fa
Feedback

فریب کلاهبرداران را نخورید! تل‌متریو این کانال‌ها را شناسایی و برچسب‌گذاری می‌کند 👉 برای مشاهده برچسب، اشتراک تهیه کنید

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

رفتن به کانال در Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

نمایش بیشتر
کشور مشخص نشده استدسته بندی مشخص نشده است
1 742
مشترکین
-224 ساعت
+17 روز
+430 روز
آرشیو پست ها
Кітаптың атын, авторын сұрап жатқан ханымдар үшін 🌷💗 ⬆️
Кітаптың атын, авторын сұрап жатқан ханымдар үшін 🌷💗 ⬆️

🕌 Сирадан, сүннеттен мысал, үлгі Айша анамыз радыйаллаху анха бір күні Аллаһ Елшісіне 🌟құрбандыққа шалынған қойдың етін таратып беріп жатқанын айтты. Аллаһ Елшісі 🌟 сұрады: — «Не қалды?» Айша радыйаллаху анха жауап берді: — «Тек жауырыннан басқа ештеңе қалмады». Сонда Аллаһ Расулы 🌟 айтты: — «Олай емес, жауырыннан басқасының бәрі қалды» Осы бір үзіндіден көре аламыз, адамның қалай дұрыс ойлауы амалына әсер етеді. Бәрін ахиретпен байланыстырушы адамнан дұрыс амалдар шығады, оған беру, сабыр ету, шүкір ету, разы болу, жақсылық жасау, ұмтылу, ниетін түзеу Аллаһтың қалауымен жеңілдейді. Толықтай Аллаһқа, Ахиретке иман келтіргесін, Аллаһ оның жүрегіне оңай етіп қояды сол амалдарды🤍 وَصَدَّقَ بِٱلْحُسْنَىٰ сондай-ақ (сенім, амал және сол үшін берілетін қарымта мәселесінде) ең абзал болғанды шын жүрегімен растаса, («Ләйл» сүресі 92:6) فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلْيُسْرَىٰ Біз де ол үшін мәңгілік бақытқа (пейішке) жеткізетін жолды (және ақиреттегі есебін) жеңілдетеміз. («Ләйл» сүресі 92:7) #жүрек #Аллаһтытану #сынақ #ой #сүннет #сира #құран 🪶Әл-Ләтыфтың құлы

مَّنْ عَمِلَ صَٰلِحًا فَلِنَفْسِهِۦ ۖ وَمَنْ أَسَآءَ فَعَلَيْهَا ۗ وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّٰمٍ لِّلْعَبِيدِ Кімде-кім жақсылық жасаса, өз пайдасына, сондай-ақ кім жамандық жасаса, өз зиянына. Раббың құлдарына әсте зұлымдық жасамайды. («Фуссилат» сүресі 41:46)

هَٰٓأَنتُمْ هَٰٓؤُلَآءِ تُدْعَوْنَ لِتُنفِقُوا۟ فِى سَبِيلِ ٱللَّهِ فَمِنكُم مَّن يَبْخَلُ ۖ وَمَن يَبْخَلْ فَإِنَّمَا يَبْخَلُ عَن نَّفْسِهِۦ ۚ وَٱللَّهُ ٱلْغَنِىُّ وَأَنتُمُ ٱلْفُقَرَآءُ ۚ وَإِن تَتَوَلَّوْا۟ يَسْتَبْدِلْ قَوْمًا غَيْرَكُمْ ثُمَّ لَا يَكُونُوٓا۟ أَمْثَٰلَكُم (Уа, мүміндер!) Қазір сендер мал-дүниелеріңнің бір бөлігін Алла жолында жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда араларыңдағы базбіреулер сараңдық танытуда. Ендеше, кімде-кім сараңдық танытса, тек өз-өзіне сараңдық танытып, өз-өзін көптеген жақсылықтан мақұрым еткені. Алла – Ғани (ешкімге һәм еш нәрсеге мұқтаж емес шексіз, түгесілмес байлық иесі), ал сендер пақырсыңдар (һәм Аллаға әркез мұқтажсыңдар)! Егер (иман келтіруден және Оған қалтқысыз мойынсұнудан) бас тартатын болсаңдар, онда Ол сендердің орындарыңа басқа қауымды әкеледі һәм олар сендер сияқты болмайды. («Мұхаммед» сүресі 47:38)

