cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Usbanov ARNASY

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады. Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
2 638
Suscriptores
Sin datos24 horas
+17 días
+530 días
Distribuciones de tiempo de publicación

Carga de datos en curso...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Análisis de publicación
MensajesVistas
Acciones
Ver dinámicas
01
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Қазақстан жұмхұриетінің елшіл жүректі күллі халқына амандық, саулық пен денсаулық тілеймін! Өздеріңіз һәм отабсыларыңыз аман болыңыздар!
5832Loading...
02
Оңтүстік Ливан аумағынан жасалған соққыдан соң Израильдің солтүстігінде алапат өрт шықты.
9191Loading...
03
Путин бүгін тағы сөйлеп жатыр. Бүйдейді: ▪️Соғыс аумағында 700 мың сарбазымыз бар. ▪️Біздің билік (АӘО) соғысқа қатқатысушы сарбаздарды жақсы көреді және оларға барынша қамқорлық жасайды. ▪️Біз Белгородқа соққыларды азайту үшін Харьковтегі Украина позицияларын ығыстырамыз .
9212Loading...
04
Bild: Путиннің Украинаға қойған талабы, "маған қалдырсаң, соғысты тоқтатамын" деген территориялары бір мемлекеттің аумағына пара-пар жер. Донецк, Луганск, Херсон мен Запорождың жалпы аумағы 26 мың шаршы шақырымды құрайды екен. Бұл Германияның федералды аумағынан көп немесе Солтүстік Македония, Словения немесе Израильдің аумағына тең жерлер.
8992Loading...
05
Украина президенті Зеленский Швейцарияға ұшып жетті. Онда 15-16-шы маусымда Украина жөніндегі бейбітшілік саммиті өтеді. Оған 92 мемлекет басшысы мен 8 халықаралық ұйым басшысы қатысады деп күтілуде.
9790Loading...
06
Асылдың тұяғы, көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасында бақиға аттаныпты. Мұрат Мұхтарұлы Қазақстанның Қытайдағы елшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры, Мұхтар Әуезов қорының президенті қызметтерін атқарды. Көркем әдебиет теориясы мен практикасы туралы 200-ден астам еңбек жазған. Ол саналы ғұмырын өз еліне, ұлт руханиятының кемелденуіне арнаған абзал азамат еді. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!
9990Loading...
07
Пәкістан хакерлері Қырғызстаннан кек алуда. Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5463
6102Loading...
08
АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин: Путин қазір Украинадағы соғысты тоқтату үшін бізге, Украинаға талап қоятындай хәлде емес! Оныкі құры көлгірсу. Егер ол шынымен соғысты тоқтатқысы келсе, бүгін-ақ тоқтата алады!
9551Loading...
09
Зеленский Путинге жауап берді! Украина президенті Зеленский Ресей президенті Путиннің соғысты тоқтату туралы шартын - "ультиматум" деп атап, Путиннің өзін Гитлермен салыстырды! "Дәл қазір оның жасап отырғаны — нацизмді қайта тірілту. Бұл нацизмнің жаңа толқыны. Орыс нацизмі. Ол біздің оккупацияланған территориялардан бас тартқанымызды қалайды. Ол онымен қоймай, оккупацияланбаған аумақтарды да алғысы келетінін ашық айтып отыр. Ол мұнымен тоқтамайды", - деді Зеленский. Зеленский: "Гитлер не істесе, Путин соны қайталап отыр. Гитлер: "Чехословакияның жартысын беріңдер, сонымен бәрі аяқталады", - деді. Бірақ, онысы тарихи өтірік еді. Сонан соң, Польша болды. Онын әрі Еуропа түгел жауланды. Сондықтан, біз Путиннің бүгінгі айтқандарына сеніп қалмауымыз керек. Ол да Гитлер салған сүреңмен келеді. Бүгін ол 4 облысты айтты. Ал осының алдында Қырым мен Донбассты ғана айтатын", - деді Зеленский.
9280Loading...
10
G7: Ресей Украинаға келтірген шығынның өтемі ретінде 486 млрд доллар төлеуге міндетті!
9222Loading...
