cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Zhantore Rakymbek

Құрметті оқырман, бұл каналда көбіне руханиятқа (SQ) қатысты ой-толғамдар болады. Жеке дамуға қатысты посттарды инстаграм парақшамда жазамын: https://instagram.com/zhantore.rakymbek?utm_medium=copy_link Канал авторы: @zhantorerakymbek

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
921
Suscriptores
Sin datos24 horas
-57 días
-3130 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Шүкір – күш "Ананы мен істедім. Мынаны мен істедім. Қаншама жақсылық жасадым" деп әр істің негізі ретінде өзін қойған адам шаршап қалады. Бар жақсылықты өзіне арқалап шаршайды. Шарттары да көбейеді. "Анау істі жүргізу нәсіп болды. Мынау істі аяқтау нәсіп болды. Қаншама жақсылық жасау нәсіп болуда" деп Аллаға байлаған адам күш алады. Риза болып, одан да көп әрекет жасап, іс жүзінде шүкір етуге талпынады. Шүкір еткеннің Алла күшін арттырады. Өзінің шексіз құдіретімен қолдайды. Ал өзіне байлап күпір еткенді өз күшіне қалдырады. Алланың қолдауы болмаған адамның күші қаншаға жетпек?
Mostrar todo...
https://youtu.be/LCpZg1q0Oyk Телеарнада алғашқы сұқбат)
Mostrar todo...
САНА. Йеркс-Додсон заңы

Иман – көрмегенге, ғайыпқа сену. Иман еткен адамға сый ретінде сенгені оған көрінеді. Көру үшін бірінші сену керек. Иманның алты шартының соңғысы – тағдырға иман. Алғашқы бес шартқа (Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ақыретке) толық иман еткен адамның соңғысына (тағдырға) қатысты артық сұрағы қалмайды. #уағызданүзінді
Mostrar todo...
Жол басында жолбасшы, Жол бойында қолдаушы Болмаған адамның Жол соңында сынаушы Болуға хақысы бар ма?!
Mostrar todo...
Тыйым мен тәуелсіздік Анау болмайды, мынау болмайды. Шектеулі өмір сүргім келмейді. Неге өзімді тыю керекпін? Анау қажет емес, мынау артық. Ең маңызды іспен айналысқым келеді. Неге тәуелсіз болмасқа? Тыйымды өз орнымен қолдансам тәуелсіз боламын. #өзімменсанасу
Mostrar todo...
🔸Білім мен сезім байланысы 🔸Оқиғаларды дұрыс түсіну 🔸Қателік қажеттілігі
Mostrar todo...
7.98 MB
Білім – дән Амал – күтім Даналық – жеміс
Mostrar todo...
Қадірлі қонақ Нәпсі мен ерік-жігері арқылы сыналатын – адам. Осы екеуін дұрыс қолданса періштеден озатын – адам. Барша жаратылыс оған қызмет ететін – адам. Жердің ең қадірлі қонағы – адам. Адам кейпіндегі періште және кәдімгі адам. Кім құрметке лайық? Періштеге көрсететін құрметке адам да лайық емес пе? Адам одан да артығына лайық емес пе? Әр адамға кемел жаратылыс деп қарау. Сынағы болса да сынбай, кемелдік үшін күресіп жүргені үшін сыйлау. Қадірлі жаратылыс болғаны үшін өзін де, өзгені де қадірлей білу...
Mostrar todo...
Періште кейпіндегі адам бар. Сіз оны кездестірдіңіз. Періште екенін біліп қойдыңыз. Қалай сөйлесер едіңіз?
Mostrar todo...
Әулие адам – Аллаға әрдайым разы адам. #уағызданүзінді
Mostrar todo...
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.