cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Кері байланысқа: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
3 634
Suscriptores
+1224 horas
+1027 días
+1 35130 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Ұлттық банк базалық ставканы тағы да түсірді Базалық ставка – инфляцияны тежеу үшін қолданатын Орталық банктің ақша-кредит саясатын жүргізудегі басты құралы екенін талай жаздық. Қазір Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі – 8.4%. Түсіп келе жатқаны рас. Былтыр жыл соңында 20%-дан жоғары болған еді. Базалық ставкаға қатысты шешімді түсіндіру үшін Ұлттық банктің басшылығы қазір сағат 12.30-да БАҚ өкілдерін жинап, брифинг өткізгелі жатыр. Журналистер тарапынан сұрақ көп қойылатыны рас. Оның ішінде соңғы уақыттағы валюталар курсына, теңгенің жайына қатысты сауалдар болатыны айтпаса да түсінікті. Брифингті сіз де тікелей эфирде қарай аласыз. Нарықта не болып жатқанын, елдегі экономикалық ахуалдың, қымбатшылықтың жай-күйі қалай қалыптасып жатқанын біле жүргеннің артықтығы жоқ. Ұлттық банктің брифингіне сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=c8eVMJUCmwc @qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
👍 10
Қазақстанның классикалық банктерінде «ислам терезелері» пайда болуы мүмкін «Елімізде шариғат қағидаттарымен жұмыс істейтін банктер неліктен отандық және шетелдік банктер секілді халыққа толыққанды кредит ұсына алмай отыр?» деген сауалымызға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) осылай деп жауап берді. Агенттіктің «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-арнасына берген жауабында заңнамаға тиісті түзетулерден тұратын жоба әзірленіп жатқаны айтылған. Ол жоба нақты қандай мүмкіндіктер ашады? Түзетулер қабылданған жағдайда: ✅ классикалық банктер «ислам терезелері» арқылы исламдық қаржыландыруды жүзеге асыру мүмкіндігін айшықтап алады; ✅ «ислам терезесінің» көмегімен ислам банкін дәстүрлі банкке айналдыру (конвертациялау) мүмкіндігі айшықталады. Яғни, «ислам терезесі» арқылы исламдық және стандартты қаржыландыру үлгісін біріктіру үшін қазір заңнамалық түзетулер қажет. Агенттік исламдық қаржыландырудың ерекшеліктерін ескере отырып, оны жан-жақты зерделеп жатыр. Себебі дәстүрлі банк пен ислам банкингін біріктіру үшін шариғат талаптары орындалатындай реттеушілік, аудиттік талаптар қайта қарастырылуы керек. Жоғарыда айтылған түзетулер: - ҚР заңнамалық актілеріне; - Азаматтық кодекске; - Банктер туралы; - ҚР Азаматтық кодексін мемлекеттік реттеу туралы; - «ҚР банктері және банк қызметі туралы» Заңға; - «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Ақпарат үшін жаза кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда екі ислам банкі жұмыс істейді. 1. «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ. Бұл банк Қазақстан пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметтері арасында жасалған Келісімге сай 2009 жылы құрылған. 