11
‼АТАТҮРІКТІҢ «ТҮТІНСІЗ ФАБРИКАСЫ» ҺӘМ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІ ⬇Әлгінде президент Тоқаев туризмді дамыту бойынша жиын өткізіп, елішілік һәм еларалық туризм саласының ақсап тұрғанын ашық айтқан еді. ‼«Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауы бойынша еліміз туризм саласындағы іскерлік ортаны дамыту деңгейі тұрғысынан 119 елдің ішінде 70-орында тұр. Бұл мақтанатын көрсеткіш емес», - деген президент Тоқаев туризм саласындағы 17 серпінді инвестициялық жобаның ішінде тек екеуі ғана ірі жоба екенін тағы айтты. Айрықша назар аударуды қажет ететін бірнеше басым бағытқа арнайы тоқталды. Әлемде: ▪Әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асқан. ▪Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тиесілі. ▪Әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр. ▪Көрсетілетін қызметтер бойынша әлемдік экспорттың 30 пайызы, инвестицияның 7 пайызы және салық түсімдерінің 5 пайызы туризм арқылы түседі. Ал бізде? ▪Соңғы 4 жылда экономикадағы туризмнің үлесі 3,7 пайыздан 3,2 пайызға дейін азайған. ▪Еліміз туризм саласында 119 елдің ішінде 70-орында тұр. ▪Алакөлдегі қонақүйлер, отельдер мен туристік базалардың саны 24-ке, ал Алматыда 16-ға қысқарған. 🇰🇿Қазақстанның һәм жалпы бұрынғы КСРО шырмауынан шыққан көп мемлекеттің азаматтары көп ағылатын елдердің бірі – Түркия ғой. 🇹🇷Түркия туризм саласына әбден машықтанған ел. Құрғақ сөз, көпірме әңгіме емес, нақтылы цифрлар, міне: ✅Түркия – әлемнің жер-жерінен ағылған мыңдаған, миллиондаған туристер жиі барып, қыдыратын елдер ішінде 6-орында тұрған ел. Соның ішінде, Қазақстан азаматтары демалу мақсатында жиі баратын үздік 5 елдің қатарында көш бастап тұрған ел. 💲Түркия жыл сайын тек қана туризмнен 60 млрд долларға жуық пайда көріп келіпті. Түркия туризмін дамытуды түрік көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған екен. Ол өз отандастарына: «Мен сендерге түтінсіз фабрика салып беремін», - деп уәде еткен көрінеді. Сол айтқан «түтінсіз фабрика» - бүгінгі Түркия туризмі. 🆗Мұндай әлеует бізде де бар. Оны президент те сол жиында атап айтты. «Туризм саласына инвесторларды тарту үшін ашық әрі тұрақты жағдай қажет. Үкімет пен өңірлердің әкімдері курорттық аймақтар құрылысының Бас жоспарын цифрлық нұсқаға көшіруге кірісіп, оған ашық қолжетімділікті қамтамасыз еткені жөн», - деді. Бұл да жөн! Бізге керегі нақты іс!
9501Loading...
12
Достар, Алматыда Жайдарман ойындары өткелі жатыр екен! Жайдарман тек қана әзіл сайысы емес. Бүгінде жалпықазақстандық масщтабтағы жүздеген мың жастың басын қосқан үлкен алаңға айналған! Дәл осы Жайдарман еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан жүздеген, мыңдаған жастарға әлеуметтік лифт болған! Жайдарман ойындары бүгінде тек отандық емес, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің де асыға күтетін жобасына айналды. Әр эфирін тағатсыз күтетін көрерменге бүгінде бұл ойын сапалы дүние көрсетуін жалғастырып келеді. Жайдарман – тамырын жайып, өзінің жолы мен бағытын айқындаған, еліміздің түпкір-түпкірінде филиалдары бар, өздігінен сартылдап жұмыс істеп тұрған жүйе. "Жайдарманның" бір ерекшелігі - креатив индустрияны қалыптастырды. Мәдениет саласының кез келген бағытынан жайдарманшыларды табасыз. 20 маусымда Алматылық жұрт, Жайдарман көруге барайық!
9580Loading...
