Қазақ Бабыл
Ir al canal en Telegram
2 832
Suscriptores
+424 horas
-67 días
-1730 días
Archivo de publicaciones
2 832
Repost from Qazaq Grammar | Қазақ тілі
Географиялық ұғымдар, 3-бөлім
төбе – холм, сопка
аңғар – долина, русло, ущелье
сай – овраг, ложбина, лог
дөң – бугорок, холм, возвышенность
шөл – пустыня
шөлейт – полупустыня
өр – подъем
құз – отвесная скала, крутой утес
қазаншұңқыр – котловина
шоқы – сопка, пик, вершина, бугор
жар – обрыв, крутой берег
2 832
🇹🇷 түрік тілі анау айтқандай жақын тіл емес қой негізі. бірақ дәл жазбаша тілге, жазу емлесіне келгенде қазақ тілі екеуі әжептәуір жақын.
мәселен, жақын тілдерден:
🇺🇿 өзбек көп сөзді О’латып жазатыны (оқ — ақ, қор — қар, қошиқ — қасық)
🇦🇪 немесе одан да жақын татар [і] дыбысын э/е әріптерімен белгілеп, у/о дыбыстарын керісінше қолданытыны (күпер — көпір, көрәк — күрек)
🇰🇬 тіпті жақын қырғыздың өзі «қауын», «тауық» дегендерді коон, тоок деп жазатыны қазақтың қай-қайсын да шатастырмай қоймайды.
оның қасында түріктің бұл сөздерді ak, kar, kaşık, köprü, kürek, kavun, tavuk деп жазатыны кез келген қазаққа әлдеқайда түсініктірек.
одан бөлек түркі тілдерінің ішінде түрік, қазақ, қарақалпақ қана ма/ме сұраулығын бөлек жазады:
🇰🇿 keldi me?
🇬🇦 keldi me?
🇹🇷 geldi mi?
🐺 keldime?
🇰🇬 keldimi?
🇺🇦 keldimi?
💚 keldimi? [килдеме?]
🇺🇿 keldimi?
🇹🇲 geldimi?
🇦🇿 N/A: gәldi?
2 832
бір күнде Таңдабіліммен бір коллаб, Әлия Әшім ханыммен бір коллаб!
дүйсенбілер де «игілікке толы» бола алады екен ғой 🤭
2 832
кеттік, мына видеоны шайқап-шайқап жіберейік? 😍🔥
біздің аудиториямыз қандай белсенді екенін көрсетіп жіберейікші, Бабыл тұрғындары ⚔️
2 832
мына видеомыз есіңізде ме? сондағы тезисімізді қуаттай түскен тағы бір дәлел таптық.
татарда Бибарсовтар әулеті бар. ол 1600-жылдары өмір сүрген Дәулеткелдіұлы Бибарыс деген мырзаның ұрпағы. Бибарыстың ұлының аты, мысалы, Байбарыс еді, яғни екеуі — екі бөлек ат, Бибарыс — ол Байбарыстың «қате нұсқасы» емес.
бүгінгі Сарытау облысының бас мүфтиі Мұқаддас Бибарысов та — осы әулеттің ұрпағы.
ал неге мәмлүктердің сұлтанының аты бүгінгі таңда Бейбарыс деп те, Байбарыс деп те емес, дәл Бибарыс деп жазылуы керегін видеомызда түсіндіріп кеткенбіз.
2 832
мынадай да сөз бар екен: Айғаным
айтқаным деген сөздің көне формасы.
Дереккөз: Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», т. 52: Көне эпос. – 2008. – 352 бет.
p.s. Айғаным деген адам атына еш қатысы жоқ, омоним
2 832
«қырғыздар “жасанды интеллект” емес, “жасалған интеллект” деп айтады екен, солардікі дұрысырақ-ау» дегендей ойды да көргенбіз желіде. әйтеуір өз тауығың сіркедей, көршінің тауығы күркедей болып көрінеді де тұрады екен.
2 832
кей адамға сыпайы жаз, сыпайы жазба, өтініп жаз, зіркілдеп жаз — мейлі, осылай көкіп шыға келеді.
