“Ендеше Алланың қай нығметін жоққа шығарасыңдар?” (Рахман сүресі)🤍
Раббыңның қамқорлығы сондай, сені Өзі тәрбиеледі, жүрегіңді оңашалап, адамдарға күніңді қаратпай… Оған ғана мұқтаж екеніңді секунд сайын есіңе салып тұрды, саған дұға еткізді… Сені Өзі тәрбиеледі, құшақтады бар мейірімімен..
Раббыңның қамқорлығы сондай, қыстан кейін бірден жаз қылмады. Жүрегің үйренсін, кеудең көндіксін, түсініксіз сезімде боп қалмасын деп, ортасына көктемді әкеп қойды…
«Раббыңның қамқорлығы сондай, сені автобустарға, рейстерге, сабақтарға, жиындарға кешіктірді, сені сақтау үшін... Жаман оқиғаның алдын алу үшін. Өйткені ол оқиғалар сен үшін емес еді. Сенің тағдырыңда емес еді...»
«Раббыңның қамқорлығы сондай, сені ризықтандырды, қалтаңда 500 теңге болса да, сен ризықсыз, аш-жалаңаш қалмадың, ешкімге қолыңды жаймадың... Өзі өсірді.. Өзі денсаулығыңды күтті..»