13
⁉СОҒЫСТЫ ТОҚТАТУДЫҢ ПУТИН ҰСЫНҒАН ШАРТЫ ҚАНДАЙ? ▪ПУТИН: ӘЛЕМ - ОҢБАҒАН, БІЗ - ЖӘБІРЛЕНУШІМІЗ! ▪ПУТИН: ЗЕЛЕНСКИЙ ЗАҢСЫЗ ПРЕЗИДЕНТ! ▪ПУТИННІҢ «САҒАН – ӨТІРІК, МАҒАН – ШЫН» СӨЗІ... ▪БАТЫСҚА ЖАСАЛҒАН ТАҒЫ БІР ҚОҚАН-ЛОҚЫ... ▪ПУТИН: ЕУРАЗИЯ КЕҢІСТІГІ – БІЗДІКІ! Толық: ⤵ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5462
9791Loading...
14
Ресей президенті Путин бүгін тағы сөйледі. Сөйлегенде бүйдеді: * Біз ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін 8 жыл мойындамадық. Себебі, Украинамен келіссөзге келгіміз келді. * Бұл екі мемлекет - Ресей мен Украина арасындағы соғыс емес!
9870Loading...
15
Пашинян аппаратын басқаратын Араик Арутюнан Арменияның барлық лауазымды тұлғаларына Беларуське баруға тыйым салды!
9960Loading...
16
‼Армения ақыры ҰҚШҰ-мен ат құйрығын кесісетін болды! 🇦🇲АРМЕНИЯ: БІЗ ОДАҚТАН КЕТЕМІЗ, ҚАЙТЫП КЕЛМЕЙМІЗ! 🇧🇾ПАШИНЯН: ОДАҚТА БІЗДІ САТҚАН ЛУКАШЕНКО! 🇷🇺ГЮМРИДЕГІ БАЗА: РЕСЕЙ АРМЕНИЯҒА ҚАЛАЙ ҚЫСЫМ ЖАСАЙДЫ? 🇹🇷🇲🇫ҰТЫЛҒАН – РЕСЕЙ, ҰТҚАНДАР – ТҮРКИЯ МЕН ФРАНЦИЯ! Толық: ⤵ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5459
2 5201Loading...
17
Ресей ФСБ-сы Украина жағында күресіп жүрген "Грузин ұлттық легионын" террорлық ұйым деп таныды.
1 0180Loading...
18
Түркия мен АҚШ F-16 ұшағы бойынша келісімге қол қойды. Ұзақ жылдық даудан кейін, Анкара F-16 ұшақтарын сатып алатын болды.
1 1041Loading...
19
Washington Post: Байден мен Зеленский бүгін, яғни G7 саммиті аясында қауіпсіздік бойынша 10 жылдық келісімге қол қояды. Құжат Вашингтонды Киевке көмек көрсетуге міндеттейді, алайда АҚШ әскерін соғысқа қатысуға итермелемейді. Құжат бойынша АҚШ Украинаға жаңа қару түрлерін де жеткізуі тиіс.
1 1101Loading...
20
Израиль-Ливан шекарасы. Израиль әскері требушетпен Ливан аумағына от атуда. “Хезболла” Израиль аумағына зымыран атып, өрт шыққан еді. ЦАХАЛ осылай жауап беруде.
1 0973Loading...
21
Израиль әскері Ливан аумағында “Хезболланың” беделді қолбасшысының бірі Талеб Сами Абдалланың көзін жойды. Израиль әскері Кафр-Жой ауылындағы әскери штабта өтіп жатқан кеңес барысында зымыран соққысын жасаған. Шабуылда Талебтен өзге тағы 3 қолбасшы опат болған. Талеб Сами Израиль шекарасын бақылауда ұстайтын жасаққа қолбасшылық еткен.
2 8492Loading...
22
Израиль аумағына Ливан тарапынан жүзден астам зымыран атылды. “Хезболла” шабуылды өз мойнына алды.
1 1470Loading...
23
Ақ үй: “Біз G7 саммиті барысында Ресейдің активтерін Украина пайдасына қолдану туралы шешімдерді жария етеміз. Біз ресейлік әскери машинаны тоқтату әрекеттерін жалғастыратын боламыз”. G7 саммиті 13-15 маусымда, Италияда өтеді. Саммит барысында Ресейге салынатын жаңа санкциялар жайлы да айтылмақ.
