es
Feedback
AIMAGAMBETOV

AIMAGAMBETOV

Ir al canal en Telegram

📈 Análisis del canal de Telegram AIMAGAMBETOV

El canal AIMAGAMBETOV (@aimagambetov) en el segmento lingüístico de Ruso es un actor destacado. Actualmente la comunidad reúne a 12 565 suscriptores, ocupando la posición 4 230 en la categoría Política y el puesto 702 en la región Kazajistán.

📊 Métricas de audiencia y dinámica

Desde su creación el невідомо, el proyecto ha mostrado un crecimiento acelerado, reuniendo a 12 565 suscriptores.

Según los últimos datos del 07 julio, 2026, el canal mantiene una actividad estable. En los últimos 30 días la variación de miembros fue de -23, y en las últimas 24 horas de -9, conservando un alto alcance.

  • Estado de verificación: Verificado (confirmado oficialmente por Telegram)
  • Tasa de interacción (ER): El promedio de interacción de la audiencia es 19.24%. Durante las primeras 24 horas tras publicar, el contenido suele obtener 9.69% de reacciones respecto al total de suscriptores.
  • Alcance de las publicaciones: Cada publicación recibe en promedio 2 417 visualizaciones. En el primer día suele acumular 1 217 visualizaciones.
  • Reacciones e interacción: La audiencia responde de forma activa: el promedio de reacciones por publicación es 21.

📝 Descripción y política de contenido

No se ha proporcionado la descripción del canal.

Gracias a la alta frecuencia de actualizaciones (últimos datos recibidos el 08 julio, 2026), el canal mantiene la vigencia y un amplio alcance. La analítica demuestra que la audiencia interactúa activamente con el contenido, lo que lo convierte en un punto de referencia dentro de la categoría Política.

12 565
Suscriptores
-924 horas
-357 días
-2330 días
Archivo de publicaciones
https://t.me/consot_kz/3093 Вопрос, ставший предметом разных интерпретаций, получил официальное толкование в конституционно-правовой плоскости. Однако в этом вопросе самое важное- разделять правовую возможность, политическое решение и фактический сценарий. Чем больше правовой определенности в конституционно-правовых вопросах, тем меньше пространства для субъективных оценок и произвольных интерпретаций. В таких ситуациях ясность в понимании конституционных принципов имеет значение для предсказуемости политического процесса и работы институтов.

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» авторлық заңымызға қол қойды. Енді 2 апталық курс оқып, өзін «психолог» немесе «психо-коуч» деп атайтындарға заңмен тыйым салынады. Тек диплом және бірыңғай мемлекеттік реестр! Бұл - Мәжілістегі жұмысымның маңызды нәтижелерінің бірі. Кәсіби мамандар, жеңіс құтты болсын! Тек алға! https://t.me/aqorda_resmi/33978

Repost from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды **** ✍️ Главой госуда
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды **** ✍️ Главой государства подписан Указ «О назначении выборов в Курултай Республики Казахстан» t.me/aqorda_resmi

Көпшілікке көріне бермейтін жандар туралы Мәжілістің жұмысы аяқталды. Депутаттар кетеді, жаңа шақырылымдар келеді. Бұл - парл
Көпшілікке көріне бермейтін жандар туралы Мәжілістің жұмысы аяқталды. Депутаттар кетеді, жаңа шақырылымдар келеді. Бұл - парламент өмірінің табиғи заңдылығы. Бірақ парламенттің сабақтастығын сақтап тұрған адамдар бар. Олар - Мәжіліс Аппаратының қызметкерлері, техникалық және шаруашылық қызметкерлері. Олар сұхбат бермейді, әлеуметтік желілердің кейіпкері болмайды, подкасттарға шықпайды. Бірақ Парламенттің күнделікті жұмысының үздіксіз жүруіне дәл осы адамдар еңбек етеді. Бірге жұмыс істеген жылдар ішінде мен тағы бір маңызды нәрсеге көз жеткіздім: мықты мемлекеттік институттар тек саяси шешімдермен ғана емес, кәсіби адамдардың еңбегімен және институционалдық жадпен қалыптасады. Аппараттың тәжірибелі қызметкерлері заңдардың тарихын, көптеген нормалардың қабылдану логикасын, ондаған жыл бұрынғы пікірталастар мен дәлелдерді жақсы біледі. Әлеуметтік сала бөліміне ерекше алғыс айтқым келеді. Осы жылдар бойы бірге жұмыс істеген кәсіби, принципшіл әрі өте еңбекқор команда. Көптеген заңдардың сапалы дайындалуына олардың қосқан үлесі зор. Заңнама бөліміне, Аппараттың барлық құрылымдық бөлімшелеріне және, әрине, Мәжілістің Баспасөз қызметіне де шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекеттік қызметтің ең маңызды еңбегі көбіне көзге көрінбейді. Бірақ дәл осындай күнделікті, жүйелі әрі командалық жұмыс сапалы заңдардың қабылдануына, мемлекеттік институттардың тұрақтылығына негіз болады. Әрқайсыңызға кәсібиліктеріңіз, сенімділіктеріңіз және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.

