es
Feedback
Assila.crypto

Assila.crypto

Ir al canal en Telegram

💛 Мен — Асила. Криптоны қазақша үйретемін. Крипто туралы қарапайым қазақ тілінде — табыс табу, жинақтау 📸instagram assila.crypto Жеке байланыс: Ramzankz

Mostrar más
1 925
Suscriptores
-424 horas
-217 días
-4930 días
Archivo de publicaciones
🚗 Hyundai стейблкоинмен халықаралық төлемді сынады. Avalanche қай жерде? Криптонарықтағы назар аударарлық жаңалықтардың бірі
🚗 Hyundai стейблкоинмен халықаралық төлемді сынады. Avalanche қай жерде? Криптонарықтағы назар аударарлық жаңалықтардың бірі. Hyundai Motor мен Hyundai Card стейблкоинді нақты корпоративтік есеп айырысуда сынап көрді. Бірінші сынақта: 🇺🇸 Hyundai Motor America ⬇️ 💵 $20 000 → USDT ⬇️ 🔺 Avalanche ⬇️ 🇲🇽 Hyundai Motor Mexico ⬇️ 💵 қайтадан USD Барлық халықаралық аударым және тексеру процесі орта есеппен 7 минутта аяқталған. Hyundai Card дәстүрлі банктік халықаралық аударымдар 3–4 сағаттан астам уақыт алуы мүмкін екенін хабарлады. Неге бұл жаңалық маңызды? Себебі мұнда криптовалюта инвестициялық актив ретінде емес, төлем құралы және қаржы инфрақұрылымы ретінде қолданылды. Жобаға: • Hyundai Card • Hyundai Motor • Tether • Avalanche • Axiym қатысты. Ал келесі PoC Еуропадағы Hyundai бөлімшелері арасында өткізіледі. Онда доллардан бөлек жергілікті валюталармен операциялар және валютаны айырбастау шығындары зерттелмек. Circle мен Visa да қатысады. Hyundai Card кейін стейблкоиндерді Hyundai Motor Group-тың әлемдегі бөлімшелері арасындағы есеп айырысу, ақша аудару және басқа да қаржылық операцияларда кеңейту мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді. Сондықтан бұл жаңалықты тек: ❌ «Hyundai криптоға кірді» деп қабылдау дұрыс емес. Дәлірек айтсақ: ✅ Hyundai блокчейн мен стейблкоиндерді корпоративтік төлем инфрақұрылымы ретінде сынап жатыр. Ал дәл осы бағыт криптоның күнделікті қаржы жүйесіне енуінің маңызды сценарийлерінің бірі болуы мүмкін. #Hyundai #Avalanche #USDT #Stablecoin #Blockchain #Crypto #Web3 #DeFi #CryptoKZ

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (17.09.2026) 📈 BTC: $76,443 (34,246,464 ₸) | +1.22% 📈 ETH: $2,441 (1,093,496 ₸) | +2.08% 📈 BNB: $724 (324,491 ₸) | +2.65% 📈 SOL: $100 (44,827 ₸) | +3.33% 📊 Нарық көңіл-күйі: 50/100 (Бейтарап 😐) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (16.09.2026) 📉 BTC: $75,462 (33,806,976 ₸) | -1.62% 📉 ETH: $2,386 (1,068,722 ₸) | -3.28% 📉 BNB: $707 (316,516 ₸) | -1.15% 📉 SOL: $97 (43,245 ₸) | -3.66% 📊 Нарық көңіл-күйі: 51/100 (Бейтарап 😐) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

🇰🇿 Қазақстанда майнингке қатысты жаңа жоспар! Қазақстан үкіметі мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газын криптомайнингке пайдалануды ұсынып отыр. Қазір кейбір кен орындарында бұл газ толық пайдаланылмайды: бір бөлігі жағылады немесе қайтадан жер қабатына айдалады. Енді ұсыныс бойынша сол газдың көмегімен электр энергиясын тікелей кен орнында өндіруге, ал өндірілген энергияны майнингке пайдалануға болады. ⚡️⛏️ Ең қызығы, мұндай тәсіл жалпы энергетикалық жүйеге қосымша салмақ түсірмеуі керек. Ал жоспардың ауқымы да аз емес: 300 МВт-қа дейін қуат қарастырылып отыр. Алғашқы 90 МВт жобасы 12 қыркүйекте іске қосылғаны хабарланды. Бұған қоса, қыркүйектің басында Қазақстан Ұлттық Банкі мен Binance Қазақстанда Binance тобының Орталық Азия, ТМД және Шығыс Еуропаға арналған өңірлік есеп айырысу хабын дамыту туралы меморандумға қол қойды. Яғни Қазақстанда крипто саласы біртіндеп тек «монета сатып алу» деңгейінен шығып, үлкен инфрақұрылымға айналып келе жатыр: 🔹 майнинг 🔹 цифрлық активтер 🔹 төлем инфрақұрылымы 🔹 токенизация 🔹 халықаралық есеп айырысу Меніңше, ең қызықтысы енді басталып жатыр. 🇰🇿 Сіз қалай ойлайсыз: Қазақстан Орталық Азиядағы криптоорталыққа айнала ала ма? #крипто #Қазақстан #майнинг #Bitcoin #Binance #цифрлықактивтер #инвестиция

