🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
رفتن به کانال در Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
نمایش بیشترکشور مشخص نشده استدسته بندی مشخص نشده است
1 745
مشترکین
+224 ساعت
+87 روز
+830 روز
آرشیو پست ها
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Бұл тақырып сондай керемет, ұзақ, бірақ қысқаша күнделікті өмірде Аллаһтың алдында кішіреюге амалдар айта кетсек🤍✨⬇️
✨ Үнемі жәрдем сұрау Аллаһтан, ешбір іске нәпсімен кіріспеу. Аллаһтан жәрдем сұрап, әлсіздік мойындап кірісу.
✨ Жасаған іс, құлшылықтарға мүлдем тамсанбау, сенімді болмау. Қайта әр іс, намаз, құлшылықтан соң Аллаһтан қабыл
етуін Жомарттығымен, сол істегі ғапылдық, әдепсіздік, кемшіліктерімді кешіруін сұрау.
✨ Кез келген жақсы амал, сөз айтып, жасай алсаңыз. Мен демеу. Аллаһым Сен ғой жасатқан, айтқызған. Тек Аллаһтан деп көріңіз күллі жақсылықты.
✨ Эмоцияларыңыздан абайлау. Қатты күлу, қатты жылау, айқайлап сөйлеу, айқайлап біреуді шақыру, дауыс көтеріп ұрысудан абайлау. Тіпті, есік, шкаф, сөре қатты жауып қалсаңыз, Аллаһтан ұялу, кешірім сұрау. Әдеп сақтау. Мінез көрсетпеу.
✨ Аллаһ үшін өзіңізді басқалардан төмен санау. Әр адамды бір қасиетімен үлгі тұту, сол адам арқылы Аллаһ маған үйретеді деп қарау. Артық санамау, мақтамау өзіңізді.
✨ Күнәларыңыз өте өте көп екенін ұмытпау, лайықты құлшылық ете алмайтыныңызды ұмытпау. Сол үшін…
Сол үшін күнә, жақсы амалым да емес, Аллаһтың Мейірімі маңызды, мен әр сәт Оған мұқтажбын деп мұқтаждығыңызды үнемі білдіріп отыру жасырын дұғамен.
#насихат
#Аллаһтытану
#жүрек
#ихсан
#кішіпейілділік
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Сүйікті Мырзамыз Аллаһ Елшісі ✨:
«Егер бір адам Аллаһ Тағала үшін кішірейетін болса, Ұлы Аллаһ Тағала міндетті түрде оның дәрежесін көтереді», – деген (имам Мүслим).
#хадис
#кішіпейілділік
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Тәпсір Ибн Касир рахимахуллах
Аллаһ Мусадан (алейхиссалям):
«Ей, Муса, Мен сені Өзімнің саған тікелей сөйлеуіммен не үшін таңдағанымды білесің бе?» — деп сұрады.
Муса (алейхиссалям) айтты:
«Жоқ, білмеймін, Уа, Раббым».
Аллаһ айтты:
«Себебі Менің алдымда сендей кішіпейілділікпен өзін төмен қойған пенде болмаған» — деді.
#Құран
#Аллаһтытану
#жүрек
#кішіпейілділік
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
✨ Адамның Аллаһ үшін емес, өзі үшін ашулануы-өзін жоғары санағаннан бастау алады. Бұл кішіпейілділікке, сүннетке сай келмейтін қасиет. Адам өзін өзгеден жоғары санамаған кезде ғана, мінезінен Аллаһ Елшісінің (солляллаху алейхи саллям) нұры көріне бастайды.
#сүннет
#көркеммінез
#ашу
#тақуалық
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
إِن يَسْـَٔلْكُمُوهَا فَيُحْفِكُمْ تَبْخَلُوا۟ وَيُخْرِجْ أَضْغَٰنَكُمْ
Егер Ол сендерден (қолдарыңдағы мал-дүниелеріңнің) бәрін беруді талап етіп, қысым көрсетер болса, онда сендер сараңдық танытар едіңдер. Сөйтіп, Алла (имандылықтың арқасында ауыздықталған) іштеріңдегі барлық жаман мінездеріңді сыртқа шығарып, әшкере етер еді.
(«Мұхаммед» сүресі 47:37)
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
✨ Әр сәт біз сыналудамыз.
Сынақтың өзіне емес, сол сынақта Аллаһ сіздің бойыңызда оятқан реакцияға мән беріңіз де, сол реакция арқылы нәпсіңізді таныңыз, тазаланыңыз, Аллаһты таныңыз, Оған құлшылық етіңіз.
✨ Муроқаба, Мухасаба
#Аллаһтытану
#муроқаба
#мухасаба
#ихсан
#сынақ
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
🤩Адам бір амалды бастаса болғаны, кішкентай бір істі болсын Аллаһ үшін, дұға етіп, тәуекел етіп, әрі қарай қалай басқа да керемет амалдарға көшіп кеткенін байқамай қалады ғой, шабыттанып, тоймай, Оған әртүрлі жолдармен құлшылық етуден раханттанып.