2. «Заман Банк» Ислам банкі» АҚ. Бұрын «Заман Банк» АҚ-мы болған. Соны ерікті түрде қайта құру арқылы құрылған банк. Ислам банкінің және басқа да банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияны 2017 жылы алған. Біздің телеграм-каналға оқырман тарапынан «халал кредит», «халал табыс» секілді мәселелерге қатысты сұрақ жиі түседі. Қазақстан қанша жерден зайырлы мемлекет болғанымен, шариғат қағидаттарын ұстануға тырысатын кісі қарасы көп екенін мойындаймыз. Осы ретте «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына «Қазақстандық банктер мен қаржы ұйымдары ұсынатын кредиттік өнімдерді Ислам діні «харам» деп бағалайтыны рас па?» деген сауал жолдаған еді. «Қазақстандық банктер мен қаржы ұйымдары ұсынатын кредиттік өнімдер шариғатымызға сай келмейді. Белгілі сома ақша беріп, оны үстемемен қайтарып алу шариғатқа сай емес. Бірнеше ислам банктері бар. Әл-Һиләл, Заман банктері қаржыландыру орталықтары бар енді бастап жатқан. Діни басқарма дәстүрлі банктерден кредит алуға кеңес бермейді.» Цитата аяқталады. @qarzhylyq_sauat телеграм-арнасы қазақстандықтардың діни-наным сенімін құрметтейді, бірақ бұл жазба арқылы дінді насихаттаудан аулақ екенін мәлімдейді. Шешім қабылдау әркезде де азаматтың өз еркінде қалады. Ақпарат – бізден, шешім – Сізден. https://t.me/qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Кері байланысқа: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 5 2
Photo unavailableShow in Telegram
Тиктокта мына біреу ру жарыс өткізіп отыр. Қай ру өкілі каспиіне көп ақша салса, соны тізімде жоғары көтеріп қояды. Жүздеген қазақ сол стримге телміріп, тиын аударып, уақыт жоғалтып мәз. Тағы бір тікелей эфир виртуал ойыны бар. Ақша аударсаң көлік нөміріне сол облыстың сериясын қойып береді. 17, 09 дегендей. Алматы көбірек ақша аударса, Шымкенттің көлігін жарып жібереді. Соған 100 мыңдап ақша жұмсаған адамдарды көрдім. Жалпы біздің адамдар алаяққа алдандым десе аяушылық таныта бермеймін, себебі өздері сұранып лох (аудармасы қалай) болып жүреді. Сауат ашуға жұмсайтын қаржыны алаяқтың қолына өзі апарып береді. Сенің тегің керемет десе атынан түсіп өзі жаяу қалады. Бал аштырады, тәуіп аралайды немесе тікелей эфирде осылай эго қанағаттандырады. Ұлттың комплексін жоймаса, қиын нәрсе бұл. (с) Абай Сейфуллаұлы, журналист t.me/qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
👍 57 7🤯 7😁 3🥴 2
Жаз. Қалай демалған дұрыс? Адамның жұмысқа қабілетті болуына әсер ететін үш нәрсе – денсаулық, энергия, төзім. Егер сіз 24/7 режимінде тыным таппай жұмыс істеп жүрсеңіз, оның «кесірі» уақыт өте келе істеп жүрген жұмысыңыздың нәтижесіне әсер етпей қоймайды. Яғни демалып тұруды үйрену керек. Жәй ғана компьютерді сөндіре салу немесе офис есігін сыртынан жаба салу – жеткіліксіз. Денсаулық – адам үшін ең құнды капитал. Денсаулығың сыр берсе, жұмыс жөніне қалады. Ал, науқас адамды ешкім жұмысқа алмайды. Жұмыс тоқтаса – қалтаға түсетін табыс та тоқтайды деген сөз. Сондықтан, демалыс – денсаулыққа «ауадай» қажет. Энергия – білек сыбанып тұрып іске кіріскің келген кезде таптырмайтын күш. Бір нәрсе істегің келер, зауқың соғып тұр, бірақ – тұла бойыңда қуат аз. Мұндай жағдайда тау қопара алмайтының анық. Денсаулық пен күш-қуат егіз ұғым іспетті. Сау адамның күші тасып тұруы мүмкін, алайда ауыра қалсаң – энергияң сарқылып қалады. Төзім – белгілі бір «нагрузканы» (ол физикалық немесе психологиялық ауыртпашылық