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (15.09.2026) 📉 BTC: $76,761 (34,388,928 ₸) | -1.27% 📉 ETH: $2,471 (1,107,219 ₸) | -2.03% 📉 BNB: $715 (320,513 ₸) | -1.21% 📉 SOL: $100 (44,934 ₸) | -1.17% 📊 Нарық көңіл-күйі: 69/100 (Ашкөздік 🤑) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

🇦🇪 БАӘ Avalanche блокчейнін ұлттық цифрлық жүйесіне енгізіп жатыр Бір қызық жаңалық: БАӘ Avalanche-ты UAE PASS цифрлық құжа
🇦🇪 БАӘ Avalanche блокчейнін ұлттық цифрлық жүйесіне енгізіп жатыр Бір қызық жаңалық: БАӘ Avalanche-ты UAE PASS цифрлық құжат сақтау инфрақұрылымына интеграциялап жатыр. 🔺 UAE PASS — БАӘ тұрғындары мемлекеттік қызметтерге кіріп, құжаттарға цифрлық қол қойып, ресми құжаттарының цифрлық көшірмелерін сақтай алатын ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйесі. Енді осы экожүйеде Avalanche технологиясы да қолданылмақ. Бұл крипто үшін маңызды сигнал. Өйткені блокчейн тек трейдинг немесе токен сатып алу үшін емес, мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымда да нақты қолданыс тауып келе жатыр. 🌐 БАӘ бұл бағытта блокчейн технологияларын мемлекеттік деңгейде белсенді енгізіп жатқан елдердің бірі. Avalanche үшін де бұл үлкен институционалдық adoption болуы мүмкін. 🚀 #Avalanche #AVAX #крипто #блокчейн #БАӘ #UAE #криптоҚазақстан #криптовалюта #инвестиция #қаржылықсауаттылық #crypto #blockchain

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (14.09.2026) 📈 BTC: $77,749 (34,831,552 ₸) | +1.04% 📈 ETH: $2,522 (1,129,681 ₸) | +0.64% 📈 BNB: $724 (324,258 ₸) | +0.50% 📈 SOL: $101 (45,450 ₸) | +1.12% 📊 Нарық көңіл-күйі: 57/100 (Ашкөздік 🤑) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (13.09.2026) 📉 BTC: $77,092 (34,537,216 ₸) | -0.23% 📉 ETH: $2,517 (1,127,710 ₸) | -0.24% 📉 BNB: $722 (323,559 ₸) | -1.56% 📉 SOL: $101 (45,118 ₸) | -0.91% 📊 Нарық көңіл-күйі: 61/100 (Ашкөздік 🤑) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (12.09.2026) 📈 BTC: $77,270 (34,616,960 ₸) | +0.04% 📈 ETH: $2,522 (1,129,914 ₸) | +2.23% 📈 BNB: $733 (328,527 ₸) | +2.74% 📈 SOL: $102 (45,548 ₸) | +1.88% 📊 Нарық көңіл-күйі: 63/100 (Ашкөздік 🤑) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