Десятилетиями богатство нашей страны измеряли тем, что лежит под землей. С сегодняшнего дня Конституция закрепляет новую форм
Десятилетиями богатство нашей страны измеряли тем, что лежит под землей. С сегодняшнего дня Конституция закрепляет новую формулу национального богатства: главное богатство Казахстана - не недра, а Человек. Сегодня вступает в силу новая Конституция Казахстана. Начинается новый этап в развитии нашей страны. Большинство конституций прежде всего закрепляют уже сложившийся порядок вещей. Наша же Конституция делает акцент не только на настоящем, но и на будущем. Это преобразующая Конституция. Она не ограничивается описанием настоящего. Она задает направление развития и отвечает не только на вопрос «кто мы?», но прежде всего - «кем мы намерены стать?». Это Конституция будущего времени. Главная перемена - в самой философии документа. В центре новой Конституции находится человек, его достоинство, права, свободы и возможности. На протяжении десятилетий развитие государства связывали прежде всего с природными ресурсами. Но у любого сырья есть предел: чем больше добываешь, тем меньше остается. Со знанием же все иначе: чем больше его создаешь, передаешь и применяешь, тем больше его становится. Именно поэтому новая Конституция и делает ставку не на геологию, а на человеческий капитал - образование, науку, культуру, технологии и способность постоянно учиться. Как человек, посвятивший значительную часть своей жизни образованию, особенно чувствую смысл этого выбора. Будущее страны рождается не на месторождениях.Оно рождается в школьном классе, университетской аудитории и научной лаборатории. Именно там формируется настоящее национальное богатство. Есть в новой Конституции еще одна мысль, которая кажется мне принципиальной. Память о прошлом - наша незыблемая опора, часть нашей идентичности и нашей силы. Но жить только прошлым нельзя. По-настоящему зрелой нация становится тогда, когда ее объединяет не только общая память, но и общий проект будущего. Не только общее прошлое, но и общее будущее. Общие ценности и общая ответственность за завтрашний день. И лучший ответ на любые исторические вызовы - сильные школы, современные университеты, развитая наука, инновации и поколение молодых людей, способных быть конкурентоспособными в любой точке мира. Именно в этом, на мой взгляд, отражается стратегический курс реформ, который последовательно проводит Глава государства. Сегодня Казахстан получил уникальную возможность - модернизационный шанс, закрепленный в Основном законе. Воспользуемся ли мы этим шансом, зависит уже не от текста Конституции, а от каждого из нас.

Ондаған жылдар бойы еліміздің байлығы жер қойнауындағы қазбалармен өлшенді. Бүгіннен бастап жаңа Конституция ұлттық байлықтың
Ондаған жылдар бойы еліміздің байлығы жер қойнауындағы қазбалармен өлшенді. Бүгіннен бастап жаңа Конституция ұлттық байлықтың жаңа өлшемін айқындайды: Қазақстанның басты байлығы – Адам. Баршаңызды Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін еліміздің дамуындағы жаңа кезең басталады. Көптеген Конституциялар қоғамның қалыптасқан болмысын, қалыптасқан жағдайды құқықтық тұрғыдан бекітеді. Олар негізінен «біз кімбіз?» деген сұраққа жауап береді. Ал біздің жаңа Конституциямыздың табиғаты өзгеше. Бұл – жаңғыртушы Конституция. Ол бүгінгі жағдайды ғана сипаттамайды, ең алдымен еліміздің даму бағытын айқындап, «біз кімбіз?» деген сұрақпен қатар «біз кім боламыз?» деген сұраққа жауап береді. Сондықтан бұл – болашақтың Конституциясы. Жаңа Конституциядағы ең үлкен өзгеріс – оның философиясында. Оның өзегінде адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары, бостандықтары мен мүмкіндіктері тұр. Кез келген табиғи ресурстың шегі бар: неғұрлым көп өндірсең, соғұрлым азая береді. Ал білімнің табиғаты мүлде бөлек. Білімді қаншалықты көп өндіріп, таратып және қолдансақ, ол соншалықты көбейе түседі. Сондықтан жаңа Конституция алғаш рет табиғи байлыққа емес, адами капиталға – білімге, ғылымға, мәдениетке, технологияға және үздіксіз білім алуға басымдық береді. Өмірімнің едәуір бөлігін білім беру саласына арнаған адам ретінде бұл таңдаудың мәнін ерекше сезінемін. Елдің болашағы кен орындарында қалыптаспайды. Ол мектеп сыныбында, университет аудиториясында және ғылыми зертханаларда қалыптасады. Нағыз ұлттық байлық дәл сол жерде дүниеге келеді. Бұл - Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтің стратегиялық бағдары, жүйелі түрде енгізіп келе жатқан саясаты. Жаңа Конституциядағы тағы бір маңызды ой – өткенге деген көзқарас. Өткеніміз – біздің тірегіміз, тарихи жадымыз және ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бірақ өткенмен ғана өмір сүруге болмайды. Ұлт өткенін құрметтеп қана қоймай, болашағын бірге құра бастағанда ғана кемелденеді. Ортақ болашаққа деген сенім, ортақ құндылықтар және ортақ жауапкершілік – нағыз бірліктің негізі. Кез келген тарихи сын-қатерге берілетін ең дұрыс жауап – мықты мектептер, заманауи университеттер, дамыған ғылым, инновациялар және әлемнің кез келген елінде бәсекеге қабілетті болатын жастар. Бүгін Қазақстан Ата Заңда бекітілген тарихи мүмкіндікті иеленді. Мұндай мүмкіндіктер тарихта жиі беріле бермейді. Енді осы мүмкіндікті пайдалану немесе жіберіп алу – әрқайсымызға байланысты. Ең бастысы – жасампаз еңбек, сапалы білім және нақты іс. Сонда ғана Конституцияда жазылған идеялар күнделікті өмірдің шынайы құндылығына айналады.