болуы мүмкін) көтере білетін қасиетің болса керек. Мысалы, спортшылар қауымы төзімді болуға үйрену үшін көп жаттығады. Еңбекте де солай. Мейлі, сен ауыр жұмыс істе, мейлі, ой жұмысын істе – бұл қасиет бәріне керек. Көп адам «отпусктен» шаршап келеді Неге? Өйткені демалысқа нақты дайындық жоқ. Яғни, демалысың сапалы өтуі үшін тиянақты жоспар керек. Сапалы демалыс деген не? Ол – жұмысты және қандай да бір шаруаларды мүлдем ұмыту. Бірақ, жұмыстағы түйіні шешілмеген күрделі мәселелерді демалыс алдында шешіп кеткен дұрыс дейді психолог мамандар. Әйтпесе, аяқсыз қалған істі ойлай-ойлай, іштей уайымдап, ол стрестің бәрі нағыз демалысқа көлеңке түсіреді. Ертең ол демалыс та бітеді. Ал, «өзіңді күтіп тұрған жұмыс» процеске оралуға қиындық туғызады. Сосын демалыстан шаршап келесің... Қазір отандық туризмді жаппай халық болып қолдауға шақыру трендке айналып келеді. Қанша жерден қымбат, сервисі нашар, инфрақұрылымы дамымаған десек те, өзіміз болып қазірден қолдайық, сыртқа ақша шығармай отбасымызбен өз жерімізде демалайық деп қоғамға үндеу тастап жүрген желі белсенділерін әлеуметтік желіде жиі көретін болдық. Жалпы, ниет дұрыс. Әрине, қайда барып, кімнің қанша ақша жұмсайтынын әркім өзі біледі. Отандық туризмге жауапты құзырлы мекемелер қазақстандықтардың өз жерімізге бет бұра бастағанын назарға алу керек деп есептеймін. Жолдар түзеліп, дәретханалар жөнге келтірілсе, сервис дұрысталып, баға реттелсе деген тілек біздікі. Естімегендер үшін жаза кетейін, егер отбасыңызбен Қазақстан ішінде саяхаттауды ойлап жүрсеңіз, ел ішінде 2-17 жас аралығындағы балалар кез келген қалаға тегін ұша алады. Бұл, әсіресе, көп балалы отбасыларға өте тиімді ұсыныс. Тегін билет бала санына қарамайды, яғни ата-ана қанша баламен ұшса да, тегін алады. Ұшақ билеті туристік компаниялар арқылы алынады. Олардың тізімі біздің мына жазбамызда бар: https://t.me/qarzhylyq_sauat/363 P.S. Жұмыс істеген жақсы. Бірақ уақытында демалып тұрған одан да жақсы. Алдымен, денсаулық үшн. Денсаулық сыр берсе, жұмыс жөніне қалады деген сөз дұрыс негізі. Қадірлі оқырман қауымға табысты жұмыс, мықты денсаулық, таусылмас күш тілеймін! Сіздің «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» https://t.me/qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
👍 37 8
Алаяқтар Ұлттық банктің атынан Instagram-да жалған аккаунт ашқанға ұқсайды Instagram-ды көп адам қолданатын болғандықтан, біз де ескерте кетейік деп шештік. Жалған аккаунтты (national_bank_kazakhstan) барлап көрдік. Адресі ресми аккаунтқа қатты ұқсайды. Аса мұқият болмаса, ажырату қиын. Несімен қауіпті? Жұмысқа шақырады. Әрбір банктік операцияның 1%-ын табыс түрінде аударамыз дейді. Аккаунт таратқан хабарландыруда қызметкер орташа есеппен тәулігіне 30.000-70.000₸ табыс табады деп жазылған. Жұмысқа ресми қабылдауға мүмкіндік қарастырылады деп анкета толтыруға сілтеме ұсынады. Ұлттық банк алаяқтардан сақ болуға шақырады. Олар ұсынатын сілтеме жеке мәліметтеріңізді ұрлайтын фишинг сайтқа апарады деп ескерткен Орталық банк Instagram-да жалғыз ресми аккаунт барын айтады, ол мынау: https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan. Және бір ескертуді үнемі есте ұстап жүріңіз. Ұлттық банк: ❌ жеке тұлғалардың банктік шотына қызмет көрсетпейді; ❌ қаржы құралдарын сақтандырмайды; ❌ жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырыспайды. https://t.me/qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
👍 13 1
Ақшаны мерзімінен бұрын пайдалану: Зейнетақы қорындағы жинаққа қандай жоспар құрып жатсыз? Бәріңіз де естіген боларсыз, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қордан жинақты ерте шешіп алуды тоқтату туралы сарапшылар ұсынысымен келісетінін айтқан болатын. «Қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек», - деген Светлана ханымның сөзін барлық БАҚ таратты. Министрдің аузынан мұндай сөз шықты ма – демек, ерте ме, кеш пе – жинақты ерте шешіп алуға тыйым салынуы әбден мүмкін. Әрине, бұл – әзірге ұсыныс. Бірақ сұрақ көп. Қашан тыйым салынады? Ол тек зейнеткерлерге қатысты ма, әлде жинағын пайдалана алатын барлық қазақстандыққа қатысты тыйым ба? Егер күні ертең жинақтың тиісті бөлігін пайдалануға рұқсат етілмейтін болса, азаматтара өз ақшасын қолданып қалу үшін уақыт беріле ме? @qarzhylyq_sauat телеграм-арнасы осы сұрақтарды тізіп, Еңбекминіне шілденің 2-сі күні сауал жолдаған болатын. Әзірге ол тараптан ресми жауап жоқ. Дегенмен, әлі уақыт бар, ведомствоның позициясын біле алсақ, оны да жариялармыз. Жинақтың бір бөлігін ерте пайдалануға 2021 жылдан бастап рұқсат етілген еді. Арада 3 жылдай уақыт өтіп отыр. Бір ғана шарты болды – азаматтар өз ақшасын жасына қарай жинақ мөлшері «жеткілікті шектен» асқан жағдайда ғана пайдалана алады деген. Министр Светлана Жақыпова осы уақыт ішінде 1,5 млн адам сол төлемдермен қамтылғанын айтты. Зейнетақы қорынан 3 трлн теңге шығарылып, ол ақшаларға Қазақстан азаматтар үй жағдайларын жақсартып, денсаулығына жұмсаған. Әзірге «жеткілікті шектен» асатын ақшаңыз болса, сіз де оны өз мақсатыңызға қолдана аласыз. Тыйым салу мәселесі көтеріле бастағандықтан, кей азаматтар жанталсып жатқан болар. Бірі – үй алам деп депозитіне, бірі – туысына аударып, енді бірі – ем-домға бағыттап дегендей. Айына 240 мың ипотека төлеп келген өз басым Қордан ауысатын ақшамды ай сайын «Отбасы банкіне» бағыттап, кредитке кетіп отырған айлық табыстың бір бөлігін басқа бір маңызды мақсатқа бағыттағым келген. Соңғы жаңалық шықпай тұрғанда 8-9 айға жетуге тиіс еді. Енді жинақты пайдалануға тыйым салынуы мүмкін деген мәселе көтеріле бастағандықтан, сәл ойлануға тура келіп тұр. Бірақ әуелгі ойымнан айнығым жоқ. Түбі тыйым салынатын болса, халыққа уақыт беретін болар? Ол кезде депозитке аударып жіберуге де мүмкіндік болады. Не болса да, тәуекел! Дегенмен, оның да бір өзіндік нюанстары бар. Егер сізге де осындай ой келіп жатса, мына жағдайларды ескеріңіз: Ісіңіз enpf-otbasy.kz порталынан басталады. Сол жерде ипотеканың ай сайынғы төлеміне келетін белгілі бір сомаға өтініш бересіз. Әр ай сайын. Мысалы, «Отбасы банкіндегі» БЗТ/ЕПВ (біржолғы зейнетақы төлемдері) шотыңызға түсетін ақшаны тиісті мақсатқа пайдалануға 20 күн уақыт беріледі. Пайдаланылмаса, БЖЗҚ-ға автоматты түрде кері қайтады. Ипотека төлейтін датаны осы 20 күнге есептеп өтініш беру керек. Мысалы, 1 шілде күні enpf-otbasy.kz