cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

SHAKARIM MEDIA

Shakarim University ресми парақшасы

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
1 461
Suscriptores
-624 horas
-367 días
+22630 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

ЖОҒАРЫ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ КЕРУЕНІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАТ МИНИСТРДІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СИНГАПУР ЕЛІНДЕ Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапур еліне келген болатын. Бұл - 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған алғашқы сапары. Сапар барысында Президент «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» тақырыбында дәріс оқыды. Мемлекет басшысы еліміздегі қоғамдық-саяси өзгерістер жөнінде айта келіп, «Әділетті Қазақстан» және Премьер-министр Лоуренс Вонг ұсынған «Алға, Сингапур» бағдарламаларының мақсаттары мен қағидаттары ұқсас екенін баса айтты. 46-шы Сингапур лекциясы екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін маңызды оқиғаға айналып, әлемдік қауымдастық өкілдерінің назарын аударды. Сонымен бірге, Қазақстан-Сингапур халықаралық керуеніне Shakarim University ректоры Думан Орынбеков, университет ғалымдары Мақсат Карибаев пен Асқар Қасымов та қатысты. Білім ордасының халықаралық деңгейдегі форумдарға белсенділік танытуы университет пен Абай өңірі үшін маңызы зор. Басқосу - оқу орнының дамуға және халықаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылысының айқын көрінісі. Шәкәрім университеті делегациясының «Шығыс Азия барысы» топтығына кіретін Сингапур Республикасына сапары әлемнің жетекші университеттерімен тәжірибе алмасуға және байланыс орнатуға жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашады. Білім керуені оқу сапасын арттыруға, университеттің ғылыми әлеуетінің дамуына, сондай-ақ білім берудің озық технологиялары мен әдістерін енгізуге септігін тигізері анық. Shakarim University ғылымының жетістіктері аталған мемлекетте “Қазақстан-Сингапур форумы: Ғылым және жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы” аясында халықаралық көрмеге ұсынылуда.
Mostrar todo...
Құрметті Абай облысының жастары! «Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы» онлайн-байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасуда Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 20 мамырдан 24 мамырға дейін. Байқау келесідей номинациялар бойынша өтеді: - «ҚР Мемлекеттік Туы бар үздік фото»; - «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы бар үздік фото»; - «ҚР Мемлекеттік әнұранын үздік орындау». Байқауға облыстың 14-35 жас аралығындағы тұрғындары қатыса алады. Қатысу үшін: 1. Мемлекеттік Тумен, Елтаңбамен креативті фотосурет түсіріңіз және Мемлекеттік Әнұран орындаған бейнеролик дайындаңыз. 2. Өз жұмысыңызды Instagram парақшасында #МемлекеттіқРәміздерҰлтМақтанышы хэштегімен жариялаңыз: 3. Өз жұмысыңызды жарияланымның скриншотымен және сіздің парақшаңыздың сілтемесімен бірге (профиль ашық болуы керек) [email protected] электронды мекенжайына жолдаңыз. Байқау жайлы толық ақпаратпен төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыз, сондай - ақ карусельдегі QR коды бойынша қолжетімді https://drive.google.com/drive/folders/1XGCrR0HueOY2dVKOiL0MoWyK2NVN5TOX?usp=sharing Отанымызға деген сүйіспеншілігіңізді және өз креативтілігіңізді көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Біз сіздердің жұмыстарыңызды асыға күтеміз! Байқау «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Жастарды қазақстандық патриотизмге баулу» жобасы аясында ұйымдастырылады.
Mostrar todo...
Repost from Aqorda 🇰🇿
01:16
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇸🇬 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапарының бірінші күні 🇰🇿🇸🇬 Первый день государственного визита Касым-Жомарта Токаева в Республику Сингапур 🎦 t.me/aqorda_resmi
Mostrar todo...
🔥 1
01:05
Video unavailableShow in Telegram
⚜ Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. 🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸 ⚜ Министр науки и высшего образования Республики Казахстан Саясат Нурбек ответил на вопросы по обеспечению студентов общежитиями на пресс-конференции по итогам заседания Правительства.
Mostrar todo...
ШӘКӘРІМ АРУЫ БӘРІНЕН ДЕ ЕҢ СҰЛУ Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымының ұйымдастыруымен кезекті «Семей аруы – 2024» байқауы өтті. Байқауға облысымыздың ЖОО мен колледж арулары қатысты. Сайыс қорытындысына сәйкес Филология факультетінің студенті, «Шәкәрім аруы – 2024» атағының жеңімпазы Хамитова Елназ “Семей аруы-2024” атағын иеленді. Елназды жеңісімен тағы бір мәрте құттықтай отырып, сәттілік тілейміз. Біздің арулар бәрінен де ең сұлу, бәрінен де өнерлі. ==================== МИСС ШАКАРИМ САМАЯ КРАСИВАЯ ИЗ ВСЕХ Очередной конкурс «Семей аруы -2024» прошел при организации Казахстанского Студенческого Альянса. В конкурсе приняли участие девушки из вузов и колледжей региона. По итогам конкурса звание «Семей аруы -2024» завоевала Хамитова Ельназ, студентка факультета Филологии, обладательница титула «Мисс Шакарим-2024». Еще раз поздравляем нашу студентку с победой и желаем ей удачи. Наши девушки самые красивые и самые талантливые.
Mostrar todo...
6👍 1🎉 1
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды. Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі. 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша жарияланған: Баклавриат https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6923 Магистратура https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php... Докторантура https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php... ---------------------------------------------------- ОПУБЛИКОВАН СПИСОК ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ Сегодня был опубликован список образовательных грантов на 2024-2025 учебный год по всем уровням высшего образования. В этом году было выделено 112 тысяч грантов для обучения в вузах. Наибольшее количество грантов получили группы образовательных программ «Инженерные, обрабатывающие, строительные отрасли», их количество составляет 19 344 грантов. Далее «Педагогические науки» – 13 735 грантов, «Информационно-коммуникационные технологии» – 10 903 гранта, «Естественные науки, математика и статистика» – 8 288 грантов. Полный список распределения образовательных грантов на 2024-2025 учебный год размещен на сайте Национального центра тестирования МНВО РК по следующим ссылкам: Бакалавриат https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/... Магистратура https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/... Докторантура https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/...
Mostrar todo...
Новости

Новости города. Работа в городе. Блоги. Форумы. Фотогалерея.

👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Photo unavailableShow in Telegram
Халықаралық отбасы күнімен! Бүгін - шағын мемлекет саналатын отбасы мерекесі. Отбасы- сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік болсын! ________________________________ С Международным днем ​​семьи! Семья - это центр любви, уважения и поддержки. Семейное благополучие - это показатель развития и перспектив каждой страны. Пусть в каждой семье царит любовь и взаимопонимание!
Mostrar todo...
🔥 1