1 1560Loading...
24
Чип саласындағы санкция. Қысым артты, бақылау күшейді. Жаңа талап кімдерді қыспаққа алады? Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5458
6650Loading...
25
Еурокомиссия шілде айында Украинаға Ресей активтерінен түскен пайданы бере бастайды. Алғашқы 1,5 млрд еуро келер айда Киев пайдасына қолданылмақ. Қаржының 90 пайызы әскери мақсатта жұмсалады.
2 9512Loading...
26
Столтенберг: НАТО жыл сайын Украинаны әскери қолдау үшін 40 млрд доллар қаржы бөлетін болады. Бұл сұрақ АҚШ-та өтетін саммит барысында талқыланбақ.
1 2251Loading...
27
Ақпан айында Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны чат-рулетка желісінде ШҚО-ны бөліп алу мақсатында референдум өткізу керектігін айтқан. Референдумда оң нәтижеге қол жеткізбесе, аймақты күшпен басып алу керектігін айтқан. Бүгін сол сепаратистік мәлімдемені жасаған екеуі сотталды. Сот қанша жыл берді? Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5456
9511Loading...
28
Шольц: “Біз жақын күндері Украинаға Patriot, IRIS-T, Gepard және зымырандар мен өзге де қару түрлерін жеткізетін боламыз.”
1 1840Loading...
29
Беларусь жерінде ядролық қару орналастырылған. Ол Украина шекарасынан 200 шақырым қашықтықта жатыр. Лукашенко ядролық қаруды алған соң, әскери доктринаны өзгертті. Ал бүгін Мәскеу-Минск бірлескен ауқымды ядролық күштер жаттығуы басталды. Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5455
7850Loading...
30
Солтүстік Осетияда ресейлік Су-34 ұшағы құлады. Экипаж құрамы толық қаза тапты.
1 1650Loading...
31
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы жағдай шиеленісе түсті. Солтүстік Корея шекара маңына дыбыс күшейткіш орнатып, Ким Чен Ынды ұлықтау әндерін қосуда. Ал Оңтүстік Корея шекарашысы ел аумағын бұзып өтпек болған Солтүстік Корея сарбаздарына ескерту жасап, әуеге оқ жаудырған.
1 1840Loading...
32
Ресей Қорғаныс министрлігі ядролық күштер жаттығуының екінші кезеңін бастағанын мәлімдеді. Екінші кезеңге беларусь әскері де қатысып, шартты қарсыласқа бірлесе соққы беру қарастырылады.
1 1810Loading...
33
NL Times: Амстердам билігі қаладағы қытайлық бақылау камераларынан бас тартпақ. Бұл сақтық мақсатында жасалатын шара болуы мүмкін. Өйткені Қытайда жасалған камералар Бейжіңдегі арнайы қызметке ақпарат жіберуі ықтимал. Қазіргі сәтте қалада қытайлық 1280 бақылау камерасы бар.
1 2170Loading...
34
“Хезболла” Израильдің Хайфа портындағы жүк тасушы кемеге соққы жасады.
1 2050Loading...
35
Путин соғыс бастамағанда, аяқ-қолдары сау болар еді. Біреудің жеріне басып кіріп, өз жерін қорғап жатқан Зеленскийге несіне ашуланады?..
1 2181Loading...
36
Солтүстік өңірлерді қазақыландыру мәселесін өткір көтеріп, көш бағдарламасын насихаттап жүрген белсенді Бурахан Дақановтың үйі өртеніп кетті. Белсенді өз парақшасында өртке қатысты жазба қалдырды. Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5454
8411Loading...
Photo unavailableShow in Telegram
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Қазақстан жұмхұриетінің елшіл жүректі күллі халқына амандық, саулық пен денсаулық тілеймін! Өздеріңіз һәм отабсыларыңыз аман болыңыздар!
Mostrar todo...
33👍 4🍾 1
00:44
Video unavailableShow in Telegram
Оңтүстік Ливан аумағынан жасалған соққыдан соң Израильдің солтүстігінде алапат өрт шықты.
Mostrar todo...