✨Дұрыс ойлау-дұрыс реакция, амалға себеп болады. Қате ойлау-қате реакция, амалға себеп болады.✨ 🤎 Барлық нәрседен Аллаһты, Билігін, Даналығын көруші адам, тағдырға иман келтірген адам, дүние-сынақ екенін білетін адам, соны ойлайтын адам-Аллаһтың қалауымен дұрыс реакция көрсетеді, дұрыс амал жасайды. 🌑 Барлық нәрседен тек жаратылыстарды, олардың өздігінен пайда, зиян беріп, алып жатқанын көруші, тағдырға толықтай иман келтірмеген адам, дүние-рахат табатын жер деп ойлайтын адам- Аллаһтың қалауымен қате реакция көрсетеді, қате амал жасайды. 📒Дұрыс амалымен өзіне жақсылық жасаған болады. Қате амалымен өзіне зұлымдық жасап, қинаған болады.📕 وَلِلَّهِ ٱلْمَشْرِقُ وَٱلْمَغْرِبُ ۚ فَأَيْنَمَا تُوَلُّوا۟ فَثَمَّ وَجْهُ ٱللَّهِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ وَٰسِعٌ عَلِيمٌ Шығыстың да, батыстың да иесі бір Алла. Жүздеріңді қай жаққа қаратсаңдар да, Аллаға бет бұрған боласыңдар. Шүбәсіз, (күллі жаратылысты мейіріміне бөлеген) Алла өте кең, бәрін білетін шексіз ілім иесі. («Бақара» сүресі 2:115) وَلَا تَدْعُ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُكَ وَلَا يَضُرُّكَ ۖ فَإِن فَعَلْتَ فَإِنَّكَ إِذًا مِّنَ ٱلظَّٰلِمِينَ «Алладан өзге өзіңе пайда да келтіре алмайтын, зиян да тигізе алмайтын нәрсеге жалбарынып, сиынба. Егер солай істейтін болсаң, сөзсіз, (ауыр күнәға батып, өз-өзіне қиянат жасаған) залымдардың бірі боласың». («Юнус» сүресі 10:106) مَآ أَصَابَ مِن مُّصِيبَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ ٱللَّهِ ۗ وَمَن يُؤْمِنۢ بِٱللَّهِ يَهْدِ قَلْبَهُۥ ۚ وَٱللَّهُ بِكُلِّ شَىْءٍ عَلِيمٌ Басқа келген әр жамандық Алланың рұқсатымен ғана болады. Кімде-кім Аллаға шын көңілден иман келтірсе, Алла оның жүрегін ақиқатқа және дұрыс бағытқа бұрады. Алла барлық нәрсені біледі. («Тағабун» сүресі 64:11) قُلِ ٱللَّهُمَّ مَٰلِكَ ٱلْمُلْكِ تُؤْتِى ٱلْمُلْكَ مَن تَشَآءُ وَتَنزِعُ ٱلْمُلْكَ مِمَّن تَشَآءُ وَتُعِزُّ مَن تَشَآءُ وَتُذِلُّ مَن تَشَآءُ ۖ بِيَدِكَ ٱلْخَيْرُ ۖ إِنَّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ قَدِيرٌ (Уа, Мұхаммед!) Былай деп айт: «Уа, бар билік бір Өзіне ғана тиесілі болған Алла тағалам! Сен билікті қалағаныңа бересің һәм қалағаныңнан билікті тартып аласың. Сондай-ақ қалағаныңды үстем етесің және қалағаныңды қор қыласың. Жақсылық атаулы бір Өзіңнің иелігіңде. Шүбәсіз, Сенің құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді». («Әли Имран» сүресі 3:26) أَحَسِبَ ٱلنَّاسُ أَن يُتْرَكُوٓا۟ أَن يَقُولُوٓا۟ ءَامَنَّا وَهُمْ لَا يُفْتَنُونَ Сонда адамдар «иман келтірдік» десе болды, (бұл өмірде) сынақтан сырт қаламыз, өз жайымызбен жүре береміз деп ойлай ма? («Анкәбут» сүресі 29:2) وَمَآ أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ مِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ إِلَّآ إِنَّهُمْ لَيَأْكُلُونَ ٱلطَّعَامَ وَيَمْشُونَ فِى ٱلْأَسْوَاقِ ۗ وَجَعَلْنَا بَعْضَكُمْ لِبَعْضٍ فِتْنَةً أَتَصْبِرُونَ ۗ وَكَانَ رَبُّكَ بَصِيرًا (Уа, Мұхаммед!) Сенен бұрын жіберген елшілеріміз де (өзге адамдар сияқты) ішіп-жейтін және (керек-жарағын алу үшін) базар аралайтын еді. (Уа, адамдар!) Біз сендерді лайықты түрде сабырлылық таныта алар ма екенсіңдер деп бір-біріңмен сынап көрудеміз! Раббың бәрін көруде. («Фурқан» сүресі 25:20) #сынақ #Аллаһтытану #жүрек #ой 🪶Әл-Ләтыфтың құлы

