es
Feedback
Meyrkhanus+

Meyrkhanus+

Ir al canal en Telegram
429
Suscriptores
+124 horas
+17 días
-230 días
Archivo de publicaciones
Үйімде PlayStation 5 жоқ адам ретінде бақыт және бақытсыздық деген не атты сұраққа көп бас қатырамын. Бұрын адам 24/7 бақытты болуы керек деп есептеп, қатты тыраштандым. Бұл өз кезегінде эмоционалды алтыбақанда (әткеншек) басым айналғанша отыруыма себеп болды. Бір кезде шектен тыс бақытты, ал бір кезде әлемдегі ең қайғылы пендеге айналдым. Мұндай ситуация Сесилия Ахерн романындағы кейіпкерлер үшін пайдалы әрі қызық шығар, бірақ қарапайым адам үшін өте ауыр дүние. Жасым ұлғайған сайын ақылым кіріп, есікті қақпай даналық та келіп жетті. Ол «Бақыт деген бір сәттік емес, барынша ұзақ мерзімде болу керек» деп таңғалдырды. Даналықпен бірге басыма ыңғайсыз сұрақтар да келе бастағанын жасырмаймын. Мысалы, «өмірімнің соңына дейін мені қоршаған адамдармен дос болғым келе ме?», «Тағам асханалар желісіндегі сорпа шынымен маған ұнай ма?», «Неге журфактың деканы мені жек көреді?», «Фитнес залға барайын ба?». Бұл сұрақтарға жауап іздеп жүріп, бақыт деген өзі нашар сөз, оның орнына қуаныш - жақсы анықтама екенін түсіндім. Қысқаша айтқанда бақыт - таңнан кешке дейін өзіңді қуантып жүру емес, басқалардың қуанышына себеп болу екен. Бұл жерде өзгеге қуаныш сыйлаймын деп жүріп, оларды басыңа шығарып алу қауіпі барын ұмытпаңыз. Сосын Жер бетіндегі 7 млрд адамның арманын орындау да мүмкін емес. Одан кейін «жоқ» деп айту арқылы сен Пайғамбардың (с. ғ. с) үмметіне қиянат жасаймын деп те қорықпа. Тек баланс сақтасаң болды. Яғни, сені қоршаған адамдар кешегі күніне қарағанда бүгін сәл бақыттырақ болса, сенің миссияң орындалды деген сөз. Олардың бақытты екенін көрсең, өзіңді бақытты сезіне бастайсың. Easy. Егер біреуге қуаныш сыйлау тым қиын болса, оның өміріне қайғы әкелмеу нұсқасы бар. Мысалы, Пайғамбар (с. ғ. с) киімінің үстінде ұйықтап қалған мысықты оятып алмау үшін, шапанын кескенін еске алуға болады. PlayStation 5 сатып алған соң бақыт жайлы ойым өзгеретін шығар, бірақ әзірге осы..

Қалай жақсы мәтін жазуға болады? Мен Эрнест Хэмингуэй емеспін, сол себепті бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Бірақ клавиатура+он саусақ комбинациясы арқылы ақша табатын адам ретінде келесідей кеңес бере аламын. Егер сіздің паспортта аты-жөні деген жерде Илон Маск әлде Моника Белуччи деген сөздер тұрса, сіз жазған мәтіннің сапасын уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені, не жазсаңыз да халық сүйісініп оқиды. Сіз жазған нәрсе өз алдына керемет. Себебі кез келген мәтінді адамдар "қалай жазылған" деп емес, "кім жазған" деген критериймен бағалайды. Джоан Роулиң мен Стивен Киң осы принцип арқасында әлі де ай сайын миллиондап табыс тауып отыр. Қызық идея болуы керек Сосын мәтінде аудиторияға қызық идея болуы шарт. Мысалы, 3 жылдан бері Jusan эко жүйесі үшін мәтін жазатын адам ретінде айтайын: "1 қазанға дейін Jusan маркетте 90% жеңілдік бар" деген сөзді алайық. Меніңше, бұл идеал мәтін. Ешқандай артық сөз жоқ және аудиторияға қызық идея бар. Халыққа жеңілдік керек қой иә? Бұл мәтінде халыққа не керегі көрсетілген. Стилистика Сіз жазған текстті Қазгудың филфагында сабақ беретін тіл білімінің мамандары тексермейтінін түсініңіз. Сол үшін өзіңізге ұнайтын кез келген стиль - өтімді. Мысалы, көне Вавилонды басқарған Хаммурапидің телеграм каналын сөздерін алып қарайық. "Ұрының қолын кесу керек", "Салық төлемеген адамның бір көзін ою қажет". Керемет жазылған. Жазу стилінің шыбын құрлы маңызы жоқ екенін осыдан-ақ түсінуге болады. Хаммурапиге ешкім "сенің стилің нашар, дұрыстап жаз" деп айтпаған деп ойлаймын. Сізге де ешкім стиліңіз үшін ренжімейді. Не жазамын? Осы сұрақты қоятын адамдарды түсінбеймін. Бұл кешке жұмыстан келіп, киімін шешіп "бүгін кіммен жыныстық қатынасқа түссем екен?" дейтін адамдардың сөзіне ұқсайды. Өзіңізге не қызық, соны жазыңыз. Все!

