқытушылар да өте белсенді, креативті болады. Мұндай орта адамды тез өсіреді. ➖ ​Академиялық іргетас: Егер сен медицина, заңгерлік немесе ядролық физика сияқты фундаменталды ғылымдарды таңдасаң, университет базасының, зертханаларының мықты болғаны маңызды. ​Ең тиімді формула алдымен мамандықты нақтылап алу, содан кейін барып сол мамандықты ең жақсы оқытатын университетті іздеу. https://t.me/studentke_komek_kz

🏫Мектеп пен Универ: Басты айырмашылықтар қандай? Мектеп бітіріп, студент атану бұл тек ғимараттың ауысуы емес, өміріңіздің мүлдем жаңа деңгейге шығуы. Болашақ бірінші курс студенттеріне арналған ең басты айырмашылықтар:Бақылау мен ЕрікМектепте: Мұғалімдер күнделік тексеріп, сабаққа қатысуыңды қатаң қадағалайды, үй тапсырмасын сұрайды. ​Университетте: Ешкім соңыңнан жүгірмейді. Сабаққа бару-бармау өз еркіңде, бірақ сессия кезінде әр жіберілген күн үшін жауап беруге тура келеді. ​Бағалау жүйесіМектепте: Күнделікті бағалар, бағаны түзетуге мүмкіндік көбірек. ​Университетте: Күрделі GPA жүйесі. Бағалар баллмен (сабаққа қатысу, аралық бақылау, силлабус талаптары) жиналып, ең соңында емтиханмен бекітіледі. Мұнда "бағаны түзетіп жіберіңізші" деген өтпейді. ​Сабақ кестесі мен уақытМектепте: Күнде 5-6 қысқа сабақ, тұрақты бір сыныпта отырасың. ​Университетте: Сабақтар "Пара" деп аталады. Әр лекция мен практика үшін өзге аудиторияларға, тіпті басқа корпустарға көшіп жүресің. Кейде кестеде бос сағаттар болады. ​Жауапкершілік ​Мектепте: Сәтсіздіктер үшін ата-анаңмен бірге уайымдайсың. ​Университетте: Сен толықтай ересек адамсың. Шәкіртақыны сақтап қалу, оқудан шығып қалмау тек өзіңе байланысты. ​📌 Қорытынды: Мектепте сені бағыттап отырса, университетте өз өміріңнің басты директоры өзіңсің. Бұл қиындау көрінгенімен, керемет еркіндік пен қызықты кезең! https://t.me/studentke_komek_kz

🤖ЖОО ШЕКТІ БАЛЛДАРЫ https://t.me/studentke_komek_kz