порталында берген өтінішіңізге сай бүгін, 4 шілде күні БЗТ шотыңызға ақша түсті делік. Ипотека төлейтін күніңіз – әр айдың 15-і дейік. Төлемді сіз Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы сол 15-і күні жасауыңыз керек. Сонда ғана ай сайынғы төлем ретінде қабылданады. Ал, одан ерте аударсаңыз, онда салған ақшаңыз жалпы қарыздың ішіне құмға сіңген судай кетеді. Ол кезде 15-і күнгі төлемді қайтадан өз қалтаңыздан ақша салып, жүргізу керек болады. Егер БЖЗҚ-дағы жинақ ақшаңыздың бөлігін қазір төлеп отырған ипотекаға ай сайын бағыттап отыруға шешім қабылдасаңыз, осы нюанстарды ескерерсіз. Бұл вариантты таңдау міндетті емес. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланып алыңыз. Іске сәт! t.me/qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Кері байланысқа: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 9 2
📖🔎Декларация: келесі жылы тапсыратын адам қазірден қамдануы керек Иә, солай. Сіз студент боларсыз, бәлкім зейнеткерсіз, үй шаруасындағы адам болсаңыз да «декларация тапсыратын уақытым – 2025» деп алаңсыз жүріп қалмаңыз. Өйткені сіз келесі жылы декларация тапсырғанда – осы 2024-ке есеп бересіз. Биыл қандай қаржылық операциялар жасадыңыз? - үй/көлік саттыңыз ба немесе жалдадыңыз ба? - біреуге қарызға қомақты ақша бердіңіз бе/алдыңыз ба? - БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотыңыздан мерзімінен бұрын ақша алып, өз мақсатыңызға жұмсадыңыз (немесе енді жұмсағалы отырсыз ба)? - ай сайын картаңызға түсіп жатқан табыстарыңыз қайдан келіп жатыр? Міне, осылардың бәріне есеп бересіз. Сондықтан, 2025 жылды күтпей, осы жылғы табыстарыңызды келесі жылы ұмытып қалмас үшін қағазға түсіріп, қамданып жүріңіз. Күні ертең өзіңізге керек болады. Жалпы, декларациялау 4 кезеңге бөлінген болатын. Биыл үшінші кезеңге келдік. Бұл жолы алғаш рет декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайлары тапсырып жатыр. Ресми жоспар бойынша, шамамен 4 миллионға жуық адам қамтылуы керек. Тіпті, жұмыс істемей тұрған және жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де декларация тапсыруы керек. Алда – төртінші кезең. 2025 жылы декларация тапсырушылардың қатарына жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және т.б. азаматтар кіреді. kgd.gov.kz сайтындағы ресми ақпарат бойынша, бұл – 6,9 миллион адам. @qarzhylyq_sauat бұған дейін жалпыға бірдей декларациялау туралы сұрақ-жауаптар ұсынған болатын. Оны мына жерден оқып шығуға болады: https://t.me/qarzhylyq_sauat/391 t.me/qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Жалпыға бірдей декларациялау туралы сұрақ-жауаптар Биыл жалпыға бірдей декларациялаудың кезекті кезеңі басталды. Бұл кімдерге қатысты? Декларацияны тапсырудың мерзімі қандай? Жауап: 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндетті. Декларацияны тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін. Декларацияда неге 10 000 АЕК-ке дейін қолма-қол ақша көрсетіледі? Жауап: Айналыстағы қолма-қол ақшаның болмашы сомасын ескере отырып, әрбір азамат декларациялау кезінде 34,5 миллион теңгеден (10 000 АЕК) аспайтын сомаға қолма-қол ақшаны көрсетуге құқылы. Қалған 34,5 млн теңгеден асатын ақша банктік үзінді көшірмемен (есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша) куәландырылады, бұл болашақта ірі сатып алуларды растау үшін қажет болады. Салық органдары шетелдік көздерден түсетін кірістерді қалай біледі? Жауап: Қаржы министрлігі 2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтарының шетелдік банктердегі шоттарына түскен…