Старджон заңы Атауына қарап, бұл өзбек ғалымына тиеселі физикалық теория ма деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Әсте олай емес. ХХ ғасырда өмір сүрген Теодор Старджон деген фантаст жазушы болған. Оның айтуынша, «Ninety percent of everything is crap» (Барлық нәрсенің 90%-ы қоқыс). Яғни, сіз телеграмда жазылған 100 каналдың тек 10% оқисыз (мысалы, осы каналды😄), қалған 90% ақыретке дейін mute режимінде тұрады. - Абай 170 өлең жазған. Біз сияқты жай адамдар 2-3 өлеңін, Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апайы 8-9 өлеңін, ал Абайтанушылар әрі кетсе 10-20 өлеңін айта алады; - Музыка ше? Сіз сүйіп тыңдайтын әншінің 4-5 әнін ғана білетін шығарсыз. Мен өзім Найнти Уанның 30-40 әнінен тек 2-3 ғана еске түсіре аламын. - Футбол 90 минут, бірақ ютубтегі хайлайтс видеолар гол соғылған 3-4 минуттан ғана тұрады. - Сіздің 100 досыңыз бар делік, ал тойыңызға бар-жоғы 10 досыңызды ғана шақырасыз. Жаназаңызға одан да аз адам келуі мүмкін. Мұны не үшін жазып отырмын немесе бұл посттың моралі не? Сізге біреу келіп «Істеп жүрген жұмысың бос әурешілік», «Мына істі тастап, пайдалы нәрсемен айналыссай» десе, «Бұл әлемдегі барлық нәрсенің 90% бос әурешілік деген Старджон заңы бар. Менің осы ісім де аталған заңға бағынады» деп жауап берсеңіз болады. Яғни, keep going!

Букмейттен гормондар жайлы кітап оқып жатырмын. Сол кітапта ер адам секс жайлы ойлаған сайын оның сақалы тез өседі дейді. Логика келесідей: сақалдың өсуіне тестостерон әсер етеді, ал тестостеронға - хм, түсінікті не әсер ететіні.. Енді Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім және Гендальфке қатысты ойым өзгерді десең иә? Гендальф өте бұзық жігіт болған сияқты ғой)) Дегенмен, бозбала кездегі өзімнің тәжірибеме сүйеніп айтатын болсам, әлгі нәрсе туралы ой сақал өсуіне емес, бетке безеу шығуына көбірек әсер еткен сияқты. Бірақ бұл мүлдем басқа әрі ұзақ әңгіме..