Зейнетақы жинағын енді 100% өзіңіз басқара аласыз. Кеше Сенат біздің бастамамызбен енгізілген норманы мақұлдады. Енді әр адам өз зейнетақысын кімге басқарту керектігін, жақсы табыс әкелуі үшін қалай инвестиция жасау қажеттігін өзі шешеді. Жинақталған ақшаңызды бұрынғыдай Ұлттық банктің басқаруында қалдыруға немесе қаражатыңыздың 100%-ын арнайы қаржы компанияларына басқаруға беруге болады. Бұл не үшін керек? Қазір ай сайын аударатын 10% зейнетақы жинағымызды Ұлттық банк басқарады, яғни инвестициялайды. Олар ақшаны көбінесе сенімді, бірақ табысы аздау мемлекеттік жобаларға, Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына салады (Ұлттық банк жалпы алғанда жақсы жұмыс істеп жатқанын ерекше атап өткім келеді). Ал арнайы басқарушы компаниялар бәсекелестік ортада ақшаңызды табысы әлдеқайда көбірек басқа бағыттарға салып, көбейтіп беруі мүмкін. Жаңа заң сізге не береді? Толық еркіндік. Бұрын жинақтың тек 50%-ын ғана арнайы компанияларға басқаруға беруге рұқсат еді. Енді бұл шектеу жоқ. Барлық ақшаңызды кімге сеніп тапсыратыныңызды тек өзіңіз шешесіз. Яғни, арнайы өтініш жазып, қаражатыңызды басқаратын және оны инвестициялайтын ұйымды өзіңіз анықтайсыз. Табысты көбейту мүмкіндігі де енді кеңейеді. Жинақтарыңызды қандай стратегиямен инвестициялайтынын, оның қалай жұмыс істейтінін енді өзіңіз таңдайсыз. Мысалы, жинақталған 5 млн теңгеңіз болса, оның бір бөлігін кірісі көп, тәуекелі де көп стратегиямен, екінші бөлігін кірісі орташа, бірақ тәуекелі де орташа, ал қалғанын өте сенімді (табысы аз болса да, тұрақты) бағытқа бөліп салуға болады. Осындай тетікті де ұсындық. Ақшам күйіп кетпей ме? Заң бойынша, басқарушы компаниялар сіздің берген негізгі сомаңыздың ешқайда жоғалмауына толық кепілдік береді. Оның үстіне, олардың жұмысын Ұлттық банк пен мемлекет қатаң қадағалап отырады.