👍 13👎 9🤬 4 3
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Павел Дуровтың Toncoin криптовалютасын мақұлдапты. Енді инвесторлар AFSA лицензиясы бар платформаларда Toncoin-мен сауда жасай алады. Павел Дуров деген кім? Неге Toncoin? Павел Дуров – Сіз бен біз қолданып отырған Telegram мессенджерінің иесі. Бизнесмен. Осы Toncoin криптовалютасын шығарған адам. «Toncoin» о баста Telegram-ның бастапқы блокчейн-жобасы ретінде дүниеге келген-ді. Алғашқы кезде ол «Telegram Open Network» деп аталғанын ашық дереккөздерден білеміз. Павел Дуров бүгін Қазақстанға келген болатын. АХҚО-да болып, келіссөздер жүргізді. Енді Toncoin-мен криптобиржаларда сауда жасай беруге болады. Өйткені ол AFSA-ның лицензияланған платформаларына жолдама алып отыр. Яғни барлық стандарттарға сәйкес келеді деген сөз. АХҚО-да Қаржылық қызмет көрсетуді реттейтін арнайы комитет бар. AFSA деген сол комитеттің ағылшынша атауының қысқартылған түрі. Біздің қатарымызға оқырмандар өте көп қосылып жатыр. Өзімді ерекше қуантады. Білейін, оқиын, тоқиын дейтін көпшіліктің ниеті бізге шабыт береді. Биржа саласын әлі ашамыз. Ізденеміз. Жазамыз. Уәде берем. Бұған дейін де жаздық. Жаңа қосылған қауымға сілтеме тастай кетейін. Оқып, таныса отырыңыз: 💱 БИРЖА – БАЗАР (І бөлім)https://t.me/qarzhylyq_sauat/183 💱 БИРЖА – БАЗАР (ІІ бөлім)https://t.me/qarzhylyq_sauat/193 💱 «Сіздер неге биткоин туралы жазбайсыздар?»https://t.me/qarzhylyq_sauat/576 t.me/qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

БИРЖА – БАЗАР (І бөлім) Қор биржасы дегеніміз не? Кімдер ол жерден пайда іздейді? Батыстың атақты «Уолл-стрит» фильмдерін сүйсіне көретін жұрт биржаға неліктен қызықпайды? Оған қандай сауат керек? Қыж-қыж қайнап жатқан биржаның жұмысын, әдетте, шетелдік кинолардан көреміз. Сапырылысқан жұрт. Төңірек толы экран. Түрлі түсті мониторда «секіріп жатқан» сандар. У-шу. Сөйтсек, Қор биржасы да кәдімгі базар екен. Қарапайым тілде осылай түсінік беруге болады. Қор биржасы туралы «Қаржылық сауатқа» арнайы сұхбат берген тұрақты сарапшыларымыздың бірі Бауыржан Мұқанов қарапайым халық көп жағдайда биржа алаңын математикалық есептерге негізделген, қиын терминдерден құралған экономикалық құбылыс ретінде қабылдайды. Бірақ бұл олай емес дейді. Сонда биржада не бар, ол қалай жұмыс істейді деген сұрақтарымызға сарапшы былай деп жауап берді: Бауыржан Мұқанов, нарық сарапшысы: Бұл – кәдімгі базар. Зат саудалайтын, қызмет саудалайтын жер. Мысалы, кез келген кәсіпкер өзінің тауарын базарға апарып сатады. Ол жерде сатып алушылар…

👍 29 4
