1 841
Suscriptores
Sin datos24 horas
-87 días
-5330 días
Archivo de publicaciones
1 841
Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Аллаһ Тағала баршамыздың жасаған салиқалы амалдарымызды қабыл етсін! Әр шаңыраққа амандық, береке және тыныштық сыйласын!
1 841
Бүгін таңертең жұмысқа шығып бара жатқанымда, бөлмемде үлкен ара ұшып жүр екен.
“Өлтірейін бе, әлде тимей қояйын ба?” деген ой келді. Ақыры “өлтіріп не қыламын, өзі ұшып кетер” деп, жұмысқа кетіп қалдым.
Кешке үйге келіп, көрпеме оранып жатсам, әлгі ара көрпенің ішінен аяғымнан шағып алды🤣
Ақыры, мен тимейін деген ара маған тиіп тынды) Солайынан адамдармен қарым-қатынас тұрғысынан алғанда, ой салатын жағдай болды)
1 841
Өзім де, ортамдағы адамдар да боқауызсыз сөйлеуге үйренгеніміз соншалық, басқа біреуден жаман сөз естігенде, шыны керек, құлағымызға өте ащы тиеді. Өте жағымсыз әсер қалдырады.
Пайғамбарымыз ﷺ:
“Кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін”, – деген.
Осы хадиске амал етіп, өзімізді тәрбиелеуге тырысайық. Жақсы сөз – садақа. Аллаһ Тағала сөзімізді көркем, жүрегімізді таза етсін.
1 841
Адамдар бір-бірінің қадірін біліп, іздеп жүретін уақыт алыста қалғандай. Қазір бәрі асығыс, бәрі өз әлемінде… Шынайы сағынып іздеу сиреп бара жатқандай, иә?
1 841
Жасым 23-те. Өзімнен кішілерге:
– “Қашан үйленесің?” -деп тиісетін болыппын)
Бізге ғана тиісе беруі керек пе жұрт? Біз ғана “жертва” болып қала береміз бе?)
1 841
Бір ғалымның керемет сөзі бар еді:
“Үнсіздік – ғалымның сәні, наданның қорғаны”.
Мағынасы қандай терең!
Білім иесі үшін “үнсіздік” – оның парасаты мен байсалдылығының көрінісі, білімінің әдемі әшекейі. Ол қажет кезде ғана сөйлеп, әр сөзін өлшеп айтады.
Ал надан адам үшін “үнсіздік” – өзін әшкерелеуден сақтайтын қорғаны. Себебі ол сөйлеген сайын білімсіздігі айқындала түседі. Сондықтан оның ең жақсы әрекеті – үнсіз қалу.
1 841
Қартаяйын дедік пе?
Өткен аптада шаймен ішейін деп, мектеп кезінен бері жемеген “лакомка” сатып алдым. Жеп отырсам, баяғы бала кездегі дәм емес.
“Біздің кезімізде дәмдірек болушы еді ғой”, – деп мен де айтатын болыппын…
1 841
Бүгін ет жеп алып, ата-апалар сияқты шөлімді ыстық шаймен қандырып көрейінші дедім. Іштім – 3 кесе! Сонда да шөлім қанбады. Артынан 2 стақан салқын су қостым. Енді жатырмын ішім толып, домалап 🫠
Шайға точно шөл қанушы ма еді өзі?)
1 841
+1
Бірақ мынандай посттардан кейін кеткенім де жақсы ма деп қоямын😂
Бүгін жаңбырдан кейін страшно болған сияқты ғой. Қалайсыңдар өзі Алматылықтар?)
1 841
Алматыдан Таразға келгеніме 1 айдан асты.
Алматының қимыл-қозғалысынан кейін тып-тыныш Таразға қайтадан үйрену қиын болып жатыр…🫠
1 841
+1
0-ші сынып оқушыларына:
- “Сауат ашу негіздері №1,2,3 бөлімдері”
- “Математика негіздері №1,2,3 бөлімдері” бар.
Саны шектеулі.
Толықтай жекеге👇
@aiba_km
1 841
5 сағаттық сапарға таксимен шықтым. Алдыңғы орынға отырып едім, шофер кісі әңгімешіл болып шықты. Әдетте бөтен адамдармен көп сөйлесе бермейтінмін.
Бірақ бұл кісімен әңгімеміз бірден жарасты. Бос сөзден алыс, білімі бар, сөзі орнықты.
Уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей қалатындай)
Сөзі түзу, әңгімесі мәнді адамдармен сөйлесудің жөні бір бөлек қой…
1 841
+3
5 күн бұрын әп-әдемі, кішкентай мысық алып едік. Сөйтсек, мысыққа аллергиям бар екен🫠
Бұрын ондайым жоқ еді, енді пайда болыпты. Қасына жақындай қалсам болды – тоқтамай түшкіріп, көзім қызарып, мұрным бітеліп, быт-шыт болып кетемін.
Мысықты қатты жақсы көретін едім. Амал жоқ, қайтарып бердік. Бұйырмапты.
1 841
Інімнің жасы 13-те. Арамыз 10 жас.
Ренжітіп алған соң, қателігімді мойындап, қолын алып, құшақтап жұбатып қойдым.
Енді келіп:
— Сыртқа шығып, тренировка жасап қайтайықшы, – дейді.
Мәзбін)
1 841
Мен қатал адаммын. Бірақ қатыгез емеспін.
Қаталдығым – қамқорлықтан, жауапкершіліктен және тәртіпке деген ұмтылыстан туады. Барлығы дұрыс болғанын қалаймын.
Бірақ кейде осы қаталдығым үшін өзімді жек көріп кетемін.
Бүгін інімді ренжітіп алдым. Жақсы болсын деген едім, бірақ керісінше шықты. Қазір өзімді ең жаман аға сезініп отырмын.
Ренжіту мақсатымда болмады. Бірақ кейде сондай сәттер болып қалады…
Сонда да сенемін:
Қажет кезде қатал болу – дұрыс. Бірақ одан да маңыздысы – қажет кезде жұмсақ бола білу.
1 841
Исламда “бір күндік” немесе “уақытша” неке деген нәрсе жоқ. Ондай адамдардан сақ болыңыздар.