өте өкінішті.
2 832
«Су перісі» («Русалочка») мультфильмінің сюжеті Каспий теңізінде орын алғанын ескерсе, жігіт адай жігіт болуы мүмкін, ықтималы — 20%.
2 832
татар тілі мен қазақ тілі әжептәуір жақын болғанымен, кейбір қарапайым сөз екі тілде екі бөлек:
🐑 қой — сарық — бізде сарық сөзі қой тұқымын білдіреді
🐐 ешкі — кәҗә — түбірлес сөздер, бірақ біріншісі сібір, қарлұқ, қыпшақ тілдеріне тән болса, екінші форма оғыз және Еділ бойы тілдеріне тән
🤍 қозы & лақ — бәрән, бәти — «айдаладағы» түріктің өзі біз қолданатын koyun, oğlak, kuzu сөздерін қолданады, бұл тұста татардың ерекшеленгені қызық екен, иә?
🦬 бұқа — өгіз
🦬 өгіз — пічкән өгіз — бір қызығы, бұл сөз сонау ағылшында да (ox) дәл біздегідей «өгіз» мәнін сақтаған, бірақ татарда бұқаны білдіріп кеткен
🚫 емес — төгіл — біздегі түгіл сөзінің түбірлесі
♨️ өте — бик — татарда да үтә бар, бізде де бек бар, бірақ сирек қолданылады
💢 қалай — ничік — бізде де нешік бар болғанымен, ол да сирек қолданылады
⭕️ ана/анау — тігі — татардағы есімдік хакас, қырғыз, алтайда сақталған
🔱 ғой — бит — татардың бит сөзі орыстың ведь сөзінен алынған
🌀 және — һәм — тут нечего добавить, татардікі — арабизм
♻️ өйткені — чүнки — тут нечего добавить, татардікі — иранизм
📖 мазмұн — ічтәлік — тут есть что добавить, неге екенін, біздікі — арабизм...
🔞 ам — бәтәк — сонау Қашқари заманынан бері тіркелген ежелгі түркизм, неге екенін, татар тілінен жоқ болып кеткен
p.s. татарша сөздер оқырманға ыңғайлы болуы үшін қазақ емлесіне сай жазылды
2 832
🦧 жануарларға қатысты лексикаға келгенде, қазақ тілі төл атауына бай, ал ағылшын тілі үйір атауына бай
🇰🇿 барыс баласы — алан, жолбарыс баласы — шөнжік, қасқыр баласы — бөлтірік, қоян баласы — көжек, аю баласы — қонжық, қаз балапаны — мамыр, аққу балапаны — көгілдір және т.б.
🏴 арыстан үйірі — pride, балық үйірі — school, қарға үйірі — murder, жапалақ үйірі — parliament, кит үйірі — pod, ара үйірі — swarm, үйірлі қасқыр/ит — pack, қаз үйірі — gaggle және т.б.
@qazaqbubble
2 832
неше түрлі архивтік материалды ақтарып-ақтарып, күшті жазба дайындадық, қадірлі оқырман 🫶
қолдау күтеміз 🙏🙏
2 832
Қазақ Бабылға Android ұстайтындар керек 👀
🤍 қазақ тіліндегі жаңа ауқымды интеллектуал жобаға үлес қосу мүмкіндігі туып тұр
🤍 сізден 14 күн бойына бір қолданбаға күнде кіріп, ең құрығанда әйтеуір бір батырмаларды басып отыру керек болады. қаласаңыз, қолданбаны шынымен толыққанды пайдаланып, фидбәк беріп отырсаңыз, тіптен нұр үстіне нұр болмақ
🤍️️️️️️ іс-әрекет мақсаты — ешқандай құпия емес, қолданбаны Google Play модерациясынан сәтті өткізу
бізге тек gmail-деріңіз керек болады. осы жазбаның астына пікірлерге «Қатынкөпірден мен бармын!» дегендей бірдеңе жазып белгіленіп кетсеңіздер болғаны, — жекелеріңізге жаза қоямыз 🥹