Жасанды интеллектен маған қажет ең басты 2 скилс: 1. Cири, Алиса әлде ChatGPT маған ұнайтын кітапты өзі жүктеп, сосын Мұхаммедәли Болатұлы немесе Ана де Армастың дауысымен оқып бергенін қалайтын едім. Ол кітап оқып жатқанда мен "Стоп-cтоп, басқа нәрсеге ойым ауып кетіп, әлгі жерін түсінбей қалдым. Тағы 2-3 сөйлем артқа қайтып, басынан бастап оқышы" дегенде бұйрығымды орындай салса.. Әлде Ана де Армастың дауысымен - Мейір, қазір Оралхан Бөкей 10 бет бойы Шығыс Қазақстанның табиғатын суреттейді. Кітаптың осы жерін оқымай өте салайын ба?", - деп сұрай алса. Мен: Иә деп жауап берсем, шіркін! 2. Виртуал көмекшім мен үнемі ұмытып кете беретін нәрселерді еске салып отырса деген екінші тілегім бар. Мысалы, таңертең үйде кілтті қалдырып кеттім делік. Алиса сол жерде бірден "Мейіііір, кілтіңді ұмыттың" деп ойбайласа..  Немесе намаздың парызын орындап, өзіңше асығыс адам сияқты сүннетін тастап бара жатқанда тағы да Алиса мешіттің ішінде: - Мейіііір, сүннетін оқымадың деп Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне қатысты мықты хадистер айтып осы тірлігің үшін ұялтып тастаса.. Ал сізге жасанды интеллекттен не керек?

Өмірді түсіну оңай емес. Мысалы, Моника Белуччиді алайықшы. Сен Моника сияқты сұлу әйелдерге джентельмен жігіттер ұнайды деп өзіңді үнемі дамытып жүресің. Кітап оқисың, көбірек ақша табасың, садақа бересің, кешке жатар уақытта тісіңді жуасың, фитнеске барасың. Одан қалса глютенсіз тамақ ішуге де дайынсың. Ал Моника Белуччи тұрып-тұрып бір аяғы төрде, бір аяғы көрде, 66 жастағы Тим Бертонға 2024 жылы тұрмысқа шығады салады ғой. Осыдан кейін өмірдің логикасын түсініп көр.. Ал Джорж Клуни ше? Клуни жасы ұлғайған сайын сымбаты мен дарыны кемелдене береді. Өзі жап-жақсы актер, талантты режиссер, білікті продюсер. Басқа адамдар секілді қартаймайды, шашы да түспейді. Ал сақалы қандай ғажап! Бетіндегі түктері қалың әрі тұп-тура өседі және 5 мм жеткенде сақалы өздігінен өсуін тоқтатады. Ол бір күні текила ішкісі келді. Өзгелер сияқты бір бөтелкеден емес, тым көп ішуді қалады. Мексикадан вагон-вагон етіп әкелген текиласының жартысын өзі ішіп, артылғанын дүкендерде сату үшін үлкен компания ашты. Араға төрт жыл салып, сол текила өндіретін компанияны Джорж Клуни 1 миллиард долларға сатып жіберді. Осыдан кейін өмірдің логикасын түсініп көр..

Танымал адам әлде жұлдыз болуға құштар кісі сізді жақсы көремін десе, оның сөзіне сенбеңіз. Ол сізді емес, оған деген сіздің махаббат/құрметіңізді жақсы көреді.

