cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

OTYRAR QAZ

«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы. Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат WhatsApp: +7 747 996 82 19 сайт: kz.otyrar.kz instagram.com/otyrarkz youtube.com/c/tvotyrar

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
490
Suscriptores
Sin datos24 horas
-67 días
-830 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Photo unavailableShow in Telegram
Бүгін ​​«Халық&Билік» бағдарламасында білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева сұхбат береді Бүгін, 20 желтоқсан сағат 20:00-де «Отырар TV» телеарнасының тікелей эфиріне Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева келіп, тележүргізушілердің және көрермен сұрағына жауап береді. Студияға хабарласып, спикерге сұрақ қоюға болады. Тікелей эфирді теледидарда «Отырар TV» телеарнасынан, не Instagram-да @open.shymkent парақшасынан көріңіз. Тікелей эфир кезінде студияға хабарласу тел: 21-44-50 және +7 747 996 8219 (WhatsApp).
Mostrar todo...
Бүгін ​​«Халық&Билік» бағдарламасында білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева сұхбат береді Бүгін, 20 желтоқсан сағат 20:00-де «Отырар TV» телеарнасының тікелей эфиріне Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева келіп, тележүргізушілердің және көрермен сұрағына жауап береді. Студияға хабарласып, спикерге сұрақ қоюға болады. Тікелей эфирді теледидарда «Отырар TV» телеарнасынан, не Instagram-да @open.shymkent парақшасынан көріңіз. Тікелей эфир кезінде студияға хабарласу тел: 21-44-50 және +7 747 996 8219 (WhatsApp).
Mostrar todo...
Фосфоршылар сарайында опырылған үйіндінің астынан 18 жастағы ер адамның денесі табылды Ол медколледждің 2-курс студенті екен. ⠀ Ғимараттың төбесі опырылып құлаған кезде 16 және 18 жасар курстастарымен бірге сонда жүрген. Екеуі сыртқа шығып үлгерген. ⠀ Қайғылы оқиға 18 желтоқсан, сағат 19:48 шамасында болды. ⠀ Фосфоршылар мәдениет сарайының 3 қабатты қараусыз қалған ғимаратының 1-қабаттағы төбесі опырылған. ⠀ Құтқарушылар мен кинологтар сағат 22:30-да бір метрге жуық үйіндінің астынан 2005 жылы туған марқұмның денесін шығарды.
Mostrar todo...
02:17
Video unavailableShow in Telegram
Шымкентте Фосфоршылар сарайының төбесі опырылып, бір адам үйінді астында қалды Оқиға 2023 жылғы 18 желтоқсан кешкісін болған. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қазіргі жағдайды айтып берді https://t.me/OtyrarQaz
Mostrar todo...
IMG_5799.MP411.78 MB
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын ұлық мейрам. Тәуелсіздік күні еліміздің азаттығын және жаңа тарихи кезеңде дербес даму жолына түскенін әйгілейді. Біз осы мерейлі мерекеде халқымыздың бостандық туралы арманын ақиқатқа айналдыруға өлшеусіз үлес қосқан ерлердің рухына тағзым етеміз. Азаттықтың арқасында еліміз жаңа белестерге қадам басты. Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана Қазақстан дипломатиялық тұрғыдан мойындалып, халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде таныла басталды. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Оны табысты әрі бақуатты мемлекеттің тірегі саналатын қастерлі құндылық ретінде көздің қарашығындай сақтау – ата-бабаларымыздың және келер ұрпақтың алдындағы қасиетті борышымыз. Қазақстан стратегиялық бағытынан айнымай, мемлекеттілік дәстүрін дәйекті түрде дамытып келеді. Барлық салада қолға алынған ауқымды өзгерістер сан ғасырлық төл шежіреміздің жаңа парағын ашты. Біз баршаға бірдей мүмкіндік беріп, өсіп-өркендеуге жол ашатын Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Қоғамда бірлік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, жауапкершілік пен ынтымақ, білімпаздық пен еңбекқорлық сияқты құндылықтар берік орнықса, осы мақсатқа қол жеткізетініміз анық. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Көк туымыз мәңгі желбірей берсін! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Түркістан облысында бірнеше жол жабылды Түркістан облысында 12 желтоқсан күні қатты жел тұрып, жолдың көрінбеуі салдарынан Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт, Созақ, Сайрам және Бәйдібек аудандарында облыстық маңызы бар жолдар қар құрсауында қалып, 12 бірдей облыстық маңызы бар жол уақытша жабылды. Қатты боранның сейілмеуіне байланысты қазіргі уақытта шектеу жұмыстары жалғасып жатыр. Түлкібас ауданы Шақпақ баба елдімекенінде 50-ге жуық жүк көлігі (фура), 40 шақты жеңіл машина тұрып қалған. Мемлекет тарапынан жолда қалған азаматтарды жаппай қауіпсіз аймақтарға көшіріп, ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Жолды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда облыстық маңызы бар КХ-1 «Қошқар ата-Жарықбас-Бірлік» 0-75 шқ («Шыбықбел» асуы) және КХ-3 «Көксайек-Ақсу-Шаян- Мыңбұлақ» 117-179 шқ жолдары жабылды. Бәйдібек аудандық полиция бөлімі тарапынан 3 постқа, яғни Бірлік, Шаян, Боралдай елдімекендері маңына кезекшілік қойылды. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар "КХВК-5 КХ-5 Жаңаталап елдімекенінің кіре беріс 18 шқ және "КХВК-16 КХ-3 Ақмешіт әулие үңгіріне кіре беріс 18,4 шқ автомобиль жолдары жабық. Мұны Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Mostrar todo...
1
Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді Жәрмеңкеге қаладағы 30-дан астам жұмыс беруші мекеме қатысады екен. Білім, медицина, сауда, қаржы, кәсіпорындар мен басқа да салалардан бос жұмыс орындары ұсынады. Іс-шараны «Amanat» партиясының Шымкент қалалық филиалы мен қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйымдастырады. Өтетін уақыты: 14 желтоқсан, сағат 11:00-де басталады Өтетін орны: «Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы, Ж. Аймауытов көшесі, № 130 үй
Mostrar todo...
Шымкентте 13-15 желтоқсанда 0-11 сынып оқушылары мектепке бармай, сабақты қашықтан оқиды — Құрметті әлеуметтік желі қолданушылар, ата-аналар! Шымкент қаласы бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты 2023 жылғы 13-15 желтоқсан күндері 0-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтан оқытылатынын хабарлаймыз! , — деді Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі. https://t.me/OtyrarQaz
Mostrar todo...
OTYRAR QAZ

«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы. Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат WhatsApp: +7 747 996 82 19 сайт: kz.otyrar.kz instagram.com/otyrarkz youtube.com/c/tvotyrar

🤯 1
00:24
Video unavailableShow in Telegram
Тұран ауданының жаңа әкімін тағайындау сәті
Mostrar todo...
IMG_5433.MP42.04 MB
Photo unavailableShow in Telegram
Шымкент қаласындағы Тұран ауданының әкімі боп Берік Айдарұлы Әшірбеков тағайындалды. Ол бұған дейін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және  бақылау басқармасының басшысы болған.
Mostrar todo...