cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

Адамзат ғасырлар бойы күткен Ғарыш Жауынгері туралы, Ақ Сарбаз жолын ашқан Эволюцияның Алтыншы Сатысы мен қазақ халқы туралы, Ғарыш Заңдары туралы

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
5 043
Suscriptores
Sin datos24 horas
-97 días
-4930 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Ұстаздың_конференция_туралы_айтқаны.MP310.21 MB
68👍 9😢 9❤‍🔥 7
МЕНІҢ ТІЛЕГІМ «Платон — менiң досым, бiрақ шындық одан да қымбат» (Сократ) Алматыда менің Бекжаннан басқа маңдай тіреп баратын үйім де, сөзім өтетін адамым да жоқ. Атаңа нәлет түнекшілер жалғыз досымның қалай басын айналдырғанын білмеймін. Енді міне сүттей ұйып отырған азғантай тобымыздың өзін ішінен ірітіп, бір-бірімен қырылыстырып қойды. Алайда абзал досым өз қателігін түсініп, түнекшілерден түбегейлі бас тартуға ерік-жігері жетеді деп ойлаймын. Конференция болсын-болмасын түнекшілердің арам пиғылы у қосылған бал секілді біз сусындап отырған Ақ Сарбаз Іліміне араласқысы, адамдарды улағысы келеді. Интуициясы мықты адамдар оны бірден сезді, және дабыл қақты. Сол үшін оларға алғыс! Менің жатсам-тұрсам Тәңірден тілерім: «А, Құдай, адастыра көрме! Өмірден Ұстазыма адал, берілген қалпымда өтсем екен! Басқа ештеңе керек емес!» деген бір ғана дұға. Рухани байлықтың шыңы – қарапайым тұрмысқа алып келеді. Оған Ақ Сарбаздың тұрмысы дәлел. Қазіргі заманда бір мезгілде рухани әрі материялды бай болу мүмкін емес. «Қазіргі байлық – қылмыскердің байлығы» деген Ұстаздың сөзі бар. Материялды байлықтың бір шетін рухани байлыққа (рухани кітап шығару, мектеп, балабақша салу т.б.) шығындау арқылы карманы жақсартуға, тіпті бизнесті дамытуға болады. Ал, рухани байлықты бизнеске айналдыруға болмайды! Онда адамның рухани өсуі тығырыққа тіреліп, өзі де адасады, басқаларды да адастырады. Сол себепті ағайындар, біреуді құтқаруды емес, ең әуелі өз жанымызды мынау материялды дүниенің батпағынан, сұм пенденің бетпағынан қалай құтқарып алып шығуды ойлайық! Ұстаздың біз туралы, біз ұйымдастырмақ болған конференция туралы, жалған бағыт ұстанып адасушылар туралы, ел болашағы мен Өзі туралы айтқан кесімді сөзін жарияламақпын. «МЕНІҢ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ БЕРГЕН ЕҢ ҮЛКЕН СЫЙЛЫҒЫМ – МЕНІҢ ТІРІ БОЛУЫМ. МЕН ТІРІ БОЛСАМ ҚАЗАҚТЫҢ ЕЛІ САҚТАЛЫНАДЫ. МЕНІҢ ҚАЗІРГІ ӨМІРІМ, ДІТТЕГЕН МАҚСАТЫМ – ҚАЗАҚТЫҢ ЕЛІН КӨТЕРУ» деді Ұстаз. Тәубемізге түсейік! Ұстазға бар болмысымызбен адал болайық! Адал қызмет етейік! «Адал еңбек – аздырмас, Арамдық бойды жаздырмас» «...Дүние деген – сары алтын Әркімдерді алдаған. Желді күнгі қаңбақтай Дүние кімнен қалмаған?! Қабаты калың қара жер Талай ерді жалмаған. Екі достың арасын Айырады оңбаған...» (Нұрым жырау)
Mostrar todo...
👍 75 36🔥 13❤‍🔥 2🤨 2 1🥰 1
Photo unavailableShow in Telegram
52❤‍🔥 12🥰 2
ТӘН ҒҰМЫРЫ Атам қазақ мынау физикалық дүниені «жалған» деген. Будистердің мақсаты да туу-өлу айналымын бұзып өтіп, енді қайтып бұл дүниеге келмейтін деңгейге жету еді. Қазақ болса буддистер секілді дүние қызығынан безіп аскет болып азаптанбай-ақ, жай ғана дүниеге байланып қалмауды мақсат тұтқан. «Барында оралыңның ойна да күл Бұл дүние көзді ашып-жұмғандай-ақ» деген шумақтар кез-келген қара өлеңде кездеседі. Ендеше біз мынау тұрпайы физикалық дүниеге не іздеп келдік? Рух үшін физикалық дүниенің пайдасы қандай? Топырақ дүние біздің рухымызға не береді? Топырақ дүниенің де пайдасы бар екен. (Ол біздің жер мен суды иеленіп, ақша жинап, сарай тұрғызғанымыз емес әрине) Физикалық дүние рухты ауырлықпен шыңдау үшін керек. Мұны аяғына қорғасын пластинкалар байлап алып жүгіріп жаттыққан спортшының әрекетімен салыстыруға болады. Осындай ауыр жаттығу мен төккен тердің есесі қайтып, әлгі спортшы аяғындағы қорғасынды алып тастап жүгіргенде құстай ұшпайтын ба еді?! Сол секілді мынау топырақ дүниенің зілдей ауыр денесін барлық ауыр міндетімен қоса көтеріп жүру