Бүгін Жандосов көшесімен жұмысқа келе жатып, тиктокқа кіріп шыққанша 4 жолақ бір жолаққа, ал офиске жету уақытым 50 минуттан 1 сағат 50 минутқа өзгеріп кетті. Алматы әкімдігі «жолды қазып тастап, айналасын 3-4 жігіт телефон шұқып тұрған процесті» ремонт деп атайтын сияқты. Егер біз осы көзбояушылықтан бас тартып, әкімдерге легалды түрде ұрлық жасауға рұқсат берсек, өміріміз біраз жеңілдеп қалатын еді. Яғни, "шамаң жеткенше ақша жымқыр, бірақ біз үшін ештеңе істемей-ақ қойшы. Әсіресе бордюрлерге тиіспеші" десек, кептелісте онша көп тұрмайтын боламыз. Бірақ Алматы көшелері өз-өзін жөндей алмайтынын ескерсек, бізге басқа жоспар керек сияқты. Ұлттық киноны қолдау орталығы биылдан бастап қазақстандық режиссерлерге ақша беруді тоқтатып, голливудтан адам алдыруы тиіс. Райан Гослинг, Ридли Скотт, Педро Паскаль, Ана де Армас және Николас Кейджді шақырамыз. Иә, Кейдж өте нашар актер бірақ ол бұған дейін біздің елімізге келіп, шапан киген және "рақмет" деген сөзді біледі. Бесеуіне ашқарынға шұбат беріп, ішін өткіземіз. Сосын қымызға мас қылып, Ана де Армастан басқасына күш көрсетіп, зорлап бізбен бірге жұмыс істеу үшін келісім шартқа қол қойдырамыз. Одан кейін Half-life деген видео ойынды экранизациялау құқығын сатып аламыз (как раз Қайрат Сатыбалды қайтарған артық ақша бар). Нұрлан Қоянбаевты басқа елге фильм түсіруге қуып жіберіп, фильмді "Half-life по-казахский" деп атаймыз. Декорация дайын (Алматы көшелерін шаңға батырып, ремонт жасап жатқан әкімге рақмет) және творчестволық процеске араласпаймыз. Бір жылдан кейін басты рөлде Райан Гослинг мен Ана де Армас ойнайтын және режиссері Ридли Скотт болған әлемдік деңгейдегі постапокалипсис блокбастер шығады. Бұған дейін біз Димаш және Головкиннің елі болсақ, енді Half-life-тың отанына айналып шыға келеміз. Фильм премьерасынан соң елдегі туризм дамитынына кәміл сенемін. Еуропа мен Америкадан адамдар келе бастайды. Туризм бойынша мына бағыттар адамдарды қызықтырады: Қирап жатқан, үйінді астындағы мегаполис, экстремал туристер үшін Барахолка жаққа автобуспен экскурсия жасаймыз. Яғни, туристерді Адемнің жанынан түсіріп, Кенжеханға дейін тірі жету керексің деп тапсырма береміз. Смартфон қолдануға болмайды. Байсат маңына жеткенде артынан аш иттерді жібереміз. Аман қалған адамға "Қазақстан" шоколады беріледі. Алматының жаңа аэропортын бұзып, ескісін қайта іске қосамыз. Why not? Халық аренаның үстіне "Қазақстан - сіздің өміріңізге қауіпті жер" деп жазып қоямыз. Баннерді ҚАЗАҚ тілінде ілеміз, әрине. Не үшін қазақша? Because fuck you, that's why. Таксистермен "егер шетелден адам келсе, айтқан адресіне емес, Шаңырақ жаққа апарып таста да ақшасын тартып алыңдар" деп келісеміз. Дубай мен Анталья теңізде демалатын бос дене, жұмсақ мінез адамдарды өзіне тартса, біз экстремал мен постапокалипсисті жақсы көретін ақылы кемістеу бірақ ақшасы көп туристер арқылы пайда табамыз. The end!

Біздің өзімізге деген сенімсіздік пен депрессиямыздың ең басты себебі - күнделікті қарапайым өмірімізді танымал тұлғалар өміріндегі ең жарқын сәттерімен салыстыруымызда жатыр. Мысалы, Баян Есентаева 50 жасында босаныпты деген жаңалықты алайық. Бұл оның өміріндегі бірінші күйеуі пышақтап, аман қалғаннан кейінгі ең жарқын оқиға. Офис пен үйдің арасында жүрген келіншектер аталған жағдайды өзінің қарапайым күндерімен салыстырса, әрине депрессияға түседі. Елдос Сметов олимпиада чемпионы болды. Бұл оның өміріндегі ең жарқын оқиға. Ал басқа күндері ол да тура біз сияқты жұмысқа барады, түскі ас ішпесе қарны ашады, пробкада тұрады, шайға таңдайы күйіп қалады дегендей әрі қарай кете береді. Егер қарапайым күндеріңізді Сметовтың чемпион болған сәтімен салыстырсаңыз, өз күшіңізге деген сенім жоғалуы мүмкін. Осымен сендерге бақытты өмірдің формуласын айтып бердім. Разы болыңдар енді))

Адамдар басқаларға өзі жайлы бір нәрсе жазып немесе айтқанда басымыздағы "сыйақы жүйесімен" (brain reward system) байланысты нейрон және когнитив механизмдер іске қосылады екен. Яғни, біреуге сіз өз пікіріңіз әлде сезіміңізді білдіргенде миыңызда дофамин гормондары бөлінеді. Қысқасы, инстаграмда лайфстайл блог жүргізу, телеграмда өміріңіз жайлы ойларды бөлісу және мемуар жазу - адамға секс, тәтті торт және теңізде суға түскенмен бірдей кайф сыйлайды. Мұны ең бірінші Карнеги, сосын инстаграмды ашқан Цукерберг жақсырақ түсінген секілді..