Енді бұл жердегі әдемі бір сыр бар.🌸
Ол сыр-әлгі бір амалды жасап, Аллаһқа кішкене болсын ықыласыңызды білдіргендегі Аллаһтың сізге одан да көп жақсылықпен жауап беріп, келесі амалдарға көшіріп, Өзімен, Өзіне қызмет етумен айналыстырып қойғаны.
Құлшылықты сіз жасап жатқан жоқсыз, зікір, салауатты сіз айтып тұрған жоқсыз, сіз ниеттеніп жақсылықтарға кірісіп жатқан жоқсыз. Бұның бәрін Аллаһ жасатып жатыр. Аллаһтың сізге Жауабы🤍
«Менің құлым Мені қандай деп ойласа, Мен сондаймын, ол қай жерде Мені есіне алса, сол жерде Мен онымен біргемін. Егер ол Мені іштей есіне алса, Мен де оны іштей есіме аламын, ал егер ол Мені басқа адамдардың арасында еске алса, Мен оны одан да жақсы адамдардың арасында есіме аламын. Егер Менің құлым маған бір сүйем жақындаса, Мен оған шынтақтай жерге жақындаймын, егер ол Маған шынтақтай жақындаса, Мен оған сажындай жақындаймын, ал егер ол Маған қарай қадам жасаса, Мен оған қарай жүгіремін!» (Бұхари, Муслим).
#ихсан
Repost from Школа Абу Ханифы (رحمه الله)
Шейх Шаннар (حفظه الله) сказал:
"Абу Сулейман
ад-Дарани (رحمه الله) говорил:
«Если бы все творения собрались и захотели поставить меня на степень ниже той, куда я сам себя поставил, — они бы не нашли степени ниже той, в которую я уже поместил себя. И когда я поставил себя на эту степень, я стал обращаться со всеми людьми, исходя из этого положения, куда сам себя поставил».
Слова шейха Абу Сулеймана ад-Дарани — поистине прекрасны.
Некоторые люди внешне проявляют скромность в словах, но на деле возвышаются над другими своими поступками и качествами. Такой человек — актёр, лжец и показушник.
Истинная скромность — это не слова, а поступки, которые видят окружающие.
Скромность — это приятный аромат, не имеющий ни подобия, ни замены. Его чувствуют все вокруг тебя, без нужды говорить о нём. Не нужно заявлять: «Я смиренный» или притворяться таким. Люди сами скажут: «МашаАллах, этот человек смиренный — не униженный, но кроткий».
Из уроков по книге: «Ат-Тарика Аль-Мухаммадия»
#ихсан
🤍«Аллаһтың алдындағы мұқтаждығыңды терең сезініп, жан дүниеңмен Оған қайтып оралатын сәттерің – уақыттардың ең жақсысы»
Аллаһқа деген мұқтаждықты жүрекпен түсіну, сезіну – өмірдегі ең бағалы кезеңдер. Себебі, дәл осындай сәттерде пенде өзінің шынайы әлсіздігін және Аллаһтың Ұлылығын танып, сезіне бастайды. Мұнда құлдың шынайы кемелдігі көрінеді, өйткені бұл дүниеде пендешілік дәрменсіздігіміз қаншалықты артса, ғайып әлемнен Жаратушының ұлылығын сезіну де соншалықты тереңдей түседі.
Адам қаншалықты бұл әлемде Аллаһтың алдында кішірейсе, соншалықты ғайып әлемінде ол Аллаһтың алдында абыройлы болады.
Аллаһ Елшісі 🌱 өзі жайында: «Мен Аллаһтың құлымын, құл сияқты отырамын және құл сияқты жеймін», деуші еді. Періштелер оған: «Пайғамбар-құл болғың келе ме, әлде пайғамбар-патша ма?» деп таңдау ұсынғанда, ол еш ойланмастан: «Жоқ, мен пайғамбар-құл болғымын келеді» деп жауап берді. Осылайша адам үшін ең мәртебелі әрі қадірлі орын Жаратушының алдындағы шынайы құлдық екенін көрсетті.
Адам өзінің мұқтаждығын, әлсіздігін толық мойындап, сезінгенде оған Жәрдем Есіктері ашылады. Оған мысал – Бәдір шайқасы.
وَلَقَدْ نَصَرَكُمُ ٱللَّهُ بِبَدْرٍ وَأَنتُمْ أَذِلَّةٌ ۖ فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Шүбәсіз, Ол сендерге (кәпірлермен салыстырғанда) өте аз әрі тым қауқарсыз болған кездеріңде Бәдірде қолдау көрсетіп, жеңіске жеткізген еді. Ендеше, Аллаһқа қарсы келіп, асы болудан барынша сақтаныңдар, тақуалық шеңберінен шықпаңдар, сонда Оған тиісінше шүкіршілік еткен боласыңдар.
