cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

SADAQ

📌Қоғамдық-саяси жаңалықтар платформасы https://sadaqmedia.kz 💡 Бейімбет Майлиннің «Ғалия» медресесінде (Уфа) шығарған «Садақ» қолжазба журналының реинкарнациясы. 📘Қазақ және әлем авторларының кiтаптары қосымша жүктеледі. 📍Жарнама: 87001117705

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
4 544
Suscriptores
-1024 horas
-987 días
-46630 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

🇮🇷Иранда президенттік сайлау 28 маусымда өтеді Тікұшақ апатынан қаза тапқан Президент Ибрахим Раиси мен өзге де марқұмдармен қоштасу рәсімі бүгін Тебриз шаһарында басталады. Раиси өзінің туған қаласы Мешхедте бейсенбі күні жерленеді. Ал Иран үкіметі президенттік сайлауға әзірлікті бастап кетті. Жергілікті мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, ирандықтар елдің жаңа басшысын маусымның 28-і таңдайды.
Mostrar todo...
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
⚖️Айка Love 6, 5 жылға сотталды Атышулы Айка тізімі қоғамда біраз шу тудырған еді. Сотталушы мефедронды заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған, сондай-ақ жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2020-2023 жылдар аралығында сыбайласымен бірге қыздарды клиенттермен таныстырып, интимдік қызмет көрсеткен. Айка Мырзахметова 6 жыл 6 айға, ал оның сыбайласы 3 жыл 8 айға сотталды.
Mostrar todo...
👍 3👏 2
00:32
Video unavailableShow in Telegram
Атырау облысында белгісіз үлкен шұңқыр пайда болды Шұңқыр Махамбет ауданында жазық далада орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, оның ені 10 метрден асады, ал тереңдігі белгісіз. Әкімдіктің хабарлауынша, жер жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі. Шұңқыр өздігінен пайда болды дейді. Жер бөлімінің мамандары оқиға орнына арнайы барып тексермек.
Mostrar todo...
🤯 7👍 1🤨 1
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇮🇷 Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің Шығыс Әзербайжан провинциясында тікұшақ апаты салдарынан қайтыс болуына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан осы елдің Жоғары лидері Әли Хаменеи мен Бірінші Вице-Президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты. – Тікұшақ апаты салдарынан Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен оның сенімді серіктерінің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Ибрахим Раиси – Иран мемлекеті мен халқының әл-ауқатын арттыруға, мүддесінің мұқалмауына, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға өз өмірін риясыз арнаған көрнекті мемлекеттік қайраткер. Оның қолға алған бастамалары мен жетістіктері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғаны баршаға мәлім. Қазақстандықтар Ибрахим Раисиді парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайды. Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Mostrar todo...
😢 5👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Иран вице-президенті Мохсен Мансури Президент Раисидің тікұшақ апатынан қайтыс болғанын растады Иран президенті Ибрахим Раисидан бөлек, тікұшақта болғандардың барлығы – Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, Иранның Тебриз қаласындағы мешіт имамы Сайед Мохаммад-Али әл-Хашем және Шығыс Әзірбайжан облысының губернаторы Малик Рахмати де оқиға орнында қаза тапты.
Mostrar todo...
😢 13🕊 2💔 1
🇮🇷 Иран президенті тікұшағын іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бірақ қараңғы түсіп, ауа райының бұзылуы құтқарушылардың жұмысын қиындата түскен. Апат болған жерге көлікпен жету мүмкін емес. Елдің БАҚ-ның жазуынша, тікұшақта Иранның төрт шенеунігі болған: • Иран Президенті Ибрагим Раиси; • Иранның Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан; • Тебриз мешітінің имамы Аятолла Аль-Хашеми; • Шығыс Әзірбайжан ауылдарының губернаторы Малик Рахмати.
Mostrar todo...
🤯 7🤬 1🤩 1🤨 1
00:55
Video unavailableShow in Telegram
🇮🇷 Иран президенті отырған тікұшақ апатқа ұшырады IRIB мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, тікұшақ Әзірбайжанның шығыс аймағында радардан көрінбей кеткен, бортта Иран президенті Ибрагим Раиси және сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиян болған. Олар Әзірбайжан еліне іс-сапардан қайтып келе жатқан. Тікұшақ Әзірбайжанның Узи ауылы маңына құлаған. Табриз қаласынан 8 жедел жәрдем көлігі жіберілді. Кемі 40 құтқару қызметі президент тікұшағын іздеу жұмыстарына жұмылдырылды.
Mostrar todo...
🤯 8🔥 1🤬 1😢 1
Бішкектегі наразылық: жағдай тұрақталды Жергілікті БАҚ-ның мәліметінше, қаладағы хостелдардың бірінде Үндістан азаматтары курьер болып қызмет ететін қырғыз азаматын соққыға жыққан. Болған жайт туралы ақпар әлеуметтік желі арқылы жылдам таралып, нәтижесінде жүздеген адам наразылыққа шықты. Хостел маңына 100-ден астам адам жиналып, отандастарын ұрып-соққан үндістандықтарды іздеп, өзге шетел азаматтарына да тиісе бастаған. Жиналғандар саны сәт сайын артып, жатақхананың есігі мен терезелерін сындырған. Тәртіп сақшылары Құрманжан Датқа көшесі мен Чуй даңғылы қиылысын жапты. Наразылыққа шыққандар саны шамамен мыңға жеткен.
Mostrar todo...
👍 7 1
00:27
Video unavailableShow in Telegram
Бішкекте шетелдіктер жергілікті тұрғындарды соққыға жыққан соң жаппай тәртіпсіздік басталды Белгілі болғандай, 14 мамырға қараған түні "Аламедин" базары маңындағы қонақүйлердің бірінің ауласында он шақты адамның қатысуымен төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Қақтығысқа қатысушылар бірнеше жергілікті тұрғындарды соққыға жыққан шетел азаматтары болып шықты. Олар Египет пен Пәкістанның азаматы болуы мүмкін. Сөйтіп 17 мамыр кешке қарай хостелдің жанына әлгі шетелдіктерден "кек алып, сазайын беруге" кей мәлімет бойынша 300-ге жуық қырғыз жігіті жиналған. Тез арада әлгі үш шетелдік видео арқылы қырғыз халқынан кешірім сұрады.
Mostrar todo...
👍 8🤯 4😢 1
Photo unavailableShow in Telegram
📌Санкт-Петербургтегі жарылыстан 7 адам зардап шекті Санкт-Петербургте Буденный атындағы әскери байланыс академиясының аумағында 17 мамыр күні кешке жарылыс болды. Алғашқы мәліметтер бойынша, бұған дрон шабуылы себеп болуы мүмкін. Тағы бір нұсқа - оқу оқ-дәрілері жарылған. Зардап шеккендер саны жетеу, олардың екеуі ауыр хәлде. Тағы бірі реанимацияда жатыр. 🌐Толығырақ
Mostrar todo...
😢 3🤯 1