50 секундтан асатын аудио жіберетін адам мына критерийлерге сай болу керек: - Саған өте қомақты жалақы төлейтін бастық; - Сенімен бір төсекте жататын күйеу/әйел; - 9 ай құрсағында көтеріп, дүниеге әкелген ана; - 18 жасыңа дейін барлық шығыныңды өтеген әке; - Жамұқа мен Темуджин сияқты айырылмас дос; - Саған 5 млн теңгеден жоғары сомада қарыз берген адам. Егер осы қатарға жатпасаңыз біреуге Толстойдың Война и мирінің аудио нұсқасын жіберу әдепсіздік сияқты.

Бүгін Алматы көшелерінде Ұлттық ұлан сарбаздары өріп жүрді. Шынымды айтсам, ҰҰ бізге не үшін керек екенін түсінбеймін. Мысалы, Құдай сақтасын, бірақ елімізге біреу шабуылдаса халықты қорғайтын армиямыз бар. Жаңбыр, қар, ауа-райы жайлы смсті Төтенше жағдайлар министрлігі жібереді, біреу өлтіріп жатса полицияға хабарласамыз. Енді сұрақ: қай жағдайда бізге Ұлттық ұланның көмегі қажет болады? Түнде мені осындай сұрақтар мазалайды..

Егер мен Оқу-ағарту министрі болсам, мектепке «Парасат майданы» деген сабақ қосатын едім (атауын Дархан Әбдіктен ұрлап алдым. Ертең Дархан ағамен авторлық құқық үшін соттасып жүрсең иә?) Ол пәнде: - депрессияға түспеу үшін не істеу керек; - Саған манипуляция жасап жатқанын қалай анықтауға болады; - Приоритеттерді дұрыс қоюды үйрену; - Бастығың звондағанда бірден жауап беру; - Электрик және сантехника әліппесі сияқты күнделікті өмірде қажет нәрселер үйренетін еді. Сонымен бірге, алғашқы сәтсіз махаббатпен өмірің аяқталмайды. Бұл өмірде одан да қорқынышты нәрселер бар. Мысалы, геморрой, сифилис.. Аталған тақырыптар бұрын онша сұранысқа ие болмағандықтан мектеп бағдарламасына кірмей қалған сияқты. Бабаларымыздың бәрі ауылда тұрғандықтан ондай нәрселерге бас қатырмаған. О кісілердің басты проблемасы - жылқы, түйе, сиыр санын қалай көбейіту. Таңертең сиыр саууға шығасың және «Парасат майданы» деген сабақты үшке оқысаң, сиыр шекеңнен бір тебеді және сенің өмірің сол жерде мәресіне жетті дей бер.. Бірақ аталарымыздың өмірі тым іш пыстырарлық болғанын да атап өткен жөн. Олар жазылған телеграм каналдардың негізгі контенті «сиыр мен жылқы және олардың тепкісінен қайтыс болған адамдар» жайлы болған шығар. Ара-арасында ақпарат лентасында жоңғарлар төбе көрсетуі мүмкін. Құдайға шүкір, қазір ешкімді сиыр теуіп өлтірмейді. Бірақ біздің ақпарат лентамыз қалай? Айжан Байзақова жалаңаш фотосын жариялады, Қайрат Нұртас түрмеге түсті, Төреғали Төреәлі ұсталды, олимпиада чемпионының әкесімен биі.. Яғни, біз аталарымызға қарағанда тым ұсақталып кеттік. Мегаполис қазағының ең басты уайымы - старбакс баристасы оның есімін қате жазып қойды, глово курьері жарты сағатқа кешікті, Қазақстан олимпиадада бір алтын алды секілді абсурд нәрселер кілең.. Финн халқы секілді бақытты өмір сүруіміз үшін бізге ең қажетті скилстарды меңгеруге және болмашы нәрсеге бас қатырмауды үйрететін «Парасат майданы» деген сабақ керек..