(«Әли Имран» сүресі 3:123)
Ал Хунайын шайқасында мұсылмандардың саны көбейіп кеткен еді. Сол кезде олар өз күштерін сезініп, Аллаһқа емес, өз қаружарақтарына сүйеніп қалып, жеңіліске ұшырай жаздады. Пенде өзінің күшін, қуаты мен ұлылығын сезіне бастаса – бұл ең қауіпті күй, өйткені бұл халь құл мен Аллаһ арасына перде қойып, Аллаһқа апаратын жолды жауып тастайды.
📖 Ибн Атоиллах ас Сакандари (рахимахуллах)
#ихсан
#Аллаһтытану
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
«Егер Аллаһ саған мына 3 мүмкіндікті нәсіп етсе, онда сені Сондай Үлкен Мейірімге бөлегені: тыйымдарынан алыс жүру, бұйрықтарын орындау және макам “Аш-Шухудта” тұрақты болу»
📚 Ибн Атоилла ас Сакандари рахимахуллах
Макам “Аш-Шухуд”-ихсан мақамы, яғни құл Аллаһты көріп тұрғандай құлшылық етуі. Және ол әлемде тек Аллаһтың Істерін көреді, яғни барлық нәрседен Оның Сыфаттарын көреді.
#Аллаһтытану
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
❌ Уақытылы жауап бермей жатыр демеу…
✔️ Мен күте алмай жатырмын, Аллаһым Сен үшін сабырлы боламын деу.
❌ Шулайтын адам екен демеу…
✔️ Мен тым мән бергішпін, Аллаһым өзгелерге мән бермей, тек Сені зікір етемін деу.
❌ Әдепсіз адам екен демеу…
✔️ Мен өзімді жоғары санап тұрмын, Аллаһым барлық нығмет сенен ғой деу.
Әр сәт өзіңізге оралу, тәубе ету, тазалану🌱
#насихат
#нәпсі
#көркеммінез
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
«Айна айғызданып қалыпты ДЕМЕ, менің көзім нашар көреді ДЕП АЙТ»
📖 Ибн Атоилла ас Сакандари, рахимахуллах
ℹ️ Амал ету
💗Адамды жазғырмаңыз, оның кемшілігін көріп, байқап тұрған нәпсіңізді ғана есепке алыңыз.
💗Адамды кінәламаңыз, күтпеңіз, оның жақсылығын көре алмай тұрған нәпсіңізді есепке алыңыз.
💗Әр уақыт тек өзіңізге оралыңыз, нәпсіңізді есепке алыңыз, сол кезде нәпсіңізді тәрбиелеуге Аллаһ жол ашады, Өзі шабыттандырады, нәпсіңізге керек білім үйретеді.
#насихат
#нәпсі
#көркеммінез
Сыртымнан аңдып, сөз тасып, түсінікті, анық нәрселерден басқа бір жаман мән, себеп, күмән іздеп, соны басқаларға таратып, жекеме шықпай, өзімнен сұрамай, талқыламай, сыртымнан пәтуа беріп, сөздерімді бұрмалап, фитна тудырып жүрген мұсылман бауырларым, Аллаһтан қорқыңыздар…
Тәкаппарлыққа салынып, “ұстаз, ілім” статусымен алданып, мұсылман бауырларыңызды айыптап, зиян тигізіп алудан абайлаңыздар.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱجْتَنِبُوا۟ كَثِيرًا مِّنَ ٱلظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ ٱلظَّنِّ إِثْمٌ ۖ وَلَا تَجَسَّسُوا۟ وَلَا يَغْتَب بَّعْضُكُم بَعْضًا ۚ أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَن يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتًا فَكَرِهْتُمُوهُ ۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ تَوَّابٌ رَّحِيمٌ
Уа, иман келтіргендер! Ойлардың көбінен аулақ болыңдар (яғни, өзге адамдар жайлы, әсіресе, мүмін бауырларың жайлы түрлі жаман ойларға берілеуден аулақ болыңдар)! Өйткені кейбір ойлар (яғни, өзгелер жайлы ойлаған жаман, яки арам ойлар) күнәға жатады! Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма?! Әнеки, бірден жиіркендіңдер. Ендеше, Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубелерін қабыл етуші), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет алған құлдарына ерекше мейірімді)!
(«Хужурат» сүресі 49:12)
+4
Аллаһқа шүкір қатты қуанамын!🤍 Раббымыз осындай пайдалы, сауапты, ерекше берекелі амалдарда мені пайдаланып жатқанына есепсіз шүкір етемін, маған осындай нәзік, әдепті, ерекше құлдарын, сіздерді сыйлағанына шүкір етемін. Бір-біріміз арқылы жақсылықты үйретіп, хайрға бөлеп жатқанына шүкір етемін!🤍✨
#керібайланыс
#Жолаушы
#Жұмақтықәйел
Жағдайды емес, жағдайға көзқарасты өзгертуге тырысу – есеюдің белгісі және тыныштықтың жартысы.
#насихат
#психология
#ой