Каждый вкладчик ЕНПФ теперь вправе передавать 100% пенсионных накоплений в доверительное управление управляющим компаниям. Сенат вчера одобрил наши авторские поправки, которые дают каждому гражданину выбор: оставить управление накоплениями у Нацбанка или передать их в доверительное управление специальным организациям. Что это значит для вас? Сейчас пенсионные средства в основном находятся под управлением Нацбанка. И хотя он управляет ими неплохо, значительная часть денег инвестируется в государственные ценные бумаги (ГЦБ) и финансирование госпроектов. Это надежно, но не всегда дает ту доходность, которую мог бы принести активный рынок. Почему эта норма необходима? 1. Полная свобода выбора. Раньше мы могли передать частным управляющим (УИП) только 50% накоплений. Теперь этот барьер снимается вы сможете доверить профессионалам 100% своего капитала или оставить все как есть. Выбор за каждым гражданином. 2. Инвестиции на ваш вкус. Появится возможность выбирать стратегии под свой риск-профиль. Вы сами решаете, как распределить портфель. Например: 20% в высокорисковые инструменты, 30% - - в умеренные, 50% -в консервативные (для максимальной защиты). Кстати, абсолютно новый механизм. 3. Здоровая конкуренция. Частные компании, конкурируя за ваши накопления, будут стремиться показать более высокую доходность. Это прямой стимул для роста эффективности ваших денег. Кому это выгодно? В первую очередь- самим гражданам. Если рынок растет, частные стратегии могут принести вам гораздо больше, чем консервативные государственные инструменты. Вы берете ответственность за свое будущее в свои руки, а не просто ждете «среднего показателя по больнице». При этом за управляющими закрепляются обязательства по обеспечению сохранности номинала вклада. Также сохраняется жесткий контроль со стороны Нацбанка и АРРФР за деятельностью этих финансовых организаций. Следим за подписанием Закона!

Теперь до 44 лет. Возрастной ценз для статуса «молодой ученый» официально увеличен. Наша поправка принята. Многие исследователи получают степень PhD к 30-32 годам. А в таких направлениях, как медицина, где требуется длительная подготовка, этот момент наступает еще позже. Получается несправедливая ситуация: к тому времени, когда человек становится доктором PhD, набирается реального опыта и готов запускать серьезные исследования, ему уже исполняется 35 лет. В итоге в самый продуктивный период своей работы наши ученые остаются за бортом государственных грантов, стипендий и программ поддержки молодежи. Теперь мы исправили эту ситуацию. Новое понятие в законе: Молодой ученый - это исследователь в возрасте до 44 лет включительно, со стажем научной работы не более 10 лет. Что конкретно дает это изменение? 1. Открыт доступ к грантам. В специальных государственных грантовых конкурсах для молодых ученых, где распределяются миллиарды тенге, теперь на равных правах смогут участвовать и 44-летние исследователи (главное условие - стаж научной работы не более 10 лет). 2. Специальные стипендии. Ученые получают полное право претендовать на государственные стипендии для молодых талантов. Ну и, конечно, открываются другие сопутствующие преимущества. Наш принцип неизменен: если мы видим проблему, мы решаем ее через конкретные нормы в законе.

Енді 44 жасқа дейін. «Жас ғалым» мәртебесінің жас шектеуі ресми түрде ұзартылды. Біздің түзетуіміз қабылданды. Бұған дейін қа
Енді 44 жасқа дейін. «Жас ғалым» мәртебесінің жас шектеуі ресми түрде ұзартылды. Біздің түзетуіміз қабылданды. Бұған дейін қалай еді және неге бұл үлкен проблема болды? Көптеген зерттеушілер PhD дәрежесін 30-32 жас шамасында алады, ал медицина сияқты ұзақ даярлықты қажет ететін бағыттарда бұл кезең одан да кеш келеді. PhD докторы атанып, нағыз тәжірибе жинап, үлкен зерттеулерді бастаған шағында ғалымдар 35-ке толып үлгеретін. Салдарынан ең өнімді жұмыс істейтін шағында олар жас ғалымдарға арналған мемлекеттік гранттардан, стипендиялардан, тіпті баспана бағдарламаларынан қағылып қалатын. Осы жасанды шектеудің кесірінен қаншама дарынды маман ғылымнан кетіп қалды. Енді біз бұл әділетсіздікті өзгерттік. Заңдағы жаңа ұғым: Жас ғалым - жасы 44-ті қоса алғандағы, ғылыми жұмыс өтілі 10 жылдан аспайтын (бала күтіміне байланысты 3 жылға дейінгі демалыс уақытын есептемегенде) зерттеуші. Бұл өзгеріс нақты не береді? 1. Гранттарға жол ашылады. Жас ғалымдарға арналған миллиардтаған теңгенің арнайы мемлекеттік гранттық байқауларына енді 44 жастағы зерттеушілер де тең құқылы қатыса алады (ғылыми жұмыс өтілі 10 жылдан аспайтын). 2. Арнайы стипендиялар. Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияларды иеленуге толық құқық беріледі. Басқа да артықшылықтар. Жаңа заң ғалымдарымызға жаңа серпін береді. Біз мәселе көтерсек, оны заңдағы нақты нормалар арқылы шешеміз.