Заттар мен әсер жайлы (Биыл жазда теңізге саяхаттай алмаған достарыма арналады) Қазір өзіңе керек затты емес, «әсер» сатып алуға ақша жұмсау керек деген месседж әлеуметтік желілерде қатты тарап жатыр. Біреулердің айтуынша, «Зат - ол қоқыс, ал Парижге жасаған саяхатты өмір бойы ұмытпайсың». Ең дұрысы ақшаны эмоцияға салсаң бақытты өмір сүресің деген нәрсе масқара пропагандаланып кетті соңғы уақытта. Басыма Юсуф Дикечтің тапаншасын тақап тұрса да бұл пікірмен мүлдем келіспеймін. Өйткені, шынайы өмірде бәрі керісінше. Егер сен Өркен Кенжебек сияқты жиі саяхаттасаң, онда париж-марижге барғаныңды ешқашан есіңде сақтап жүрмейсің. Кинотеатрға фильм үшін бару да белгілі бір деңгейде әсер алу шығар, бірақ 5 жылдан кейін 2024 жылы шыққан Дюна 2-ні көрген-көрмегеніңді еске түсіре алмай әуре боласың. Муаддибтің мамасын қай актриса сомдап еді өзі? Екіншіден, әсер деген әр түрлі болады. Жай ғана кайф алғың келсе, оны наркотик дейтін едім. Шымбұлаққа апта сайын барып тұруды мысал ретінде айтуға болатын шығар. Мұндай кайфқа тез етің үйренеді және кез келген наркотик секілді ол жаңа доза талап етеді де тұрады. Егер алған әсерің бойыңа пайдалы дағдыларды үйлестірсе (мәселен, көп жаяу жүру), онда ол әсер емес, ТӘЖІРИБЕГЕ айналады. Ал тәжірибе уақыт өте келе жұмысқа көшеді, соңында жұмыстан нәтиже шығуы тиіс (бұл сөз қаншалықты рас екенін білмеймін, бірақ менің бастығым солай айтады үнемі. Сәлем, Жәнібек). 18 жасынан бері (биыл отызға толдым) жұмыс істеп келе жатқан адам ретінде айтайын, жұмыстан кайф алу мүмкін емес, жұмыста не выговор не айлық аласың. Сосын тағы бір сұрақ: тауда түнеу немесе Антальяда демалу сияқты дүниелер жұмыстағы KPI-ды орындауға қай жағынан көмектеседі? Асылында, кез келген әсер белгілі бір затты сатып алудың нәтижесінде туындайды. Тауға шыққың келе ме? Мықты аяқ киіп сатып алу керек. Мальдивте демалуды қалайсың ба? Өтініш, тур компанияға 2 млн теңге төле де кете бер. Джунглиге бардың не, джунглиді ютубтан көрдің не, 10 жылдан кейін екеуінен алған әсерің бірдей болып қалады. Ал сатып алған квартираны он жылдан кейін арендаға беріп рахатын көріп жатасың..

Егер адамдар өз өміріне гормондар қалай әсер ететінін білсе психологтарға емес, эндокринологтардың консультациясына көбірек жазылатын еді. Біз қандай да бір шешім қабылдайтын кезде миымыз емес, эмоционалды фонға жауапты гормондар қызметіне жүгінеміз. Біздің алдымызда үнемі екі таңдау тұрады. Бірі - қиын бірақ пайдалы, екіншісі - оңай бірақ зиян. Әдетте оңай шешімдерді қабылдауға дофамин атты гормон себепші. Бірақ Есеп күні Алланың алдында күнәлар үшін жауап берер сәтте бәрін дофаминге сілтей алмайтынымыз өкінішті.. Біз күнде таңертең ұйқыдан тұрғанда таңдауымыз тиіс мына нұсқалар бар: Отбасы - кездейсоқ қыз/жігітпен флирт жасау Маңдай теріңді төгіп еңбектену - ұрлық жасау Бизнес жүргізу - стартап бастау Jusan Invest арқылы инвестициялау - спортқа ставка тігу Жер алып, үй салу - квартира жалдау Глютенсіз тамақ ішу - фасфуд жеу Бес уақыт намаз оқу - тек жұмаға бару Қиындыққа сабыр ету - наркотик тұтыну Тәжірибе жинау - эмоция алу Кітап оқу - кітаптың саммариін тыңдау. Ахырет үшін өмір сүру - Атеист болу. Кейде өмірдің мәнін машина, үй, сұлу қыз, айлығы жақсы жұмыс, қайырымдылық жасаудан таптым деп қуанып жүресің. Сәл уақыт өткен соң олардың бәрі саған шаттық сыйлауды тоқтатып, ақыры ол сыртына «өмірдің мәні» деп жазылған іші дофаминге толған жай қорап екенін ұғасың. Атақты инвестор Уоррен Баффеттің «Бүгін көлеңкеде жатқан адамдар біраз жыл бұрын ағаш отырғызған еді» дейтін сөзі бар. Яғни, бақытты адамдардың 90%-ы ертеңгі күніне жоспар құра білетін әрі жоғарыда келтірілген қиын вариантты таңдай алатын жандар сияқты.