8.76 MB
👍 36🤬 4🔥 3🤨 1
00:36
Video unavailableShow in Telegram
Путин бүгін тағы сөйлеп жатыр. Бүйдейді: ▪️Соғыс аумағында 700 мың сарбазымыз бар. ▪️Біздің билік (АӘО) соғысқа қатқатысушы сарбаздарды жақсы көреді және оларға барынша қамқорлық жасайды. ▪️Біз Белгородқа соққыларды азайту үшін Харьковтегі Украина позицияларын ығыстырамыз .
Mostrar todo...
11.60 MB
🖕 40🤣 17🤮 2 1🍌 1
Photo unavailableShow in Telegram
Bild: Путиннің Украинаға қойған талабы, "маған қалдырсаң, соғысты тоқтатамын" деген территориялары бір мемлекеттің аумағына пара-пар жер. Донецк, Луганск, Херсон мен Запорождың жалпы аумағы 26 мың шаршы шақырымды құрайды екен. Бұл Германияның федералды аумағынан көп немесе Солтүстік Македония, Словения немесе Израильдің аумағына тең жерлер.
Mostrar todo...
💯 32🤡 4👍 2😁 1
Photo unavailableShow in Telegram
Украина президенті Зеленский Швейцарияға ұшып жетті. Онда 15-16-шы маусымда Украина жөніндегі бейбітшілік саммиті өтеді. Оған 92 мемлекет басшысы мен 8 халықаралық ұйым басшысы қатысады деп күтілуде.
Mostrar todo...
👍 63
Photo unavailableShow in Telegram
Асылдың тұяғы, көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасында бақиға аттаныпты. Мұрат Мұхтарұлы Қазақстанның Қытайдағы елшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры, Мұхтар Әуезов қорының президенті қызметтерін атқарды. Көркем әдебиет теориясы мен практикасы туралы 200-ден астам еңбек жазған. Ол саналы ғұмырын өз еліне, ұлт руханиятының кемелденуіне арнаған абзал азамат еді. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!
Mostrar todo...
😢 24👍 7🕊 4
Repost from N/a
Пәкістан хакерлері Қырғызстаннан кек алуда. Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5463
Mostrar todo...
Бішкектегі оқиға үшін кек: Пәкістан хакерлері Қырғызстанға шабуылдады

Пәкістанның Team Insane Pakistan хакерлік тобы Қырғызстанның 600 мыңнан астам жеке және заңды тұл

🤔 21👎 2
Photo unavailableShow in Telegram
АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин: Путин қазір Украинадағы соғысты тоқтату үшін бізге, Украинаға талап қоятындай хәлде емес! Оныкі құры көлгірсу. Егер ол шынымен соғысты тоқтатқысы келсе, бүгін-ақ тоқтата алады!
Mostrar todo...
👏 60👍 18 5
Зеленский Путинге жауап берді! Украина президенті Зеленский Ресей президенті Путиннің соғысты тоқтату туралы шартын - "ультиматум" деп атап, Путиннің өзін Гитлермен салыстырды! "Дәл қазір оның жасап отырғаны — нацизмді қайта тірілту. Бұл нацизмнің жаңа толқыны. Орыс нацизмі. Ол біздің оккупацияланған территориялардан бас тартқанымызды қалайды. Ол онымен қоймай, оккупацияланбаған аумақтарды да алғысы келетінін ашық айтып отыр. Ол мұнымен тоқтамайды", - деді Зеленский. Зеленский: "Гитлер не істесе, Путин соны қайталап отыр. Гитлер: "Чехословакияның жартысын беріңдер, сонымен бәрі аяқталады", - деді. Бірақ, онысы тарихи өтірік еді. Сонан соң, Польша болды. Онын әрі Еуропа түгел жауланды. Сондықтан, біз Путиннің бүгінгі айтқандарына сеніп қалмауымыз керек. Ол да Гитлер салған сүреңмен келеді. Бүгін ол 4 облысты айтты. Ал осының алдында Қырым мен Донбассты ғана айтатын", - деді Зеленский.
Mostrar todo...
41👍 26👏 1
Photo unavailableShow in Telegram
G7: Ресей Украинаға келтірген шығынның өтемі ретінде 486 млрд доллар төлеуге міндетті!
Mostrar todo...
👏 66👍 11🔥 10