Repost from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы: «Бүгінгі журналистер ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек» ✔️Қасым-Жомарт Т
Мемлекет басшысы: «Бүгінгі журналистер ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек» ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеу дұрыс емес деп санайды.
– Өйткені бұл өскелең ұрпақты адастырып, олардың дүниетаным құндылықтары мен өмірлік мұратына теріс ықпал етеді. Жастар медиакеңістіктен ысырапшылдық пен мәнсіз ырду-дырдуға толы алдамшы өмірді емес, керісінше, жасампаз еңбектің, адал табыстың, ішкі мәдениеттің нағыз үлгісін көруі керек. Бүгінгі журналистер екі маңызды рөлді қоса атқаруға тиіс: яғни олар шындықты боямасыз көрсететін айна, сонымен қатар ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек. Қазір біз біртұтас ұлт болып, өркендеген, заманауи, яғни озық мемлекет құрып жатырмыз. Бірақ бұл – төл құндылықтарымызды ұмыту деген ұғым емес. Біз жұртымызға тән игі қасиеттерді жаңғырта түсуіміз керек. Мұны азаматтарымыз, әсіресе, жастарымыз терең түсінуі қажет. Мәдениеті жоғары елдің әлемдегі мәртебесі де, беделі де биік болары айқын. Ал нағыз мәдениет үйде де, түзде де әдеп сақтау, көпшілік ортада өзін дұрыс ұстау, басқа адамдарды құрметтеу, сыйлау сияқты қарапайым қағидалардан басталады. Қазақ халқы әдептен аттамаған, әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Жақынына жанашыр көзбен қарап, жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу болған. Біздің шынайы болмысымыз – осы. Сондықтан адамның ар-намысына нұқсан келтіретін, қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекетке жол бермеу қажет. Біз озық ел ретінде қоғамда салт-дәстүрімізге негізделген өркениетті этикалық нормаларды орнықтыра түсуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Осы бағыттағы жұмысты күшейту – айрықша маңызы бар міндет. «Қалам елді түзейді» деген сөз бекер айтылмаған. Осы орайда, біз сіздерге – журналистер қауымына зор үміт артамыз. Ақпарат саласының қызметкерлері қашанда ұлт сапасын жақсартатын құндылықтарды дәріптеу ісіне белсене атсалысуы қажет деп санаймын, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi

Сегодня важный день. Сенат одобрил наш авторский закон «О психологической деятельности», закон направлен на подпись Президенту. Как было до этого? Человек в глубоком стрессе или кризисе искал помощь. Находил в Инстаграме очередного «специалиста» с красивой картинкой и сомнительным сертификатом. Отдавал последние деньги, а в итоге становилось только хуже. Такие псевдоэксперты ломали судьбы тысяч людей и целых семей. И самое страшное - им за это ничего не было, потому что сфера никак не регулировалась. Теперь этому пришел конец. Главные новшества нашего закона: 1. Никаких психологов без диплома. Теперь нельзя просто так назвать себя «психологом», если у тебя нет профильного высшего образования и тебя нет в едином государственном реестре. Любой человек сможет за пару кликов проверить своего специалиста в базе. Нет в реестре - нет права работать. 2. Конец играм с приставкой «психо». Различным «специалистам» и «тренерам» без диплома официально запрещено использовать в рекламе слова «психолог», «психо-коуч», «психо-консультант» и так далее. Время тех, кто закончил двухнедельные курсы и возомнил себя экспертом, прошло. 3. Жесткий контроль онлайн-рекламы. Психологи будут обязаны открыто указывать свой номер из реестра и образование прямо в соцсетях. За сказочные обещания вроде «решу любую проблему за 1 день» или «100-процентная гарантия» теперь придется отвечать по закону. 4. Сложными темами займутся только профи. Депрессия, психологические травмы, тревожные расстройства - это не поле для экспериментов. Оказывать реальную психологическую помощь теперь будут исключительно дипломированные специалисты. «Специалистам» без профессиональной подготовки вход в эти темы закрыт. 5. Психолог - это не врач. Мы четко разграничили их обязанности. Психологу строго запрещено ставить диагнозы, выписывать таблетки по психическим заболеваниям. Если человеку нужна медицинская помощь, психолог обязан направить его к психиатру. 6. Тайны под защитой закона. Все, что вы расскажете на сеансе, останется строго между вами. Без вашего письменного согласия никто не имеет права публиковать ваши истории, снимать вас на видео или записывать на диктофон. Государство четко обозначило: ментальное здоровье людей - это не просто бытовая услуга, а крайне ответственный вопрос. Главой государства были даны поручения по регулированию этой важной сферы, работа будет продолжена. Наш принцип неизменен: если мы видим проблему, мы решаем ее через конкретные нормы в законе. Наша главная цель - чтобы каждый казахстанец, оказавшийся в трудной ситуации, получал безопасную, грамотную и профессиональную помощь.

