cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

Publicaciones publicitarias
4 833
Suscriptores
-1224 horas
-857 días
-41330 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Photo unavailableShow in Telegram
👨‍💼 🇰🇿 Тоқаев "Шанхай ондығына" кіретін елдер үшін стратегиялық маңызы бар басты бағыттарды айтты ✔️Президент қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуды бірінші маңызды бағыт ретінде атады.
"Қазіргі күрделі ахуал – негізінен халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыс салдары. Осы ретте халықаралық құқықтың кемшін тұстарын түзеп, геосаяси тұрғыдан жікке бөлінуге жол бермеу мақсатымен, түптеп келгенде, жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін ШЫҰ өзінің тұрақтандырушы және жасампаздық рөлін күшейтуге тиіс", – деді президент.
✔️Мемлекет басшысының айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы бүкіл Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепіл болатындай айрықша мүмкіндіктерге ие. Ұйымға мүше мемлекеттерге "Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы" ШЫҰ бастамасын жүзеге асыру дәл осы мақсатпен ұсынылды.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
📍Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті болып жатыр Биыл ұйымға Қазақстан төрағалық етіп отыр. Маңызды жиынға Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Қатар, БАӘ, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның сыртқы істер министрі әрі ШЫҰ бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры қатысуда. Сонымен қатар, саммитке БҰҰ бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары да қатысады
Mostrar todo...
🤪 1
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті болып жатыр Биыл ұйымға Қазақстан төрағалық етіп отыр. Маңызды жиынға Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Қатар, БАӘ, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның сыртқы істер министрі әрі ШЫҰ бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры қатысуда. Сонымен қатар, саммитке БҰҰ бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары да қатысады. massaget.kz
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Ата-анасы жазалануы мүмкін: кәмелетке толмағандардың тойы жұртты шулатты Өзбекстанда кәмелетке толмағандардың тойының арты дауға ұласты. Мәселеге балалар омбудсмені араласқан. Күйеу жігіт 16 жаста, ал қалыңдық 17 жаста. Бұл желі қолданушылары арасында дау туғызды.
"Қаракөл ауданының Ішкі істер басқармасы тергеуге дейінгі тексеріс жүргізді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты жиналған құжаттар сотқа жіберілді", - деп жазылған портал мәліметінде.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
📍Әлемдегі ең биік Бахтиари бөгеті бар. Ирандық компания Қазақстанда осындай ГЭС салып бермек Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің сайтында хабарланды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен кездескен. Әли Акбар Мехрабиан ирандық компаниялар Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанда әлемдегі ең ірі бөгеттердің бірі саналатын – "Бахтиари" ГЭС-ке ұқсас ауқымды жобаларды іске асыруға ниетті екенін айтты. Сондай-ақ, министр Иран суармалы суды тасымалдаудың заманауи технологияларын ұсынуға дайын екенін және бұл булану себебінен болатын шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Мұндай ГЭС қазір Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында қажет екен.
Mostrar todo...
00:14
Video unavailableShow in Telegram
🇨🇳 Қытайда теңіз магистралі ашылды, ол 10 әлемдік рекордты жаңартты 🌉 Гуандун провинциясында орналасқан 24 км жол – теңіз туннельдері мен көпірлерінің жаңа жүйесі, сонымен қатар экспресс жолдар мен әуежайлар арасындағы әлемдегі алғашқы суайрығы. Жаңа тасжол қалалар арасындағы қозғалысты 2 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Оның құрылысына 1,5 миллиард доллар ақша мен 7 жыл уақыт қажет болған деп хабарлайды, Қытайдың Синхуа агенттігі.
Mostrar todo...
IMG_1671.MP41.19 MB
Photo unavailableShow in Telegram
📰 Америкалық журналист Такер Карлсон Зеленскиймен сұхбат жариялайтынын мәлімдеді Бұл туралы ол Х желісінде жазған. Ол "америкалықтарға қақтығыс туралы қажетті ақпаратты жеткізгісі келетінін" жазды (ол Ресейдің Украинаға шабуылын осылай атады - ред.), бұл олардың елінің әлемдегі орнын толығымен өзгертеді және сұхбат жақын арада шығады деп үміттенетінін" жазған. Биылғы ақпанда Карлсон Путиннен алған сұхбатын жариялаған. Өткір сұрақтар болатынын мәлімдеген журналист сол күйі маңызды деген сұрақтарды қоймаған. Мысалы Бучадағы қырғын, Алексей Навальный, ресейлік сарбаздардың өлімі туралы сұрақтар болмаған. Бұл сұхбаты 213 млн қаралым жинап, оған 1 млн лайк басылған.
Mostrar todo...
02:03
Video unavailableShow in Telegram
🎆 Астанада отшашу ШЫҰ саммитіне орай және Астана күніне байланысты отшашу болды. Салютқа қанша шығын жұмсалғаны белгісіз. 📹 – "Астана. Что? Где? Когда?"
Mostrar todo...
IMG_1669.MP410.71 MB
Photo unavailableShow in Telegram
📍Қытай елі қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған жоқ - Тоқаев Президенттің айутынша, қазақ пен қытай байланысы Ұлы жібек жолынан бастау алып, төрткүл дүниеге таралған киелі жолда ынтымағы мен бірлігін жарастырған.
"Тарих қойнауына үңілетін болсақ, Қытай елі қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған жоқ, ешқандай тосқауылдар құрған емес, жәрдем ғана берген. Біздің елдеріміз әрдайым өзара тығыз байланыста және шынайы қарым-қатынаста болды. Бүгін де солай және солай болып қала бермек. Мен оған кәміл сенемін. Бір сөзбен, біз осы сара жолды міндетті түрде жалғастырамыз. Халқымыздың арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты бекемдей береміз. Бүгінгі келіссөз нәтижелері – соның айқын дәлелі", - деді Мемлекет басшысы.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді
"Қытай – біз үшін тату көрші ғана емес, жақын досымыз әрі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз. Біз ортақ тарихтың, тату көршілік қатынастардың және өзара қолдаудың мызғымас құндылықтарына сүйене отырып, шын мәнінде үлгі етерлік мемлекетаралық қатынасты жолға қойдық. Жылдан-жылға өзара байланыстарымыздың мазмұны байып келеді", – деді Мемлекет басшысы
Mostrar todo...
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.