Жаңа үйге келе жатып беті ашық, қалған канализацияға түсіп кете жаздадым. Сосын кезінде бізге Отан іздеген Керей мен Жәнібек хандарға сұрақ қойғым келді. Бұл елде дұрыс жол жоқ, қысы өте суық, жаз тым ыстық. Оған қоса, қыста жылу тоқтап қалады, жазда су жоқ. Магнумнан басқа дұрыс сауда жасайтын жер де жоқ. Интернеттің нашар екені жайлы мен айтпасам да білесіз. Мұхит немесе теңіз де жоқ. Жалғыз Арал бар еді, ол да қурап жатыр. Байғұс Алтай Айнабекке ғана керек сияқты сол теңіз.. Сахарамыздың аты «Барса келмес». Атын есітіп барғың келмей қалады. Бұл жерде ешкім дұрыс сериал әлде фильм де түсірмейді. Басқа елдердегідей қысқы және жазғы уақыт та жоқ. Жалпы Қазақстанда уақыт барына күмәнмен қараймын. Біз Еділ қағанға еріп, атының тұяғымен Еуропаны таптаған бабалардың ұрпағымыз деп мақтанамыз. Асылында біздің аталарымыз Орта Азияда relaxing жасап қалғанын мойындауымыз қажет. Ал Еділ қағанның артынан ергендер кеше Еурода Венгрия атынан жарысқа қатысты. Сәлем, Доменек Собазлай! Біздің аталарымызды осы жерге алып келген Керей мен Жәнібекті «Окэй, қазақтар енді осы жерде өмір сүреміз» деп айтуға не мәжбүрледі екен? «Керей аға, айдалада не істейміз? Кішкене тағы басқа жер іздемедік пе? Біз krisha.kz-тен суткаға квартира емес, Ахиретке дейін Отан іздеп жүрміз. Өмір сүруге қолайлы Пиреней түбегі сияқты жерге барайықшы» деп неге ешкім айтпаған? Бабаларға ешқандай өкпем жоқ. Тек осы жерді таңдауының логикасын түсінгім келеді.

Жігіттер өмір бойы түрлі қысым астында жүреді.. 10 жасында - велосипед кәміріндегі қысым 15 жаста - үлкен кластың балалары көрсететін қысым 20 жаста - военкомат қысымы 25 жаста - әке-шеше қысымы (қашан үйленесің, жұмыс не болды?) 30 жаста - қоғам қысымы (қай партиядансың, дінің не, неге сақал қоясың, сен осы гей емессің бе?) 35 жаста - 21 жастағы әдемі қыздардан қысым (неге сонша ерте үйленіп кеттің деп) 40 жаста - уже қан қысымы. Бірақ Марк Аврелийдің сөзімен айтсам «Алдыңнан шыққан тосқауылды отынға айналдырып, өз пайдаңа жаратуға болады». Кез келген прогресс дискомфорт арқылы келетінін ескерсек, барлық қысым түбі жақсылыққа апарады..