біздің рухымызды әбден шыңдайды. Рухымыз салмақ, сабыр, қанағат; үміт, сенім, махаббат; ізгілік, мейірім, шапағат қасиеттеріне қанықпайынша біз бұл дүниеге оралып келе береміз. Оралып келуімізге шешілмей қалған карма жібі де себепші болады. Ал, енді 1992 жылдың 16 сәуірінде Жердің Астрал дүниесінен Жерұйықтың астрал дүниесіне аттанған көшке келейік. Ол көштің ішінде физикалық дүниеге түсіп дамуы тиіс, қасиет-қабылеттері әлі толық меңгерілмеген рухтар көп болатын. (Ең төменгісі – екі кемпір) Олардың рухы толық кемелдікке келуі үшін біздің дүниеден соңғы көш барып Жерұйықтың физикалық дүниесіне қонуы керек. Сонда ғана Жерұйықтың астрал дүниесіндегі аруақтарға мынау топырақ дүниеге келіп жетілуін жалғастыруға мүмкіндік туады. – Сіз 1987 жылғы 16 сәуір күнгі Ғарыш Сотында: ««Планета барлық тұрғындарымен бірге жойылсын» деген үзілді-кесілді талап қойдыңыз ғой. Егер осы талап орындалып біздің физикалық дүниеміз жойылып кетсе не болар еді? – деп сұрадым Ұстаздан. – Онда Жердегі адамзат Физикалық дүниеге келу мүмкіндігінен айырылып, шала туған, кем жаратылыс секілді боп қалар еді. Ол кемістік сосын алдағы әрбір қадамда байқалып тұрар еді – деп жауап берді Ұстаз. Қобыланды батыр жырындағы Тайбурылдың қамаудан кең дүниеге шыққан кезінде Құртқа қызды көтеріп аспанға екі мәрте қарғып ұшқаны есіңізде ме? Сонда Құртқа: «Үш мәрте ұшар едің, әттең 43 күндік кемдігің жібермеді!» деп өкінеді ғой. Сол секілді біздің мынау фәни дүниедегі тән(и) ғұмырымыз дүниеге байланып қалмай, басты рух байлығы – бағалы қасиеттерді шыңдау үшін ғана берілгенін ұмытпайық!
Mostrar todo...
👍 111 38🔥 20❤‍🔥 5 5🥰 3
Photo unavailableShow in Telegram
36❤‍🔥 2
АҚ САРБАЗ – ТӘҢІР ЖАУЫНГЕРІ КАНАЛЫНЫҢ ҚАҒИДАСЫ «Канал оқырмандарының сезімдері өскені байқалады» – деді Ұстаз, – «бұрынғыдай не болса соны сұрай бермейді. Оқыған кітаптарының білімі санасына сіңе бастаған. Күн сайын ақылды адамдардың ақылды жауаптарын оқып отырмын. Чат дамып жатыр. Ол дамығаннан кейін адамдар қосыла береді. Шындықты іздеушілер де, іріткі салу мақсатында келушілер де болады» Иә, бұл каналда адамдар сорт-сортымен жүр. Алайда үнемі есте тұтатын қағида бар. Ақ Сарбаз каналы ең әуелі қарапайым халық үшін, олардың Ақ Сарбаз Ілімін түсінуі үшін ашылғанын ұмытпаңыз. Мүйізі қарағайдай ғалымдар мен зерттеуші мамандардан 30 жыл лебіз күтіп Ұстаз әбден түңілген. Ақ Сарбазды ең әуелі бағалап, мойындаған кімдер болды? Балалар мен қарапайым еңбек адамдары қабылдады! Ғалымдар мен дарындар әлі үнсіз. Олардың сезімдері қандай деңгейде болғаны сонда? Менің байқауымша қазіргі тіл мамандарының білігі қасапханадағы қасапшының білігіне ұқсас. Жылқыны әп-сәтте мүшелеп сойып тастауды кез-келген қасапшы жақсы меңгерген. Бірақ өзі бұтарлап тастағанды қайта тірілтіп жылқы қылып шығару қолынан келмейді. Қазақ тілінің жілігін шағып майын ішкен ғалымдарымыздың жазған кітаптары мен ережелерін жаттап қазақ тілінің қасиетін таныған, осы арқылы Ғарыш вибрациясын ұққан адам бар ма? Әлде көкезу мылжыңдар мен сөзұқпас керауыздар тәрбиелеп жатырмыз ба? Мектеп оқулығындағы қазақ сөзінің мағынасын түсінбейтін оқушы мен соны түсіндіріп бере алмайтын мұғалім көбейген заман. Есіңізде болсын: Ұстаз каналда білгішсініп жазған әрбір адамның түпкі ниеті мен шын болмысын бағалайды. Ол білігі төмен, надан адам болса да, осы ілімге құлай берілген, көңілі адал, ниеті ақ болса – оны сүйейді. Білігі жоғары, дәрежесі үлкен, атағы дардай, сөзі балдай болса да көңілі Ақ Сарбаз Іліміне сенбейтін, әшейін өзін көрсету үшін сахнаға шыққан пендені қабылдамайды. Сол себепті каналда бірдеңе жазбас бұрын: «мені не Түлен түртіп отыр?» деп өз-өзіңізден сұрап алыңызшы.
Mostrar todo...
👍 123 28🔥 17👏 7
Photo unavailableShow in Telegram
100❤‍🔥 10👏 10🥰 6
24.05.2024ж. Атаның елге алғысы.MP32.54 MB
153🥰 17👍 11👏 9❤‍🔥 8
Photo unavailableShow in Telegram
137🥰 12🔥 9❤‍🔥 7👍 2
ҰСТАЗДЫҢ ЕЛГЕ АЛҒЫСЫ
Mostrar todo...
70👍 5❤‍🔥 5