Әдемі🌿
Әдемі🌿

🚨 $1000 → $32.66. Мына скринді бір сақтап қояйық. 😅 Бір адам $LAPTOP токеніне шамамен $1000 салған. Ал қазір портфелінде: �
🚨 $1000 → $32.66. Мына скринді бір сақтап қояйық. 😅 Бір адам $LAPTOP токеніне шамамен $1000 салған. Ал қазір портфелінде: 💰 Салғаны: $966.15 📉 Қалғаны: $32.66 🔻 Нәтиже: –96.62% 🪙 Қолында: 6.91 LAPTOP Яғни шамамен $933 жоғалған. Ал $LAPTOP деген не? Бұл жақында ғана шыққан Hunter Biden-мен байланысты мемкоин. Токен 9 қыркүйекте іске қосылып, алғашқы сағаттарда қатты көтерілді. Бірақ кейін баға құлап, бірнеше сағаттың ішінде шамамен 95–98% төмендеді.  Ең қызығы, скриндегі адамның орташа кіруі $139.8 млрд market cap деңгейінде болған. Яғни ол нарықтың ең қызған кезінде кіріп кеткен. Бұл жерде басты сабақ: Мемкоин = инвестиция емес, өте жоғары тәуекелді спекуляция. Токеннің аты танымал адаммен байланысты болуы немесе әлеуметтік желіде хайп болуы оның бағасы міндетті түрде өседі дегенді білдірмейді. Криптода кейде «кеш кірсем де үлгеремін» деген бір ғана ой $1000-ды $32-ге дейін жеткізуі мүмкін. 🫠 Сондықтан мен әрқашан айтамын: алдымен тәуекелді түсін, содан кейін ғана ақша сал. Кстати былтырда Трамп монетасынан адамдар осындай жағдай болған, бірақ сабақ болмай тұр #LAPTOP #crypto #крипто #мемкоин #биткоин #инвестиция #криптоқазақстан #криптовалюта #қаржылықсауаттылық

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (11.09.2026) 📉 BTC: $77,222 (34,595,456 ₸) | -1.01% 📉 ETH: $2,467 (1,105,005 ₸) | -0.09% 📉 BNB: $713 (319,635 ₸) | -0.54% 📉 SOL: $100 (44,719 ₸) | -1.29% 📊 Нарық көңіл-күйі: 56/100 (Ашкөздік 🤑) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

$FOLKS бойынша Swing Long идея 📈 $FOLKS монетасы бойынша Swing Long позицияға арналған деңгейлер: 🟢 Entry 1: 2.220 🟢 Entry
$FOLKS бойынша Swing Long идея 📈 $FOLKS монетасы бойынша Swing Long позицияға арналған деңгейлер: 🟢 Entry 1: 2.220 🟢 Entry 2: 1.886 🎯 Take Profit: • TP1 — 2.535 • TP2 — 2.845 • TP3 — 3.535 🔴 Stop Loss: 1.550 Бұл идея swing long стратегиясына арналған. Нарық қозғалысына қарай позицияны басқару және тәуекелді бақылау маңызды. ⚠️ Бұл ақпарат тек білім беру мақсатында берілген және қаржылық кеңес болып табылмайды. Нақты сауда жасасаңыз, тәуекелді өзіңіз басқарасыз. Криптовалюта нарығында қаражат жоғалту қаупі бар. #FOLKS #CRYPTO #CRYPTOB29 #SwingLong

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (10.09.2026) 📉 BTC: $78,052 (34,967,296 ₸) | -1.47% 📉 ETH: $2,471 (1,106,869 ₸) | -1.58% 📉 BNB: $718 (321,660 ₸) | -4.68% 📉 SOL: $101 (45,324 ₸) | -3.28% 📊 Нарық көңіл-күйі: 69/100 (Ашкөздік 🤑) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (09.09.2026) 📈 BTC: $79,210 (35,486,080 ₸) | +1.30% 📈 ETH: $2,511 (1,124,771 ₸) | +1.53% 📉 BNB: $753 (337,447 ₸) | -0.14% 📈 SOL: $105 (46,874 ₸) | +1.91% 📊 Нарық көңіл-күйі: 66/100 (Ашкөздік 🤑) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

📊 Егер 3 ай бұрын $10 000 инвестиция салсаңыз, бүгін шамамен: 🟦 Ethereum — $13 745 (+37.45%) 🟧 Bitcoin — $12 720 (+27.20%)
📊 Егер 3 ай бұрын $10 000 инвестиция салсаңыз, бүгін шамамен: 🟦 Ethereum — $13 745 (+37.45%) 🟧 Bitcoin — $12 720 (+27.20%) 🟩 Альткоиндер — $12 067 (+20.67%) ⬜️ Күміс — $11 397 (+13.97%) 🟥 Мұнай — $11 323 (+13.23%) ⚪️ Алтын — $11 017 (+10.17%) 📈 S&P 500 — $10 245 (+2.45%) 📊 Russell 2000 — $10 041 (+0.41%) 📉 Nasdaq — $10 032 (+0.32%) 🔥 Соңғы 3 айда криптовалюта нарығы алтынды да, күмісті де, акциялар нарығын да басып озды. Бірақ бір маңызды нәрсе бар 👇 Бұл — өткен 3 айдың нәтижесі ғана. Бұл өсім міндетті түрде әрі қарай қайталанады деген кепілдік жоқ. Крипто нарығы өте құбылмалы. 📈 Бүгін қатты өссе, ертең дәл сондай жылдамдықпен төмендеуі де мүмкін. Мен өз тәжірибемде осының екі жағын да көрдім. Сондықтан дәл осындай өсім кезінде: ❌ «Кеш қалып қойдым» деп асығып кірмеңіз. ❌ Соңғы ақшаңызды инвестицияламаңыз. ❌ Қарыз алып криптоға кірмеңіз. Менің ұстанымым қарапайым: Асықпаңыз. Нарықты түсініңіз. Тек жоғалтсаңыз да өміріңізге әсер етпейтін сомамен инвестиция жасаңыз. 💙 Криптода ең маңыздысы тек қанша табатыныңыз емес, тәуекелді қаншалықты басқара алатыныңыз. 📲 Мені әлеуметтік желілерден бақылаңыз: Instagram: @crypto.bilim TikTok: @assila_crypto WhatsApp: Крипто WhatsApp каналы #крипто #Bitcoin #Ethereum #инвестиция #криптовалюта #қаржы #Binance #Қазақстан