Жалған психологтардың дәурені бітті. Бүгін біздің «Психологиялық қызмет туралы» авторлық заңымыз Сенаттан сәтті өтіп, Президенттің қол қоюына жіберілді. Бұған дейін қалай еді? Күйзеліске түскен адам Инстаграмнан әдемі парақшасы мен күмәнді сертификаты бар «маманды» тауып, соңғы ақшасын санап берсе де, жағдайы тек нашарлай түсетін. Мыңдаған адамның, отбасының тағдырын күл-талқан етті. Сала заңмен реттелмегендіктен, олар ешқандай жауапқа тартылмайтын. Енді бұл өзгереді. Заңның басты бағыттары: 1. Дипломсыз және реестрсіз психолог болмайды. Енді арнайы жоғары білімі (дипломы) жоқ және бірыңғай мемлекеттік реестрге тіркелмеген адамдарға өзін «психолог» деп атауға заңмен тыйым салынады. Кез келген азамат маманның реестрде бар-жоғын оңай тексере алады. Реестрде жоқтардың қызмет көрсетуге құқығы болмайды. 2. «Психо» атауын жамылып алдауға жол берілмейді. Дипломы жоқ коучтар мен тренерлерге өз жарнамасында «психолог» сөзін, сондай-ақ одан туындайтын кез келген атауларды (мысалы, «психо-коуч», «психо-кеңесші») қолдануға ресми түрде тыйым салынады. 2 апталық курсты бітіргендердің дәурені бітті. 3. Онлайн-жарнама бақыланады. Психологтар әлеуметтік желіде өздерінің реестрдегі нөмірі мен білімін ашық көрсетуге міндеттеледі. «Проблеманы 1 күнде шешемін» немесе «нәтижеге 100 пайыз кепілдік беремін» деп жалған уәде беріп, халықты алдағандар жауапқа тартылады. 4. Күрделі тақырыптарға тек кәсіби мамандар жіберіледі. Депрессия, психологиялық жарақаттар (травма), мазасыздық сияқты терең мәселелермен және жалпы психологиялық көмек көрсетумен енді тек кәсіби, дипломы бар мамандар ғана айналысады. Кәсіби дайындығы жоқ коучтар бұл салаға жолай алмайды. 5. Психолог пен психиатрдың аражігі ажыратылады. Психолог - дәрігер емес. Оған медициналық диагноз қоюға, дәрі-дәрмек жазуға немесе адам санасына әсер ететін психоактивті әдістерді қолдануға қатаң тыйым салынады. Егер пациентте ауыр психикалық ауытқу белгілері болса, психолог оны бірден дәрігер-психиатрға бағыттауға міндетті. 6. Кәсіби құпия заңмен қорғалады. Сіздің психологқа айтқан құпияңыз, жеке өміріңіз сіздің жазбаша келісіміңізсіз еш жерде жарияланбайды. Сізді рұқсатсыз видеоға немесе аудиоға түсіруге де қатаң тыйым салынады. Мемлекет адамның psychicалық саулығы - тұрмыстық қызмет емес, өте жауапты іс екенін заңмен бекітті. Біз мәселе көтерсек, оны заңдағы нақты нормалар арқылы шешеміз. Міндетіміз - көмек іздеген әр отандасымызға қауіпсіз, сауатты әрі кәсіби жүйені ұсыну.

