cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

таң атып,кеш батқанда.

Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым. Алла пайдалы етсін.

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
1 154
Suscriptores
+524 horas
+387 días
+28630 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Барлықтарың жаздан қалмай үйленіп,тұрмысқа шығып кетіңдер.. аминь) (мені тойға шақырыңдар😄)
Mostrar todo...
🍓 6🌭 3😁 2👍 1 1
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لِمَ تَقُولُونَ مَا لَا تَفْعَلُونَ Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! («Саф» сүресі 61:2)
Mostrar todo...
🍓 5👍 2🌭 2
Қай кезде адамдарды шартсыз сүйеміз? •Өзімізді шартсыз сүйгенде✨ •Барлығын қабылдаймыз, өзімізді қабылдағанда✨
Mostrar todo...
🍓 6👍 2🌭 1
Өзара жәрдемдесу. Аш адам - сабырсыз, ашуланшақ, өзін-өзі ұстай алмайды. Аш адам - ауыр сөйлеп қояды, ғайбат айтқыш, тіліне ие бола алмайды. Аш адам - жаман ойлы, ренжігіш, мәселеге түсіністікпен қарай алмайды. Аш адам - залым, барлығын қиратады, ешкімді аямайды. Аштықтың түрлері: тәннің ашығуы, жанның ашығуы (көңіл жетіспеу, құрмет көрмеу), өмір сүруге қажетті құралдардың болмауы(ақша, білім), сырлас жанашырдың болмауы. Жан-жағымызда қандай да бір адам моральдық құндылықтарға қарсы келетін, адамгершілікке жатпайтын, жағымсыз істер жасап жатса оған көмектесуіміз керек. Себебі ол аш. Энергиясы жоқ. Оны ақыл айтып түзете алмаймыз. Тек қана жанына жылулық сыйлау арқылы, аштығын кетіру арқылы ғана өзгерте аламыз.
Mostrar todo...
👍 3🌭 3🍓 1
Тікенсіз гүл болмағаны сияқты, қылықсыз қыз болмағаны сияқты, мінезсіз ұл болмағаны сияқты, реакциясыз канал болмау керек қой😁
Mostrar todo...
10👍 8🤔 3🐳 2👀 2💘 2🦄 2❤‍🔥 1😍 1🌭 1🍓 1
Задай мне анонимный вопрос 👉 t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=dRmHfl
Mostrar todo...
Анонимные вопросы

💬 Бот для получения анонимных вопросов 👋 Поддержка - @quesupport

👍 2 2🌭 1🍓 1🦄 1
Палестиналық бір баладан сұрағанда, күніне 6 уақыт намаз оқимыз таң, бесін, екінті, ақшам, құптан және Жаназа намазы деген екен😢 🗣️ Палестиналықтар үшін дұғада болайық! Олардың орнында біздердің болуымыз мүмкін еді. 
Mostrar todo...
💔 9👍 3 1🐳 1🌭 1🍓 1
Шеке басы тырысқандарға қазақ айтады: Өскенді де көргенбіз, Бөскенді де көргенбіз, Өсіп, бөсіп болған соң өшкенді де көргенбіз. Болғанды да көргенбіз, Толғанды да көргенбіз, Болып, толып болған соң солғанды да көргенбіз. Асқанды да көргенбіз, Тасқанды да көргенбіз, Асып, тасып болған соң сасқанды да көргенбіз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Жаман болдым деп саспа, жақсы болдым деп аспа. Өзіңді Аллаһтың құлы екеніңді ұмытпа.
Mostrar todo...
6👍 2🐳 1🌭 1🍓 1
🏃‍♂️Кейбір адамдар артық салмақтан арылу үшін 2 сағат жүгіреді. Бірақ, Алла Тағала алдында күнәларынан тазалану үшін намазға 2 минут та тұра алмайды. ❗️Осыған қатысты Құранда: وَٱسْتَعِينُوا۟ بِٱلصَّبْرِ وَٱلصَّلَوٰةِ ۚ وَإِنَّهَا لَكَبِيرَةٌ إِلَّا عَلَى ٱلْخَٰشِعِينَ (Аллаға құлшылық етуде, күнә атаулыдан сақтануда һәм бастарыңа ауыртпалық түскенде) сабырлылық танытып, намаз оқып, (Алладан) медет тілеңдер. Расында, бұл – Алладан шын именетін һәм Оған тиісінше тағзым ететін жандардан өзгелерге тым ауыр келеді. («Бақара» сүресі 2:45)
Mostrar todo...
7🐳 1🌭 1🍓 1
Имран ибн Хусайн адамзаттың Ардақтысының (ﷺ) хадистерінің бірін баяндап былай дейді: «Шын мәнінде сендер үшін қорқатын нәрселерімнің ішіндегі ең қорқыныштысы – сендер кіші ширк жасап қоя ма деп алаңдауым». Сонда адамдар оның не екенін сұрағанда: «Бір істі көзге көріну үшін жасау», - деп жауап берген. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кішкентай ширктен сақтаныңдар!» – деп ескерте келе, «кіші ширктің» не екенін сұраған сахабарына, пайғамбарымыз (ﷺ): «Ол – рия», – деп жауап береді.
Mostrar todo...
🍓 3 2🐳 1🌭 1