cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Рыбакинаның ракеткасы🎾

Отандық теннис туралы қазақ тіліндегі №1 телеграм-арна 💳Қолдау көрсету Kaspi Gold карта нөмірі 4400 4302 7583 0856

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
522
Suscriptores
Sin datos24 horas
-27 días
+730 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

00:16
Video unavailableShow in Telegram
Александр Бублик Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 135-орында тұрған сербиялық Хамад Меджедовичпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Бублик айқын басымдылық танытты – 6:1. Екіншісінде тай-брейкте матчты бітіре алды – 7:6 (7:4). Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 18 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кездеседі.
Mostrar todo...
IMG_8263.MP41.31 MB
👍 2 1
00:20
Video unavailableShow in Telegram
Карлос Алькараз 12 жасында-ақ арманы Ролан Гаррос пен Уимблдон турнирлерінде жеңіске жету екенін айтқан еді. 10 жылға жетпей, арманы орындалды
Mostrar todo...
An9B_RarnxgGqXXwZqY4PdSGASvbx5QSK6Mk8tMUsanot_1aazR_b_Xqzsp4y5z0.mp42.34 MB
👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
Карлос Алькарас алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанды Испаниялық спортшы аса тартысты матчта әлемнің 4-ракеткасы, германиялық Александр Зверевті ұтты – 6:3, 2:6, 5:7, 6:1, 6:2. Осыған дейін Алькарас 2022 жылы US Open, өткен жылы Уимблдонда үздік шықса, енді оған Australian Open жарысының чемпиондық атағы ғана жетпей тұр. Сонымен қатар испаниялық спортшы түрлі төсеніштегі үш бірдей «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанған ең жас теннисші болды.  Филипп Шатрие кортының маңдайшасында атақты Ролан Гарростың мына айтқан сөзі жазылып тұр:
Жеңіс тек табандылық танытқандарға бұйырады
Ең бастысы - армандарға сеніңіз!
Mostrar todo...
👍 7
Photo unavailableShow in Telegram
Новак екі ұлымен финал қарап отыр🧡
Mostrar todo...
👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
Анна Данилина Бари (Италия) WTA 125 челленджер турнирінің жеңімпазы атанды Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Данилина — ресейлік Ирина Хромачева финалда Италия өкілі Анджелика Морателли — мексикалық Рената Сарасуамен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-ресейлік жұп екі партияда айқын басымдылық көрсетті — 6:1, 6:3.
Mostrar todo...
👍 3 1👏 1
🇫🇷Парижді тамсандырған Елена🐠🧡🇰🇿
Mostrar todo...
👍 9
Әзірше, жарыс алдындағы болжамым орындалуда👍
Mostrar todo...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді 15 жасар теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді. Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ. Қазіргі кезде Заңғардың еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар, соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.
Mostrar todo...
5👏 1
Душанбе қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында 12U Team Competition-Supported by KTF турнирінің Орталық Азия аймағы бойынша іріктеу жарысы мәресіне жетті Командалық біріншілікте ел намысын мына спортшылар қорғады. Ұлдар: Темірлан Жантеміров, Ярослав Бобров, Лев Югай. Капитаны Руслан Арепринцев. Қыздар: Айым Қанағатова, Әдемі Әлсейпулова, Медина Алагөзова. Капитаны Зарина Жұмаджанова. Қазақстандық қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан құрамаларымен ойнап, барлық матчта жеңіске жетті. Ұлдар да осы төрт елдің теннисшілерінен басым түсті. Осылайша, қос құрама биыл күзде Шымкент қаласында өтетін командалық Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Mostrar todo...
🔥 3
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️⚡️⚡️Амир Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына шықты🇰🇿❤️ Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалда ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге жарыстың үшінші жұбы Томас Фарель/Лука Преданы 6:4, 4:6, 12:10 есебімен жеңді. Шешуші супер тай-брейкте Амир мен Тимофей 6:9 есебімен ұтылып жатып, қарсыластардың үш матчболын қайтарды.
Mostrar todo...
👍 4