cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

кітапсүйер 📚🕯

Кітапсүйердің арнасы 📚 Автор: @fatiw1xs Инстаграм: @fatiw1xs

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
540
Suscriptores
-124 horas
-47 días
-1830 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

34. Анна Франк. Пана: хат түріндегі күнделік. Автор: Анна Франк Бет: 366 Күнделік. Бірнеше минут бұрын оқылған шығарманың ізін ала рецензия жазуды жөн көрдім. Сыйға берген жан "Анна қайсар қыз, бірақ қазақтың қыздары оданда мықты болуы қажет. Сіз міндетті түрде оқуыңыз қажет кітап" деп беріп еді. Бұл хат түрінде жазылған күнделік. Күнделік иесі Анна Франк. Күнделік 1942 жылғы 12 маусымнан 1944 жылғы 1 тамызға дейін жазылған. Анна Франк басында күнделікті тек өзі үшін жазған. Оранье радиосынан Нидерланд үкіметінің білім министірінің сөзінен соң Анна, соғыс аяқталған соң осы күнделігіне сүйеніп кітап жазам деп ұйғарады. Бірақ 15 жасында Анна концлагерьде қаза табады. Күнделік соғыс кезінде жазылған. Аннаның отбасы және таныстары бас сауғалап, паналайды. Өздерінің паналап жатқан жерлерін-Пана деп жазады Анна. Бірақ 1944 жылғы 4 тамызда оларды қолға түсіреді. Концлагерьге жіберіледі, жер аударады... Концлагерьге жіберілген 8 адамның тек біреуі ғана аман қалады. Ол Отто Франк (Аннаның әкесі) болады. Соғыс біткен соң, Отто Франк Аннаның күнделігінің жарыққа шығаруға тырысады. Ақырында күнделік басылып шығады.
Mostrar todo...
1
33. Әлемді 80 күнде шарлау Автор: Жюль Верн Бет: 284 Шытырман оқиғалы туынды Енді мына суреттерден-ақ кітаптың қандай қызық екенін айтпасамда түсінікті шығар? 😂 Летс гоууу Кітаптағы басты кейіпкер бай-қуатты, бойдақ Фогг мырза өзінің достарымен әлемді 80 күнде шарлауға бәс тігеді қомақты соммаға. Сонымен арнайы сызылған карта бойынша Фогг мырза мен оның қызметшісі Паспорту саяхатқа шығады. Нағыз шытырман осы жерде басталады. Сол күні Фогг мырзаны ұры деген күдікпен бір комиссар соңына түсіп, бөгет болып келеді. Бірақ, шынында Фогг мырза ұры емес-тін (ол кітаптың соңында анықталады). Олар саяхатқа шыққанда жабайы адамдарға тап болады, пілмен саяхаттап, мұхит кешеді, үнділерге тап болып, Фогг мырзаның болашақ әйелі Ауда ханымды құтқарып алады. Шығарма енді қайғылы бітейін деп жатқанда, автор кейіпкерлерді күтпеген қиындықтан құтқарып алады. Кітап happi end. Смело оқи беріңіздер 😂😇 Және кітапты өте сауатты жазғаны көрініп тұр. Себебі уақыттың бәрі дәлме-дәл есептелген. Осы кітапты оқыған журналист Нелли Блай 1889 жылы Жюль Верн сызған бағдармен Жер шарын 72 күнде аралайды. Және жолай авторға кіріп шығады.
Mostrar todo...
32. Жүректің сырлары Автор: Имам Ғазали Жанр: діни Бет: 435 Қанша уақыт оқим-оқим деп жүргеніммен ауыр кітап екен. Екі-үш апта өзімді қысып оқыдым. Шытырман оқиға мен классикаға жатып алған маған, бұл кітап ауырлық етті. Бірақ, соңында табандылығым жеңіп, кітапты бітірдім, рецензия жазбаққа отырдым. Кітап ауқымды өте. Алладан қорқудан бастап, адами қасиеттер, ғибадат, жұмақ, тозақ бәрін жаза өтеді. Тіпті қазіргі заманға дейін актуал болған тақырып музыка тыңдай сынды тақырыпта бар. Діни кітап болған соң не айтарымды білмей қалдым ғой 😂 Кейбір кісілер бұл кітапты тек Ихия-улумиддин кітабының қысқаша алынғаны дейді. Ал мен айтар едім Ихияны оқымай тұрып автордың жеңіл кітаптарына жәймен кіріп бой үйретіп алыңыздар деп. Өйткені ол кітаптар Жүректің сырларынан қарағанда өте ауқымды. Егерде Жүректің сырларын оқымаққа ұмтылсаңыз Алла зейініңізді ашсын.
Mostrar todo...
https://youtu.be/utUam9e6nCs?si=ftq-Mdxfp-0CcLSW Айтпақшы алғашқы видео салынды ютубқа. Бірінші видео болған соң енді, кхм... 😅😂
Mostrar todo...
Қазақша қандай кітап оқуға болады? Қазақша ғылыми-фантастикалық кітаптар 📚

Біздің алғашқы видеомызда ғылыми фантастикалық кітаптар жайлы айтылды. Мен оқыған фантастикалық кітаптар: • Шоко әлем сериясы-Рүстем Сауытбай• Көрінбейтін ад...