Поздравляю медицинских работников с профессиональным праздником! Этот день - время отчитаться об исполнении обещаний, данных нашим врачам. И мы свои обещания выполнили. Мы инициировали ряд авторских законов и поправок, которые приняты. Вот только несколько последних инициатив: 1. Теперь для врачей мы ввели специальное страхование от нападений. Если произойдет какое-либо нападение во время исполнения обязанностей и медицинский работник получит травму, виновный не только понесет наказание, но и самому врачу или его близким по закону будет выплачена специальная компенсация (страховая выплата). Честно говоря, эта идея возникла случайно. После очередного нападения на врачей я прочитал в социальной сети пост одного нашего уважаемого доктора. Он высказал мысль: «Было бы хорошо иметь механизм страхования врачей и выплаты компенсаций в подобных ситуациях». Прочитав это предложение, мы сразу же выступили с депутатской инициативой и взялись за внесение поправок в закон. Сегодня эта инициатива превратилась в реальную норму закона. 2.Мы закрепили за врачом и водителем скорой помощи статус специального субъекта. Раньше нападение на медицинского работника считалось простым хулиганством. Теперь механизмы их защиты приравнены к статусу спасателей и представителей правоохранительных органов. Провести эту норму было непросто. Правительство несколько раз отклоняло наши поправки, к тому же, помимо Правительства, даже среди наших коллег звучали разные мнения. Но благодаря прямой поддержке этой сферы и инициативы непосредственно Главой государства мы отстояли эту важную норму. Теперь те, кто поднимет руку на врача, понесут строгую ответственность по уголовной статье. 3.Еще одна наша поправка касается выплаты подъемных врачам, которые переезжают работать в село по дефицитным направлениям. Теперь они получают 100 минимальных зарплат - около 9 миллионов тенге в виде подъемных. Это помимо программы «С дипломом в село». Эти законы - не о привилегиях для врачей. Эти законы работают на благо каждого пациента. Защищенный врач = Спасенный пациент. Это - неизменная аксиома. Если мы поднимаем проблему, мы решаем ее через конкретные нормы в законе. Дорогие медицинские работники, с наступающим профессиональным праздником! Наша задача - создать условия, чтобы вы могли работать в безопасной и профессиональной среде. С праздником!

Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн - біз үшін дәрігерлеріміздің алдында берген уәдеміздің орындалуы туралы есеп беретін уақыт. Уәделерімізді орындадық. Біздің авторлық заңдарымыз қабылданды. 1. Енді дәрігерлер үшін зорлық-зомбылықтан арнайы сақтандыру енгізілді. Егер қандай да бір шабуыл орын алып, медициналық қызметкер жарақат алса, кінәлі адам жазаланып қана қоймайды, сонымен қатар дәрігердің өзіне немесе оның жақындарына заң бойынша арнайы өтемақы (сақтандыру төлемі) беріледі.  Шынымды айтсам, бұл идея кездейсоқ келген еді. Дәрігерлерге жасалған кезекті бір шабуылдан кейін әлеуметтік желіде белгілі бір құрметті дәрігеріміздің постын оқып қалдым. Ол кісі: «Осындай жағдайда дәрігерлерді сақтандырып, өтемақы төлейтін тетік болса жақсы болар еді» деген ой тастапты. Осы ұсынысты оқыған соң, бірден депутаттық бастама көтеріп, заңға өзгеріс енгізуді қолға алдық. Бүгін, міне, сол ұсыныс нақты заң нормасына айналды.  2.Дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушісін арнайы субъект ретінде бекіттік. Бұрын медицина қызметкеріне шабуыл жасау жай бұзақылық болып саналатын. Енді оларды қорғау тетіктері құтқарушылармен және құқық қорғау органдарының өкілдерімен теңестірілді. Бұл норманы өткізу оңай болған жоқ. Үкімет біздің түзетулерімізден бірнеше рет бас тартты, бұған қоса Үкіметтен бөлек, тіпті өзіміздің әріптестеріміздің арасында да түрлі пікірлер болды. Бірақ Мемлекет басшысының осы саланы тікелей қолдауының арқасында біз бұл маңызды норманы қорғап қалдық. Енді дәрігерге қол көтергендер қылмыстық бап бойынша қатаң жауапқа тартылады. Бұл заң - дәрігерлерге артықшылық беру туралы емес. Бұл заң - әрбір пациент үшін тиімді. Қорғалған дәрігер = Құтқарылған пациент. Бұл - өзгермейтін аксиома. Біз мәселе көтерсек, оны заңдағы нақты нормалар арқылы шешеміз. Сіздердің қауіпсіз әрі кәсіби ортада жұмыс істеулеріңіз үшін еңбек ете береміз. Мерекелеріңізбен!

В новом законе приняты наши авторские поправки по созданию медицинских референц-центров- это решительный шаг к сокращению диагностических ошибок и контролю качества. Ошибочный диагноз- одна из самых больших проблем в медицине. Особенно критично это в онкологии, при редких заболеваниях и в молекулярно-генетических исследованиях, где единственная ошибка может стоить человеческой жизни. Сейчас уровень клиник, подготовка специалистов и качество лабораторий по стране неравномерны, наблюдается разобщенность. Теперь мы на законодательном уровне ввели институт «Республиканских референц-центров» на базе ведущих организаций, оказывающих высокотехнологичную медицинскую помощь. Что это даст? Например, Национальный онкологический центр или другие ведущие институты смогут перепроверять сложные анализы (ИГХ, молекулярно-генетические тесты, патологоанатомические стекла), поступающие из любого региона страны, и подтверждать окончательный, точный диагноз. Эти центры будут не просто проверять, а контролировать единообразие протоколов лечения и качество лабораторий по всей стране. Это позволит свести к минимуму медицинские ошибки и расширит возможности для точного выявления самых тяжелых заболеваний.