Басқалардың сіз жайлы не ойлайтыны қаншалықты маңызды? Егер бұл сұрақты 15-14 ғасыр бұрын, тайпа-тайпа болып өмір сүрген аталарымызға қойсақ, «оһ, балам, бұл әлемде біреудің сен жайлы не ойлайтынынан маңыздырақ нәрсе жоқ» деп жауап беретін еді. Өйткені, рулас-туысыңның сен жайлы пікірі сенің ертең аман-сау оянуыңа тікелей әсер ететін заман болған. Мысалы, сен жоңғардың қызына ғашық болып қалдың делік. Бірақ үлкен рулас атаң «Кәпірден қыз алсаң, басыңды кесем» деп айтуы мүмкін және бұл сөзді тек ақымақ адам ғана әзіл деп түсінетін еді. Бұрынғы бабаларымыз үшін қасындағы серігінің пікірін білу өмірі үшін де керек болған. Мысалы, екеуі айдалада келе жатып, алдынан аш қасқыр шықса, «осы гей емес пе?» деп бірі екіншісін бөріге жем етіп тастап қашпауына кім кепіл? Сондықтан олар өзін қоршаған барша адамның пікірін сұрап жүретін. Өзіме мектептегілердің мен туралы не ойлайтыны қатты маңызды еді. Өйткені сен лох сияқты киінсең әлде өзіңді дұрыс ұстай алмасаң мектепте сенімен ешкім араласпай қояды. Онсызда мектепте ішім пысып жүргендіктен, ол жерде жалғыз қалу - 2х геморрой. Сол себепті басқалар (әсіресе, екі класс төмен оқыған Ақмарал есімді қыз) мен жайлы жақсы ойласын деп сабақты беске оқуға, спортта үздік болуға тырыстым. «Мен туралы не ойлайтыныңызға түкіргенім бар. Мен сіз туралы мүлдем ойламаймын» дейтін сөзде 1 грамм да агрессия жоқ негізі. Ал асылында жеке бастың мысалы ретінде айтылған күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы кеңес екенін енді ұқтым..

Бұл өмірде кез келген адамның төрт ұстазы болады: 1. Дедлайн; 2. Стресс; 3. Форс-мажор; 4. Ақша дефициті. Осы төртеуінен жақсы сабақ алған адамды суға салса батпайды, отқа салса жанбайды.

Ақша жайлы сөйлесейік Білімін сату арқылы ақша тауып жүрген таныстарым көп. Олардың қатарында заңгер, консультант, дизайнер, IT мамандары бар. Мұндай бизнестегі адамдар үшін ең маңызды ереже: «Бірінші ақша төлеңіз, сосын жұмыс бастаймыз» болуы тиіс. Ол өте қарапайым әрі түсінікті принциптерге негізделген: А) Егер адам (клиент) предоплата жасағысы келмесе, ол онда жұмыс соңында да жарытып ақша бермейді; Ж) Егер клиент алдын ала төлем жасауға дайын болып, бірақ сіз оны әріптес/дос/туысқан/құда деп ақша алмасаңыз, жұмыс соңында оған «ақша төлемеу терезесі» ашылады. Әдетте көпшілік қаржы жұмсамау мүмкіндігін пайдаланып қалады; Г) Адамдар тегін келген нәрсенің қадірін білмейді. Шіріген миллионер болғысы келетін адам қыздарға арналған бизнес бастауы тиіс деп ойлаймын. Ал тек жігіттерге қызмет көрсету үшін ашылған кәсіптің бәрі шығынға батады да жүреді. Мысалы, компьютер және Play Station клубтарды айтуға болады. Шалқып өмір сүріп жатқан бірде-бір компьютер клубының иесін білмеймін. Есесіне, қыздарға арнап тауар шығаратын Apple, Zara, Starbucks, KFC, Инстаграм, тур компаниялар және кез келген кофехана иесінің бәрі миллионер. Не үшін кезінде Nokia банкрот болды? Неге Самсунг табыс жағынан Apple-ге жете алмай келеді? Себебі нокиа да самсунг да ешқашан қыздарға арнап телефон шығармаған. Осы уақытқа дейін «мен жаңа самсунг» алдым деп мақтанған бірде-бір қызды білмеймін. Инстаграмға #liftlook деген хештегті жазсаңыз самсунгмен суретке түскен қызды итпен іздеп те табу ықтималы өте төмен. Сосын осы телеграм да белгілі бір деңгейде тек жігіттерге арнап жасалған сияқты көрінеді маған. Егер телеграм өзінің бизнес-моделін өзгертпесе, яғни тек қыздар аудиториясына бағытталмаса табысқа шыға алмайды деп ойлаймын. 2021 жылы Павел Дуровқа тиеселі бұл мессенджердің инвесторлар алдында 600 млн доллар қарызы бар деген еді. Толстой «Бұл әлемді сұлулық құтқарады» дегенде «әлем» сөзінің ішіне бизнесті де меңзеген секілді. Қыздар аман болсын!