🔥 1
Рецензия жазып отырып бір екі сұраққа да жауап жаза өтейін: -Рецензия неге сирек жазасыз? -Кітап оқып отырып, кейде жазуға ерінетінім бар, а так кітап аз оқитын адам емеспін 😅 -Телеграм жүргізудегі мақсат? -Қазір әлеуметтік желілерді жүргізудегі мақсатым ұлтқа қызмет ету болып кетті. Сол іс бойынша бас қатырып жүрмін. Ал нақты телеграм жүргізудегі мақсат қазақша кітаптарға рецензия жазып, адамдарға кітап оқу жағынан көмек беру болды. Онсызда кітаптар көп. Ал адамның өзіне қажет емес кітапқа уақыт құртқаны шығын. Сондықтан кітаптарға рецензия жазудамын. -Қанша кітапқа рецензия жазу ойда бар н/е канал тоқтап қалмайма деген сұрақ? -Канал тоқтамайды, бұйырса. Қазақша әдебиетке аз дегенде 50% кітаптарына рецензия жазу ойда бар. Басты мақсат пайдалы болу. Қазақша сапалы кітапқа қатысты контентті көбейту. Себебі кітапқа қатысты қазақша контентті таба бермейсің...
Mostrar todo...
Сеть ұстамай-ұстамай рецензияның бәрі енді кетті 😂 Жазу керек еді деп жүр едім, сәті бүгінге түсіпті. Ұзақ уақыт рецензия салынбады. Орнын осылармен толтырайын.
Реакция кәәніі?
😂😂😂
Mostrar todo...
🔥 4 1
31. Адам балық Автор: Александр Беляев Жанр: ғылыми-фантастика Бет: 273 Менің алғаш ғылыми-фантастика жанрында оқыған кітабым 🥹 Жүрегімнен жылы орын алған романды, сіздердіңде жүректеріңізде қалсын деп ұсынудамын... Басты кейіпкер адам-балық, су астында өмір сүретін-Ихтиандр. Сальватор менің көзімнен өз ғасырынан ғылым, білім, адамилық тұрғысынан бірнеше есе алда жүрген кейіпкер болып қалды. Ол өзінің ұлы (туған емес) Ихтиандрдың терісіне теңіз балығының желбезегін тігіп, кішкентайында акуланың шеміршегін кіргізіп, теңізге бейімдеп өсіреді. Ихтиандрдың бұл әлемде бар екенін Сальватор мен көмекшісінен басқа ешкім білмейді. Бірақ Ихтиандр теңізге батқан қызды құтқарып, оны ұнатып қалады. Содан соң көмекші Кристоның көмегімен бірге жер бетіне шығады. Бірақ шығарма желісі арығарай шиеленіскені соншалық, әке мен бала тағдырын екіге айырып жібереді. Сальваторды түрмеге қамайды. Ихтиандрды зерттеу үшін қамап ұстап отырады. Бірақ соңында әрине олар қашып құтылады... Кітап желісі өте қызық. Ішім пысып кетеді деп уайымдамаңыз. Кітабын оқуға ерінсеңіздер, бұл кітаптың киносыда бар. Өзім жақсы көретін кітаптарға көп рецензия жаза алмайды екем 😂😅
Mostrar todo...
4🔥 1
27. Өлгеннен кейін Автор: Иван Тургенов Бет: 98 Жанр: Классика Кітапты оқығаныма бірнеше айдың жүзі болсада, рецензияны кешіктірім жазудамын 😅🫶🏻 Миымдағы "осы шығарманы қашан болсада жазу керек" деген миссияның өзі жатқызбай қоймайды. Сонымен кеттік, кітап не туралы? Кітаптағы басты кейіпкер ынжық, оқып-тоқып қалған, кітап десе ішкен асын беретін-Аратов. Аратов ағайдың интроверттік энергиясы қатты болғаны соншалық тіпті көшегеде өте сирек шығатын. Бір күні оны Аратовтың досы оны қойылымға шақырады. Аратов үйінде омалып жата бергісі келседе, ақыры қойылымға келеді. Қойылымда елдің сүйіктісі актриса Клара Милич ойнайды. Ал енді Клара көке мен Аратов апайдың осы жерде шиеленісі басталады. Қойылымнан кейін біршама уақыт өткен соң Клара Аратовты "кездесейік" деген хатты жолдап, кездесуге шақырады, тіпті олар мүлде таныс болмасада. Аратов қанша бармайм, құрсыын мен оны қаяқтан танимын? дегенімен ақыры қызбен кездесуге барады. Кездесуде екеунің астарлы әлде қысылыңқырап айтқан әңгімесінен соң Клара бірдеңеден жиіркенген секілді тұрып, кетіп қалды. Бұл кездесу екеуінің алғашқы ж/е соңғы кездесуі болды. Біршама уақыттан соң газет беттеріне "Жарқ етіп көрерменнің көзайымына айналған-Клара Милич сахна залында көз жұмды. Бұл оның ең әдемі болған қойылымы еді. Бізді қайғыртатыны-Клара Милич өзін улап өлтірді". Бұны естіген Аратов төбесіне біреу кітап төңкеріп жібергендей, сілейіп қалды. Оқиға осы жерден шиеленіседі. Кларамен арасында көпте диалог болмасада, Аратов қыздың өліміне өзін кінәлады. Қыздың өмірбаянын зерттеп, әпкесінің үйіне барды. Соңында Аратовтың жағдайы нашарлап, сандырақтап, түн ішінде көрінгенді Клара деп шақыратын болды. Аратов жан тәсілім еткен күні, оның уысында қап-қара қыздың шашы болды... Кітап осымен тәмам болады. Осы Тургенов ойламаған жерден проблема тауып ала салады,-дейді клубтасым. Шынында да оның сөзімен келісуге болатындай. Кітапта Клара не үшін Аратовқа жазды, Аратов неге арада диалог болмасада қыздың өліміне өзін кінәлады? сынды сұрақтарға автор кітапта жауап жазбаған. Өлгеннен кейінгі кітабы Иван Тургеновтың белгісіздеу романдарына жатады дейді. Және Иван Тургенов осы кітабын жазғаннан соң бір жылдан кейін қайтыс болыпты.
Mostrar todo...
4