Бойымыздағы сабырсыздық, нәтижені, белгіні, дұғаға жауапты тездету-сынақ✨менің табиғатымда сондай бар екен деп, ақталу үшін келген жоқ бұл аят, керісінше, менің табиғатымда бұл бар екен, сынақ үшін деп қабылдауым керек. Адамның Аллаһ үшін сабырмен, Аллаһ жайлы жақсы оймен күте алуы, байсалды болуы-көркем мінезден, тәуекелден🌾 #насихат #сабыр

خُلِقَ ٱلْإِنسَٰنُ مِنْ عَجَلٍ ۚ سَأُو۟رِيكُمْ ءَايَٰتِى فَلَا تَسْتَعْجِلُونِ «Адам баласының болмысына асығыстық сіңірілген. Мен сендерге Өз белгілерімді біртіндеп көрсетемін. Сондықтан Менен (үкімнің, нәтиженің) тездетілуін талап етпеңдер.» (21:37)

Сынақ деп ескеру насихаттарына қосымша🤍 Йақин арту үшін, ғибрат болу үшін ғана бөлісудемін. وَكَذَٰلِكَ أَعْثَرْنَا عَلَيْهِ
+1
Сынақ деп ескеру насихаттарына қосымша🤍 Йақин арту үшін, ғибрат болу үшін ғана бөлісудемін.
وَكَذَٰلِكَ أَعْثَرْنَا عَلَيْهِمْ لِيَعْلَمُوٓا۟ أَنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقٌّ وَأَنَّ ٱلسَّاعَةَ لَا رَيْبَ فِيهَآ إِذْ يَتَنَٰزَعُونَ بَيْنَهُمْ أَمْرَهُمْ ۖ فَقَالُوا۟ ٱبْنُوا۟ عَلَيْهِم بُنْيَٰنًا ۖ رَّبُّهُمْ أَعْلَمُ بِهِمْ ۚ قَالَ ٱلَّذِينَ غَلَبُوا۟ عَلَىٰٓ أَمْرِهِمْ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيْهِم مَّسْجِدًا Міне, осылайша Аллаһтың (иман келтіріп, игі істер істеген құлдарын түбінде үстем қылатындығы жайлы) уағдасының хақ екендігі әрі қиямет-қайымның күндердің күнінде орнайтындығына күмән келтірмеу керектігін көкейлеріне түйіп алсын деп, адамдарды олардың жайынан хабардар еттік. Сөйтіп, үңгір иелері дүние салғаннан кейін, оларды көрген ел-жұрт олардың құрметіне не істеп, не қою керектігі жайлы сөз таластырды. Сонда кейбіреулер: «Олардың басына кесене тұрғызайық. Анығында, біз олардың жай-күйін толық түсіне алмадық. Жай-күйлерін Раббылары бәрінен жақсы біледі», – деді. Ақырында, бұл пікірталаста өз ойын қорғап шыққан (мүмін)дер бірауыздан «Олардың басына мешіт тұрғызамыз» деген шешімге келді. («Кәһф» сүресі 18:21) سَيَقُولُونَ ثَلَٰثَةٌ رَّابِعُهُمْ كَلْبُهُمْ وَيَقُولُونَ خَمْسَةٌ سَادِسُهُمْ كَلْبُهُمْ رَجْمًۢا بِٱلْغَيْبِ ۖ وَيَقُولُونَ سَبْعَةٌ وَثَامِنُهُمْ كَلْبُهُمْ ۚ قُل رَّبِّىٓ أَعْلَمُ بِعِدَّتِهِم مَّا يَعْلَمُهُمْ إِلَّا قَلِيلٌ ۗ فَلَا تُمَارِ فِيهِمْ إِلَّا مِرَآءً ظَٰهِرًا وَلَا تَسْتَفْتِ فِيهِم مِّنْهُمْ أَحَدًا (Үңгір иелері және олардың басынан өткен ғибратты оқиғадан ғибрат алудың орнына) кейбіреулер: «Олар үшеу еді, төртіншісі ит болатын», – десе, кейбіреулері: «Олар бесеу еді, алтыншысы ит болатын», – дейді. Олардың мұнысы небәрі ғайыпты болжау ғана. Енді біреулері: «Олар жетеу еді, сегізіншісі ит болатын», – деп айтады. (Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Олардың нақты санын Раббым бәрінен де жақсы біледі. Анығында, олардың жай-күйін білетін адамдар өте аз», – деп айт. Сондықтан олар жайлы ашық айтылған (білдірілген) ақиқаттардан өзге мәселелерде ешкіммен сөз таластырма һәм олар жайлы өздерінше сөз таластырып жүргендерден де еш нәрсе сұрама. («Кәһф» сүресі 18:22) وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّمَآ أَمْوَٰلُكُمْ وَأَوْلَٰدُكُمْ فِتْنَةٌ وَأَنَّ ٱللَّهَ عِندَهُۥٓ أَجْرٌ عَظِيمٌ Сондай-ақ дүние-мүліктерің мен бала-шағаларыңның тек (бұл өмірдегі) сынақ екенін біліп қойыңдар. Һәм ең үлкен сый-сияпат пен зор сауаптың Алланың дәргейінде екенін де білгейсіңдер! («Әнфәл» сүресі 8:28)
وَمَا كَانَ لَهُۥ عَلَيْهِم مِّن سُلْطَٰنٍ إِلَّا لِنَعْلَمَ مَن يُؤْمِنُ بِٱلْءَاخِرَةِ مِمَّنْ هُوَ مِنْهَا فِى شَكٍّ ۗ وَرَبُّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ حَفِيظٌ Әсілі, шайтанның оларды өз ырқына мәжбүрлеп көндіретіндей құдіреті жоқ.
Алайда Біз кімнің ақиретке шынымен сенетінін және кімнің оған шәк келтіретіндігін айқындап, оларды бір-бірінен айыру үшін
(әзәзіл шайтанға адамды әр қилы жолмен
азғыруға мүмкіндік беріп, сол арқылы адам баласын сынаймыз)
.
Ендеше, Раббың бәрін бақылауда һәм (ауыздан шыққан әр сөзді және істелінген әр істі періштелеріне) жаздыруда.
(«Сәбә» сүресі 34:21)
#түс #сынақ

сынақ екенін ескеретін адам “кемел” болып кетпейді, “күнәдан пәк” болып та кетпейді, одан да керемет Аллаһқа “мұқтаждығын” үнемі білдіруші, Аллаһтан ұялушы, “құл” деген атқа лайық пендеге айнала бастайды🤍

қараңыздаршы, сынақ екенін ескеру адамға қалай әдемі әсер етеді Аллаһтың Қалауымен🤍