🚀 КЕШЕГІ СИГНАЛ БҮГІН БАРЛЫҚ TARGET-ТІ ЖАПТЫ! Кешегі USELESS монетасына Long сигнал берген едім: 🟢 Entry: 0.23500 🎯 TP1: 0.26354 🎯 TP2: 0.29250 🔴 SL: 0.20645 Ал бүгін баға 0.2933 деңгейіне дейін көтерілді! 🔥 Яғни, екі мақсат та толық орындалды ✅ TP1 → орындалды TP2 → орындалды 🎯 Кешегі сигнал бойынша қозғалыс шамамен +24,8% болды. #крипто #криптовалюта #криптосигнал #USELESS #USDT #Bitcoin #BTC #трейдинг #Қазақстан #криптоаналитика

🇰🇿 Крипто нарығына шолу (08.09.2026) 📉 BTC: $78,343 (35,097,664 ₸) | -1.22% 📉 ETH: $2,476 (1,109,203 ₸) | -0.44% 📈 BNB: $756 (338,612 ₸) | +1.67% 📉 SOL: $103 (46,068 ₸) | -1.59% 📊 Нарық көңіл-күйі: 69/100 (Ашкөздік 🤑) ✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto

📊 Long сигнал: $USELESS 🟢 Кіру бағасы (Entry): 0.23500 🎯 Пайда алу деңгейлері (TP): 0.26354 — 0.29250 🔴 Стоп-лосс (SL): 0.20645 Бұл сигнал бойынша баға 0.235-тен өсіп, екі мақсатты деңгейге дейін жетуі күтіліп отыр, ал 0.20645-тен төмен түссе, позиция автоматты түрде жабылады (шығынды шектеу үшін). ⚠️ Маңызды ескерту: Бұл — тек оқыту және paper trading (виртуалды сауда) мақсатында берілген мысал, нақты қаржылық кеңес емес. Егер осыны нақты (live) саудада қолдансаңыз, барлық тәуекел — позиция көлемін дұрыс есептеу, leverage таңдау және шығынды басқару — толығымен өзіңізге жүктеледі. Фьючерс саудасы жоғары тәуекелді білдіреді. Әрқашан өз зерттеуіңізді жүргізіп, тек жоғалтуға дайын соманы ғана тәуекелге саласыз. 🙏

🚔 Украинада криптомошенниктердің ірі желісі әшкереленді! Алаяқтар адамдарды жалған инвестициялық платформаларға тартып, экранда «пайда» көрсеткен. Ал ақшаны шығармақ болған кезде негізгі крипто-әмиянды қосуды сұраған. Сол сәтте жасырын drainer іске қосылып, әмияндағы активтерді ұрлаған. 😱 🌍 Схема 20-дан астам елде жұмыс істеген. 👥 62 зардап шегуші анықталған. 🏠 34 тінту жүргізілген. 💻 Жүздеген құрылғы және 🚗 15 көлік тәркіленген. ⚠️ Криптода абай болыңыз! Белгісіз сайтқа әмияныңызды қоспаңыз және түсініксіз транзакцияларға қол қоймаңыз. 🔐 📲 Менің әлеуметтік желілерім: 📸 Instagram — @crypto.bilim https://www.instagram.com/crypto.bilim 🎵 TikTok — @assila_crypto https://www.tiktok.com/@assila_crypto 💬 WhatsApp — «Крипто WhatsApp каналы» https://whatsapp.com/channel/0029Vb8GhkDGE56pGjyEUE1F #крипто #криптовалюта #криптобезопасность #Bitcoin #BTC #USDT #блокчейн #Қазақстан