cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

TengeLife | Бизнес, Экономика

TengeLife – ел экономикасы, тарифтер, қаржы, бизнес, және тағы басқа салалар бойынша жедел әрі нақты ақпарат тарататын арна. TengeLife – назарыңызда болсын! Тіркеліңіз! Ұсыныс және жарнама: @tengelife_bot

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
2 004
Suscriptores
-424 horas
+337 días
+230 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

🇰🇿🇺🇿ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛГЕН БИЗНЕС САНЫ КӨБЕЙІП ЖАТЫР 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда өзбек текті 4595 заңды тұлға тіркелген, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 706 бірлікке және 18%-ға артық. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың 1 мамырымен салыстырғанда көрші елден Қазақстанға келген ұйымдардың саны екі есе өскен. Биылдың өзінде оңтүстік көршілеріміз тіркелген компаниялардың жалпы саны бойынша Қытайды алғашқы үштіктен сәтті түрде ығыстырып тастады. Ал негізінен Қытай бизнесі баяулап көбейіп келе жатқан болатын (1 қаңтардан бастап +204 ұйым). Өзбекстан 1 ақпанда үздік үштікке еніп, бизнес санын көбейтіп жатыр, яғни ақпан айынан бері «бәсекелестен» айырмашылығын арттыра түсірді. Ал, Қазақстандағы өзбек кәсіпорындары туралы не айтуға болады? 🔸Шағын бизнеске жатады 🔸Әрбір үшінші ұйым саудамен айналысады 🔸Тіркелгендер санынан операциялық компаниялардың үлесі 79% құрайды, бұл 10 үздік серіктес елдер бойынша орташа көрсеткіштен сәл жоғары және, мысалы, жоғарыда аталған Қытайдан (64%) әлдеқайда көп. @TengeLifekz
Mostrar todo...
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды
Mostrar todo...
👍 12
00:35
Video unavailableShow in Telegram
🍓«Атырау-Индер» жолында шұңқырға құлаған көліктер. Дереккөз: Elmedia
Mostrar todo...
😢 9👍 2🤯 2
Photo unavailableShow in Telegram
🇬🇪ГРУЗИЯДА ТУРИСТЕРГЕ КІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРЕДІ Биыл 1 маусымнан бастап туристер үшін Грузияға кіру тәртібі өзгереді, деп хабарлайды "Грузия Онлайн". Жаздың бірінші күнінен бастап Грузияға баратын туристер медициналық сақтандыруды рәсімдеу керек. Оны сол елде болатын толық уақытқа алу қажет. 10 күндік полистің бағасы шамамен 7-14 мың теңгені құрайды. Ал Грузияға медициналық сақтандырусыз кіргені үшін 300 лари (48 858 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оны уақытында төлемеген жағдайда екі есеге артық шығын шығаруға тура келеді. @TengeLifekz
Mostrar todo...
👍 4 2😁 2🔥 1🤔 1
01:23
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛКІН САҚТАНДЫРУ МІНДЕТТЕЛУІ МҮМКІН БЕ? 🤵🏼‍♀️Сенатор Бибігүл Жексенбай Қазақстан үкіметіне тұрғын үйді міндетті сақтандыру мәселелерін талқылайтын ведомствоаралық комиссия құруды ұсынды. Сенатор төтенше жағдай салдарынан келген шығынды өтеудің жаңа әдістерін қарастыру керектігін айтты.
Осыған байланысты еліміздегі сақтандыру жүйесін жетілдіру және тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру мүмкіндігі бойынша халықаралық ұйым өкілдері, сарапшылардың қатысуымен арнайы ведомствоаралық комиссия құруды қарастыруды ұсынамын. Екіншіден, отандық сақтандыру компанияларының төтенше жағдайлар шығынын өтеуге қатысты әлеуетіне сараптама жасалып, олардың жарғылық қорларын көбейту жағдайын зерделеу қажет
- деді сенатор. @TengeLifekz
Mostrar todo...
🖕 6👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды. @TengeLifekz
Mostrar todo...
😁 9👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды. @TengeLifekz
Mostrar todo...
⛽️ҚАЗАҚСТАНДА ГАЗДЫҢ КӨТЕРМЕ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ Газдың бағасы 3–4,8 теңгеге өседі. 🇰🇿Қазақстанның Энергетика министрлігі ішкі нарыққа тауарлық газдың шекті көтерме бағасы туралы бұйрыққа түзетулер әзірлеп жатыр. Бұл құжат бойынша, бірінші шілдеден бастап көтерме бағаларды түзету жоспарланып отыр. Бұйрық жобасында бағаны өңірлерге байланысты бір текше метрге 3–4,8 теңгеге көтеру қарастырылған, бұл республика бойынша орташа есеппен бір текше метр үшін 23,64 теңгені құрайтын болады. Қазір кезде Қазақстанда газдың бағасы мың текше метріне 20 640 теңгені құрап отыр, бұл баға 35 мың теңгеге жететін көршілес Ресеймен салыстырғанда айтарлықтай төмен, деп хабарлайды Энергетика министрлігі. Газ бағасын көп уақыттан бері төмендетіп ұстау нәтижесінде бірқатар облыстарда (Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары) газдың өзіндік құны ағымдағы бағадан 150–200%-ға жоғары болуына әкелді. Бұл өз кезегінде отандық газ өндіру потенциалының төмендеуіне әсер етті. Бағаның төмен болуы газ саласын инвестиция үшін тартымсыз етеді, бұл өндірістің қысқаруына алып келеді және импорт есебінен өтелуі тиіс газ тапшылығына қауіп төндіреді, деп хабарлады энергетика министрлігі. Бағаның көтерілуі тұтынушыларға аздап әсер етеді деп күтілуде: жеке үйлердің шығыны айына орта есеппен 1080 теңгеге, пәтерлер үшін айына 130 теңгеге өседі. Дереккөз: BES.media
Mostrar todo...
👎 6👍 4🤔 1
00:35
Video unavailableShow in Telegram
🏖АЛАКӨЛДЕГІ ДЕМАЛЫСҚА ҚЫЗЫЛ ҚОҢЫЗДАР БӨГЕТ БОЛАДЫ МА? Әлеуметтік желіде Абай облысы Мақаншы ауданының тұрғындары Алакөл көлінің жағалауына қызыл қоңыздар қаптап кеткенін айтып, шағымдануда. Жергілікті биліктің айтуынша, «Дизенфекция медициналық мекемесі» мамандары әзірге 5 га жуық аумақты “Каратэ,сиперметрин,агран” сияқты препараттармен дизенфекциялау жасады, жалпы 35 га аумақ дизенфекцияланатын болады. @TengeLifekz
Mostrar todo...
😱 8
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇦🇪ДУБАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МҮЛКІ Власть порталының мәліметінше, Дубайда қазақстандықтардың құны 250 млн доллардан асатын жылжымайтын мүлкі бар. Бірнеше ай бойы «Власть» журналистері жылжымайтын мүлікке иелік ететін қазақстандықтар туралы ақпаратты тексеріп, нәтижесінде үкіметте жұмыс істеген немесе жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстары санатындағы жандардың Дубайдағы виллалары мен пәтерлері туралы ақпаратты жобаның арнайы парақшасында жинады. 🏠Қазақстанның бұрынғы лауазымды шенеуніктерінің, мемлекеттік компания басшыларының әйелдері мен балаларына дейін үй-жай алған. Ескерте кетсек, бұл ақпарат 2022 жылғы мәліметтер бойынша жиналған. Дереккөз: vlast.kz
Mostrar todo...
👍 11 2🤡 1