قَالَ لَقَدْ ظَلَمَكَ بِسُؤَالِ نَعْجَتِكَ إِلَىٰ نِعَاجِهِۦ ۖ وَإِنَّ كَثِيرًا مِّنَ ٱلْخُلَطَآءِ لَيَبْغِى بَعْضُهُمْ عَلَ
قَالَ لَقَدْ ظَلَمَكَ بِسُؤَالِ نَعْجَتِكَ إِلَىٰ نِعَاجِهِۦ ۖ وَإِنَّ كَثِيرًا مِّنَ ٱلْخُلَطَآءِ لَيَبْغِى بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَقَلِيلٌ مَّا هُمْ ۗ وَظَنَّ دَاوُۥدُ أَنَّمَا فَتَنَّٰهُ فَٱسْتَغْفَرَ رَبَّهُۥ وَخَرَّ رَاكِعًا وَأَنَابَ ۩ Сонда Дәуіт: «Бұл сенің жар дегенде жалғыз саулығыңды өзінің қойларына қосып алмақ болып, саған расында да, қиянат жасаған екен. Расында, мұндай мал-мүлікке ортақтасып, аралас-құралас болған талай адамдар осылайша бір-бірінің ақысын жеп жатады. Ал иман келтіріп, игілікті істер істейтіндердің жөні бөлек, (олар мұндай қиянатқа әсте бармайды). Алайда ондай жандар некен саяқ», – деді. Ақырында, Дәуіт өзін сынағанымызды түсінді де, бірден Раббысынан кешірім сұрап, иілген бойда сәждеге жығылып, (көз жасын көл қылды), сөйтті де жан-тәнімен тәубе етіп, Раббысына бет алды. («Сад» сүресі 38:24)

Біз өмірімізде, бір күніміздің ішінде болып жатқан әр жағдайға, әр адамға, тіпті әр ойымызға – сынақ деп қарасақ, сынақ екенін ескерсек, көп нәрсе жеңілдейді. Себебі, адам сыналып жатқанын жүрекпен сезбегенде ғапылдыққа түсіп қалады, сынақтың даналығын көрмей қалады, сол үшін өз-өзіне, басқаларға да ұнамай, сұр түсті болып кетеді өмірі. Сыналып жатқанын әр сәт сезуші адам, ол нағыз тірі адам. Аллаһтың жәрдемімен ең жақсы, пайдалы амалдарды таңдап отырады. Жағдайға, адамға, яғни жалпы сынақтың өзіне үлкен мән беріп кетпейді. Мәнді, маңыздылықты, сол сынақты Жіберуші, Бақылаушы, Жаратушы Ар Роқиб, Әш Шәһид Раббысына береді. Барлық нәрсенің “сынақ” екенін ескеруді еске саламын. Ескергенде, әрі қарай Раббым менен нені күтеді, қалай жасауым керек Оның Назарында деп, жүрек назарыңыз Аллаһқа бұрылады.🤍 #насихат

#насихат #дұға
+3
#насихат #дұға

#түс #дұға
+3
#түс #дұға

Бір нәрсемен бөліссем Аллаһ үшін🥹💗

۞ رَبِّ قَدْ ءَاتَيْتَنِى مِنَ ٱلْمُلْكِ وَعَلَّمْتَنِى مِن تَأْوِيلِ ٱلْأَحَادِيثِ ۚ فَاطِرَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ أَنتَ وَلِىِّۦ فِى ٱلدُّنْيَا وَٱلْءَاخِرَةِ ۖ تَوَفَّنِى مُسْلِمًا وَأَلْحِقْنِى بِٱلصَّٰلِحِينَ Содан кейін Аллаһқа: «Уа, Раббым! Сен маған билік бердің һәм түстердің, түрлі құбылыстар мен уақиғалардың желісін (мәнін) жоруды үйреттің. Уа, күллі аспан әлемі мен жердің жаратушысы! Сен бұл дүниеде де, ақиретте де менің қамқоршы иемсің. Жанымды мұсылман күйінде алғайсың һәм мені ізгі құлдарыңның қатарына қосқайсың!» – деп жалбарынды. («Юсуф» сүресі 12:101)

يَٰبَنِىَّ ٱذْهَبُوا۟ فَتَحَسَّسُوا۟ مِن يُوسُفَ وَأَخِيهِ وَلَا تَا۟يْـَٔسُوا۟ مِن رَّوْحِ ٱللَّهِ ۖ إِنَّهُۥ لَا يَا۟يْـَٔسُ مِن رَّوْحِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلْقَوْمُ ٱلْكَٰفِرُونَ (Бірде Яқуб ұлдарын Мысыр еліне аттандырып): «Уа, ұлдарым! (Мысырға) барыңдар да, Юсуф пен бауыры жайлы жан-жақты сұрастырып біліңдер. Аллаһтың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Расында, кәпір қауымнан басқа ешкім Аллаһтың рақымынан үмітін үзбейді», – деді. («Юсуф» сүресі 12:87)