«Астанада ШОС саммиті өтейін деп жатыр» деген әңгімелерді естіп жатқан боларсыздар. Каналымыздың тақырыбына келмесе де, бұл бір үлкен оқиға болғалы тұр. Астанада күштік құрылым өкілдері күшейтілген тәртіпке көшті. Бүгіннен бастап қаланың бірнеше ауданында («Есіл», «Нұра», «Алматы») көлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де көше қозғалысында шектеулер болады. Қала әкімшілігі тұрғындарды дайындық шараларына түсіністік танытуға шақырып отыр. Кейбір стратегиялық маңызы бар ғимараттарда күзет күшейтіліп, блокпосттар да қойылған. Кімдер келгелі жатыр? Президенттер. Алдын ала ақпарат бойынша, 16 елдің президенттері мен премьер-министерлері қазақ жерінде қонақ болады. Оның ішінде Түркия, Қытай, Ресей, Түркіменстан, Иран, Үндістан, Қатар, Әзербайжан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттердің басшылары бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы мен өзге де халықаралық ұйымдардың жетекшілері келеді деген ақпарат бар. ШОС деген не? Бұлай да сұраушылар табылар. Бұл, енді, орысша атаудың қысқартылған түрі – «Шанхайская организация сотрудничества». «Қазақшасы – Шанхай ынтымақтастық ұйымы» (ШЫҰ). Бұл ұйым 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Сол уақытта Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері тұрақты жұмыс жүргізуге ниет танытып, үкіметаралық халықаралық ұйым түрінде құрылған болатын. Содан бері бұл елдер тату көрші болуды, саясатта да, сауда-экономика, білім-ғылым, энергетика, көлік, туризм, қоршаған ортаны қорғау секілді басқа да салаларда ынтымақ орнатып, бір-біріне жәрдем етуді көздейді. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқыға салады. Қазіргі уақытта ШЫҰ-ға 9 мемлекет мүше. Олар: - Үндістан; - Иран Ислам Республикасы; - Қазақстан; - Қытай Халық Республикасы; - Қырғыз Республикасы; - Пәкістан Ислам Республикасы; - Ресей Федерациясы; - Тәжікстан; - Өзбекстан. 3 ел ШЫҰ аясында бақылаушы-мемлекет мәртебесіне ие. Олар: - Ауғанстан Ислам Республикасы; - Беларусь Республикасы; - Моңғолия. 4 шілде күні Астанада басталатын шараға Қазақстан басшылық етеді. Яғни Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысы өтеді деген сөз. Қалада тәртіп күшейеді. Артық жүріс-тұрыс шектеледі. Шаруаларыңызды алдын ала пысықтап, жоспарлап қойыңыздар. Абырой берсін! t.me/qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Кері байланысқа: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 17👎 3 1🤔 1
Photo unavailableShow in Telegram
Бүгін ел аумағында осы 10 000 теңгелік жаңа банкноталар айналымға шыға бастайды. Бұл – «Сақ стилі» деп аталатын жаңа сериямен шыққан ақшалар. Бұл серияны Ұлттық банк былтыр қараша айында Теңге күні таныстырған болатын. Өткен жылы желтоқсанда номиналы 5 000 теңгелік купюралар қолданысқа берілсе, бүгін кезек 10 мыңдық банкноталарға келді. Қалған номиналдардың айналымға берілуі осылай әр кезеңге бөлініп, 2026 жылға дейін толық қолданысқа өтіп болады деп хабарлаған еді бұрын Ұлттық банк. Қазір айналымда жүрген 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелер жаңасына екі жыл бойы ауыстырылады. Бірақ банкноталар айналымда қатар жүрген уақытта ескі үлгідегі ақшаларды жаңасына айырбастаудың қажеті жоқ. Жаңа және ескі үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2026 жылдың 28 маусымына дейінгі аралықты қамтиды. t.me/qarzhylyq_sauat
Mostrar todo...
👍 12 2👎 1🤔 1
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.