Медицинадағы ең үлкен қасірет - қате қойылған диагноз. Әсіресе онкология, сирек кездесетін аурулар мен молекулярлық-генетикалық зерттеулердегі бір ғана қателік адам өмірін қиюы мүмкін. Қазір еліміздегі клиникалардың деңгейі, мамандардың дайындығы мен зертхана сапасы әртүрлі. Сондықтан жаңа заңға медицина саласында референц-орталықтар құру, яғни диагноз қателігін азайту мен сапаны бақылау үшін біз арнайы түзетулер ұсынып, олар қабылданды. Осылайша, біз заң жүзінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін жетекші ұйымдар базасында «Республикалық референц-орталықтар» институтын енгіздік. Бұл не өзгертеді? Мысалы, Ұлттық онкология орталығы немесе басқа да жетекші институттар еліміздің кез келген өңірінен келген күрделі талдауларды (ИГХ, молекулярлық-генетикалық тестілерді, патологоанатомиялық шыныларды) қайта тексеріп, соңғы нақты диагнозды бекіте алады. Олар тек тексеріп қана қоймайды, бүкіл ел бойынша емдеу хаттамаларының бірізді болуын, зертханалардың сапасын қадағалайды. Бұл медициналық қателіктерді барынша азайтып, ең ауыр аурулардың өзін дәл әрі уақытында анықтауға мүмкіндік береді.

Repost from Aibek Smadiyar
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты. Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді. Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Колледждеріміз, жалпы техникалық білім беру жүйесі үшін тамаша жаңалық бар. Біз тағы бір қисынсыз бюрократиялық кедергіні жойдық. Кәсіпкерлік кодекске енгізген авторлық түзетуіміз ресми түрде қабылданды. Мәселе неде еді? Болашақ наубайшыларды, тігіншілерді, ұсталарды немесе дәнекерлеушілерді даярлайтын колледжді көз алдыңызға елестетіңізші. Өндірістік практика кезінде студенттер нан пісіреді, киім тігеді, жиһаз жасайды. Колледж материалдардың шығынын жабу және студенттерге нарықпен жұмыс істеудің шынайы тәжірибесін беру үшін осы өнімдерді сата алса, логикаға сай болар еді ғой. Біз кезінде Үкіметте жұмыс істеп жүргенде «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізіп, оларға осындай құқық берілуіне қол жеткізген болатынбыз. Бірақ өңірлердегі монополияға қарсы органдар бұл норманы әртүрлі түсінді: «Нан немесе жиһаз нарығында бәсекелестік жоғары, сіздерге ол жаққа кіруге болмайды», - деп жиі бас тартатын. Осылайша тығырыққа тірейтін жағдай туындады: мамандыққа баулуға болады, ал студенттердің практикада өз қолымен жасаған еңбегінің нәтижесін сатуға болмайды. Енді біздің түзетуіміздің арқасында білім беру ұйымдары осы бір қатаң талаптан алып тасталды. Енді: 1. Колледждер студенттердің қолынан шыққан нан-тоқаш, тоқыма, ағаш және басқа да бұйымдарды ешқандай қағазбастылықсыз, заңды түрде сата алады. 2. Оқу орындары өз мұқтаждықтарына және келесі практикаларға қажетті шикізат сатып алуға қосымша қаражат табу мүмкіндігіне ие болады. Айтылды-орындалды

Бүгінгі съезде өте маңызды, тарихи шешім қабылдадық. Өңірлерде, партия жиындарында және саяси кеңесте ақылдаса келе, жаңа саяси, тарихи кезеңге сай маңызды қадам жасадық. Біз болашақтың коалициясын құрып жатырмыз. "Аманат" пен "Әділеттің" қуатын біріктіріп, елді алға жетелейтін суперплатформа жасап шығаруымыз қажет. Қазіргі саясатта күш біріктіру жеңіске жетелейді. Біз бұрынғы шекараларды алып тастаймыз, өйткені бағытымыз бен ұстанымымыз бір, құндылықтарымыз ортақ, ал басты мақсатымыз - Қазақстанның әл-ауқатын арттыру мен тұрақты дамуы. Жаңа Конституцияны қабылдаумен бірге еліміздің тарихында жаңа кезең басталды. Әлем бізді күтіп тұрмайды. Жасанды интеллект, жаһандық бәсеке мен үлкен өзгерістер дәуірі келе жатыр. Президентіміздің бастамасымен еліміз жаңғырды, Конституциямыз жаңарды, Әділетті Қазақстанды құруға нақты бет бұрдық. Бірлесе отырып, біз ұлтымыздың тұтас, ажырамас берік негізін құрамыз.